Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыру



КІРІСПЕ ... ... ... ...2.4
І. Оқытудағы ойын технологиясының маңызы және оны қолдану әдістемесі

1.1. Ойын және ойын технологиясының теориялық мәселелерін талдау ... ... ... ... ...5.8

1.2. Ойынның түрлері ... ... ... ... ... .9

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... .10.12

ІІ. Ойын технологиясын сабақта қолдану тиімділігі

2.1. Ойын және ойын технологиясының атқаратын функциялары ... ... ... ... ... .13.19

2.2. Ғалымдардың ойын және ойын технологиясы туралы ой.түйіндері ... ... ... 20.22

2.3. Ойын технологияcына эксперимент ... ... ...23.25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... 27
Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог Сухомлинский «ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды» деп санаған.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ қызықты әрі жеңіл игеріледі. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін кеңейтеді. Ойын кезінде оқушылар бір бірімен тығыз қатынаста болып, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл - ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін - өзін еркін ұстауға, қысылып - қымтырынбауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімнің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты – оқушыны қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсендігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектірін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
• Ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
• Жеке оқыту маңызының артуы.
Ойын – қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған. Бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.
Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке – қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.
Мағынасы: Оқу материалын ізденуге, өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.
1. Аникеева Н. П. , «Воспитание игрой»Москва «Просвещение» 1987ж.
2. Баймұратова Т., Дүкенбаева ., Сәтімбекова М., «Балаларды мектепке даярлауға арналған сабақ жоспарлары» Алматы «Рауан» 1991ж.
3. «Задачи задание и деловые игры по педагогике» Красноярск 1995ж.
4. Мухина., «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» Алматы «Мектеп» 1986ж.
5. Мұқанов М. М., «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» Алматы 1982ж.
6. А.В.Петровский. «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы» Алматы «Мектеп» 1987ж.
7. А.Валлон «Психическое развитие ребенка». Москва 1977ж.
8. А.Н. Леонтьев «Проблемы развитие человека». Москва 1965ж.
9. Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников.-Автореф. дисс.канд.пед.наук.-Алматы, 1996ж.
10. Ахметов С. Бастауыш кластарда білім бөрудің тиімділігін арттыру жолдары. Астана 2000ж.
11. Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения. М., 1986.-104б.
12. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі, 1992.-160 б.
13. Кларин М.В. Игра в учебном процессе //Советская педагогика.-1985ж.-№5.
14. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. Мектеп 1973ж.-146 б.
15. Кішібеков Д. Философия. Алматы: Қазақстан, 1994ж.- 210 б.
16. Қаржабаев А. Ойын – тиімді тәсіл. //БМ. 1992 ж.
17. Қоянғазина Б. Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы.//БМ 1989ж. № 5.
18. Матюшкина А.Н. Развитие творческой активности школьников. Москва Педагогика. 1991г.
19. Минский Е.М. От игры к занятиям. Москва 1982 г.
20. Оразбеков. Қ Ойынның психологиялық сипаты. //БМ. 1990 ж.
21. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001ж.
22. «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007 ж.
23. Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.
24. Пидкасистый П.И.и др.Технология игр в обучении и развитии.-М.,1996.
25. Сарбасова Қ.А. Математика мұғалімдерін даярлау.-Астана: Нұржол, 2003ж.- 88 б.
26. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва 1968 г.
27. Эльконин Д.П. Психология игры. Москва. Наука 1978г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-4
І. Оқытудағы ойын технологиясының маңызы және оны қолдану әдістемесі

1.1. Ойын және ойын технологиясының теориялық мәселелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8

1.2. Ойынның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... .10-1 2

ІІ. Ойын технологиясын сабақта қолдану тиімділігі

2.1. Ойын және ойын технологиясының атқаратын функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-19

2.2. Ғалымдардың ойын және ойын технологиясы туралы
ой-түйіндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-22

2.3. Ойын технологияcына эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23- 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға тұлғаны қызықтыра отырып тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ұлы педагог Сухомлинский ойынсыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды деп санаған.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ қызықты әрі жеңіл игеріледі. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін кеңейтеді. Ойын кезінде оқушылар бір бірімен тығыз қатынаста болып, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл - ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін - өзін еркін ұстауға, қысылып - қымтырынбауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімнің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты - оқушыны қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсендігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектірін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
* Ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
* Жеке оқыту маңызының артуы.
Ойын - қоғам тәжірибесін қайта құруға және қабылдауға бағытталған. Бір шартты жағдайдағы қызметтің түрі. Сол бойынша өзін-өзі басқарады, тәрбиелеу жетіліп қалыптасады.
Ойын түрінде оқытудың мақсаты: жеке - қызмет түрінде білімді, біліктілікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.
Мағынасы: Оқу материалын ізденуге, өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.
Іске асыру құралы: Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру. Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын - оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады. Қазіргі мектептерде ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады:
* Жеке технология ретінде;
* Оқу пәнінің бөлімін ,тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
* Кең көлемді технология бөлігі ретінде;
* Сабақ ретінде, не болмаса оның кезеңдері (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу орындау, бақылау);
* Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады. Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда жүргізіледі:
* Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;
* Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
* Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, құыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;
* Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойындарды дене (қозғалыс), ой-өрісі (ақыл-ой), еңбек, әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:
А) оқыту, жаттығу, бақылау және қорытындылау;
Б) таным, тәрбие, даму:
В) еске алу, өнімділік, шығармашылық;
Г) коммуникативтік, таным әдісі, кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар. Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді. Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.

Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш және орта сыныптарда оқу-тәрбие процесіндегі ойын технологиясы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және тиімді жолдарымен жұмыс жасау.

Зерттеу пәні: бастауыш және орта сыныптардағы сабақтарында ойын технологиясын тиімді қолданудын жолдары.

Курстық жұмыстың мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыру, ойын арқылы оқыту процесін жетілдіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Оқушылардың ойынға деген көзқарастарын анықтау;
oo Ойын технологиясының тиімді жолдарын іздестіру;
oo Білім беру процесінде ойын технологиясының педагогикалық рөлін анықтау;
oo Ойын технологиясының атқаратын функцияларын жасау;
oo Білім беру процесінде ойын технологиясын қолданып, эксперимент жүзінде тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің болжамы: егер, үздіксіз білім беру процесіндегі ойын технологиясы қолданылса, оқушылар өз мүміндіктерін байқата алады, өйткені олардың өздеріне деген сенімдері артады және қандайда бір қолдауды, қызығушылықты сезер еді.

Зерттеудің теориялық құндылығы: қазіргі кездегі ойын технологиясы мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп - тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс табады.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: ойынтехнологиясының тиімділігін анықтау арқылы оның сабақта, оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді жолдары, функциялары ұсынылады.

Зерттеу базасы: практикадағы мектептер: №48, 51, 54, 62 мектеп-лицейлері, №7, 52 мектеп-гимназиялары, №49 орта мектеп.

Зерттеудің кезеңдері: алғашқы кезеңде (2011-2012 ж.ж.) зерттеу жұмысының тақырыбы айқындалып, зерттеу мәселелері талқыланды. Зерттеудің мақсаты болжамы, нысаны анықталды;
Екінші кезеңде (2012-2013 ж.ж.) зерттелетін мәселелерге қатысты, психологиялық, әдістемелік зерттеулерге талдау жасалып ойыг технологиясының тиімді жолдарының теориялық және практикалық негіздері жасалды;
Үшінші кезеңде (2013-2014 ж.ж.) зерттеу жұмысының негізгі бөлігі бөлімі орындалып, қорытындылары мен нәтижелері өңделді.

Курстық жұмыстың құрылымы: берілген жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Оқытудағы ойындар маңызы және оларды қолдану әдістемесі
1.1. Ойынның теориялық мәселелерін талдау
Ойынның теориялық мәселелерін талдауда кеңес педагогикасы данышпан ойшылдардың бұл саладағы еңбектерін пайдаланып, зерттеп және буржуазиялық прогресссивті педагогтардың ойын жөніндегі ғылыми жұмыстарына үнемі көңіл аударып отырады. Я. Коменский, Ж. Руссо, Р Оуэн т. б. Педагогикалық ойдың классиктері ойын- баланы жан-жақты, үйлесімді дамытудың құралы, бақытты балалық шақтың міндетті шарты деп қарастырды. Орыс халқының ұлы педагогтары К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт ойынның мәні және оның атқаратын міндеті туралы тамаша пікірлер ұсынды.
Буржуазиялық ғылымда неміс психологы К. Гростың ойын туралы айтқан теориялық пікірлері ерекше беделге ие болып келді. Оның адамдар мен жануардың ойыны туралы көлемді зерттеу еңбегі бар. Бірақ ол ойын туралы идеалистік пікір ұсынады. Ойынды инстинкт деп түсіндіріп, ойын тумыстан пайда болады деп қарайды. Осыған орай ойын қоғамдық жағдайға байланысты емес деген теріс қорытынды жасайды.
Ойын туралы австриялық психолог З. Фрейдтің пікіріне байланысты дамыған екінші бір ағым ойын санасыз түрдегі жыныстық сезімге байланысты деген теория ұсынады. Мысалы, ұл бала толық түсінбесе де әкелік сезімде болады, ойын үстінде сол сезім байқалып тұрады дейді. Кеңес педагогикасы бұған қарсы. Тіпті өткен ғасырдың өзінде-ақ К.Д. Ушинский ойын шындықтың сәулесі екенін дұрыс ашып, оның мәні мен мазмұны туралы материалистік пікір ұсынды. Ойынның өзі де тұрмыстық-әлеуметтік жағдайға байланысты екенін сөз етті. Сондай-ақ К. Д. Ушинский Адам тәрбие тірегі деген еңбегінде Ойын - баланың жеке басын қалыптастырып, сезімін тәрбиелейтіндігін жан-жақты сипаттады. Ойын баланың сезімін тәрбиелеп, қиялын өрістетіп, танымын кеңейтетіндігін К. Д. Ушинский шебер түрде көрсете отырып, ойынды бала өздігінше ойнауы, ойындағы ойыншықтың мәні және оның орны туралы, өте терең де тұжырымды пікір ұсынды.
Оның пікірін ілгері дамытқан орыстың көрнекті педагогы А. Ф. Лесгафт болды. Ол ойын өмірдің сәулесі, баланың қалыптасуында әсерлі, сол негізде оның бақылағыштығын дамыту керек деп қарады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортаны танып, өзінің шамасын, қауқарын байқап, өзінің іс-әрекетіне мән беріп, түрлі кедергілер мен бөгеттерді жеңуге ұмтылады. Сондықтан А. Ф. Лесгафт баланың денесінің өсуі мен психикалық дамуы бірлікте болуы үшін ойынның мәні зор екенін ерекше жоғары бағалады. Ойын деп көрсетті ол рақат таптыратын асқақ сезім, олай болса мұның өзі баланың ақыл-ойына әсер етеді деген тұжырымға келіп, бұл пікірін мейілінше дәлелдеді. Ойынның шығуы және оның мәні туралы талдау берген Г. В. Плеханов болды.
Ол ойынның мәні мен мазмұнын белгілейтін еңбек деп көрсетті. Плеханов ойын адамның еңбектік қажетінен туып өрістейді деген пікірді қолдады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады, сондықтан ол ойын-еңбекке тәрбиелеудің тиімді жолы, тәрбие құралы екенін дәлелдеді. Гроостың ойын туралы биологиялық теориясын Плеханов сынап, ұл бала мен қыздардың арасындағы айырма ол биологиялық өзгешелігіне деп қарауға болмайды, еңбек бөлінісіне байланысты қыз-шешесіне, ұл-әкесіне еліктейді. Демек, ойынның мазмұны инстинктке байланысты емес, қоғамның жағдайына байланысты. Ойын да қоғам өміріндегі еңбек пен тұрмысқа байланысты бейнеленеді деген түйін жасады.
Ойын туралы теорияны ілгері дамытќан Крупская мен Макаренко болды. Н. К. Крупская ойын туралы және оның мазмұны мен мәні туралы жаңа пікірлер ұсынды. Ойын өсіп келе жаткан организмге, сондай-ақ баланың саналы, жүйелі, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін де қажет екенін толық дәлелдеді және оның баланың жасына байланысты екендігіне де толық тоқталды.
А.С. Макаренко ойын-баланы еңбекке тәрбиелеу деп қарады. Ойын мен еңбектің арасындағы бірлікті көрсетумен қатар, ойын еңбекке бағытталуы тиіс екені туралы пікірлер ұсынды.Ойын қуанышы еңбек қуанышы екеніне тоқталып, оған шығармашылық қуаныш, жеңіс қуанышы деп қарады. Сонымен ойын-әлеуметтік іс, еңбектің дамуына байланысты тарихи құбылыс, өмір сәулесі, қоғамдық жағдайға байланысты оның мазмұны өзгеріп отырады. Ойын дамуының негізі жөніндегі пікірлерді саралай келгенде, айтар тұжырым: ойын-өмір шындығының көрінісі, әрі бейнесі, еңбектен кейін пайда болып, еңбектің дамуы барысында олда өркен жая кең дамып, кейіннен балаларды болашақтағы еңбекке әзірлеу бағдарында тиімді тәсіліне айналды. Ойын әлеуметтік іс-әрекет болғандықтан қоғам құрылысына ќарай оның да мән-мазмұны өзгеріп, түрленіп отырады, балаларды еңбекке әзірлеу бағдарында тиісті жүйе бойынша жүзеге асырылады. Кеңес педагогикасы ойынға ерекше мән береді, өйткені балалық шақтың әсері мен ықпалы адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады.
Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты -- сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда құрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтсек. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, класта немесе мектепте окушылар арасында конкурс жүргізуге болады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс.
Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр кластың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын таңдай білу керек.
Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Осы талапқа жету мақсатымен мектетептерде Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының вариативтік бөлімінен 2 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

1.2. Ойынның түрлері

Ойындар 5 негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары;
2) дидактикалық ойындар;
3) қозғалыс ойындары;
4) іскерлік ойындар;
5) интеллектуалдық ойындар.

І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

ІІІ. Қозғалыс ойындары.
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық алаңда да өткізе аламыз

IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

V. Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке бейімделген тапсырмалар - шаралар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын-дегеніміз не? Ойын дегеніз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі- ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап- ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

ІІ. Ойын технологиясын сабақта қолдану тиімділігі
2.1. Ойын және ойын технологиясының атқаратын функциялары







... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Математика сабағында көрнекілік принципті қолдану технологиясы
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімні іс-әрекеті
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды математикаға оқытуда пайдаланылатын дамытушы ойындар ерекшеліктері
Педагогикалық инновацияның бағыттары
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
Пәндер