Геоақпараттық өнім түрлері мен ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
КІРІСПЕ
ГАЖ туралы түсінік . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Мамандандырылған ГАЖ бағдарламаларына шолу . . . 4
- ER MAPPER бағдарламасы . . . 5
- MapInfo Professional бағдарламасы . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 12
КІРІСПЕ
ГАЖ туралы түсінік
ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік - экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегімен зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпарттар ағыны табылады. ГАЖ-ды зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады.
Қазіргі уақытта ғалымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулердің информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болалды.
ГАЖ жаңа дәуірдің талабына сай тез және оңай басқа да салалармен интеграцияланды, соған байланысты экономиканың өсуін және тұрақтылығын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ал құрылған ГАЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшудің бірінші сатысы немесе оның негізі деп айтуға болады. ГАЖ іске асуы қала халқының экономикалық және әлеуметтік-саяси деңгейінің көтерілуіне әсер етеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге өтуге негіз ретінде құрылған ГАЖ атқарушы органдардың оперативті шешім қабылдауға, қала құрылыс саясатын жүргізуде, жобалауда толығымен қолдануға болады. ГАЖ жан-жақты ақпараттық - құқықтық, саяси-экономикалық, әлеуметтік және тағыда басқа бағытта дамуды қамтамасыз етеді. ГАЖ құруға жұмсалған шығынды бір жылдың ішінде қайтаруға болады және ары қарай тек қана пайдаға жұмыс істеу қабілеті бар.
Геоақпараттық жүйе немесе ГАЖ деп компьютерлік технологиялардың көмегімен мәліметтердің электрондық карталарда көрсетілуі. ГАЖбен құрылған карталарды жаңа дәуірдің карталары деп батыл айтуға болады. Ондай электрондық карталарға тек қана географиялық емес, сонымен бірге статистикалық, демографиялық, техникалық және т. б мәліметтерді еңгізуге болады, сондай-ақ сол енгізілген мәліметтер бойынша көптеген аналитикалық операцияларды жасауға болады. ГАЖдың өзіне тән ерекшелігі ол, қарапайым қағаздағы карталар бойынша анықтауға қиын немесе мүлдем анықтауға келмейтін жасырын тұрған қатынастар мен тенденцияларды оңай және тез анықтауға болады. Біз өзіміздің мәліметтерімізді жекелеген бөліктердің механикалық жиынтығы ретінде емес, жаңаша, сапалы, мағыналы түрде көре аламыз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мамандандырылған ГАЖ бағдарламаларына шолу
Қазіргі кезде нарықта Жер туралы ғылымда қолданатын ГАЖ Encom Discover 5. 0 бағдарламасы пайда болды. 1994 жылдан бері бұл стол үстілік ГАЖ геологтарға үлкейткіш лупа және компас сияқты маңызды құралға айналды.
Encom Discover - ді пайдаланатын бағыт:
- геологиялық жиынтық деректерін дайындау;
- ұңғыма жоспарын және қималарды құру;
- берілген масштабта геологиялық символды таңбалармен сызықтық линияларды қолданып жоғары сапалы карталар шығару;
- координаттары байланған графиктерді құру;
- кеңістік деректер жиынтығынан құралған метадеректерді өңдеу және пайдалану. Encom Discover деректерді өңдеу утилиті текстің фрагментін іздеу, бір нысаннан біршама арақашықтықта орналасқан екінші нысанды табу, кестені сұрыптау, графикалық нысандардың қасиетін және оның атрибутын жаңарту, нысандарды трансформациялау, жұмыс жиынтықтарын және метадеректерді өңдеу т. б. операциялар жасай алады.
Discover - ге үйлестірілген кітапханасы - геологиялық картаға шартты белгілерде орналастыру, геологиялық сызықтардың стилін таңдау және оны картаға орнату, қабатты басқару қосымша «Терезе» арқылы кез келген уақытта алғашқы деректердің жұмыс жиынын қалыпқа келтіру, қабатты өңдеу, деректерді таңдау процедураларын жасайды.
RockWorks геологтар мен геофизиктерге арналған универсалды программалық ГАЖ - ға қосымша. Бұл қосымша геология деректерін өңдеуге және оың нәтижесін Windоws 95/98/NT жүйесінде қарауға бағдарланған.
Бұл қосымша нүктелік картография, изосызықтар құру, үш өлшемді беттер тұрғызу, тік және қисық ұңғыма қималарын модельдеу, стратиграфикалық бағалар тұрғызу, шкала, диаграмма, статистикалық және гидрохимиялық сараптау, деректерді үш өлшемді түрде ұсыну т. б. операциялар жасай алады.
ER MAPPER бағдарламасы
ER MAPPER геоақпараттық жүйесінің мағызы өте зор. Өйткені оны жұмыстың қай саласында болса да қолдану тиімді. ER MAPPER геоақпараттық жүйесі:
- ғарыштық суреттер мен аэрофотосуреттерді қарауға;
- үлкен бейнеленулермен жұмыс істеу үшін;
- геофизиктерге қажетті мүмкіндіктері мен сейсмикалық зерттеулерде;
- төтенше жағдайларда алдын алуда;
- оның алгоритмінің ерекше концепциясы үшін;
- мұнай-газ индустриясын құру жұмыстарында;
- жылдам ақпарат алуда;
- мәліметтерді жоғарғы деңгейде алу жұмыстарында қолайлы;
ER MAPPER - бейнелеуді өңдеуде дүние жүзіндегі бағдарламалардың бастаушы пакетінің бірі. Earth Resourse Mapping серіктестігі Rage конферен- циясының тұрақты қатысушысы болып табылады. Әр конференция сайын ол ER MAPPER пакетінің жаңа болжамдарын ұсынады. Жаңа болжамдар үш өлшемді көзбен шолу бойынша кеңейген мүмкіндіктерімен, жаңа диалогтардың болуымен, мұнай-газ зерттеулерінде қолданылатын мәлімет -тер форматтарының импортталуының қосымша мүмкіндіктерімен ерекше - ленеді, ал бұл қолданушыға hazistma, GroQuest, Seis Works сияқты пакет -термен айырбас жасауға мүмкіндік береді. Көп жылдар бойы алынатын, пакетпен жұмыс істеу туралы жағымды пікірлер ER MAPPER-дің өзінің саласындағы нөмірі бірінші өнім болып табылатынын дәлелдейді.
Earth Resourse Mapping серіктестігі 1989 жыл құрылған, сол кездің өзінде негізгі қолданушылары австралиялық тау-кен кәсіпорны болған. Серіктестіктің беделі әлі күнге дейін өз бағасын жойған жоқ, бұл туралы өнім дистрибьюторлары Landmark пен Shlumberger сияқты аттардың болуы дәлелдейді. Тура осылай, өз саласында сөзсіз жетекші болып табылатын пакет қолданушылары туралы British Petroleum Explorationm Mobil, Texaco, Shell мен т. б. айтуға болады.
ER MAPPER-дің кәсіптік карталар құру мүмкіндіктерімен бірге, онда картографиялық құралдардың толық жиынтығы бар. Карталар ER MAPPER арқылы, басылым үшін қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді керексіз ете отырып, 250 қорытынды құрылғылар жариялауы мүмкін.
Уақыт ағынында, индустриялық зерттеулердің дистанциялық құралда -ры мен саймандарын көп пайдаланғандықтан, спутникті мәліметтер аймақ бойынша, сейсмикалық зерттеулерді жоспарлау мен басқару жұмысына көмектесу үшін жылдам ақпаратты ұсынады. BP Exploration & Operating Company-дың басты геофизігі Пол Бетейдің бірнеше қолдануларын көрсетті. Нақты және жаңа карталардың жоқтығына байланысты спутникті сурет топография мәліметтерін толықтырады. ER MAPPER-дің үш өлшем- ді вьюверінің көмегімен рельефтің сандық үлгілері мен бейнеленулерді қиылыстыру жолы арқылы зерттеулерді өңдеушілір қосымша нұсқа көмегі- мен биіктік өзгеруін, жарық өзгеруін, ылди градиентін талдау үшін арналған формулаларды қолдана отырып, пайда болатын мәселелерді талдай алады (1-сурет) .
1-сурет. ER MAPPER-де рельефтің сандық үлгісі
ER MAPPER бейнелеуі рельефтің үш өлшемді түрде ұсынылуы үшін горизонт үстіндегі бұрыш пен азимутты өзгерте отырып, берілген бейнелену үстінде жарықтың қайнар көзін жайғастыруға мүмкіндік береді. Бұл түпнұсқалық мәліметтерде көрінбейтін, яғни сызаттар, сынықтар, тунельдер сияқты жасырын қасиеттерді бөлу мүмкіншілігін күшейтеді. Қалған мәліметтер мен сейсмикалық зерттеулердің жоспарын жасап шығаруға болады, ал кейін бұл жоспар топологиялық сынықтармен өмір сүретін инфрақұрылымдарға жататын сейсмикалық түзулерді бағыттауға мүмкіндік береді.
MapInfo Professional бағдарламасы
MapInfo Professional - АҚШ - тың MapInfo Corparation Фирмасы жасап шығаран. Ресейде кең тараған стол үстілік ГАЖ - дың бірі. MapInfo адрестік және кеңістіктік байланысы бар өңдеу және сараптама жасау үшін жобаланған. MapInfo пакеті мүмкіндік баға қатынасы бойынша геоақ -параттық бағдарламалардың ішіндегі үздіктердің бірі болып табылады. Map -Info геоақпараттық жүйесі 90-жылдардың басында жасалған болатын. Бүгінгі күнде бұл пакет ГАЖ нарығында бестселлер және еліміздегі компьютерлік картография арасында лидер болып табылады. MapInfo жүйесі кәсіби деңгейде жұмыс жасайтын қуатты SQL сұрау енгізілген картографиялық интерфейстері бар мәліметтер базасы болып табылады. MapInfo OLE2 және ODBC жұмыс жасайды және Visual Basic, Power Builder, Delphi және т. б. басқаруымен функционалдығын жоғалтпай жұмыс жасай алады. MapInfo - да мыналар жүзеге асырылады:
- географиялық нысандарды іздеу;
- деректер қорымен жұмыс;
- геометриялық функциялар: беттер арасындағы ауданды, ұзындықты, көлемді, периметрді есептеу;
- кез келген нысандар тобының жанында буферлік зона құру;
- SQL сұрауының кеңейтілген түрі, сұраулар өрнектерге негізделеді және бірігуді жүзеге асырады. Алаңдарды бейнелейді, бірнеше кестелерді біріктіреді және географиялық бірігулерге мүмкіндік береді.
- компьютерлік дизайн және картографялық құжаттарды шығаруға дайындық.
ГАЖ MapInfo жер ресурстарын форматымен, ал жер құрылысын элек - трондық карта құрылымымен жасайды. Негізгі электрондық карта топогра - фиялық пландық масштабта 1:2000 (158 қабат) және 1:500 (82 қабат) жұмы- сын атқарады.
Мысалы мына зертханалық жұмыста картаны жасау және тіркеу MapInfo бағдарламасында географиялық координаттар жүйесіне қандайда бір масштаб картасын байлап, векторлық картасын жасаудың кішкене бөлігі көрсетілген. Бұл зертханалық жұмыста өз өңіріміздің шектеулі аумағының электрондық картасын жасап көрдік. Бұл жұмыстарға оқушылар көңілін ерекше аударды. «Кәсіптік қызметтегі ақпараттық технологиялар» пәнінде электронды картасын жасаудың бастапқы негізгі кезеңдерін үйренеді. Осы бағдарламаларда білімдерін арнайы пәндерде, тәжірибелік сабақтарда кеңейтіп кәсіпкерлік тәжірибеде ұшқырлай түседі.
Сканер арқылы электрондық формаға өзгертілген картаны, MapInfo қосымшасында ашқан кезінде, оны қарапайым сурет ретінде ғана көреді, яғни кеңістіктік байланысын көрсетпейді. Сол себептен белгілі координаттары бойынша картаны географиялық координаталық жүйеге байлау керек. ArcView немесе ArcInfo бағдарламасында бізге барлық кездесетін географиялық проекцияларды ұсынады. Координаталық проекциялар тізімі берілген. Географиялық проекцияны таңдап алғаннан кейін (біздің жағдайда UTM проекциясы және WGS 84 географиялық координаталық жүйесі) Georeferencing құралы арқылы координаталары белгілі нүктелерді (әдетте 5 немесе 6 нүкте, дәлдігін жоғарлату мақсатында нүктелер саны көбейту мүмкін) Georeferencing менюындағы “нүктені қосу” сайманы арқылы енгіземіз. Қосымша ( Сурет 2, Сурет 3) .
Сурет 2- тіркеу
Сурет 3- векторлы картасын жасауда қабатпен жұмыс
Электрондық векторлық карта арқылы келесі мәселелерді шешуге болады. Жер кадастрын жүргізген кезде ірі масштабты кадастрлық карталар қолданады. Жоғарыда айтып өткендей осы құрылатын векторлық карталар сонымен қатар жер кадастрында да кеңінен қолданады.
Онда кадастрлық кварталдар және квартал ішіндегі учаскелер көрсетіледі және кадастрлық нөмірлер мен көше атаулары көрсетілуі мүмкін, ал қосымша мәліметтер; жер пайдалану субъектісі жайында, жер пайдалану құқығы, жер учаскесін нысаналы мақсаты, пайдалану шектеулері, жер учаскесін бөлінуі не бөлінбеуі, жер учаскесін орналасуы, жер учаскесін ауданы және т. б мәліметтерді қарапайым қағаз бетіне сызылған кадастрлық картада көрсету мүмкін емес, ондай қосымша мәліметтер базалық құжаттарда сақталады. Яғни нақты учаскеге қатысты барлық мәліметтерді көрсетуге болады және сол мәліметтер бойынша көптеген ГАЖ операцияларын жүргізуге болады ArcMap қосымшасында объектілерге қатысты мәліметтерді толтыруға болады. Ауданының төлқұжатын пайдалана отырып қоғамдық ғимараттар, өндірістік және құрылыс кешендері, сондай-ақ тұрғын үйлер электрондық картаға енгізілді.
Мына мысалда көрсетілгендей (Сурет 4) ArcMap қосымшасында учаскелерге қатысты мәліметтерді толтыруға болады.
Сурет 4-ArcMap қосымшасында учаскелерге қатысты мәліметтерді толтыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Қазіргі заманда білімдері сапалы бәсекеге қабілетті, ақпараттық кеңестікте ГАЖ- технологияларын қолдана білетін «техник-картограф» мамандарын дайындау негізгі мақсатымыз болып келеді.
Егерде бұрын карталарды қолдан сызып, оны фотоға түсіріп содан кейін оны бастырып жасаса, қазіргі заманда көптеген бағдарламаларды қолданудың нәтижесінде осы жұмыстарды 2 есе азайтылып картографтардың жұмыстары жеңілдетілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz