Мәліметтердің форматтары және оларды ұйымдастыру



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Мәліметтерің форматтары және оларды ұйымдастыру
2 Portable Document Format (PDF) тарихы мен ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мәліметтер қоры мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу техно-логиясы бойынша – мәліметтер қоры – орталықтандырылған және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және қа-шықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қорын пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады.
Мәліметтер қорының қазіргі заманғы технологиясына сай мәліметтер қорын жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
1. http://life-prog.ru/ukr/1_6605_lektsiya-.html
2. http://kk.wikipedia.org/wiki/Portable_Document_Format
3. http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=129

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Мәліметтерің форматтары және оларды ұйымдастыру

Тексерген: Құдайбергенов М
Орындаған: Ходжаева Р


Алматы, 2015
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1
Мәліметтерің форматтары және оларды ұйымдастыру
4
2
PORTABLE DOCUMENT FORMAT (PDF) тарихы мен ерекшеліктері
7

ҚОРЫТЫНДЫ
10

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
12

КІРІСПЕ
Мәліметтер қоры мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы. Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу техно-логиясы бойынша - мәліметтер қоры - орталықтандырылған және үлестірілген мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және қа-шықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер қоры болып екіге бөлінеді. Мәліметтер қорын пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады.
Мәліметтер қорының қазіргі заманғы технологиясына сай мәліметтер қорын жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мәліметтерің форматтары және оларды ұйымдастыру

Компьютерлік графикада мәліметтерді сақтау үшін аз дегенде файлдардың отыз шақты форматтары қолданылады. Бірақ солардың ішінде бірнешеуі ғана көпшілік программада қолданылып, стандарт ретінде қалыптасқан. Ережеге сай, сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық, үшөлшемді бейнелі файлдар болып келеді, дегенмен әртүрлі класқа жататын мәліметтерді сақтауға мүмкіндік беретін форматтар да жоқ емес. Көптеген қосымшалар өзінің жеке өзіне тән (спецификалық) форматтармен ғана жұмыс істейді; олардың файлдарын өзге программаларға ауыстыру арнайы фильтрлерді қолдануға немесе бейнені стандартты форматқа алмастыруға мәжбүрлейді.
TIFF (Tagged Image File Format).Формат жоғары сапалы растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі TIF). Кеңінен таралған форматтар қатарына жатады, (IBM PC және Apple Macintosh) платформалар арасында қолданылады беретіндігімен ерекшеленеді, көптеген графикалық, беттеу және дизайнерлік программалар тарапынан қамтамасыз етілген. СМҮК түсбөлінісінің монохромды ақ-қара түсінен бастап 32-разрядты модельдерге дейінгі түстердің кең диапазонын қамтиды. 6.0 версиясынан бастап TIFF форматында бейненің маскілері (контурлары) жайлы мәліметтерді сақтауға болады. Файлдың көлемін азайту үшін ішкі LZW сығымдау алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Растрлы графикалық ақпаратты сақтау мүмкіншілігіне қарай анағұрлым куатты программалардың бірі прогрммасының жеке форматы (файл атының кеңейтілуі PSD). Көптеген маскілерді, айқындық дәрежесін, арналарды, қабат параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. әртүрлі түстік модельдер мен түс бөлу, түсті 48-разрядпен кодтау қолданылады. Басты кемшілігі, ақпаратты сығымдаудың тиімді алгоритмінің болмауынан файл көлемінің өсуіне алып келетіндігінде.
PSX. Формат Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасының растрлық мәліметтерін сақтау форматы ретінде пайда болды және анағұрлым кең таралғандалдың бірі болып табылады. (файл атының кеңейтілуі . PSХ). Түске бөлінген бейнені сақтау мүмкіндігінің болмауы, түстік модельдердің жетіспеушілігі мен өзге де шектеулер форматтың танымалдылығының жоғалуына алып келді. Қазіргі кезде формат көнерген болып саналады.
PhotoCD. Формат жоғары сапалы сандық растрлы бейнелерді сақтау үшін Kodak фирмасында жасалған. (файл атынаң кеңейтілуі . PSD). Мәліметтерді файлда сақтау форматы Image Pac деп аталады. Файл бейнені, көрсетілімнің белгіленген шамасында сақтауға мүмкіндік беретін ішкі құрылымынан тұрады, сондықтан да бұл форматта сақталған кез-келген файл көлемінің бір-бірінен айырмашылығы болмашы ғана және 4-5 Мбайт аралығында болады. Әрбір көрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base16-дан (128х192 нүкте) бастап Baseх 16-ға (2048-3072 нүкте) дейін бес деңгей бар. Бастапқы бейнені бірінші мәрте сығымдауда іс жүзінде сапа жоғалмайтын субдискреттеу әдісі қолданылады. Сонан соң Base- Baseх4 және Baseх4- Baseх16 айырмашылықтары есептеледі де соңғы нәтижесі файлға жазылады. Ақпаратты жоғары көрсетіліммен көрсету үшін кері түрлендіру жүргізіледі. Түс жайлы ақпаратты сақтау үшін ҮСС түстік моделі қолданылады.
Windows Bitmap. Windows операциялық жүйесінде растрлық бейнелерді сақтау форматы. (файл атының кеңейтілуі .ВМР). сәйкесінше бұл ортада жұмыс істейтін барлық қосымшаларда қолданылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Groups). Формат растрлық бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі .JPG). Бұл формат файлды сығымдау дәрежесі мен бейне сапасы арасындағы арақатынасты реттеуге мүмкіндік береді. Сығымдауда қолданылатын әдістер артық ақпаратты өшіруге негізделген, сондықтан да форматты тек электрондық жарияланымдар үшін қолданылған жөн.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстердің саны (256) белгіленген сығымдалған бейнелерді сақтау құралы ретінде 1987 жылы стандартталған. (файл атының кеңейтілуі .GIF). жоғары дәрежеде сығымдалуы арқасында Интернетте танымал болды. Форматтың соңғы GIF89а версиясы бейненің жолтастап жүктелуіне және түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді. Түстер санына шектеу қойылуына байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда ғана қолданылады.
PNG (Portable Network Graphics).Бейнелерді Интернетте жариялауға арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл), сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .PNG). бейненің үш типі - түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік терендікпен және сұр түстің 256 градациясы бар ақ-қара түс қолданылады. Ақпаратты сығымдау іс жүзінде ешбір жоғалыссыз жүргізіледі және 254 деңгейлі альфа-канал қарастырылған.
WMF (Windows MetaFile).Windows операциялық жүйесінің векторлық бейнелерін сақтау форматы. (файл атының кеңейтілуі .WMF). Анықтама бойынша жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда қабылданған стандартты түстік палитралармен жұмыс істеуге арналған құралдардың болмауы және өзге де кемшіліктер оның кеңінен қолданылуын кедергі жасайды.
EPS (Encapsulated PostScript). Векторлық, сондай-ақ растрлық бейнелерді іс жүзінде баспаға дейінгі процестер мен полиграфия саласында стандарт болып табылатын Abode фирмасының PostScript тілінде сипатау форматы. (файл атының кеңейтілуі .EPS). PostScript тілі әмбебап болып табылатындықтан файлда векторлық және растрлық графика, шрифтер, контурлар (маскілер), құрал-жабдықтарды пішімдеу параметрлері, түстік профильдер біруақытта сақтала алады. Экранда векторлық мәнді көрсету үшін - WMF ал растрлық үшін - TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме жалпы алғанда EPS-тің елеулі кемшілігі болып табылатын тек нақты бейнені ғана көрсетуге қабілетті. Шынайы бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса арнайы көру программарының көмегімен немесе файлды Acrobat Reader, Acrobat Exchange қосымшаларының PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format). Abode фирмасы шығарған құжаттарды сипаттау форматы (файл атының кеңейтілуі .PDF). Дегенмен, бұл формат негізінен құжатты тұтастай сақтауға арналған, оның таңқаларлық мүмкіндіктері бейненің шынайы көрінуін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Формат аппаратты-тәуелсіз болып табылады, сондықтан да бейнені монитор экранынан бастап фотоқұрылғыға дейінгі кез келген құрылғыдан шығаруға болады. Бейненің аяқталған көрсетілімін басқару құралдарының көмегімен сығымдаудың қуатты алгоритмі жоғары сапалы иллюстрациялары бар файлдарды ықшамдауға мүмкіндік береді.

2. Portable Document Format (PDF) тарихы мен ерекшеліктері

Portable Document Format (PDF) -- Adobe Systems фирмасы тарапынан PostScript тілінің бірқатар мүмкіндіктерін қолдана отырып жасаған электронды құжаттардың кросстұғырлы форматы. Біріншіден, полиграфиялық өнімдерді электрондық нұсқада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Формат
СИ тіліндегі функциялар
SQL сұраныстар тілі. Мәліметтер қорын жобалау
Электронды оқулықтардың форматтары
Си тілінің пайда болу тарихы мен мүмкіндіктері
Microsoft Visio векторлақ графикалық бағдарламала
Жүйелік бағдарлау
Компьютерлік графиканың негізгі түрлері
Ұялар ішіндегі мәлімет
Препроцессор директивалары
Пәндер