Мәліметтер базасының құрылымы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Мәліметтер базасының құрылымы
Тексерген: Құдайбергенов М
Орындаған: Ходжаева Р
Алматы, 2015
КІРІСПЕ
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз [4] .
Мәліметтерді сақтау, өңдеу және қолдану құндылығын азайту мақсатында мәліметтер базасы жүйесін қолданып, ақпараттарды ЭЕМ көмегімен өңдеп сақтайды. Мәліметтер базасының жүйесі деп - мәліметтерді сақтаудың компьютерленген жүйесін, ал мәліметтер базасы деп - белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, өшіру, өзгерту, көшіру, реттеу т. с. с. ) үлкен көлемді жүйелендірілген мәліметтерді сақтау.
МБ оны қолданушы программаға тәуелсіз арнайы тәсілмен ұйымдастырылған мәліметтер файлдарының жиынтығы. МБ қолданушыны қызықтырушы (кітапхана, дәріхана, қойма т. с. с. ) анықталған пәндік аймақ үшін құрылады. МБ құру және қолдану үшін арнайы МБ басқару жүйесі қолданылады. МББЖ дегеніміз мәліметтер базасын құру, өңдеу және енуді жабдықтаушы программалық құрылғылардың жиынтығы. МББЖ мәліметтер базасымен жұмыс істеп қана қоймай, қолданбалы программалар өңдеуге де мүмкіндік жасайды [2] .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Мәліметтер базасының негізгі ұғымы
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәлтеттерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықғамалығын, поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атауға болады.
Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект деп мағлүматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттың жүйенің элемеиттері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен ситатталады. Мәлметтердің басты элементі деп мәлметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде жағастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы) ;
Екіншіреттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.
Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты. МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация) . База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Барлық ММБЖ екі топқа бөлінеді:
• жергілікті;
• желілік.
Жергілікті - бір компьютерде жұмыс істейтін МББЖ. Оларға dBase, FoxPro, Microsoft Access және т. б. жатады.
Желілік - бір мәліметтер базасын бірнеше компьютерде клиент - сервер технология көмегімен қолдануға болатын МББЖ. Оларға InterBase 6 Oracle, Microsoft CSQI Server және т. б. жатады [1] .
- Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар - бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т. б. ), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы - бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*. mdb) сақталынатын файл (құжат) . Деректер базасын басқару жүйесі - бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар - жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны - 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам - оның құрылымын құрастыру; 2 қадам - құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады [3] .
Мәліметтер - ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар CD - ROM - да қолданылады. Магниттік қасиеттердің өзгерісін қолданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады. Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер базасының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер базасында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер базасының құрылымын өзгертеміз. Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік, және иерархиялық.
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бір мәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады [4] .
- Мәліметтер базасының типтері
Мәліметтерді сақтау принципі байланысты барлық мәліметтер базасы бірнеше негізгі типтерге бөлінеді:
• иерархиялық;
• желілік;
• реляциялық.
Иерархиялық мәліметтер базасы - 60-шы жылдардың басында қолданылған. Олар қарапайым терек түрінде құрылған. Мұнда мәліметтер екі категорияға бөлінеді: негізгі және бағынышты. Иерархиядағы ең биік объект - түпкі, ал қалған объектілерде тәуелді деп атайды.
Иерархиялық мәліметтер базасы жақсы жағы - біреудің көпке деген аралық байланыстарын көрсету мүмкіндігі, мәліметтерді көзбен көретіндей анық көрсету, мәліметтердің тәуелсіздік деңгейі анықталған.
Иерархиялық мәліметтер базасы кемшілігі - мәліметтер құрылымын көрсету, яғни МББЖ бағдарламасының қиындығы, мәліметтерді енгізу және жою операциясын орындаудың қиындығы.
Желілік мәліметтер базасы - иерархиялықпен қатар қолданылады. Бұл мәліметтер базасында кез-келген объект басқа объектілермен бірнеше байланыс жасай алады.
Желілік мәліметтер базасының жақсы жақтары - жалпы түрдегі модель, жою және енгізу операцияларын орындаудың жеткілікті түрі.
Желілік мәліметтер базасының кемшілі - мәліметтерді көрсетудің қиындығы, яғни МББЖ бағдарламалар комплексінің күрделілігі.
Реляциялық мәліметтер базасы (relation - қатынас) - программалуда 70 -жылдардан бастап қолданыла бастады. Мұндай мәліметтер базасында объектілер және олардың арасындағы байланыс жол және бағандардан тұратын тікбұрышты кесте түрінде көрсетіледі.
Реляциялық мәліметтер базасының кестесі көмегімен келесі іс - әрекеттерді орындауға болады:
• кесте құруға немесе оның құрылымын анықтауға;
• кесте құрылымын өзгертуге;
• кесте атын өзертуге;
• кестені дискіден өшіруге.
Реляциялық мәліметтер базасының жақсы жақтары - мәліметтерді көзбен көретіндей өрнектеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz