Мәліметтер базасының негізгі нысандары


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Мәліметтер базасының негізгі нысандары

Тексерген: Құдайбергенов М

Орындаған: Ходжаева Р

Алматы, 2015

ЖОСПАР
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
3
ЖОСПАР:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖОСПАР: 1
Мәліметтер базасының негізгі нысандары
4
ЖОСПАР: 2
Жұмыс жасаудың режимдері және дерек түрлері
7
ЖОСПАР:
ҚОРЫТЫНДЫ
8
ЖОСПАР:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
9

КІРІСПЕ

Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т. б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Мәліметтер базасының негізгі нысандары

Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі боліктері сәйкес келеді. Бұлар таблицалар, сұрау салулар, есептер, формалар, парақтар, макростар мен модулъдер.

  • Кестелер - жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді.

Кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі көрсетілген:

  • Режим таблицы - кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады.
  • Конструктор - кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады.
  • Мастер таблиц - автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген.
  • Импорт таблиц - кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды кестеден көшіру арқылы құрылады.
  • Связь с таблицами - кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен байланыс жасау арқылы құрылады.
  • Сұраныстар - толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

Сұрау салулар - кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмеғічен мәліметтерді іріктеу, оларды сүрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операңғіялар атқарылады. Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өзгертуге, жаңа кестелер жасауға, басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға, кестелердегі қарапайым есептеулерді және т. б. жасауға болады.

Формалар - кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т. б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.

  • Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектічер. Формалар пайдала¬нушыға толтыруға болатын әрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады. Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтерді (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушалар және тағы басқаларды) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін кайталанатындай етіп жасайды - бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.

Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай-ақ жасайды. Формалардың көмегімен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құралдарын қолдануға болады.

  • Есептер - бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы.

Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтыи сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access-тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:

  • оқу мен тандауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
  • қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша) ;
  • графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы, диаграмма) .

Құру тәсілдері:

  • автоматты түрде - Автоотчет.
  • шебер арқылы - Мастер отчета.
  • өз қолымен - Конструктор.
  • Есептің құрылымы:
  • тақырып жол бөлімі- есептің жалпы атауын жазуға арналған;
  • жоғарғы колонтитул бөлімі - егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады;
  • деректер аумағы - база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан;
  • төменгі колонтитул- құру мерзімі және беттерді нөмірлеу;
  • ескерту бөлімі - қосымша ақпарат орналастыру;
  • топтың тақырып жолы - әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады.
  • Парақтар - бұлар Access 2000-де мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.

Физикалық жағынан бұл Web-парақта орналастырылған жә¬не клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен-өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web-парақта берілген байланыс атқарылатын, компонент-терді құрамында ұстайды. Web-торапқа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады. Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.

  • Макростар - бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады.
  • Модуль - бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.

Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды автоматтандыруға да арналған.

Макростар ~ макробүйрыңтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бүйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген белгілеудің мәні бар.

Модульдер - Visual Basic тілінде жазылған программалың рәсімдер (проңедуралар) . Егер Access стандарттың құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.

  1. Жұмыс жасаудың режимдері және дерек түрлері

Жұмыс жасаудың режимдері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер базасын басқару жүйелері
Ақпараттық технологиялар факультеті
Ломбардта заттарды кепілге салу
Мәліметтер базасының теориясы
Деректер базасының түрлері
Мәліметтер базасын анықтау
Деректер қорын логикалық модельдеу
«Саяхат» туристік компания қызметінің деректер қорын жобалау
Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының ақпараттық жүйесін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz