Жарық қашықтық өлшеуіштер


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Жарық қашықтық өлшеуіштер

Тексерген: Сарыбаев Е.

Орындаған: Ходжаева Р.

Алматы, 2015

ЖОСПАР
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
3
ЖОСПАР:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖОСПАР: 1
Жарық қашықтық өлшеуіштердің жіктелуі
4
ЖОСПАР: 2
“Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуіші
5
ЖОСПАР: 3
Пайдалану бойынша жалпы нұсқау
7
ЖОСПАР: 4
Жұмыс істеу тәртібі
8
ЖОСПАР:
ҚОРЫТЫНДЫ
9
ЖОСПАР:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
10

КІРІСПЕ

Жарық қашықтық өлшеуіш өлшеу принципі, жарық көзінен шағылатын затқа дейінгі, яғни тура және кері аралықтағы сәуленің өту уақытын өлшейді. Атмосфераның сыну көрсеткіші - оның оптикалық қасиеттеріне, сыртқы ортаның қысымына, температурасы мен ылғалдылығына байланысты. Сондықтан, қашықтық өлшеуішпен ара қашықтық өлшеу кезінде өлшеу нәтижелеріне, атмосфералық түзетулер енгізіледі. Модульді жарық қашықтық өлшеуіштер негізінен -фазалық, импульстік және құрама (жинақталған) болып бөлінеді. Фазалық жарық қашықтық өлшеуіштерде (ЖҚӨ) жарықтың өту уақыты аралық өлшеу бойынша жанама болып анықталады. Яғни, фазалардың салыстыру әдісі арқылы шағылған сигналдардың аралықтарымен анықталады. Ал импульстік ЖҚӨ-те жарықтың шағылуы ұзын болып жүргізіледі. Аралықты 2 рет өлшеу кезінде кететін уақыт(жарық көзінен шағылатын затқа дейінгі) тез арада жұмыс істейтін есептегіш құрал көмегімен анықталып, аралықты өлшеу туралы ақпарат сақтайтын құралмен есептеледі. Ал құрама ЖҚӨ-де - импульстік әдіс қолданылады. Интерференциялық жарықтық - қашықтық өлшеуіштерінің жұмыстық өлшемдерін тексеру және эталондау үшін қолданылады. Яғни, бұл өлшеу

кезінде өлшеу нәтижесі жоғарғы дәлдікті береді. Осы жарық қашықтық өлшеуіштердің қателігі, толқынның монохромати-калық сәулелену ұзындығының бірлігімен беріледі (микрометрдің жүздік бірлігі) . Далалық жерде, яғни сыртқы орта әсері факторлары мен оның пішінінің үлкендігіне байланысты бұл аспаптарды қолдану қиынға түседі. Фазалық жарық қашықтық өлшеуіштерде жарық ағыны, модульденген амплитуда қарқындығы бойынша фазалық сигнал арқылы салыстырылып, соның нәтижесінде бір аралықтың ара қашықтығы өлшенеді. Импульстік жарық қашықтық өлшеуіштерде өлшенетін аралық бойынша өтетін жеке жарық

импульстері тез арада дискреттік есептеуіш көмегімен анықталады. Бірақ геодезиялық жұмыстарға қажет жоғарғы дәлдікті бермейді. Соңғы кездері импульстік әдістер геодезиялық жарық қашықтық өлшемінде қолданылып жүр. Бірақ, бұл аспаптардағы генератор мен берілген жиілікке айналып, бізге қажетті дәлдікті бере алады. Қазіргі жаңа жартылай өткізгіштік лазерлі сәуле қашықтық өлшеулер -жоғарғы дәлдікті 1-5мм-ден қамтамасыз етіп, 5-15 км-ге дейін ара қашықтықты өлшейді. Өлшеу нәтижелерінің қателіктеріне байланысты оны ескеретін әр түрлі түзетулер, қажетті жағдайда сыртқы ортаға байланысты түзетулер енгізіледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жарық қашықтық өлшеуіштердің жіктелуі

Соңғы кездері электрмагниттік қашықтық өлшемдер геодезияда жиі қолданылуда. Соның ішінде екі аспапты атап өтуге болады:

1) жарық қашықтық өлшеуіш;

2) радио қашықтық өлшеуіш.

Кеңінен тарағаны - жарық қашықтық өлшеуіш. Қазіргі жаңа жарық қашықтық өлшеуіштер әр түрлі кластағы және дәлдіктегі геодезиялық жұмыстар мен құрылыстардың жарықшақтарын зерттейді. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және ерекше инженерлік құрылыстарды жобалауға, жоспарлық құрылыстық өлшеулерге арналған. Осы орайда жарық қашықтық өлшеуіш техникаларының дамуында жалпы әлемдік практикада, қашықтығы мен дәлдігіне байланысты 3 негізгі бағыт пайда

болды.

1. Г жарық қашықтық өлшеуіштер. Мемлекеттік геодезиялық тораптарды жүйелерді құруда қолданылады.

2. Қ жарық қашықтық өлшеуіштер қолданбалы геодезияда және маркшейдер ісінде қолданылады.

3. Т жарық қашықтық өлшеуіш геодезиялық толықтыру және түсіріс тораптары мен топографиялық түсірісте қолданылады.

Осы аспаптарды шығаратын негізгі мемлекеттерге - Швейцария, АҚШ, Германия, Жапония, Ресейжатады.

П топтарына - жоғары дәлдікті қашықтық өлшеуіш жатады.

СП2 жарық қашықтық өлшеуішінің аралық өлшеу ауқымы 0, 5-3000м.

  1. “Топаз” СП2 жарық қ ашық тық өлшеуіші

“Топаз” СП2 жарық қашықтық өлшеуіші ара қашықтықты өлшеуге арналған. Жарық қашықтық өлшеуіштің қолдану саласы: екінші разрядты өлшеу құралы ретінде топографиялық жарық қашықтық өлшеуіштер мен әкімшіліктік метрологиялық қызметтердегі тахеометрлерді тексеру; қолданбалы геодезияда ара қашықтықтарды өлшеу: машина жасаудағы үлкен өлшемдерді өлшеу; арнайы құрылыстарды жүргізу мен ғимараттарды пайдалану кезінде қолданылады. Жарық қашықтық өлшеуішті пайдалану жағдайы:

 қоршаған ортаның ауа температурасы, ºС…-25…+ 40;

 салыстырмалы ауа ылғалдылығы+20ºС 95%-ға дейін;

 атмосфералық қысым, кПа 84…107(630…800) .

Техникалық сипаттамалары

Ара қашықтықты өлшеудегі орташа квадраттық қатесімм, +-(2+2*10-6 Д*) аспауы керек.

Жарық қашықтық өлшеуіштің құрылысы мен жинағының құрам бөліктері.

СП- 2. Жары қ қашықтық өлшеуіші

Жарық қашықтық өлшеуіште уақытша интервалға келтірілген импульсті өлшеу әдісі қолданылады. Сәулелену ретінде жартылай өткізгішті лазерлі диод қолданылады. Сәулелену қабылдағыш -біруақытта қабылданатын жарық сигналдары - аралық жиіліктегі электрлік сигналдарға айналып, о ған уақытша интервалды өлшеудің жазылуын ФЭУ - фотоэлектронды көбейткішдеп атайды.

Кіші ара қашықтықтарды өлшеу кезінде сигналды әлсіздендіру үшін жарық қашықтық өлшеуіштің объективіне, металл тор кигізіледі (аттенюатор) . Жарық қашықтық өлшеуішпен ара қашықтықты өлшеу екі мерзімдежұмыс істейді: “дөрекі” және “дәл”. “дөрекі” режіміндегі ауқымда өлшенетін аралық 0 -ден 99 999 мм-ге дейінгі аралықта болып, 74927, 5 және 149855 кГц импульстік масштабты жиіліктегі ара қашықтықты өлшеуді қамтамасыз етеді. “Дөрекі” режіміндегі сандық таблодағы кіші разрядтық бөлігі 1 мм, ал бір ретті өлшеу уақыты 10 с. “Дәл” режі мінде өлшеу 74927, 5кГц жилігіндегі масштабта жүргізіледі. “Дәл” режіміндегі сандық таблоның кіші разрядтық бөлігі 0, 1 мм, бір ретті өлшеу уақыты - 6 с. Жарық қашықтық өлшеуіште жартылай өткізгішті лазерді ң сәулелену қуаты тұрақталған. Соңғы бақылау мәнін қадағалайтын құрылғысы, жарық қашықтық өлшеуіштің тұрақты түзетулерін реттейді. Есептеуді тоқтатын құрылғы, жарық қашықтық өлшеуіш пен шағылдырушы арасындағы кедергілерден болатын, таблоға шығатын қате

нәтижелерді жібермейді. Жарық қашықтық өлшеуіштің барлық сұлбасы қосымша стабилизаторлардан, ток көзімен қамтамасыз етіледі. Сигнал деңгейі “СИГНАЛ” резистормен реттеледі, ал дәл бағыттау - микроамперметр к өрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Ток көзін үнемдеу үшін табло индикаторларын уақытша сөндіруге “Есеп” болады. “Есеп” процесі таблоның оң жағындағы индикатордың жанып-сөнуімен білінеді. “Бақылау” режімі аккумулятор батареясының кернеуін бағалау ға мүмкіндік береді. Жарық қашықтық өлшеуіш ақпарат жинаушы құрылғы қосатын тетікпен қамтылған. Жарық қашықтық өлшеуіш темір қаптамаға (футляр) салынады. Қаптаманы ашу үшін оның жанында орналасқан екі тұтқаны көрсетілген нұсқау бойынша қозғау қажет.

  1. Пайдалану бойынша жалпы нұсқау

Жарық қашықтық өлшеуіш - оптикалық - электронды аспаптар қатарына жатады. Оны жауын-шашын мен күннің тікелей түсуінен қорғаған жөн. Оның оптикалық бөлігін ылғалдан сақтау үшін, жылы жерден суық жерге немесе керісінше жағдайда, 30 минуттан кейін оны қаптамадан шығарған жөн. Оптиканы шаң-тозаңнан сақтап, қолмен ұстамаған дұрыс. Ал үзіліс кезінде аспапты қапшықпен жауып, объективтен бақылау есептеу блогын тек өлшеу кезінде ғана шешеді.

Жарық қашықтық өлшеуішті қатты дірілден, соққыдан сақтаған жөн. Діріл бар жағдайда аспапты амортизациясы бар жәшікке салу керек. Ол жәшік, аспап жинағына кіреді және көлікпен тасымалдауға арналған.

Тасымалдар алдында аспапты қаптамаға дұрыс салу керек:

 аспап негізіндегі қызыл белгі қаптама табанындағы қызыл белгімен дәлме-дәл келуі керек;

 аспап басы горизонталь орналасып, бекіткіш бұрандалар бекітілуі қажет;

 аспап - қаптама табанына қатты тартылып бекітіледі;

 жарық қашықтық өлшеуіштің жұмыс істеу барысында қоршаған ортаның температурасы - 25-тен + 30ºС-ке дейін болуы керек.


  1. Жұмыс істеу тәртібі

Жарық қашықтық өлшеуішпен шағылдырғышты құрғаннан кейін, центрлеу қажет. Штативпен центрлеуді тіктеуіштің көмегімен орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер
Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер
Геодезиялық GPS жер өлшеу құралдарының түрлері
Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Полигонометриялық торлар
Бастауыш сыныптарда шамаларды оқытудың педагогикалық негіздері
Геодезия. Теодалит
GPS құрылғылары және геодезиялық аспаптар мен жабдықтар
Геодезиялык өлшеулер
Геодезиялық аспаптардың метрологиялық сипаттамасы, стандарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz