Турбо Паскальда тест дайындау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Турбо Паскальда тест дайындау
Мазмұны
Кіріспе . . . 2
І тарау
1. 1 Турбо Паскаль программалау тілі туралы мағлұмат . . . 3
1. 2 Турбо Паскальда жұмыс жасау ортасы . . . 4
1. 3 Турбо Паскаль алфавиті . . . 6
ІІ тарау
2. 1 Берілгендердің күрделі типі - массивтер . . . 7
2. 2 Турбо Паскальдағы Көмекші программа . . . 9
2. 3 Турбо Паскальдағы тест программасы . . . 11
Қорытынды . . . 16
Әдебиеттер . . . 17
Қосымшалар . . . 18
Кіріспе.
Информацияны өңдеу, сақтау, қажеттісін дер кезінде тауып беру үшін пайдаланатын жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі - Паскаль тілі. Осы Паскаль тілінің алғашқы варианты 70 - жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарды. Қазіргі кезде оның кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC - ге үйлесімді дербес компьютер жұмыс істей алатын турбо паскаль диалектілері де жеткілікті. Бұл тіл дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі болып табылады. Паскаль тілінің ыңғайлығы: тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Бұл жерде программаны бірте - бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін керек.
Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді.
Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды да құруға болады. Паскаль тілінің тіл синтаксисі қиын емес. Міне, мен осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, Паскаль да тест дайындау тақырыбынан курстық жұмысымды жаздым.
Менің қурстық жұмысымның мақсаты: Турбо Паскальда тест дайындау, яғни оқушылардың, студенттердің білім деңгейінің қаншалықты екенін айқындайтын тест программасын жасау болып табылады. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда Турбо Паскаль программалау тілі жайлы, оның жұмыс істеу ортасы және де алфавиті жайында материалдар қарастырылған.
Екінші тарауда Турбо Паскальдың берілгендердің күрделі типтері, яғни массивтер, комекші программа - процедура, функция жайында, сондай - ақ тест программасы берілген.
1. 1 TURBO PASCAL программалау тілі.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі-Турбо Паскаль. Американың Borland корпорациясының бұл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен құрастырылған. Турбо Паскальдың түп нұсқасы Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Паскаль тілі алғаш үйренушілер үшін өте тиімді құрал және ол түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.
Турбо Паскаль-жоғары деңгейлі программалау тілі. Оның логикалық құрылысы әр түрлі есептеуді шешуге көмегін тигізеді. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге программалаудың негізімен Турбо Паскаль тілін оқытып үйретуден бастап программалаудың қыр-сырын шешудің маңызы зор.
Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да бар.
Паскаль тілінде құрылған програманы мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компильятор пайдаланылады.
Бұл бөлімде Турбо Паскальда программалау тәсілдері баяндалып, жиі кездесетін қызметші сөздер мен стандартты атаулар арқылы информацияны өңдеу программалары құрылған.
1. 2 Турбо Паскальда жұмыс жасау ортасы.
Турбо Паскальдың интегралдық ортасы пайдаланушының сұраныстарын операциялық жүйесіз - ақ қамтамасыз етеді.
Интегралдық ортаға кіру. DOS - тің командалық қатарына C:\TP\NURBO EXAMPLE1. PAS (TP - әдеттегі Турбо Паскаль директориясының атауы), деп теріп, Enter пернесін басу керек. Бір сәттен кейін экранның жоғарғы бөлігінде EXAMPLE1. PAS жазуы бар Текстік Редактор терезесі пайда болады. Егер программа аты көрсетілмесе бос терезе жиегінде Noname00. pas - стандартты атауы тұрады.
Редактордың терезе терілетін мәтінін қабылдауға немесе бұрыңғы бар программаны редакциялауға дайындығын жанып - өшіп тұратын курсор арқылы білуге болады. Редактордан шықпай - ақ, программаны компиляциялау немесе орындау командасын бере аламыз.
Белсенді терезе. TP интегралдық ортасы тереземен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Егер ортада бірнеше терезе ашылған болса, онда біреуі ғана, яғни қос жиекті терезе белсенді деп есептелінеді. Жоғарыдағы әрекеттердің барлығы белсенді тереземен орындалады. F6 пернесін басып, кез - келген терезені белсенді етуге болады.
Белсенді терезеде программа мәтінін көру. Егер терезе программа мәтіні симаса, онда оны PgDn(«алға»), PgUp(«кейін қарай») пернелерін басу арқылы парақтап көруге болады.
Программаны сақтау. Терілген (редакцияланған) программа белсенді терезеден F2 пернесін басу арқылы файлға сақталады. Егер файлға атау берілмеген болса, онда TP файл атауын енгізуді сұрайды. F2 пернесін әрдайым басып отырған жөн.
Программаны компиляциялау. F9 не ALT+F9 пернесі басылғанда компилятор программаны тексереді. Егер қате табылса, әдетте терезе шекарасында, хабарлама шығады. Ал қате жоқ болса «Compil successful. Press any key» хабарламасы шығады.
Программаны орындау. Программаны орындау командасы Ctrl+F9 пернелер комбинациясымен іске асады. Нәтиже ALT+F5 пернелері арқылы көрінеді (редактор терезесі «ашылады») . Редактор қайта өту үшін кез - келген литерлік перне шертілуі керек.
Көшірме алу. Жұмыс соңында дискіде файл көшірмесін алған дұрыс. ALT+F пернелерін шертіп, пайда болған «File» мәзірінен «save as …» қатары таңдалынып, Enter шертілген соң, файлдың толық атауын теру керек. Мысалы a:\Example. pas деп теріп Enter пернесі басылса, белсенді терезе мазмұны көшірмесі дискетке жазылады.
Файл ашу. TP - да дискіде сақталған программа мәтінін редактор терезесіне шығару (файл ашу) F3 пернесін шерту арқылы орындалады. Алдымен енгізу өрісі бар сұхбат терезесі пайда болады. Мысалы, сақталған Example1. pas файлын ашу үшін a:\Example1. pas теріп, Enter - ді басу керек.
Жаңа экранды ашу. ALT+F пернелерін басып, File мәзірінен New қатарын таңдалынған жағдайда жаңа экранда бос файл Nonamexx атымен пайда болады. Мұндағы «хх»- цифрлар.
Тексті баспаға шығару. Принтерді іске қосып, «File» мәзіріндегі «Print» қатары таңдалса, белсенді терезе мазмұны қағаз бетіне басылып шығады.
Турбо Паскальдан шығу - ALT+X пернелерін басу арқылы орындалады. Егер ашылған терезе мазмұндарын сақтау ұмытылса, оны сақтау туралы хабарлама шығады.
1. 3 Паскаль тілінің алфавиті.
Паскаль тілінде қолданылатын символдар. 1) 26 үлкен және кіші латын әріптер; 2) 0, 1, 2, . . . , 9 - араб цифрлары; 3) арнайы символдар (1- кесте) ; 4) Кілттік сөздер.
‘
=
<
>
<=
>=
:=
-
*
/
(, )
[, ]
:
,
;
+
Дәйекше (апостроф)
Тең
Кіші
Үлкен
Кіші не тең
Үлкен не тең
Меншіктеу
Азайту
Көбейту
Бөлу
Жай жақшалар
Тік жақшалар
Қос нүкте
Нүкте
Үтір
Қосу
1- кесте
Паскаль тіліндегі программа - сипаттау және операторлар бөлімдерінен тұрады. Программа орындау барысында Const кілттік сөзінен басталатын мәні өзгермейтін деректер - тұрақтылар. Тұрақтылар программаның сипаттау бөлімінде сипатталады.
Мысалы, Const K=150; Z=88; Lmp=’p’;
Программалауда айнымалы деп мәлемет үшін жадтан бөлінген орынды айтады. Айнымалылардың мәні программа барысында өзгеруі мүмкін. Айнымалылар латын әріпінен басталған әріптер мен цифрлар және ‘_’ символы комбинациясы арқылы белгіленуі мүмкін. Мысалы, x, xy, x3, x_8 т. с. с. Мұндай белгілемені айнымалы атауы не идентификатор деп атайды. Идентификатор айнымалылармен бірге, тұрақтыларға, программаға, процедураға, функцияға, тағы басқаларға да беріледі.
Илентификатор ретінде кілт сөздерді қолдануға болмайды. Айнымалылар жай және индексті болып бөлінеді. Жай айнымалылар өз атымен жазылады, ал индексі бар айнымалыларда оның атауы мен индексі көрсетіледі.
Мысалы, Тор, X, Z5, Vol, F[1] , B[2, 1] .
2. 1 Берілгендердің күрделі типі - массивтер.
Паскаль тілінде массив деп, бір типті реттелген шамалардың шектелген жиынтығын айтады. Массивтің әрбір элементі массив аты және индекс арқылы анықталады. Егер программада массив қолданылса онда ол Var айнымалылар бөлімінде немесе Type типтер бөлімінде сипатталуы тиіс. Массивтің сипатталу түрі:
A: array [Type1, Type2, … Type n] Of Type c;
Мұндағы А - массив аты; Type1, Type2, . . . Type n - индекстердің типтері; Type с - массив компоненттерінің типі (базалық тип) . Индекстердің саны (n) массивтің өлшемін анықтайды. Индекстер Real мен Integer - ден бсқа кез - келген скалярлық тип болуы мүмкін. Типтер бөлімінде массивтің сипатталуы:
Type тип аты =Array [t] of t2;
Var массив аты: тип аты;
t1 - индекс типі, t2 - массив элементтерінің базалық типі.
Массив элементтерін енгізу, өңдеу, экранға шығару цикл ішінде элемент индекстерінің реті бойынша орындалады.
Мысалы, А - сандық массив болса, For i:=1 to n do readln(A[i] ) ; арқылы массив элементтерін енгіземіз. Ал элементтері символдардан тұратын массивті енгізу, шығару циклсіз орындалады. Мысалы, В - символдық массив болса, Readln(B) ;
Мысалы, Өлшемі 5 - ке тең сандық массив элементтерінің қосындысын табу программасы.
Const n = 5; {Массив элементтерінің саны}
Var A:array [1. . n] of real;
Sum:real; {Қосынды}
I:integer; {Цикл параметрі}
Begin
Writeln(‘Массив элементтерін бос орын арқылы енгіз:’)
For i:=1 to n do read(A[i] ) ;
Sum:=0;
For i:=1 to n do Sum:=sum+A[i] ;
Writeln(‘сандардың қосындысы = ’, Sum:6:2) ;
End.
Массив элементтерін бос орын арқылы енгіз:
2. 1 3. 2 6. 4 1. 1 8. 8
сандардың қосындысы = 21. 60
2. 2 Көмекші программа.
Көптеген үлкен программаларда бірдей есептеулерді бірнеше рет әр түрлі мәндер үшін орындау керек болады. Мұндай жағдайда қайталанатын әрекеттерді жеке бөліп орналастыруға болады. Программаның әр түрлі бөліктерінен түрлі мәндер үшін нақты бір алгоритмді шақырып орындатуға болатын бөлігі көмекші программа немесе блок деп аталады. Әрбір көмекші программа бір рет сипатталады да, бірнеше рет шақырылып орындалуы мүмкін.
Паскаль тілінде көмекші программалардың екі түрі бар. Олар - функциялар мен процедуралар.
Функциялар. Орындалу барысында нәтижесі бір ғана мән болатын көмекші программа функция деп аталады. Функцияның сипатталынуы:
Function F(g1:Y1; g2:T2; …) :T;
<жергілікті параметрлер мен көмекші программаларды анықтау және сипаттау бөлімі>
Begin
P1;
P2;
End;
Мұндағы F - функцияның аты, gi - формальды параметрлер аттары, Т - функция атының типі, Ti - параметрлер типтері, Pi - функция денесіндегі операторлар.
Функция құрамындағы операторлар ішінде сол сол жағында функция аты тұратын ең болмағанда бір меншіктеу операторы болуы керек. Бұл оператор арқылы функцияның мәні анықталады.
Функцияны шақыру меншіктеу операторының оң жағына жазылады, мұнда функция аты және жақшада нақты параметрлер көрсетіледі. Яғни, F(b1, b2, …), мұндағы bi - нақты параметрлер.
Мысалы. Берілген m және k мәндері бойынша F=m! - k! мәнін есептеу керек.
Процедуралар. Орындалу барысында нәтижесі бір немесе бірнеше мән болатын көмекші программа процедура деп аталады. Процедураның жалпы жазылу түрі:
Procedure P(g1:T1; g2:T2; … var g3:T3) ;
<Жергілікті параметрлер мен көмекші программаларды анықтау және сипаттау бөлімі>
Begin
o1;
o2;
…
End.
Мұндағы Р - процедураның аты, gi - формальды параметрдің аттары, Ti - параметрлер типтері, oi - көмекші программаның операторлары.
Алынатын нәтижелер атаулары формальды параметрлер тізіміндегі Var сөзінен кейін басталады және олардың саны шектелмейді. Тіпті 0 - ге тең болуы мүмкін.
Формальды параметрлер мен нақты параметрлер арасында толық сәйкестік болуы тиіс, яғни олардың саны және орналасу реті бірдей болу керек. Әр нақты параметр типі оған сәйкес формальды параметр типімен бірдей болады.
Процедураны шақыру кезінде мән-параметрлер мәндері бойынша беріледі де, ал айнымалы-параметрлер нұсқау арқылы беріледі.
Процедураны шақыру мына түрде болады:
P(b1, b2, …) ;
Мұндағы Р - көмекші программаның аты, bi - нақты параметрлер аттары.
2. 3 Турбо Паскальдағы тест программа.
program esep; uses crt;
var x, duris:integer; l, ll:string[25] ;
begin clrscr;
duris:=0;
textbackground(blue) ;
gotoxy(35, 5) ; writeln('Test programmasy') ;
gotoxy(32, 20) ; writeln('kez kelgen klavishany bas') ; readkey; clrscr;
gotoxy(35, 15) ; write('Ati jonindi engiz') ; gotoxy(35, 16) ; read(l) ; clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('1-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Informaciyani shygaru kurylgysy ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Modem') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : Printer') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Monitor') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Klaviatura') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=2 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('2-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Baspaga shygaru kurylgysy ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Printer') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : Tyshkan') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Klaviatura') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Skaner') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=1 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('3-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Informaciyani engizy kurylgysy ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Printer') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : Tyshkan') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Klaviatura') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Skaner') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=3 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('4-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Informaciyani turakty saktau kurylgysy ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Skaner') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : TESK') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Almastyru bufery') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Printer') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=2 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('5-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Informaciyani uakytsha saktau ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Skaner') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : TESK') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Almastyru bufery') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Printer') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=3 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('6-Surak') ;
gotoxy(2, 4) ; write('Informaciyani kiyp alu pernelery ?') ;
gotoxy(12, 6) ; write('1 : Ctrl+k') ;
gotoxy(12, 7) ; write('2 : Ctrl+c') ;
gotoxy(12, 8) ; write('3 : Ctrl+x') ;
gotoxy(12, 9) ; write('4 : Ctrl+v') ;
gotoxy(2, 20) ; write('Tiisty sandy engiz:') ;
gotoxy(37, 20) ; writeln('duris Jauap sany: ', duris) ;
read(x) ;
if x=3 then duris:=duris+1;
clrscr;
gotoxy(2, 2) ; write('7-Surak') ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz