Педагогика туралы жалпы ұғым, үлес қосқан ғалымдар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.6
І. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.8
1.2 Педагогика пәніне үлес қосқан ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.15
ІІ. А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
2.1 А. С. Макаренко адамды тәрбиелеудегi ұжымның рөлi туралы ... ... ..16.22
2.2 А.С.Макаренконың жанұя тәрбиесі туралы ойы және педагогикалық еңбектеріндегі психология мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.30
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттілігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған. Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары. Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ақназаров Б. З. Педагогика тарихының бақылау жұмыстары. – А, 1982.
2. Қожақметова К.Ж. – Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. –А,2000
3. Қожақметова К.Ж. сынып жетекшісі. – А, 2005
4. Қоянбаев Ж. К. Педагогика. – А, 2000.
5. Мусин К. С. Салыстырмалы педагогика. – А, 1999.
6. Ушинский. К.Д. Человек как предмет воспитания. – М, 1990.- 527 с.
7. www..zox. Kz
8. Сабыров Т. Жастарды тәрбиелеудегі коллективтің ықпалы. – А,1989.
9. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім тәрбиесі. – А,1995.
10. Ушинский К.Д. Толық шығармалары, 8- том. – М,1950.
11. Пестолиций И. Г. Избр, педогигич. произведение. – М, 1981,.
12. Каменский Я.А. Великая дидактика. – М, 1955.
13. Қоянбаев Ж. Б. Педогогика. – А, 2000.
14. Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім тәрбиесі. – А,1995.
15. Ушинский К.Д. Толық шығармалары, 8- том. – М,1950.
16.Пестолиций И. Г. Избр, педогигич. произведение. – М, 1981,.
17.Каменский Я.А. Великая дидактика. – М, 1955.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-6
І. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..7-8
1.2 Педагогика пәніне үлес қосқан
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-15
ІІ. А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
2.1 А. С. Макаренко адамды тәрбиелеудегi ұжымның рөлi туралы ... ... ..16-22
2.2 А.С.Макаренконың жанұя тәрбиесі туралы ойы және педагогикалық
еңбектеріндегі психология
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 23- 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28 -30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 31
Педагогика
адамдардың шапшаң
жұмыстарынан, шынайы ұжымның реакциясы мен
еңбек
әрекетінен туындайды. Яғни отбасындағы еңбекке баулу адамның
болашақта дамуына үлкен әсерін тигізеді.
А. С. Макаренко
Кіріспе
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші
қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды.
Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол
жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия,
астрономия басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт -
өмір қажеттілігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл
атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулетке берген
тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.
Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие
мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен
тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-
347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж.
Б.э.д) еңбектерінде жарияланған. Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы
қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы
үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай
да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу
өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым
тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап
отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары. Қайта өрлеу
заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым
сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский
(1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық
Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің
педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде
де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу. Педагогиканың
философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян
Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы
Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы ғылыми-
педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың
зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен
құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді көргенмен, сөзді қол
əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-
парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса
құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап
жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-деп, ол
жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен
адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл
салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан
арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың
тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет
Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та
оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде,
оқумен түзеледі – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің
ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич
Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық практикада төңкеріс жасады.
К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде жетекші орын тəрбие
мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне берілген. Тəрбие, егер ол
адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке
баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат
жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие
болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде:
Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие
күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе
бағдарлама, ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса
да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды - деген
К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі –медицинадағы
тəуіпшілдікпен тең.
Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С.
Макаренко, В.А. Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның
(1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру,
сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған
пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович
Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек
тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу
əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске
асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді.
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым
сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда
педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді,
əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда
көрініс берді.
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи
сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне
дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді
теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та
қайшылықты жолын басып өтті.
I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара
байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – пейдагогис грек сөзі пейда - бала, гогос жетелеймін,
бала жетелеуші - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбиемен тек балалар
қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы
ғылымның жиынтығы.
- Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым болып табылады.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық
өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс-тәжірибемен
қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның
әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні–ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу
саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие болып саналады.
- оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие,
оқыту мен білім беру.
- адамның жеке басының даму, қалыптасу мәнін зерттеу негізінде арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
- Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды
байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық
және әдістемелік негізін құру.
- адамның адамды тәрбиелеуі.
- Тәрбиелік іс - әрекет.
- Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен
қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік
қоғамдық қалыптасу. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта
тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық
негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері болып есептеледі.
1.2 Педагогика пәніне үлес қосқан ғалымдар
Белгілі болғандай барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт
- өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл

тəрбиесіне орай, өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық
басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды
отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап,
оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе
тексеруінен өткізді.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы
Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында
тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті
жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткені
белгілі.
Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып
кітапханасынан кітаптар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары
арасында өз атасы Балқожа бидің пьесірі (қағаз көшіруші) болады. 1860 жылы
Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы
бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы
кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді
аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында
жұрттың күткен мектебі ашылады. Алтынсарин балаларға сабақты қызықты,
тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде
молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың
оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын. Оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо,
Каменский, Толстой, Макаренко т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады.
Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын
діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен
оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.
Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау
хатында ол Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол
балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек,
әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз
терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да,
жалықтырып жібереді...
Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық
көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір
жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын
үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден,
өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік
басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының
ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-
жақты қамтып жазуға жұмсады.
Ы.Алтынсарин оқыту әдісі мәселелеріне де ерекше мән берді. Өзінің
А.А.Мазюхин, Ф.Д.Соколов, Ғ.Балғымбаев, т.б. мұғалімдерге жазған хаттарында
балаларға тиянақты білім беру, оқыту өмірімен байланыстыру, оқыту әдістерін
жетілдіру жайында көптеген ақыл-кеңестер берді.
Ы.Алтынсарин өз заманының ақыл-ойшылы, ірі қоғам қайраткері. Оның
жарқын бейнесі мен іс-әрекетінен қазақ халқының мәдени-экономикалық дамуын,
қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын
көксегенін көреміз. Ыбырайдың бұл арманы Қазан, кейіннен қазақ топырағында
толық іске асты.
Абай Құнанбаев(1845-1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің
негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық
шығармалары мен ғақлия сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық,
психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы. Ұлы ағартушы Абай өзінің
көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-
шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана
ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн
көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға
тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет
ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге –
деп жастарды білім– ғылымды меңгеруге шақырды. Абай тәрбие мәселесіне
ерекше көңіл бөлді. Әне оны берем, міне мұны берем деп, бастан алданғаныңа
мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? деп теріс тәрбие
беретін ата-ананы қатты сынға алды. Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі
тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде Адам баласы туа сала
есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте
сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат
алу ғана есті етеді -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін
ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге
кетеді дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ
алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-
әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін
адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және
жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті
жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты
жаман мінез деп есептейді. Егер есті кісінің қатарында болғың келсе,
күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді
қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал-дейді. Яғни адамның өзін-өзі
тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: Адам
баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан
басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық-дей келе, адамды
тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.
Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің
отыз жетінші сөзінде: Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім-деді. Абай үлгі етіп
ұсынған адал еңбек, ар-ождан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет,
адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің
өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.
Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге
үлкен жауапкершілік сезіммен қарауға шақырады. Өзінің Жігіттер, ойын арзан
күлкі қымбат деген өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма, — деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне
тоқталып, қазақтың Аяғына көріп асын іш, анасын көріп қызын ал деген
мақалына орай тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала,
өмірлік жолдасты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің
этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте
келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қиындық атаулыны қол ұстаса отырып
жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді.
Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана Атаңның
баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа
тисін, деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды
тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика
классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант, т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары:
Л.Н.Толстой, А. С. Макаренко, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлермен
терең қабысып жатыр.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937). Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының
бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек
еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет
Байтұрсынов қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған
ағартушы. Ол бiрнеше оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”,
“Баяншы”, “Әдебиет танытқыш” т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн
аударып, 1909 ж. Петербургте “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ” газетiн
шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу iсi,
Мемлекеттiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы елдердi
үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады.
Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн
жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады. А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-
танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк қызметiне де аса көңiл бөлдi. Әрбiр
оқылатын тақырыптарға бiлiм бере отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап
еттi.
Жүсiпбек Аймауытов (1889-1931) Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi
мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж.Аймауытов қазақ
топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен
оқу құралдарының авторы. Ж.Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан
кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда
бала оқытады. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР
Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол”
газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-1929 жылдары Шымкенттегi
педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып,
жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
Ж.Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе
тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей
келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-
құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi. Тәлiмгер-
ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi
мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен. Ол “ойын-сауық, өлең-
жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы
дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағыту көрiп өскен ауылдың
баласы жасқаншақ, бұйығы болады” – деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың
тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Оның жазбаларынан Л.Н.Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр
адамға жасайтын ықпалы” немесе А.С.Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта
тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т.б. бәрi тәрбиеге
белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi – адамдардың қарым-
қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi
таныс пiкiрлер жиi ұшырасады. Ж.Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң
айналысатыны – үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам
болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды... Сабақ
үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер... Дидактика
мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi... Сыннан өткен тиiмдi деген
жолдарды ғана нұсқайды”– деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес,
iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен. Ж.Аймауытов бiлiм
негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере
алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi – халық болып
жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi
құламайтын бәйтерегi” – деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең
меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-
ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге,
оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып
қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол”
(1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме
ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-
психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық
ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын
былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын
айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына
қабыстыруға тырыстым... Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге
тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған
мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi
жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi
қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”. Шынында да ол кезде
қазақша педагогикалық терминдер жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген
педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан
озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, – деп
жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай
бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза
ауа аса қажет... Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк
қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас... Қазақ баласының тәрбиесi
қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады. М.Жұмабаев адам өмiрiндегi
қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау
адам... Қиял адам ойын дамытады... Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып
ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi.
Қорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс педагогикасының атасы
К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы
мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын
ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын
жасаушы болды.
II. А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
2.1 А.С. Макаренко адамды тәрбиелеудегi ұжымның рөлi туралы
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы
Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері
жанұясында дүниеге келді. Кременчук қаласындағы қалалық училищені және
педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж. Крюковадағы екі сыныптық
теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907
революция жылдары Макаренконың саяси, педагогикалық көзқарасы қалыптаса
бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік
насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргендігін есіне алады.
А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол
революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды. А.С.Макаренкоға
А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің
естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым
болды”,—деп жазды. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар
инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1920 жылы Полтава
губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы
камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны
басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа
ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің
колониясының ғимраты берілген. Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко
осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және
жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді. Бұл жылдар қиын да,
ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері
үшін ол Макаренкоға тек қана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар
педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды. 1925 жылдан
бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен бір жүйелі байланыс
жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында
қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әр уақытта болуға
тиісті және қазіргі күндері ерекше”. А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде
үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра
білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді
бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты
адамдарға зәру”, -деп жазды. А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол
кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен
педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді.
Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды. Одан
кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек
коммунасын басқаруға арнады, онда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz