Оңтүстік Қазақстан боллысының адвентивтік және синантроптық флорасы


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН БОЛЛЫСЫНЫҢ АДВЕНТИВТІК ЖӘНЕ СИНАНТРОПТЫҚ ФЛОРАСЫ
РЕФЕРАТ
Жұмыстың көлемі мен құрылымы жұмыс 83 бет көлемінде компьютерде терілген, сонымен қоса 6 кесте және негізгі бөлімде 56 суретпен, көркемделген. Жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер жалпы саны 102, оның ішінде 3 шетел тіліндегі әдебиеттер берілген.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысының өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамын түгелдеп, оның конспектісін түзіп, сонымен қатар оларға таксономиялық, жүйелік, экологиялық, биоморфологиялық талдау жасай отырып, ондағы сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау іс-шараларын қарастыруға арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті Жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында адвентивтік және синантроптық флорасына сараптамалық жұмыс жүргізу, түрлік құрамын анықтау, конспектісін түзу және биологиялық, экологиялық, биоморфологиялық талдаулар жасай отырып, флораның бүгінгі жағдайына баға беру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- гербарий жинау және өңдеу;
- конспектісін жасау, соның негізінде таксономиялық, жүйелік,
экологиялық, биоморфологиялық, географиялық тұрғыдан талдау
жасау;
- шаруашылықта маңызы бар өсімдіктер мен сирек кездесетін түрлерді
анықтау.
Ғылыми жаңашылдығы Бұл тақырып Қазақстан флорасында алғаш рет қарастырылып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивтік және синантропты флорасының түрлік құрамы анықталып, конспектісі түзілді. Онда 27 тұқымдас, 69 туысқа жататын 73 түрі тіркелді. Алғаш рет флораға жан-жақты талдау жасалынды. Шаруашылық маңызы жөнінен құнды түрлер анықталды.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Физико-географиялық жағдайы . . . 5
1. 1 Географиялық орны . . . 5
1. 2 жер бедері . . . 5
1. 3 Климаты . . . 7
1. 4 Гидрологиясы . . . 9
1. 5 Өсімдіктер жамылғысы . . . 10
2 Оңтүстік Қазақстан аумағындағы ботаникалық зерттеулер . . . 15
3 Зерттеу әдістері мен әдістемелері . . . 18
4 Синантропты, адвентивті өсімдіктер және олардың жіктелуі . . . 21
5 Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивті және синантропты өсімдіктерінің конспектісі . . . 26
6 Таксономиялық талдау . . . 71
5. 1 Систематикалық құрамы . . . 71
5. 2 Экологиялық талдау . . . 73
5. 3 Тіршілік формаларына талдау . . . 74
7 Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивті және синантропты өсімдіктерінің қазіргі жағдайы . . . 76
Қорытынды . . . 78
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының стратегиялық экологиялық даму бағдарламасының негізігі бағыттары болып саналатын қоршаған ортаның биологиялық көптүрлілігі мен ауылшаруашылық өнімдерін дамытуға аса көңіл бөлінген. Табиғи қорлар мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау - жалпы мемлекеттік міндет. Осыған байланысты табиғи флораның нәсілдік қорын немесе алуан түрлілігін сақтап қалу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған № 160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында: «Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған» - деп көрсетілгенін ескерсек, табиғат байлықтарын пайдалану үрдісі табиғи флораны мұқият зерттеуді қажет етеді[1] .
Қазіргі таңда антропогендік факторлардың әсерінен жергілікті флорасына адвентивтік және синантроптық өсімдіктердің әсері өте жоғары болуда. Сол себептен Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивтік және синантроптық өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамы мен өсімдіктер жабынының өзіндік ерекшіліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық және практикалық ғылыми маңыздылығы бар. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеудің тақырыбы өзекті деп саналады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы Жұмыстың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивті және синантропты флорасының түрлік құрамы анықталып, жүйесі түзілді. Анықталған материалдарды оқу процесінде, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда, оларды қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларында пайдалануға болады.
Тақырыптың ғылыми зерттеу жоспарына негізделген жұмыстармен байланысы. Жұмыстың негізі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу жоспары жұмыстарымен, тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан Облысының биологиялық көптүрлілігін қорғау мәселелері» (шифры Б-ЕПИ-06-04-01) байланысты.
Автордың жеке үлесі алынған қорытындыларды сараптай және үлестіре отырып, алға қойған міндеттердің теориялық және тәжірибелік шешімін табуға негізделді. Ұсынылған жұмыстың негізгі бөлімдерінің барлығын дерлік автордың өзімен атқарылған.
Ұсынылған тұжырымдар
- Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивті және синантропты өсімдіктерінің канспектісін түзу;
- Таксономиялық талдау;
- Экологиялық талдау;
- Тіршілік формасын талдау;
- Оңтүстік Қазақстан облысының адвентивті және синантропты өсімдіктерінің қазіргі жағдайыын анықтау.
1 ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Географтялық орны Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан территориясының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінде Бетпақ даламен, оңтүстік-шығыснда Шатқал жотасымен, солтүстік-шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылордамен, шығысында Қырғыз жотасымн шектеседі. Саяси әкімшілік жағынан облыс батысында Қызылорда, солтүстігінде Жезқазған, шығысында Қырғыстанмен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. [ 2]
Оңтүстік Қазақстан облсының жер көлемі - 117. 3 мың шақырым.
1. 2 Жер бедері Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері біркелкі. Жер бедерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстік-шығысында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Қызылқұм, Өгем және Қаржантау тау сіледері ғана өзгешелік білдіреді. Облыстың оңтүстігін Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Қаратаудың шығысқа қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр. Биіктігі- 3617 метр. Мұның солтүстік бөлігі Қазақстан территориясына кіреді. Осы жоталар арасында шатқал арқылы Талас өзені ағып өтеді. Өгем жотасында облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы бар. Биіктігі - 4238 метр. Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында Қаржантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік- шығыс бөлігін Қаржан және Жігірген зендері алып жатыр. Жотаның оташа биіктігі - 2000 метр. Биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы. Биіктігі - 2834 метр. Қаржантаудан солтүстік - батысқа қарай Қазығұрт және Боралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте ескірген, бұзылған таулар. [3]
Қазығұрт тауы оңтүстікке қарай баспалдақ секілді. Келес өзенінің аңғарына құлайды. Ең биік жері - 1600метр. Боралдай тауы да аласа тау, абсалюттік биіктігі -1800 метрден аспайды. Ол Ташкент маңы Алатау жүйесін Батыс Тянь-Шаньның ең шеткергі батыс жотасы - Қаратаумен қосады.
Қаратау, Талас Алатауының батыс бөлігінен бсталып, Боралдай тауы мен Сайрам жотасы арқылы Ташкент маңы Алатауымен ұштасады. Ол солтүстік - батыс бағытта 400 км. созылып жатыр. Оның көпшілік жерінің биіктігі 1800 метрге дейін жетеді. Ең биік нүктесі - Мыңжылқы 2170 метр.
Қаратау біртіндеп солтүстік - батысқа қарай аласарып, Сарысу мен Шу өзендерінің атырауына жетіп бітеді. Қаратау орналасуы, геологиялық құрлысы, рельефі жағынан Шу - Іле таулары сияқты. Ол оңтүстікте параллель жатқан екі жотадан тұрады. Олар : Солтүстік - Шығыс немесе Кіші Қаратау және Оңтүстік - Батыс Қаратау. Бұл жоталар өз ара тау аралық ойыстармен бөлінген. Қаратаудың негізгі жотасы протерозойдың метамофозданған жыныстарынан құралған. Солтүстік - Шығыс Қаратау төменгі полеозойдың құм тастары мен сланецтерінен тұрады. Орталық ойыс девонның қызыл түсті шөгінділерінен, оңтүстік - батыс Қаратау карбонның құм тастарынан құралған.
1 сурет Оңтүстік Қазақстан облысының картасы
Сонымен қатар мезазой мен кайназойдың ізбес тастары және әр түсті құм тасты, сазды шөгінділері кең тараған. Қаратау үсті де тегістелген жазыңқы болып келеді [3]
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көптеген факторларға, атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың жату пішінднріне, уақытына және оларға жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзілу процстері әлі аяқталып біткен жоқ. Таулы аймақта болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды, ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың, су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып көптеген аумағын жазық аймақтар алып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл және құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді. Оңтүстік Қазақстанды күнгей жағынан жиектейтін тауларда биіктік зоналық байқалады. Аз қашықтықта ғана шөлден бастап мәңгі қар мен мұздақтарға
дейінгі зоналар ауысып жатады [4 ] .
Геологиясы Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық, карбрндық жыныстардан (құм, тас, тақта тас) таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан (құм, тас, граниткогамерат), жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған.
Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейіндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда ерте бор дәуірінде қызыл-сарғыш топырақтан құралған.
Бор дәуірінің климаты құрғақ болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент аудандарында тараған. Төменгі жағы құмды садармен, жоғарғы қабатты конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған.
Облыс төменгі бор қызғылт түсті құмдармен, саздармен күрделі. Ол - 1500 метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор теңіздің ізбесті ашық-қызыл құмдармен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жамылған. Қаратау және Талас Алатауы төменгі силурда және жоғарғы силурда лавалармен ерекшеленеді. Талас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз таралған. [ 5]
Талас Алатауында, Қаратауда үштік дәуір жыныстары құмды, сазды болып басталады. Тянь-Шанның батыс бөлігінде тектоникаға байланысты мезокайнозойлық жыныстар таралған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып басталады.
Орта бөлігі гипс тектес сазбен күрделенген жоғарғы олигоценге жатады. Континентті гора қатпарлығы Іле аңғарында және Шымкент қаласында белгілі. Бұлардың төменгі қабаты триас жасындағылар(сурет 1) .
1. 3 Климаты Облыс аймағы Қазақстан Республикасының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрамына географиялық ендіктің де әсері мол.
Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы температурасы +21 +29°. Абслютті ыстық +47° Шардарада тіркелген. Қыс айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар. Солтүстікте орташа температура -15°С және -11. 5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта -41°С тіркелген. [ 6]
Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешелігі құрғақшылық болып табылады. Жылдық жауын-шашын тегіс жерлерінде 130-150 мм, таулы аймақтарда 400-600 мм, тау аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес, негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Қар қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40 см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. Қазақстанның оңтүстігінде, мысалы, Шымкентте 246 мм, жылы айларда 177-212 мм түседі. Циклондық әрекет тауда өте сирек. Жаз айларында шөлді аудандарда 2216 мм-ге дейін жауын түседі. Кейбір жылдары жауын жаумайда кетеді, тіпті 3-4 айға дейін қар жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады. Сондықтан да бұл облыстарда қар тоқтату қарқынды түрде жүреді. Күн радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен салыстырғанда 1. 5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік-батыс желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1. 9-3. 9 м/сек. Желдің қатты тұратынаймағы Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5. 1 м/сек. Шақпақ желі мен Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып есептеледі. Ылғалдылығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты (0. 1-0. 3), құрғақты таулы, биіктігі 1000 метр (0. 3-0. 5) және таулы, биіктігі 1000 метрден жоғары (0. 5 жоғары) . Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық субтропикалық зонамен шекаралас, күн гаризонтта тұрғандықтан радиациялау балансы жақсы, солтүстік республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтанда бұл жерде күшті аяздар сирек болады[7] .
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ болады. Бұл жағдай ауа температурасының ылғалдылығын анықтау барысында солтүстіктен Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді. Қыста басқаша, Оңтүстік Қазақстан ауасының абсалюттік ылғалдылығы, солтүстікке қарағанда жоғары. Бұл Оңтүстік Қазақстанның жылы қысымымен анықталыды. Бұл жерде ылғалдылық жаз айларында 1-8 төмендейді. Бұл құрғақшылықпен және атмосфералық құрғақ болуымен байланысты.
Кесте 1. Көп жылғы Шымкент қаласының ауа-райының метеорологиялық болжауы.
А) Температура °С:
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Орташа жылдық
t min
t max
Қаңтар
Шілде
Б) Жауын-шашын
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Салыстыр-
малы ылғалды- лық
Бір жылда
Бір күнде
Қаңтар
1. 4 Гидрологиясы Оңтүстік Қазақстан облысы териториясындағы ағын су торларының жиілігі біркелкі емес. Өзендердің көпшілігі аймақтың таулы бөлігінде жақсы дамыған. Жазық жерлердегі өзендер негізінен транзиттік қызмет атқарып, уақытша су көздері болып табылады. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының өзендеріне Сырдария және Шу өзендерінің бассейіндері жатады. Арыс өзен бастауы республикадан тыс жерлердегі Батыс Тянь-Шань тауларынан жоталарынан басталады. Өзен мұздақтармен, жауын-шашындармен қоректенеді. Ал республика бойынша оңтүстіктен-солтүстікке, шығыстан-батысқа қарай 1000 шақырым жерден ағып барып, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан Орталық Азияның ірі ішкі су бассейіндерінің бірі Арал теңізіне келіп құяды. [ 8]
1. 5Топырағы Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеуі. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары шіріген бұтақтардың топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақдала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр және сұр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық ьолып келеді. Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. [9]
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсалюттік биіктікте, орографиялық ерекшеліктеріне ылғал алып келетін ауа массаларына байланысты. Батыс Тянь-Шань облыс территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша бөлінеді.
- Тау алды және етегіндегі шөлейтті сұр қоңыр топырақ белдеуі.
- Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ бедеуі.
- Биік тауда альпілік және субальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтығында ашық қоңыр топырақ таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0. 7-1. 5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде таралған. Осы топырақ 600-700 метр абсалюттік биіктікке дейін жетеді. Талас Алатауының батыс бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар кездеседі.
Сұр қоңыр топырақ шөл зонасындағы жусанды баялышты өсімдік жамылғысы астында қалыптасатын зоналық топырақ типіне жатады. Беткі қабаты қалыңдығы 3-5 см қабатты горизонттан, одан төменірек корбанатты дақтары бар тығыздалған қабаттан тұрады. Гипстің және оңай еритін тұздардың бөлінуі 40-50 см тереңдікте байқалады. Қоңыр топырақтан айырмашылығы, корбанаттардың максимумдық мөлшері ең жоғарғы қабатқа келеді. Қара шірігі 1-1. 2%-тен аспайды. Сұр қоңыр топырақ зонасы ылғалға тапшы келеді [10]
Тақыр сазды шөлдің ерекше топырақ типіне жатады. Шөл зонасы топырақ жамылғылары аралығында шағын учаскелер түрінде таралған. Өсімдік жамылғысынан айырылған, топырақ бетін балдырлар мен қыналар ғана жапқан. Өзіне тән топырақ кесіндісі бар: беткі 2-8 см-лік қабатын қыртысты қабат, төменірек қабыршықты кеуекті қабат, одан төменірек аналық топырақ түзуші жыныстардан айырмасы жоқ құрылымсыз тығыз горизонт орналасқан. Қара шірігі тым төмен (0. 3-0. 8%), негізінен сазды топырақты болып келеді, аздап саздақтар кездеседі, көпшілік бөлігі тым сор тартқан, сульфатты-хлорлы-натрилі сор жиралу басым және сілтілік реакциясы күшті келеді.
1. 6 Өсімдіктер жамылғысы Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1, 5 мыңдайы - балдырлар, 2, 5 - 3 мыңдайы - саңырауқүлақтар, 200 ге жуығы - қына, 500-ге жуығы - мүк тәрізділер және 3 мыңнан астамы - жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндемиктер. Қазақстанға тән 10-12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, бочанцевия, тобылғыгүл, канкриниелла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың өкілдері бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі. [ ]
Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық, экологиялық, эвалюциялық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан ( Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға ( Ақсу жабағылы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі.
Облыстың жазық бөлігі Иран - тұрандық ботаникалық географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді ( жоңғар -солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық ) . Жоңғар-солтүстік тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде. Облыстың солтүстігіндегі Бетбақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ жерлерге петрофитті сериялар тән болса, кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар - сұр жусан, бұйырғын, қара баялыш, тасбұйырғын, көкпек, сонымен катар тұран жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара сексеуіл және т. б. Оңтүстігінде Бетбақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды-гипергалифитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминанттар: жалмаңқұлақ, жапыракты сорқаңбақ, төбесораң, қызыл сораң, сарсазан, сонымен қатар жыңғыл мен кермектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдіктері бар Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар-жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусанның түрлері, ебелек пен изен өседі. [ ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz