Айжарық Абылқасымов лирикасындағы ұлттық характер
Кіріспе
Ұлттық характер . ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі
Негізгі бөлім
1.1 Айжарық Абылқасымовтың лирикасындағы ұлттық характер
1.2. Ақын шығармасындағы қазақы ерекшелік
1.3.Айжарық шығармасындағы кейіпкердің ұлттық психологиялық ерекшелігі
Қорытынды
Айжарық Абылқасымов әдеби мұрасындағы жаңаша пайымдаулар. ұлттық құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.

Ақынның ұлттық характері ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі, ол ұлттық дүниетанымға негізделеді. [8] Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші – ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Қазақ этносының өкілі болуды құдай маңдайыңа жазғаннан кейін, оны мамандық ауыстырғандай ауыстыру мүмкін емес. Өйткені, ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама бойыңа сіңірдім дегеніңмен, бәрібір сен сол ұлтқа кірмейсің, төлтумасы бола алмайсың. Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады. Мұндай жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналады. Ақын өзінің төл этникалық ортасында, төл мәдениетінің аясында қалыптасса ұлтшыл болып келеді. Өйткені, оған өзін қоршаған ортаның бәрі етене жақын, адамдарының бәрі бірге туған туысындай көрінеді. [10] Рухани дүниесін қалыптастырған сезімдердің бәрі ортақ. Сондықтан да ол осы ортақ сезімге қатысты мәселенің қандайында болсын бейтарап қарай алмайды. Бәрін тікелей өзіне қатыстыдай көреді. Ортақ қуанышқа өз қуанышындай мәз болады, ортақ ренішке өз қайғысындай қайғырады. Міне осындай қазақ ақынының бірі және бірегейі деп айтуға болатын жалынды ақын - Айжарық Абылқасымов.
Ақын Айжарық Абылқасымовпен кездескенде балдақпен баяу қозғалса да, шабан сөйлейтін, шаршамайтын көзінен шабыт жалыны лапылдап тұрғанын байқадым. Кенерлей толған, толқыны тулаған өлеңдер аузынан төгіліп кететіндей, ағыла жөнелетіндей көрінді. Қазақы өр мінезі бар, ұлтжанды қайсар адам екен деп ішімнен бағаладым. Баспадан шыққан кітаптарымен танысқан маған Ақын тіпті қол жетпес биік, көңілі кіршіксіз таза жас баладай көрінді.

1. А. Абылқасымов «Сен жанымда жүрсең» Алматы. «Атамұра» 2008
2. А. Абылқасымов «Ең бақытты шақтарым» Алматы. «Атамұра» 2003
3. А. Абылқасымов «Көңілдария» Семей. «Тенгри» 2003
4. А. Абылқасымов «Махабатым менің» Алматы. «Атамұра» 1996
5. А. Абылқасымов «Жүректе бүгін сызат көп» Алматы. «Ғылым» 1995
6. А. Абылқасымов «Сағынған көздің моншағы» Семей. «Аққұс» 1992
7. А. Құнанбаев Қарасөздер.Алматы 1961.440-б.
8. Ахметов. Т. Шаңбай «Әдебиеттану» Семей-Новосибирск 2006.
9. Ә. Тәжібаев Төртінші том «Жазушы» Алматы 1981
10.Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Бас редакциясы. – Алматы: 2007
11. www.wikipedia.org.
12 .www.shalgar.kz

Аннотация
Тақырып. Айжарық Абылқасымов лирикасындағы ұлттық характер.
Зерттеу мақсаты. Айжарық Абылқасымов лирикасындағы ұлттық характер жайлы
еңбегімен жақын танысу. Оның еңбектерінің ерекшелігі және құнды ұлттық
құндылықтар туралы пікірлерін көпшілік арасына уағыздау. Қасиетті де киелі
ұлттық рухани байлығымызды аялау. Адамның қазақы бітім-болмысын тану және
рухани-мәдени үйлесімді дамуына мүмкіндік жасау.
Зерттеу әдістері. Теориялық білімді игере отырып Айжарық Абылқасымов
лирикасындағы ұлттық характерге басты назар аударту. Айжарық Абылқасымов
шығармаларынан ұлттық сипатымен ерекшеленген лирикалық қаһарманның болмыс
–бітімін өлең жолдары арқылы айқындау.
Жобаның өзектілігі. Ақын шығармасындағы кейіпкер арқылы өз ұлтымыздың
психологиялық ерекшелігін таныту. Шығармадан ұлттық характерді тану үшін
ата-бабамыздың дәстүрін, әдет-ғұрыптарын тағы басқа қасиеттерін білуіміз
керек. Оның жастарға, қоғамның әр мұшесіне берері мол.
Нәтиже мен тұжырымдар. Айжарық Абылқасымов лирикасы ұлттық сипатты
бейнелеп, өмірге өз халқының көзқарасымен қарағанын өлеңдері арқылы
аңғарамыз. Халқымыздың зердесіне ұлттық мінез-болмысына, ұлттық рухани жан
тазалығына әсер етудің бірден-бір жолы осы, шығармалар арқылы адамды
тәрбиелеу..
Жобаның тәжірибелік маңызы. Адамның рухани өсуі үшін қажетті жағдайларды
халықтың эпикалық туындыларынан алуға болады. Ендеше елдің ертеңін ойлаған
ұлтжанды әр адам өзінің ұлттық болмыс-бітімін сақтап қалуға, кейінгі
ұрпаққа мұра етуге тиіс. Бұл ұлтымыздың жанын нұрландырып, жүрегіне жігер
береді.
жоспар
Кіріспе
Ұлттық характер - ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі
Негізгі бөлім
1.1 Айжарық Абылқасымовтың лирикасындағы ұлттық характер
1.2. Ақын шығармасындағы қазақы ерекшелік
1.3.Айжарық шығармасындағы кейіпкердің ұлттық психологиялық ерекшелігі
Қорытынды
Айжарық Абылқасымов әдеби мұрасындағы жаңаша пайымдаулар- ұлттық
құндылықтарымыздың жарқын көрінісі.
Кіріспе
Ақынның ұлттық характері ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша
айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының,
салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің
тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі, ол
ұлттық дүниетанымға негізделеді. [8] Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-
түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз
ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші – ұлттық сана-сезімнің қалыптасу
деңгейіне байланысты. Қазақ этносының өкілі болуды құдай маңдайыңа
жазғаннан кейін, оны мамандық ауыстырғандай ауыстыру мүмкін емес. Өйткені,
ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама бойыңа сіңірдім
дегеніңмен, бәрібір сен сол ұлтқа кірмейсің, төлтумасы бола алмайсың.
Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады. Мұндай
жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы
бақытсыздыққа айналады. Ақын өзінің төл этникалық ортасында, төл
мәдениетінің аясында қалыптасса ұлтшыл болып келеді. Өйткені, оған өзін
қоршаған ортаның бәрі етене жақын, адамдарының бәрі бірге туған туысындай
көрінеді. [10] Рухани дүниесін қалыптастырған сезімдердің бәрі ортақ.
Сондықтан да ол осы ортақ сезімге қатысты мәселенің қандайында болсын
бейтарап қарай алмайды. Бәрін тікелей өзіне қатыстыдай көреді. Ортақ
қуанышқа өз қуанышындай мәз болады, ортақ ренішке өз қайғысындай
қайғырады. Міне осындай қазақ ақынының бірі және бірегейі деп айтуға
болатын жалынды ақын - Айжарық Абылқасымов.
Ақын Айжарық Абылқасымовпен кездескенде балдақпен баяу қозғалса да,
шабан сөйлейтін, шаршамайтын көзінен шабыт жалыны лапылдап тұрғанын
байқадым. Кенерлей толған, толқыны тулаған өлеңдер аузынан төгіліп
кететіндей, ағыла жөнелетіндей көрінді. Қазақы өр мінезі бар, ұлтжанды
қайсар адам екен деп ішімнен бағаладым. Баспадан шыққан кітаптарымен
танысқан маған Ақын тіпті қол жетпес биік, көңілі кіршіксіз таза жас
баладай көрінді.
Дара дарын иесі, жерлесіміз Айжарық Абылқасымов қаламынан туған
қанатты жырлар халқымен бірге мәңігі жасай бермек.
Айжарық -жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың
тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс
әдебиеттерінен тәлім алып келетін ақын. Осындай ақындарымыздың мұраларын
бізге күшімізге қуат, жанымызға шуақ беріп рухани болмысымызға қанат
береді.
Негізгі бөлім
1. Айжарық Абылқасымовтың лирикасындағы ұлттық характер.
Ұлттық характер ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі болса, ұлттық мүде
дегеніміз, сол ұлттың құрамындағы халықтардың өздеріне тән халықтық рухани-
мәдени және материалдық құндылықтарын сақтай отырып, ұлттың ілгері дамуын,
өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін негізгі нысаналы ортақ мақсаты.
Сондықтан да ұлттық мүдде өмірдің бар саласында бірінші кезекте тұруға
тиіс. Саясатта да, экономикада да, таным-талғамда да, қысқасы күнделікті
жасалынатын іс-әрекеттің бәрінде де мәселенің ұлттық мүдде тұрғысынан
шешілуі- елдің тұрақты өркендеуінің, мемлекеттігінің нығаюының басты кепілі
болып табылады. Сол себепті де ұлттық мүддені қорғау-қоғам мүшелерінің
бәріне бірдей ортақ қажеттілікке айналады. Ұлттық мүдденің қорғаушысы-
намыс.Ұлттық намыс болмаған жерде ездік үстемдік алып, ұлтқа қатысты
құндылықтарға бейтараптық, немкеттілік көзқарас қалыптасады.
Ақын Өлеңмен сырласу өлеңінде
...Қамшылап кеткенінде қуанам да,
Тамшылап кеткенінде таңданбадым.
...Өзің біл, о, өмірім, басқа десең,
Бұлттардан бұлтылдап мен тасқа көшем!
Байқашы, бұрымдардан бұрылғам жоқ,
Ал, толқын, толқынға мен тапшы емес ем!!- [4]
деп, өлең жолдарында халқымыздың санасында сараланып, тарихи жадында
сақталып, тілдің құдіреті арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан қамшы,
бұрымдар сөздерімен өлеңнің мәнін аша түседі. Ақын шығармаларының тілдік
ерекшелігіне назар аудара отырып, ғасырлар бойы қалаптасқан рухани-мәдени
мұра тіл құралының қасиетін, сөз мәйегін, құдіретін ұғындыруға тырысқан.
Өлең, жыр өмірге көсемдік жасар, көмек етер жанға серік болар.
Өлеңдегі сөздің сомдалуы мен дыбыс үндестігі оқырманын баулап әкетеді.
Айжарық Абылқасымовтың Көңіл неткен деген өлең жолына назар
аударсақ:
...Көңіл неткен көкжиексіз көктем ең,
Көгімнен бір кептерлерін кетпеген.
...Сендер неткен қанағатсыз құссыңдар,
...От ұстатып кетіпсің ғой қолыма.
...Өрт бола ма, ол отымды таратсам,
Оқ бола ма, ойландырмай дәл атсам.
...Өлеңімсіз өмір маған дерек пе,
Онда мені ұқсата сал, нәлетке.- [2]
деген, өлең жолдары ақынның өр, асқақ рухын бізге, оқырмандарына
көрсеткендей. Көкжине сөзі қазақтың дархандығымен астасып жатса, өрт
бола ма, оқ бола ма сөз тіркестерінен лирикалық қаһарманның қайсарлығы
мен өрлігі сезілгендей.
Ақынның Мұхтар Құл-Мұхаммедке деген өлеңінде ел тізгінін ұстап
жүрген азаматтардың халақ игілігі үшін, елдің жақсы тұрмысы үшін, болашақ
жас ұрпақ, жеткіншектер үшін істеп жатқан іс –шарасын айта келіп, осы
азаматтың биік парасатын, дарқан көңілін көктегі қыран, сұңқар едің
деп, ауыспалы мағынада, метафораны орынды пайдаланған. Қазақ халқы ежелден
көңілі толған ерлерін қыранға балаған. Сондай өлеңдерінің бірі:
...Кеудеңде жүз жігіттің жүрегі бар,
Көңілмен өлшенеді дарқандығың.
Көп үшін көкте жүрген қыран едің,
Қырыңмен қара жұртқа ұнап едің.
Құдайдан сәл-ақ кіші ел тілегі,
Сау қалдың, сұңқардай бір құлап едің.
...Қырандар жүз жасауға тиісті еді,
Қанеки, қолдап жібер Қызылордам!(3)
Бұл өлең жолдарынан өр де намысшыл ұлттық сипаттағы қазақтың ер-
азаматтарын көргендейміз, танығандаймыз. Өлеңге ауыс мағынадағы сөздерді
пайдалана отырып, кейіпкер бойындағы қасиеттерді жарқырата көрсетеді.
Өлеңнен үзінді Метафора Теңеу Эпитет
Көп үшін көкте жүрген қыранқыран
едің,
Сау қалдың, сұңқардай бір сұңқардай
құлап едің.
Қырыңмен қара жұртқа ұнап қара
едің.
Ұлттық намыс дегеніміз-ұлтты құрайтын халықтың әр адамының ұлтқа
қатысты айтылған кез келген кемсітушілікті, ұлтқа қарсы жасалған іс-
әрекетті бейне өзіне бағытталғандай қабылдап, соған қарсы жандүниесінде
пайда болған сезімнің буырқанған серпілісінің жалпы халықтық сипатқа
айналған ұжымдық түрі. Абай өз заманында қазақ халқының осы күйге жетуінің
екі себебінің бірі ретінде сонау азат Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық
намыстан айырылып қалуы екенін ашып көрсеткені шындық. Ата-бабамыздың
намысқойлық мінезі жоқ болған соң, үйренген өнеріміздің бәрі адамшылыққа
ұқсамай, сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың
үлкен бір себебі сол дейді данышпан Абай бұл орайда. Біз жоғарыда, қазақы
болмысқа оралу дегеннің не екені жөнінде әңгімелегенде, қазіргі таңда таным-
түсінік тұрғысынан да, елдік мүддені ойлау тұрғысынан да біртұтас қазақ
халқының бірнеше бөлікке бөлініп отырғанын санамалап айтқанбыз. Енді
ойласып көріңіз: осындай ішкі біртұтастығынан айырылып, сан бөлшекке
бөлінген халықты ұлттық санасы оянған намысты халық дейміз бе, әлде әр
бөлшегі өз тобының намысын жыртқан ұлттық санасы ұйқыдағы халық дейміз бе?!
Міне, ұлт болып ойласудың да, ұлт болып нәтижелі іс-әрекетке көшудің де
қажеттігі осы тұс! Осы қажеттілікті сезіну үшін ұлттық мінез керек. Осы
кезде, яғни тәуелсіз ел болып, өз билігіміздің тізгіні өзімізге еркін тиген
шақта ежелгі тектілікке оралып, ұлттық мінезді қалыптастыру-мемлекеттік
тұрғыдан қолға алынар бүгінгі күннің басты шаруасының бірі болмағы жөн. Бұл
ретте көрші өзбек елінің ұлттық мінезді қалыптастыру жөнінде арнайы
мемлекеттік бағдарлама жасап, соны жүзеге асыруға ел болып жұмылып жатқаны
бізге де ойласудың қажеттігін көрсетсе керек.
Айжарық Абылқасымовтың Үржарым атты өлеңінде туған жердің
киесін, қасиетін тани отырып, туған жерге деген өз сезімін аялай отырып
басқаға соны үлгі етеді.
...Алтай мен Барқытбелдің құдіретін,
Анамның естігенмін бесігінен.
Суың -бал, топырақ- дән, тасың -дастан,
Іңгәлап перзент көзден ашылды аспан.
...Киелі топырақтың күйі деп ұқ,
Келгенің-Қабанбайдың шаңырағы!
...Қыбыла қамшы салып ертелеткен,
Ебісін ене далам еркелеткен.
Оюлы дүниеме ой жіберсең,
Көңілің көше қоймас көрпе беттен!- [6]
деген өлең жолдарынан ақынның ішкі сезім иірімдерін сеземіз. Бесік сөзі
қазақта аса киелі сөз, өйткені ол жас нәрестенің алаңсыз, тыныш, еркін
тыныстайтын мекені.
М. Әуезов Ел болам десең бесігіңді түзе... деген дана сөзі де осы
бесіктің құдіретінен айтылған. Ақын бесік сөзі арқылы алаңсыз, бақытты
балалығы өткен жердің қасиетін асқақтата көрсеткендей. Бесік сөзі бал,
дән, дастан сөздеріне ажар, көрік беріп, сауле шашап тұрғандай. Сондай
–ақ көшпелі тұрмысымызбен байланысты пайда болған, киіз үйіміздің бір
бөлшегі шаңырақ ақынның барлық айтайын деген ойын жинақтап, шашау шығармай
біріктіріп тұрғандай. Міне осы өлең жолдарынан бесік, шаңырақ, қамшы
сөздері ақынның ұлттық сипатымен ерекшеленетін мінез-бітімін байқатады.
1.2. Ақын шығармасындағы қазақы ерекшелік.
Тектілік мінез қай кезде де халықтың парасат биігінде қамтамасыз
етеді, адамды аздырар жаман мінездерден сақтандырады. Қазіргі кезде соңдай
сақтануға тиісті жаман мінездін бірі- мақтаншақтық. Мақтаншақтық –
надандықтың белгісі. Бұл ретте ұлтымыздың ұлы ойшылы Абай: “әрбір жалқау
кісі қорқақ, қайратсыз тартады: әрбір қайратсыз, қорқақ мақтаншақ келеді:
әрбір мақтаншақ ақылсыз надан келеді ” деген. [7]
Мақтаншақтық – ұлтық мініз емес. Жалпы түрік халықтары мақтануды
ұнатпаған. Бұл ретте ХІ ғасыр ғылымының ірі өкілі Махмұт Қашқари “Диуан-
и лұғат” атты әйгілі еңбегінің “Түрік” атты бабында: “Түрікте өзін ұнату,
мақтану жоқ. Түрік үлкен ерліктер және жанкештілік жасағанның өзінде ерекше
іс істемегендей сезінеді”,- деп жазады. Бұлай болуы заңды да еді. Өйткені
түрік қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адамның бала күнгі
кезінен бастап бүкіл тірлігі қоғамның бақылауында болған. Сондықтан қоғам
мүшесінің бірде-бірінің жасаған жақсы ісі де, жаман ісі де назардан тыс
қалмай, дер кезінде өзіне лайық әділ бағасын алып отырған. Бар тірлігі
таразыға тартылып, соған орай ортасы өз бағасын беріп отырғаннан
кейін,адамның өзі туралы “мен бүйттім, мен өйтім” деп мақтануының да,
ақталуының да қажеттілігі болмаған. Бәрін өскен ортасы дұрыс та әділ
бағалап отырған соң, адам ештемеге алаңдамай, барынша қоғам талабына сай
тірлік кешуді ғана мұрат тұтқан. Халқымыздың өмір жолына зер салсақ, жалпы
түріктерге тән бұл мінез қазақ халқына да ортақ болғанын көреміз. Кезінде
мән-мазмұнын ұлы Абай ашып берген осынау жат мінез, жаман мінез еліміз
тәуелсіздік алып, өз билігіміз өз қолымызға тиген қазіргі шақта да кәрі
қойдың жабағысындай жабысып қалмай жүргені еріксіз ойға қалдырады. Қол
жеткізген азды-көпті жетістігімізге желпініп, жер-көкке сыймай жарыса
мақтанғандарды көргенде осы құрғыр жаман мінез ұлттық мінезге айналып кете
ме деп қорқамын. Қалайда жаманның жамандығын жаныңмен сезініп, одан аулақ
болғанға не жетсін! Осы орайда ата-бабаларымыздың өткен жолына үңіліп,
тарих дерегінің берер мағлұматын сараптай зерделесек, ұлтқа қатысты киелі
ұғымдардың бәрі сол ұлтты құрайтын халықтың қалыптасқан дәстүрінен бастау
алып, тамыр жаятынын пайымдау онша қиындық туғызбайды.Осыдан келіп, барлық
халықтық құндылықтардың бастауы- ұлттық дәстүрдің мәні мен мазмұнын жете
танудың қажеттілігі туындайды.
Айжарықтың ұшқыр қаламынан шыққан көп шығармалары ұлттық
ерекшелігіміз, менталитетімізді танытқандай. Соның бірі Сен жанымда
жүрсең өлеңі.
...Алысады ауыздықпен тұлпарым.
Көңілімде қалып кеткен көктемнің,
Қайта барып үзсем деп ем бір талын.
...Күтірлесе тас төбемнен найзағай,
Найзағаймен бірге жаным ойнамай,
...Қоймайым, сірә етігіммен су кешпей,
Шаңқан бозым ауыздығын шайнамай!
...Құласам да құлайын тек құладан,
Мен өмірді қыз деп ұқтым ұнаған.
...Қайтқан қазға көктем сайын ілесіп,
Сен де ауылға кеп жүрсің ғой мен үшін.
...Енді менде еркелеген өмір жүр,
Көңілім ғой әлі де сол көгілдір.
Бақыт деген-менің балаларым ғой,
Ойыншықтарға толып жатқан төрім бір. [4]
Бұл өлеңде адамның бақыты мен байлығы, өмірдегі қызығы, өмірінің мәні
мен сәні бала бақыты туралы айтқан. Бабаларымыз балалы үй базар деп, балалы
үйді қуаныш пен думанның ортасына бағалаған. М. Әуезов Ел болам десең
бесігіңді түзе деп, бала тәрбиесіне, оның өміріне, келешегіне ыждахатпен
қарауды аманат еткен, олай болса, ақынның бұл тақырыпқа дәл осылай қалам
тартуы ұлылар, даналар сабақтастығының белгісі.
Ақын бұл өлеңінде ауыздықпен тұлпарым, ауыздығын шайнамай! деп
ауыздық сөзін қайта –қайта пайдалану арқылы, астындағы тұлпардың мықтылығы
мен жүйріктігін суреттейді. Сондай мықты тұлпар ол-көңіл.
Қазақ халқы ертеден ер серігі ат немесе ер қанаты ат деп батарды
айтқанда, оның астындағы тұлпарын қоса айтып бағалап отырған.
Ақынның Сонет өлеңінде:
...Сонет-сұлу сырғалы, өлшемді өлең,
...Нар мінез бар бұл жырда сырғаланған,
...Неге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz