Мұнай және газ кеніштерінің режимдері

1 Мұнай және газ кеніштерінің режимдері
а) Серпімді режим
б) Газ шапкалы режимде
в) Еріген газ режимінде
г) Гравитациялық режимі
Қабат бойынша сұйықты ұңғыманың түп аумағына (өте төмен қысым нүктесіне) жеткізу қабат энергиясының есебінен жүзеге асады. Қабат қысымының әсерінен сұйық сығылған күйде болады. Кен орнын пайдалану барысында, әдетте қабаттағы қысым төмендеп отырады. Сондықтан қабаттағы мұнай қорын, қабат қысымы төмендеп, қажетті қысымды ұстап тұруға мүмкін болмай қалғанға дейін алудың маңызы бар.
Қабаттағы қысымның өзгеруіне тұрақты тексеру жасалып отырады және оның тез өзгеруі кезінде кен орнына әсер етудің қолдан жасалған әдістерін, яғни оның ішінде қабаттық қысымды ұстап тұру әдістері қолданылады. Қабаттың энергетикалық қорын сипаттайтын, қабат қысымының төмендеу қарқындылығы, кен орнын игеру жобасымен себепші болатын мұнай, газ және су қабатындағы сұйықты алу қарқындылығына және кен орнын игеру барысында қабаттық қысымды ұстап тұру жүзеге асырыла ма, жоқпа соған байланысты. Бұл қолдан жасалған факторлар. Екінші жағынан, қабаттағы энергия қоры, бастапқы қабаттық қысым шамасы және оның төмендеу қарқындылығы кен орнының табиғи - жаратылыс факторларына да байланысты болады. Оларға :
§ кеңейту энергиясы кен орнын игеру кезінде пайдаланылатын газды шапканың бар болуы;
§ қабат жүйесінде серпімді энергияның бар болуы;
§ кеңейту энергиясы қабаттағы сұйық және газдардың ұңғыма түбіне жылжуын келтіретін мұнайда ерітілген газ құрамының бар болуы;
§ игеру кешенін қабаттағы нұсқа сыртынан сумен тұрақты қоректендіру көзінің бар болуы және оны сумен алынған мұнайдың орнын толтыру қарқындылығы;
§ құлау бұрышы үлкен қабаттағы мұнайды ығыстыруға тиімді ықпал жасайтын гравитациялық факторлар.
Табиғи жағдаймен айқындалатын, көрсетілген факторлар, кен орнын қалыптастыру процесімен байланысты.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Пайдалану және су айдау ұңғымалары жүйесімен су айдау кезінде кеуекті қабатта байқалатын процестерді анықтайтын барлық табиғи және қолдан жасалған факторлардың жиынтығын қабат режимі деп атау қабылданған және ол келесі бес режимге бөлінеді:
- су арынды режим (табиғи және қолдан жасалынған);
- серпімді режим;
- газ арынды режим (газ шапкалы режим);
- ерітілген газ режимі;
- гравитациялық режим.
Ұңғымадан сұйық алудың технологиялық нормалары - шектеулі рұқсат етілген динамикалық түптік қысымдар, өндірудің гидродинамикалық көрсеткіштерін болжауға, сұйық және газды өндіру көлемін анықтауға, ұңғымалардың сулану барысын есептеуге арналған математикалық амалдарды таңдау, сонымен бірге мұнай берудің мейлінше мүмкін ақырғы коэффициентіне қол жеткізу үшін игеру кезінде қажетті кен орнына әсер ету шараларын дұрыс бағалауға байланысты.
Алайда кен орнының тәртібін анықтау оңай емес, себебі кейбір жағдайларда режимді анықтайтын көптеген факторлар бір мезгілде байқалады.

сүзілуі жердің бетіндегі еріген қардың немесе жаңбыр суы есебінен немесе су айдау ұңғымалар жүйесі арқылы суды үздіксіз айдау есебінен тұрақты қоректенуі бар шектері немесе нұсқа сыртындағы судың арыны әсерінен өтеді (2.1-сурет).
Су арынды режимнің пайда болу шарты:
Мұндағы - орташа қабаттық қысым;
- қанығу қысымы.

2.1-сурет. Геологиялық жағдайдағы табиғи суарынды режимнің үлгісі.
1 - мұнай қабаты; 2 - гидродинамикалық өткізгіш қабат; 3 - қоректендіру аумағы; 4 - өндіру ұңғымалары.
Бұл шартта қабатта еркін газ болмайды, тек мұнай немесе мұнайлы су сүзіледі. Өткізгіш қабат мұнай алу аймағының табиғи су көзі ретінде өзен арнасы қызметін атқаратын қоректену аймағымен гидродинамикалық байланысты қамтамасыз етеді. Қатпарлар құрылу барысы нәтижесінде кеуекті және өткізгіш қабаттар арқылы мұнай алу кезінде қабатты сумен үздіксіз қоректендіру, өтетін өзен арнасы ауданында жоғарғы қабатқа шығуға жол ашуы мүмкін.
Мұнайдың су арынды режимі кезінде оның нұсқа сыртындағы немесе ұңғымамен айдалатын сумен орын ауысуы қатар жүреді, бұл уақыт ішіндегі ұңғыма өнімінің, қабат қысымы мен газ факторының тұрақтылығын түсіндіреді (2.2-сурет).

2.2-сурет. Суарынды режим кезіндегі кеніштің игеру көрсеткіштерінің қисықтары.
1 - қабат қысымы; 2 - мұнай өндіру; 3 - газ факторы; 4 - суды өндіру.

Газ факторының тұрақтылығы кезінде қабатта газ бөліну болмайтындығына байланысты, әрбір тонна мұнаймен бірге онда қабаттық жағдай кезінде еріген газ мөлшері ғана өндіріледі. Ұңғымалардың сумен толтырылуы салыстырмалы түрде тез өтеді. Алайда қабаттың қатты қатпарлы, біркелкі болмауы кезінде ұңғымалардың сумен толтырылуы белгілі уақытқа созылуы мүмкін, себебі өткізгіштігі жақсы қатпарлар бойымен қабаттағы су ұңғыма түбіне тез өтеді де, ал нашар өткізетін қатпарлар бойымен жәй өтеді. Су арынды режим кезінде мұнайды ығыстыру тез өтеді, әрі мұнай беру коэффициенті өте жоғары болады. Бұл режим теориялық жағынан толық зерттелген. Қазіргі уақытта барлық мұнай өндіретін кен орындары мұнайдың 80% мөлшерін су арынды режим жағдайында өндіреді.
Серпімді режим кезінде мұнайдың ығыстырылуы, мұнай кенішін қоршап тұрған су мен қабат қаңқасы әсерінен мұнайдың өзінің серпімділік кеңеюі әсерімен жүзеге асады. Бұл режимнің қолданылуының міндетті шарты қанығу қысымынан қабаттағы қысымның жоғары болуы болып табылады. Қабат жабық, бірақ оның серпімді энергиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіру, тонна
Қабаттық қысымды ұстау әдістері
Газдардың мұнайда ерігіштігі
Кен орнында газ қабаттарын игеру режимдері
Кеңкияқ тұз асты кен орнында карбонатты қабаттарды көмірсутекті сұйықтықпен жару
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнында өндірісті жоспарлау міндеттері мен әдістер
Маңғыстау мұнай қауымдастығы
Сурьманың қосылыстары улы заттар
Мұнай өндіру туралы
Резервуарларды құрастыру жұмыстары
Пәндер