Биологиялық активті қоспалар


Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Биологиялық активті қоспалар түрлері
Биологиялық белсенді қоспалар алу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер
ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) - қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан. Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда ХIХ соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.
Құрылымы мен қасиеттері белгілі таза химиялық қосылыстарды алуда органикалық химияның шексіз мүмкіндіктері, олардың тиімділігінің жоғарылығы мен дәл мөлшерлеу мүмкіншілігі, әрекет етуінің тездігі сияқты дәлелдемелер дәстүрлі медицина облысына жағымды болжамдарды қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай көзқарастар қателік болып саналды. ББҚ-ды тағам өнеркәсібінде қолдану. Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология обылысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым -фармаконтуциология қалыптасты.
Биологиялық активті қосылыстар - адамның немесе жануардың организмінде жүріп жатқан биологиялық процесстерге қатысатын заттар болып табылады.
Олар біріншілік (витаминдер, майлар, көмірсулар, ақуыздар) және екіншілік (алколоид, гликозид, дубильді заттар) биосинтез өнімдері болуы мүмкін.
Өсімдікте бірнеше биологиялық активті заттар болуы мүмкін. Бірақ терапевтикалық және профилактикалық активтілікке біреуі немесе бірнешесі ие болуы мүмкін. Оларды белсенді әрекет етуші заттар деп атайды және дәрілік препараттар синтезінде қолданады.
Медицинада дәрілік шөптерді пайдалану - олардың құрамында биологиялық активті заттардың болуына негізделеді. Бұл заттар тірі организмде жүріп жатқан биологиялық процесстерге әсер етіп, дәрілік өміидіктің негізнгі терапевтикалық әсерін көрсетеді. Өсімдіктерден бөлініп алатын бірнеше биологиялық активті заттардың тобы белгілі: алколидтар, гликозидтер, эфир майлары, дубильді заттар, кумариндер, флавоноидтар, микроэлементтер, майлар және т. б.
Бұл қосылыстар өсімдіктің әр-түрлі органдарында жиналады. Олардың мөлшері келесі факторларға тәуелді: климат, жергілікті экспозиция, өсімдіктің дамуының фасазы және географиялық орны. Кейбір өсімдіктерде биологиялық белсенді заттар жерүсті бөліктерінде (бүршік, жапырақ, гүл, жеміс) жиналса, кейбіреуінде жер асты бөлігінде (тамыр) жиналуы мүмкін. Сол себепті, биологиялық активті заттарды бөліп алу үшін сол зат неғұрлым көп жиналған жерді алып, өңдеу қажет.
Дәрілік өсімдіктер белсенді әрекет етуші заттармен қатар организмге қосымша заттарды да алып келеді: ақуыз, пектин, көмірсу, смола, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, гормондар және т. б. Бұл заттар фармокологиялық активтілік көрсетіп, организмге жақсы әсер етуі мүмкін. қосымша әріекет етушә заттар организмге белсенді әрекет етуші заттардың сіңірілуі мен оның организмнен шығарылуына көмектеседі. Сонымен қатар организмдегі қан айналымын жақсартып, организмнің инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі. Қосымша әрекет етушә затттар кей-кезде белсенді әрекет етуші затттың дәрілік қасиетін жоғарылатыпғ кей-кезде төмендетеді.
Жалпы, биологиялық активті заттарды өсімдіктермен қатар химиялық жолмен синтездеп алуға да болады. Осыған байланысты, табиғи және синтетикалық БАЗ деп ажыратылады.
Табиғи биологиялық белсенді заттар - тірі ағзаның өмір сүруі барысында пайда болатын химиялық қосылыстар. Олар экзогенді және эндогенді болуы мүмкін. дәрілік препараттар синтезәнде осы топтар қолданылады. Яғни, көптеген дәрілік заттардың құрамында осы заттар бар.
Экзогенді табиғи биологиялық активті заттарға жатады: каолиндер, фитонициндер, антибиотктер, маразминдер, микотоксиндер және т. б. эндогенді биологиялық активті заттарға жатады: ақуыздар, протеидтер, витаминде, липидтер, ферменттер, көмірсулар, фитогормондар және т. б.
Экзогенді БАҚ алу схемасы.
Эндогенді биологиялық активті заттарға жатады: ақуыздар, протеидтер, витаминде, липидтер, ферменттер, көмірсулар, фитогормондар және т. б.
Биологиялық активті заттарды синтездеу- нәзік органикалық синтез саласына жатады. Ең бірінші, сәкесінше шикізатта таңдау керек.
Маңызды шикізаттардың біріне - көмір, мұнайды біріншілік өңдеу өнімдері - көмірсулар жатады. Одан кейінгі минералды шикізаттар және ең күрделі өнімдер алу үшін ауылшаруашылық, микробиологиялық шикізаттарды өңдеп алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz