Спирттік ашу процесі



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
• Спирттік ашу процесі
• Спирттік ашу қоздырғыштары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қантты заттарды; спиртке және кәмір қышқыл газына айналуын спирттік ашу процесі деп атайды. Ол мына темендегі реакцияға сай жүреді. Мұндағы АДФ деп отырғанымыз аденозин дифосфорлы қышқыл, ал АТФ — аденозин три фосфор қышқылы. Бұл қосылыстар — энергияға бай химиялық заттар. Ашу процесі барысында осы заттардың көмегімен ашытқы саңырауқұлақтар энергия алып, бұл процесті әрі қарай жүргізіп отырады.
Негізінен спирттік ашу процесіне сахаромицет тобына жататын ашытқы саңырауқұлақтар қатынасады. Мұнда этил спирті мен көмір қышқыл газынан басқа да қосымша заттар түзіледі. Оларға: сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары жатады. Сивуш майларының түзілуі ортадағы амин қыш-қылдарының ыдырауына байланысты. Амин қышқылдарынан пайда болған аммиакпен ашытқы саңырауқүлақтар қоректенеді де ортада сивуш майлары жинала береді. Ашытқы саңырауқүлақтар-мен катар, кейбір мукор тобына жататын зең саңырауқүлақтар мен бактерияларда спирттік ашу процесін жүргізеді. Алайда олардың әрекетіңен пайда болған спирт мөлшері, ашытқы саңырауқүлақтарды қолданғандағыға қарағанда, анағұрлым аз болады.
Ашытқы саңырауқүлақтар ашудың жағдайларына байланысты ортада әр түрлі заттар түзеді. Олардың ішінде басым көпшілігі этил спирті мен көмір қышқыл газы болады, кейде глицерин мен сірке қышқылы кездеседі. Ашытқы саңырауқүлақтар кез келген қанттарды ашытпай, тек моносахаридтер мен дисахаридтерді ғана ашытады. Полисахаридтерді, мәселен крахмалды, олар ашыта алмайды. Мүның себебі: ашытқы саңырауқүлақтарда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын ала түрлі ферменттер көмегімен моно және дисахаридтерге дейін ажы-ратып алады. Ал ашытқы саңырауқүлақтар клеткасында болатын мальтаза ферменті дисахарид мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан зимаза ферменттерінің көмегімен ашытқы саңырауқү-лақтар спирт пен көмір қышқыл газын түзеді. Бұл процесті мьша-дай схемамен көрсетуге болады.
1. Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981. - 360 с.
2. Кругляков Г.Н., Круглякова Г.В. Товароведение продовольственных товаров: Учебник — Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 1999. - 448 с.
3. Өмешұлы Ә. Салауатты өмір - денсаулық кепілі, Алматы, 1999
4. Г.Д.Ковецкий, А.В.Воробьева «Технологические процессы и производства» г. Москва «Колос» 2006, 292-297 с. /Под ред. Н.И.Назарова «Пщевая промышленность» 1977г. 65-75с.
5. З.Жумабеков, Б.Отыншиев «Макарон өнімдерінің технологиясы», Алматы, 1997ж.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Спирттік ашу процесі. Ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қантты заттарды; спиртке және кәмір қышқыл газына айналуын спирттік ашу процесі деп атайды. Ол мына темендегі реакцияға сай жүреді. Мұндағы АДФ деп отырғанымыз аденозин дифосфорлы қышқыл, ал АТФ -- аденозин три фосфор қышқылы. Бұл қосылыстар -- энергияға бай химиялық заттар. Ашу процесі барысында осы заттардың көмегімен ашытқы саңырауқұлақтар энергия алып, бұл процесті әрі қарай жүргізіп отырады.
Негізінен спирттік ашу процесіне сахаромицет тобына жататын ашытқы саңырауқұлақтар қатынасады. Мұнда этил спирті мен көмір қышқыл газынан басқа да қосымша заттар түзіледі. Оларға: сірке альдегиді, глицерин, сірке және янтарь қышқылдары, сивуш майлары жатады. Сивуш майларының түзілуі ортадағы амин қыш-қылдарының ыдырауына байланысты. Амин қышқылдарынан пайда болған аммиакпен ашытқы саңырауқүлақтар қоректенеді де ортада сивуш майлары жинала береді. Ашытқы саңырауқүлақтар-мен катар, кейбір мукор тобына жататын зең саңырауқүлақтар мен бактерияларда спирттік ашу процесін жүргізеді. Алайда олардың әрекетіңен пайда болған спирт мөлшері, ашытқы саңырауқүлақтарды қолданғандағыға қарағанда, анағұрлым аз болады.
Ашытқы саңырауқүлақтар ашудың жағдайларына байланысты ортада әр түрлі заттар түзеді. Олардың ішінде басым көпшілігі этил спирті мен көмір қышқыл газы болады, кейде глицерин мен сірке қышқылы кездеседі. Ашытқы саңырауқүлақтар кез келген қанттарды ашытпай, тек моносахаридтер мен дисахаридтерді ғана ашытады. Полисахаридтерді, мәселен крахмалды, олар ашыта алмайды. Мүның себебі: ашытқы саңырауқүлақтарда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын ала түрлі ферменттер көмегімен моно және дисахаридтерге дейін ажы-ратып алады. Ал ашытқы саңырауқүлақтар клеткасында болатын мальтаза ферменті дисахарид мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан зимаза ферменттерінің көмегімен ашытқы саңырауқү-лақтар спирт пен көмір қышқыл газын түзеді. Бұл процесті мьша-дай схемамен көрсетуге болады.
Крахмал+ амилаза ферменттері -мальтоза қанты мальтаза ферменті-^ глюкоза; глюкоза қанты + зимаза ферменттері - этил спирті және көмір қышқыл газы.
Спирттік ашу процесінің табиғаты терең зерттелді. Бүған көп еңбек сіңірген және бірқатар жаңалықтар қосқан орыс оқымысты-лары Л. А. Иванов, С. П. Костычев, А. Н. Лебедев, А. Н. Бах, В. И. Палладин, В. А. Энгельгард, шетел ғалымдары Нейберг, Мейергоф, Гарден, Эмбденді атап өткен жөн. Осы ғалымдардың еңбектерінің арқасында спирттік ашу процесініқ ішкі сыры, басқаша айтқанда, химиясы төмендегіше болатыны анықталды.* Бұл процестің бірінші сатысында глюкоза қанты фосфор қышқылымен қосылып, глюкозофосфат эфиріне айналады. Бүл реакцияға ашыт-қы саңырауқұлақтар клеткаларында кездесетін АТФ қатынасады. Бүл қосылыс өзінен фосфор қышқылын бөліп қантқа береді, соның нәтижесінде АДФ-ға айналады. Осы жағдайда өтетін бірнеше ре-акциялардың нәтижесінде глюкоза фруктоза қантына айналады. Бұл реакциялар барысында глюкофосфатизомераза, фосфофрукто-киназа ферменттері қатысады. Пайда болған соңғы фруктоза моле-куласы құрамында -- әуелі бір, соңынан екінші фосфор қышқылы қосылады.
Реакцияның осы сатысына дейін қант молекуласы бүзылмастан, тұтас күйінде, тек активті жағдайда болады. Бұдан кейін дифосфорлы фруктоза қанты альдолаза ферментінің көмегімен екіге бөлінеді.
Сөйтіп, фосфоглицериндік альдегид және фосфодиоксиацетон деген екі зат пайда болады. Бүдан кейін изомераза ферментінің әсерінен фосфодиоксиацетон әрдайым фосфоглицериндік альдегидке айналып отырады. Бұл төмендегіше жүреді:
Б.ұдан кейін 3-фосфоглицериндік альдегид триозофосфатдеги-дрогеназа (Н5 -- ферменті) ферментінің қатысуымен минералдық фосфор қышқылымен реакцияға түседі. Осының нәтижесінде пайда болған өнімдер дегидрогеназа ферментінің әсерінен тотығып, яғни екі атом сутегін бөліп шығарып, төмендегі ретпен 1,3-дифосфоглицерин қышқылына айналады.
Бүдан әрі соңғы өнім дифосфорлық глицерин қышкылының бір фосфоры АДФ-ке көшіп, ол АТФ түріне айналады.* Дифосфорлық глицерин қышқылы бір фосфорын жоғалтып, нәтижесінде 3-фосфо-глицерин қышқылына айналады. Сонымен қатар фосфор қышқы-лының қалдығы орын ауыстырады, ол 3-ші көміртегі атомының жанынан көшіп, екінші қатардағы көміртегі атомына барып жалға-сады. Сөйтіп, 2-фосфоглицерин қышқылы фосфопируват-гидротаза ферментінің әсерінең, су молекуласын бөліп шығару арқылы, алғаш фосфоэнолпирожүзім қышқылына, соңында пирожүзім қышқылына
Пирожүзім қышқылының енольдык, түр айналады. Бұны төмендегі формулалардан көруге болады:Бұл өнім, яғни пирожүзім қышқылының енольдық түрі -- тұрақсыз, кәп ұзамай ол өз бетімен пирожүзім қышқылының түрақты түріне айналады.
Сөйтіп, спирттік ашу немесе анаэробтық тыныс алу процесінде жабайы қанттың бір молекуласынан пирожүзімнің екі молекуласы пайда болады. Осымен қатар басқа да аса қажетті аралық өнімдер және қуатқа бай АТФ молекуласы да түзіледі.
Реакцияның соңында пайда болған пирожүзім кышқылы, организмнің ерекшелігіне, клетканың жағдайына байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, ашытқы клеткаларында анаэробтық жағдайда пирожүзім қышқылы декарбоксилаза ферментінің әсерінен сірке альдегиді мен көмір қышқыл газына айналады.
Бұдан әрі сірке альдегиді алкагольдегидрогеназа ферментінің әсе-рінен (НАД -- Н2) тотықсыздану реакциясы арқылы этил спиртіне айналады:
СН3►СН3С=ОНАД -- Н2+НАДалькагольдегидрогеназаСНг НИ этилспирті ұт қышқылы ашу немесе жануарлар бұлшық етінде жүретін гликолиз процесінде, оттегінің тапшылығынан, пирожүзім қышқы-лы лактатдегидрогеназа ферменті әсерінен екі атом сутегін қосып алып, төмендегі, реакция арқылы сүт қышқылына айналады.
сн3сн3 С-0 +НАД = Н2 СНӨН+НАДI(Лактатдеидрогеназы)1соонс оон
пирожүзім сүт қышқылықышқылы.
Аэробтық, яғни оттегі мол болғанда пирожүзім қышқылы, тыныс алу процесінде түгелдей тотығып, су және көмір қышқыл газына айналады:
СНзСОСООН+5О-^ЗСО2 + 2Н2О
Спирттік ашу процесінің тұрмыста үлкен маңызы бар, ейткені оның нәтижесінде тамақ өндірісі, адамға керекті әр түрлі арақшарап ішімдіктері даярланады. Жүзім шырынынан -- шарап, коньяк жасалады, қамыс қантынан -- ром, арақ; крахмалға бай дәндерден (арпа, жүгері, бидай) -- сыра, квас, виски, аракі; күріш пен тарыдан -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спирттік ашу процесін қоздыратын сахаромицет туысына жататын ашытқылар
Сыра-шарап өңдіру технологиясы
Спиртті ашыту бойынша тәжірибе жүргізу
Қышқылдарды ашу процесі
Сүт қышқылды өнімдер өндірісі технологиясы
Спирт өндіргенде қолданылатын микроорганизмдер
Сүт қышқылды өнімдерді алу сүттік ферментация әдістері
Ашытқы өндірісте қолданылатын және өндіріске зиян келтіретін микроағзалар
Сүт қышқылы бактериялар
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу
Пәндер