Экономикалық дамудағы қаржы


<h3>Мазмұны
Кіріспе 3 1 Қаржы және қаржылық жүйенің экономикалық аспектілері 6 1. 1 Қаржылар мәні және атқаратын қызметтері 6 1. 2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның звенолары 8 1. 2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның звенолары 8 1. 3 Қаржылармен басқаруды ұйымдастыру 10 2 Құқықтық нысанына байланысты қаржыларды басқаруды ұйымдастыру 17 2. 1 Кәсіпорын, ұйым және мекеме қаржылары 17 2. 2 Кәсіпорынды басқарудың қаржылық механизмі 20 2. 3 Мемлекеттік қаржылар мәні 27 3 Экономикалық дамудағы қаржыларды қаржылық бақылау мәселелері 31 3. 1 Қаржылық бақылаудың мәні және мағынасы 31 3. 2 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру мәселелері 35 Қорытынды 41 Қолданылған әдебиеттер 43 Қосымша 45 </h3><h4>Кіріспе
Қаржылар - ақшалай қатыстардың ажырамас бөлігі, сондықтан олардың ролі мен мағынасы ақшалай қатыастардың экономикалық қатыастардағы алатын орнына байланысты. Алайда барлық ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдірмейді. Қаржылар ақшаларға қарағанда мазмұны, сондай-ақ атқаратын қызметтері бойынша ажыратылады. Ақшалар - бұл жалпыға ортақ эквивалент, оның көмегімен ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенеді, ал қаржылар жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты таратудың экономикалық инструменті, ақшалай қаражаттар қорларын құру және таратуға бақылау құралы.
Олардың басты мақсаты ақшалай табыстар мен қорлардың құрылу көмегімен тек мемлекет пен кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарға қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстарды шығындауға бақылау жасау болып табылады. </h4>
Қаржылардың мәні олардың атқаратын қызметтерімен анықталады. Қаржылар екі негізгі қызмет атқарады: тарату және бақылау. Әрбір қаржылық әрекет қоғамдық өнімді және ұлттық табысты таратуды және осы таратуға бақылау жасады білдіреді.
<h4>Қаржылық жүйе дегеніміз ақша қаражаттары қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастар жиынтығы, сонымен қатар осы қатынастарды ұйымдастыратын органдар.
Қаржы субъектілері белгілері бойынша қаржылық жүйе 3 звенодан тұрады:
- Жалпы мемлекеттік қаржылар
- Кәсіпрын, ұйым және мекеме қаржылары
- Тұрғындар қаржылары
Бірінші звено - жалпы мемлекеттік қаржылар жүйенің басқа звеноларының арасында алдыңғы қатарлы орында және республиканың мемлекеттік бюджетінде, арнайы бюджеттен тыс қорларда және мемлекеттік несиеде көрсетілетін қаржылық қатынастарды сипаттайды.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекетпен өзінің қызметтерін қамтамасыз ету үшін және салықтар, алымдар және басқа да көздер есебінен құрылатын заңмен немесе жергілікті үкімет органдарының шешімдерімен бекітілетін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры.
Материалдық өндіріс саласы кәсіпорындары, ұйымдары және мекемемелері қаржылары қаржылардың негізін құрайды, олар қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып саналады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім - қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі құрылады.
Тұрғындар қаржылары мемлекеттің қаржылық жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Тұрғындар өздерінің ақшалай қаржыларымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйемен және өндірістік әрі өндірістік емес сала кәсіпорындарымен қатынасқа түседі. Бұл көпжақты қатынастар тұрғындар еңбегін төлеу мен қоғамдық тұтыну қорларынан ақшалай қаражаттар, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты. Екінші жағынан тұрғындар өздерінің ақшалай қаражаттарымен салықтар төлейді, мемлекеттік және басқа мекемелердің және өндірістік және өнідірістік емес сала ұйымдарының қызметтерін төлейді.
Қаржылық саясат дегеніміз мемлекеттің өз қызметтерін және міндеттерін атқару үшін қаржылық қатынастарды пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығы. Қаржылық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. .
Қаржылар экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың қызметіне негізделеді (құн заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, өндіріс күштері даму деңгейі мен сипатына өндірістік қатынастар сәйкестігі заңы, уақытты үнемдеу заңы) .
Қаржылық саясат шаруашылық өмірде қаржылық мезанизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм - қаржылық қаныастардың мемлекетпен бекітілген нысандарының түрлері және әдістерінің жүйесі.
Қаржылық механизм мемлекетпен көзделген нақты, адрестік нәтижелерде - қоғамдық-экономикалық өмірдің салаларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық игіліктер, қызметтер мен құндылықтар элементтерінің құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі қаржылық шараларды жүзеге асырады. Ұдайы өндірістің көптеген нәтижелері экономикалық механизмнің әр түрлі нысандары мен әдістерінің пайда болуына әкеледі.
Демек, қоғамдық формацияның экономикалық заңдылықтарымен анықталатын өндіріс процесі кезінде жабық шеңберлі заңдылық туындайды. </h4><h4>1 Қаржы және қаржылық жүйенің экономикалық аспектілері 1. 1 Қаржылар мәні және атқаратын қызметтері
Қаржылар - тарихи категория. Олар қоғамның кластарға бөлінуі кезіндегі мемлекеттің пайда болуымен бірге дүниеге келді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде кластар, мемлекет болмаған. Қоғамның кластарға алғашқы күрделі жіктелуі- бұл құл иеленушілерге және құлдарға, және бірінші мемлекет-құл иеленушілік. Құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формациядан феодалдыққа өту феодалдық мемлекеттердің пайда болуына әкелді.
Капиталистік формацияларға дейін мемлекеттің көпшілік қажеттіліктері заттай алымдар мен жинаулар ретінде бекіту жолымен қанағаттандырылды. Ақшалай шаруашылық бұл кезеңде әскерде дамыды. </h4>
Тауарлы-ақшалай қатынастар жалы қамту сипатында болған капитализм жағдайында, қаржылар ұлттық табысты тарату және қайта тарату процесіндегі ақшалай қаражат қорларын құру, тарату және пайдаланумен байланысты экономикалық қатыстарды көрсете бастады.
Қаржылық қатынастардың дереу дамуы 20 ғ., әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кеін орын алды. Мемлекеттік бюджет көлемдері миллиард ұлттық валюталармен бейнелене бастады. Барлық елдерде ұлттық табыстың ірі бөлігі мемлекеттендіріле бастады. (30тен 50% дейін) . Мемлекеттер ірі ақша қаражаттар қорларын иелене отырып өндіріс процесіне мәнді әсер ете бастады. Мемлекет тек бюджеттік жүйенің ресурстарын ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларды да реттей бастады.
Қаржылық қатынастар екі саланы қамтиды:
- Мемлекеттік бюджеттік жүйеде және үкәметтік бюджеттік есем қорларда аккумуляцияланытын мемлекеттің орталықтандырылған аұшалай қорларын пайдаланумен және таратумен байланысты экономикалық қатынастар;
- Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының айналысын сипаттайтын экономикалық ақшалай қатынастар.
Қаржылар - мемлекеттің атқаратын қызметтері мен міндеттерін орындау, кеңейтілген өндіріс шарттарын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастырумен, таратумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар (ҚосымшаА) .
Қаржылар - ақшалай қатыстардың ажырамас бөлігі, сондықтан олардың ролі мен мағынасы ақшалай қатыастардың экономикалық қатыастардағы алатын орнына байланысты. Алайда барлық ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдірмейді. Қаржылар ақшаларға қарағанда мазмұны, сондай-ақ атқаратын қызметтері бойынша ажыратылады. Ақшалар - бұл жалпыға ортақ эквивалент, оның көмегімен ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенеді, ал қаржылар жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты таратудың экономикалық инструменті, ақшалай қаражаттар қорларын құру және таратуға бақылау құралы.
Олардың басты мақсаты ақшалай табыстар мен қорлардың құрылу көмегімен тек мемлекет пен кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарға қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар қаржылық ресурстарды шығындауға бақылау жасау болып табылады.
Қаржылардың мәні олардың атқаратын қызметтерімен анықталады. Қаржылар екі негізгі қызмет атқарады: тарату және бақылау. Әрбір қаржылық әрекет қоғамдық өнімді және ұлттық табысты таратуды және осы таратуға бақылау жасады білдіреді.
Қаржылардың тарату қызметі.
Табыстарды тарату негізгі немесе алғашқы табыстарды құруда түсіндіріледі. Олардың сомасы ұлттық табысқа тең болады. Негізгі табыстар материалдық өндіріс қатысушыларының арасында ұлттық табысты тарату кезінде құрылады. Олар екі топқа бөлінеді:
- Материалдық өндіріс саласындағы жұмысшылар, қызметкерлер төлемақылары, фермерлер, крестьяндардың табыстары;
- Материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорын табыстары;
<h4>Алайда алғашқы табыстар халық шаруашылығының алдыңғы қатарлы салаларынын, елдің қоғаныс қабілетін қамтамасыз ету, халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті қоғамдық ақшалай қаражаттарды қалыптастырмайды. Ұлттық табысты ары қарай тарату немесе қайта тарату керек.
Қаржылар сонымен қатар бақылау қызметін атқарады. Олар ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастыру және пайдаланудың құралы бола отырып, ратару процесінің барысын объективті бейнелейді. Бақылау қызметі сйкес қорлар бойынша жиынтық ішкі өнімді таратуға және олардың мақсатты бағытты шығындалуына бақылау жасауда көрсетіледі. </h4>
Қаржылардың бақылау қызметі қаржы органдарының көптеген қызметтері арқылы анықталады. Қаржылық жүйе және салық қызметі қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржылық жоспарлау процесінде, бюджеттік жүйенің табыс және шығыс бөлігінің орындалуы барысында жүзеге асырады. Нарықтық қатынастардың даму жағдайында бақылау жұмыстары, қаржылық бақылау нысандары мен әдістері мәнді түрде өзгеруде.
<h4>1. 2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның звеноларыҚаржылық жүйе дегеніміз ақша қаражаттары қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастар жиынтығы, сонымен қатар осы қатынастарды ұйымдастыратын органдар.
Қаржылық жүйе үш бөлімнен тұрады:
- Қаржылық қатынастар жиынтығы
- Ақшалай қаражаттар қорлары жиынтығы
- Басқарудың қаржылық аппараты (қосымша Б) </h4>
Қаржылық жүйе интеграциялық типтің жүйесі болып табылады, оған кіретін элементтердің тығыз байланыстылығымен сипаталады және оның жүйе асты дербес қызмет ете алмайды. Қаржыларда функционалды жүйе асты ретінде салықтық, бюджеттік, сметалық қаржыландыру, қаржылық көрсеткіштер және басқаларын атауға болады.
Қаржы субъектілері белгілері бойынша қаржылық жүйе 3 звенодан тұрады:
- Жалпы мемлекеттік қаржылар
- Кәсіпрын, ұйым және мекеме қаржылары
- Тұрғындар қаржылары
Бірінші звено - жалпы мемлекеттік қаржылар жүйенің басқа звеноларының арасында алдыңғы қатарлы орында және республиканың мемлекеттік бюджетінде, арнайы бюджеттен тыс қорларда және мемлекеттік несиеде көрсетілетін қаржылық қатынастарды сипаттайды.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз мемлекетпен өзінің қызметтерін қамтамасыз ету үшін және салықтар, алымдар және басқа да көздер есебінен құрылатын заңмен немесе жергілікті үкімет органдарының шешімдерімен бекітілетін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры.
Материалдық өндіріс саласы кәсіпорындары, ұйымдары және мекемемелері қаржылары қаржылардың негізін құрайды, олар қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып саналады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім - қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі құрылады.
Тұрғындар қаржылары мемлекеттің қаржылық жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Тұрғындар өздерінің ақшалай қаржыларымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйемен және өндірістік әрі өндірістік емес сала кәсіпорындарымен қатынасқа түседі. Бұл көпжақты қатынастар тұрғындар еңбегін төлеу мен қоғамдық тұтыну қорларынан ақшалай қаражаттар, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты. Екінші жағынан тұрғындар өздерінің ақшалай қаражаттарымен салықтар төлейді, мемлекеттік және басқа мекемелердің және өндірістік және өнідірістік емес сала ұйымдарының қызметтерін төлейді.
<h4>1. 3 Қаржылармен басқаруды ұйымдастыруҚаржылық саясат дегеніміз мемлекеттің өз қызметтерін және міндеттерін атқару үшін қаржылық қатынастарды пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығы. Қаржылық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. .
Қаржылар экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың қызметіне негізделеді (құн заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, өндіріс күштері даму деңгейі мен сипатына өндірістік қатынастар сәйкестігі заңы, уақытты үнемдеу заңы) . </h4>
Қаржылық саясат шаруашылық өмірде қаржылық мезанизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм - қаржылық қаныастардың мемлекетпен бекітілген нысандарының түрлері және әдістерінің жүйесі.
Мемлекеттің қаржылық саясаты қаржылық стратегияға және қаржылық тактикаға бөлінеді. Біріншісі қоғамның әлеуметтік дамуын және экономиканың ірі масштабтық мақсаттарын шешуді көздейтін және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген курс болып табылады. Қаржылық стратегия қоғамның дамуының ірі тарихи талаптарына сәйкес мемлекетпен өңделеді. қаржылық тактика жедел мақсаттарды шешу кезінде стратегиялық құрылымдарды нақтыландырады, яғни қаржыларда және сала экономикасында пайда болатын диспропорцияның және ауытқудың алдын алады.
Қаржылық механизм мемлекетпен көзделген нақты, адрестік нәтижелерде - қоғамдық-экономикалық өмірдің салаларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық игіліктер, қызметтер мен құндылықтар элементтерінің құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың кеңейтілген ұдайы өндірісі қаржылық шараларды жүзеге асырады. Ұдайы өндірістің көптеген нәтижелері экономикалық механизмнің әр түрлі нысандары мен әдістерінің пайда болуына әкеледі.
Демек, қоғамдық формацияның экономикалық заңдылықтарымен анықталатын өндіріс процесі кезінде жабық шеңберлі заңдылық туындайды.
Сондықтан экономикалық саясат пен механизмнің құрамдас бөліктері болып табылатын қаржылық саясат пен қаржылық механизмнен кеңейтілген ұдайы өндірістің қалыпты ағыны байланысты болады. Дұрыс құрылған қаржылық саясат, нақты орныққан, синхронгды түрде жұмыс істейтін қаржылық механизм қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді. Кері тенденция да болады: егер қаржылық саясат толық мөлшерде экономикалық зыңдардың әрекетін есепке алмаса және олармен қарама-қайшылықта болса, онда сәйкес қаржылық механизм ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т. б. өндірістік мүмкіндіктерін пайдалана алмайды. Осындай жағдайда қоғамның дамуы бөгеледі, келеңсіз құбылыстар жинақталады, қоғамға қарсы процестер туындайды.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны болып экономикалық заңдылықтардың әрекетін есепке ала отырып қаржыларды жоспарлы ұйымдастыру және қоғамның даму мақсаттарымен сәйкес табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінің қаржылық саясатының өзінің сипатты белгілері болады, экономика жағдайын ескере отырып әртүрлі мақсаттарды шешеді.
Қаржылық саясаттың барлық әртүрліліг кезінде оның мазмұны келесідей стадияларды жүзеге асыру кезектілігінде көрсетіледі:
- Экономикалық заңдардың әрекеті, экономика жағдайын зерттеу, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы негізінде елде қаржылардың дамуының ғылыми негізделген концепциясын әзірлеу;
- Экономикалық саясат мақсаттары мен міндеттерінен шыға отырып ұаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын жүзеге асыру;
- Қаржылық механизм арқылы көзделген әрекеттерді тәжірибелік енгізу.
Қаржылық саясатпен шешілетін мақсаттар:
А) елдің дамуының әрбір нақты этапы негізінде мүмкін болатын қаржылық ресурстар көлемін құру үшін жағдаймен қамтамасыз ету;
Б) қоғамдық өндіріс салалары, ұлттық шаруашылық секторлары арасындағы қаржылық ресурстарды тиімді тарату және пайдалану, ресурстардың белгілі бір мақсаттарға бағытталуы;
В) экономикалық дамудың көзделген мақсаттарын орындау үшін сәйкес қаржылық механизмді өңдеу, оны үнемі жетілдіру.
Қаржылық саясаттың осы бағдарламаларына және нарыққа өту кезеңіндегі қаржылық жүйе қызметіне сәйкес қажетті қаржылық ресурстарды алуға, олардың бюджетке толық және уақтылы мобилизациясына, әлеуметтік және экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларымен қарастырылған шараларды үздіксіз қаржыландыруға, мемлекеттік материалдық, еңбек және ақша ресурстарын рационалды және мақсатты пайдалануға бақылау жасауға бағытталған. Бұл мақсаттар тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету негізінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын қаржылық қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады.
Жақынырақ мақсат - мемлекеттік бюджеттің баланстандырылуына қол жеткізу және экономиканың тұрақтылығы негізінде ұлттық шаруашылықты қаржылық жандандыру мәселесін шешу.
Қаржылармен басқару дегеніміз белгілі бір қаржылық және экономикалық жүйедегі жетістіктерге жету үшін объектіге мақсатты түрде әсер етудің әдістерінің жиынтығы. Қаржылық жүйеде басқару әдістер, рычагтар, стумалдар мен санкциялар көмегімен қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады.
Адамдардың танымдық, мақсатты бағытталған қызметі ретінде басқару объектьвті заңдылықтарға және экономикалық заңдар талаптарына сай негізделген. Ғылыми танымдарға, осы заңдардың талаптарына жүгіне отырып және оларды пайдалану нысандары мен әдістерін өңдей отырып қоғам мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қаржылар, баға, несие, қоғамдық қатынастар нысандарын басқарады.
Қаржылармен басқарудың екі аспектісі бар:
біріншіден, мемлекет қаржылар, олардың нысандарын экономиканы және әлеуметтік саланы басқару инструменттері мен рычагтары ретінде пайдаланады және осымен бірге қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етеді;
екіншіден, қаржылардың өзері басқару объектісі болып саналады, қаржылық қатынастар нысандары, ақшалай қаражаттар қорлары, қаржылық аппарат, яғни қаржылық мекемелер жүйесі басқарылады.
Қаржыларды басқаруда келесі өзара байланысқан элементтер болады: ақпарат, жоспарлау, ұйымдстыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық ақпарат барлық қаржылық процесетрді негізгі жоспарлау және оперативті бақылау мақсатында шешім қабылдау үшін маңызды орын алады. Ақпараттың маңыздылығы және мерзімділігі оқиғалардың барысын талдауға, олардың тенденцияларын көруге, алдын-ала олардың соңғы нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық ақпарат қаржы жүйесі звеноларымен берілетін бухгалтерлік, статистикалық және оперативті есеп берушілікпен іске асырылады.
Жоспарлау қаржыларды басқарудағы маңызды орынды алады. Ол материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының баланстандырылуын, өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысын, табыстар мен шығыстар байланысын қамтамасыз етуі керек.
Ұйымдастыру - басқарудың барлық звеноларының нақтылығын, қаржылық аппараттың жоғары нәтижелілігін, жұмысшылардың жауапкершіліктерін білдіреді.
Қаржылық реттеу - жоспарлық тапсырмаларды орындау үшін қаржы ресурстарын маневрлеу. Ол белгіленген нәтижелерден әр түрлі ауытқуларды жоюға бағытталған және резервтік қорлар жоспардан жоғары қаржы ресурстары есебінен қызметтің барлық түрдегі пропорциясын қамтамасыз етуге негізделген.
Бақылау қаржылық жоспарлардың орындалуына жоспарлау стадиясында, сонымен қатар ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану процесінде шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде оперативті басқару стадиясында іске асырылады. Оперативті басқару қаржылық ресурстарды қайта тарату көмегімен шығындарды минималды түрде жұмсап, максималды жоғары тиімділікке жету мақсатында және қалыптасатын қаржы жағдайын оперативті талдау негізінде өңделетін шаралар кешені болып табылады.
Қаржылық басқарудың стратегиялық және оперативтік түрлері бар. Қаржылық басқарудың стратегиялық түрі Қазақстан Республикасының Конституциясымен мемлекеттік үкіметтің және басқарудың жоғары органдарына жүктелген. Олар: Парламент, Президент Аппараты, Үкімет, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі.
Қазақстан Республикасының Президенті қаржыларды басқаруда кең өкілеттілікке ие болады. Олар көпшілік жағдайда Президент Аппараты арқылы жүзеге асырылады. Президент жыл сайын Республиканың ішкі және сыртқы саясаты туралы, елдегі ішкі жағдай туралы халыққа жолдау жолдайды, сонымен қатар елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша жарлықтар мен тапсырмалар шығарады, Парламент актілеріне және үкімет инициативасы бойынша шығарлған актілерге қол қояды. Көбінесе валюталық-қаржылық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының келісім-сөздері мен халықаралық келісім-шарттарға қол қоюы арқылы жүргізіледі. Экономика және қаржылардың ішкі мәселелері үкіметтің қызметінің негізгі бағыттары туралы және оның барлық маңызды шешімдері туралы Премьер-министрдің баяндамасын жүйелі тыңдап отыру кезінде анықталады.
Президент үкімет актілерін толығымен алып тастауға және бөлшектеп алып тастауға құқылы. Парламент негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығарады және келесі нормаларға қатысты қағидаларды тағайындайды:
- Салық салу, алымдар және басқа да міндетті төлемдерді бекіту;
- Республикалық бюджет;
- Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік органдар және жергілікті басқару органдары қызметтерін ұйымдастыру;
- Қоршаған ортаны қорғау;
- Меншік және басқа заттай құқықтар режимі.
Қазақстан Республикасын Үкіметінің компетенциясы қаржыларды басқаруда атқарушы орган ретінде оның статусымен анықталады және келесілерден тұрады:
- әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру бойынша стратегиялық және тактикалық шараларды дайындау;
- мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми техникалық бағдарламаларды, индикативті жоспарларды дайындау;
- республикалық бюджетті дайындау және орындалуы;
- елдің қаржылық жүйесін нығайту бойынша шараларды дайындау және жүзеге асыру, мемлекеттік қаржыларды, валюталық және материалдық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану барысындағы заңдылықты қадағалауға бақылау жасауды қамтамасыз ету;
- құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму сұрақтарын шешу;
- сыртқы экономикалық саясатты, басқа мемлекеттермен ынтымақтасу және халықаралық қаржылық ұйымдармен өзара байланысуды жүзеге асыру бойынша шараларды дайындау;
- елдің Конституциясымен анықталған статусқа сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Жалпы мемлекеттік қаржылар қаржы министрлігімен жүзеге асырылады. .
Экономикалық және қвржылық қызмет салаларындағы құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, жұмылдыру және тергеу қаржылық полициямен - орталық Агенттік және территориялық органдардан тұратын құқық қорғау құрылымы ретінде қамтамасыз етіледі. Жалпы олардың міндеттері Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады, оның ішінде салық, кеден алымдары мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, ақша қаражаттарының және басқа да заңсыз жолмен алынған мүліктердің заңсыздығымен байланысты құқық бұзушылықтарды тергеу.
Кеден органдары құрылымы Қазақстан Республикасы кедендік бақылау Агенттігі, облыстың кеден басқармалары, кедендер, кеден бекеттерінен тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz