Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы



1. Микробиологияның даму кезеңдері.
2. Вирусологияның даму тарихы.
Микробиология пəні – ( микро - ұсақ , био - тіршілік , логия-ілім ) жай көзге көрінбейтін, ұсақ , өз алдына зат алмасу жəне көбею процесі бар, бір ғана клеткадан тұратын тіршілік иелерін яғни микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін жəне экологиясын зерттейтін ғылым.
Микробиология ғылымы микроорганизмдердің клеткалық құрылысы мен құрылымын, систематикасын, физиология- биохимиясын, генетикасын, экологиясын, олардың табиғаттағы жəне адам іс- əрекетіндегі ( өміріндегі) рөлін зерттейді.
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 —1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632—1723) есімімен тікелей байланысты. Өз зерттеулерін Левенгук «Антон Ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары» деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822— 1895) өзінің зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Орыс ғалымы Л. С. Ценковский (1822—1887) 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасаған болатын.
И. И. Мечников «фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі» туралы тыңғылықты ілім жасады.
Орыс оқымыстылары Д. К. Заболотный (1866—1929) мен Т. А. Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды.
Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айтарлықтай жетістіктерге жетіп дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес косты.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы.
Жоспар:
1. Микробиологияның даму кезеңдері.
2. Вирусологияның даму тарихы.

1. Микробиологияның даму кезеңдері.
Микробиология пəні - ( микро - ұсақ , био - тіршілік , логия-ілім ) жай көзге көрінбейтін, ұсақ , өз алдына зат алмасу жəне көбею процесі бар, бір ғана клеткадан тұратын тіршілік иелерін яғни микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін жəне экологиясын зерттейтін ғылым.
Микробиология ғылымы микроорганизмдердің клеткалық құрылысы мен құрылымын, систематикасын, физиология- биохимиясын, генетикасын, экологиясын, олардың табиғаттағы жəне адам іс- əрекетіндегі ( өміріндегі) рөлін зерттейді.
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 -- 1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінін байқады.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632 -- 1723) есімімен тікелей байланысты. Өз зерттеулерін Левенгук Антон Ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740 -- 1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде өзінің микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады.Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы француз оқымыстысы Луи Пастер (1822 -- 1895) өзінің зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.
Орыс ғалымы Л. С. Ценковский (1822 -- 1887) 1883 жылы ол сибирь жарасына қарсы вакцина жасаған болатын.
И. И. Мечников фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі туралы тыңғылықты ілім жасады.
Орыс оқымыстылары Д. К. Заболотный (1866 -- 1929) мен Т. А. Тарасевич (1868 -- 1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды.
Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы микробиология да айтарлықтай жетістіктерге жетіп дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес косты.
Микробиология даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады:
1) Эвристикалық (3-4 ғасыр қазіргі эраға дейін -16 ғасыр қазіргі эрада) - " көрінетің əлеммен " қатар " көрінбейтін" де тіршілік етеді . Көзге көрінбейтін жануарлар адамға мұрнынан, аузынан түсіп түрлі аурулар қоздырады .
2) Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы əсеретті.
3) Физиологиялық кезең - Пастер жəне Кох дəуірі .
4) Иммунологиялық кезең - Л. Пастердің вакцинация жұмыстары (ХХ ғасырдың бірінші жартысы).
5) Молекулярлы- генетикалық кезең (1950-1960 жж)-микробиология жəне иммунология жылдам түрде дамуда.
1) Эвристикалық кезең (лат .Evrica-табу,ашу ). Қазіргі дейін мыңжылдықтың III-VI ғ. ғ. - қазіргі эра XVI ғ. - эпидемия пайда болғаның аспандағы құдайдан көрген.)
Бірақ сол кездегі көптеген ғалымдар (Гиппократ, Ибн Сина (Авиценна) жəне т.б.) айтуы бойынша эпидемия кезінде ауада ерекше ауру тамшылар - миазмалар, əр инфекцияның өз тұқымы (кішкентай денешектер) бар.
14 ғасырда оба пандемиясы, 1374 жылы Венецияда бірінші рет карантин шаралары қолданды, қала 40 күнге ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармады .
Бір ғасыр өткен соң осының бəрі ауру себебі, жұқтырылуы Джироламо Фракасторо гипотезасы негізіне жатты. Осы гипотеза бойынша əр ауру кішкентай денешектермен байланысты, науқас адамдарды бөлек (изоляция) емдеу қажет, көп қабатты марлядан жасалған мұрындық ( масқа) кию керек, карантин жасау. Бірақ осы гипотезаны дəлелдеу үшін микробтар əлемін ашу қажет болды.
2) Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы əсеретті.
Микроскоп алғаш рет 1619 жылы Голландияда жасалып шығарылды( Галилео , Р.Гук ). Бұл аспапты одан əрі жетілдірген Афанасий Кирхер болды - өте қарапайым микроскопта ол шіріген етті, шарап сіркесін, сүтті қарап, олардан түрлі организмдерді көрген . Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, одан ерекше құртты көрді.
Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған ( пішінін, түрін жəне қозғалысын ) голл. Ғалымы А. ВанЛевенгук (1632-1723). Ол заттарды 300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық микроскоп жасады . ХІІІ ғасырда микроорганизмдерді көріп, сипаттау жағы көбірек орын алды. Сондықтан бұл кезенді микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға толық болады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д.Самойлович (1724-1810) осы ауру қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дəлелдеді. Сонымен, маңызы зор деректер осы кезде жиналабастады.
3) Физиологиялық кезең - Пастер жəне Кох дəуірі.
Микробиология тарихында Л.Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мəні аса зор.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Европада өнеркəсіптік капитализм дамыды. Л. Пастердің 1857 ж. Ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды - аэробты жəне анаэробты жағдайда микроорганизмдер əсерінен химиялық заттардың бір түрі басқа түрге айналатынын байқады. Микроорганизмдердің қасиеті мен түріне байланысты қанттар спиртке немесе сүт қышқылына, ал спирт сірке қышқылына айналатынын дəлелдеді. 1860 ж.тіршіліктің өздігінен пайда болуы деген ұғымға үзілді кесілді соққы беруі маңызды болды. 1868 ж. Жібекқұртының індетін ашты. Ал 1885 жылы құтыру ауруының табиғатын зерттеп, қоздырғышын ашты, одан сақтанудың жолдарын көрсетіп берді.
1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін микроорганизмдерден вакцина жасады .
Сібір жарасы ( топалаң) микробын тауып, бөліп алып , зерттеген Л. Пастер , ал одан кейін Роберт Кох (1843-1910) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері
Микробиологияның даму кезеңдері
Иммунологиялық кезең
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Жалпы микробиология негіздері
Трансмисивті инфекция қоздырғыштары
Биология ғылымының жетістіктері
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Пәндер