Ветеринариялық-санитариялық қолайсыз аймақтардағы және эпизоотиялық ошақтардағы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу


Ветеринариялық-санитариялық қолайсыз аймақтардағы және эпизоотиялық ошақтардағы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу
Жоспарлау - ветеринарлық істі басқарудың маңызды қызметтерінің бірі, ұйымдастырудың қажетті бір бөлігі. Ветеринарлық шараларды ұйымдастыру еліміздің мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтерінің барлық тізбектеріне міндетті болып табылады.
Ветеринариядағы жоспарлау нысандарына жататындары: жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының алдын-алу; жұқпайтын аурулардың алдын алу; материалды- техникалық қамтылу мен қаржыландыру; ветеринарлық ғылымды дамыту және оның жетістіктерін тәжірибеге ендіру; кадрлар даярлау; ветеринарлық мекемелер жүйесін дамыту.
Ветеринария бойынша жоспарлар құрастырғанда мыналар ескеріліді: ветеринарлық шаралар жоспарлары малшаруашылығы дамуына ықпал етуі керек; жоспарлар ветеринариялық статистиканың бірқатар жылдардағы мәліметтеріне сүйенеді; жоспарлау үшін малшаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің жан-жақты бағалануы мен өткен жылдардағы шаралар тиімділігіне баға берілуі ескерлуі тиіс; барлық жоспарланатын жұмыс түрлері нақты сандық мәлімделген, орындалуының күнтізбелік мерзімі межеленген болуы қажет; ветеринарлық жоспарлар орындалынатындай болуы керек, яғни жұмыс күші мен құралдармен қамтылған болуы керек /кадрлық, материалды- техникалық және қаржы көздерімен/.
Жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ЖАО шешім қабылдайды.
Карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу, жануарлардың жұпалы аурулары тізбесіне енгізілген аурулар бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 болып тіркелген) .
Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қоса алғандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шаралардың тізімін, ретін және мерзімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық бөлімшесі мен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы бірлесіп, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою бойынша іс-шараларының жоспарын (бұдан әрі-іс-шаралар жоспары) әзірлейді.
Іс-шаралар жоспары кесте түрінде, реттік нөмірлерін, іс-шаралар атауын, орындалу мерзімдерін, жауапты тұлғалар мен орындаушыларды көрсете отырып құрылады.
Қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
Эпизоотиялық ошақ пен бақылау аймағында лажсыз (ағымдағы және қорытынды) залалсыздандыру жүргізіледі.
Ағымдағы залалсыздандыруды ауру пайда болған уақыттан кейін, жаңадан ауырған жануар анықталған жағдайда, сондай-ақ жануарларды кезекті зерттеуден кейін, жүйелі түрде (әр аурудың мерзіміне байланысты) жүргізіледі.
Карантинді немесе шектеу iс-шараларын алардың алдында қорытынды залалсыздандыру жүргізіледі.
Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған республикалық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринариялық қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалар, ветеринариялық бөлімшелермен бірлесе отырып, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бақылауымен жүзеге асырады.
Эпизоотиялық ошақтағы және бақылау аймағы мен буферлік аймақты қосқандағы қолайсыз пункттердегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімімен ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан ветеринариялық препараттарды бөледі.
Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіптілік дәрежесіне байланысты Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жатады (бұдан әрі - Алып қою қағидалары) .
Жеке және заңды тұлғаларға Алып қою қағидалары Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес олардың құны өтеледі.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен карантинді немесе шектеу iс-шараларын алу туралы шешім қабылданады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО шешімімен карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында қарастырылған жағдайларда, уәкілетті орган шектеу шараларын белгілейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz