Шаруашылық субъектідегі парагрипп-3 ауруы



1. Жалпы сипаттама
2. Індеттік ерекшеліктер
3. Диагностикасы
4. Емі
5. Парагрипп.3 ауруының алдын алу шаралары
6. Шаруашылық субъектідегі парагрипп.3 ауруын жою шаралары
Ірі қара малдың парагрипі /орыс. парагрипп крупного рогатого скота, лат. Раragrippus bоvит, ағыл. Раrainfluenza-3/ - негізінен жас малда болатын, ыстығы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Ірі қара малдың парагриппі (ПГ-3, параинфлуэнца-3, көліктік қызба) контагиозды вирус қоздыратын жоғарғы тыныс жолдары мен көз конъюктивасы қабынып тез тарайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы- парамиксовирус, сыртқы ортада төзімсіз. Парагрипп вирустары адамдар мен жануарларды ауыртатын төрт серологиялық топқа бөлінеді. Сиыр қоздырғышы 3-ші топқа жатады, сондықтан парагрипп-3 (ПГ-3) деп аталады.
Ауру мал шаруашылығы дамыған мемлекеттерде тіркеледі. Ауру аэрогендік, ас қорыту жолдарымен беріледі. Малдар жыл бойы ауруы мүмкін, жиі күз бен қыс мерзімдерінде. Бірнеше вирустар мен бактериялар, микоплазмалар мен хламидиялар әсер еткенде ауру өте ауыр өтеді де өлімге әкеп соғады. Жасырын кезеңі 2-5 күн. Негізгі ауру белгілері: аз уақыт қызба пайда болады, құрғақ жөтел мен тынысы жиілеп сырылдап шығады, танауынан бастапқыда кілегейлі, соңынан ірің араласқан сора ағады. Аурудың клиникалық белгілерінің байқалуына стресс факторлары, әсіресе, көлікпен тасымалдау және қорада тығыз ұстау, әртүрлі иммунитет фонына қарамай малдарды бір жерге жинау әсер етеді.
Өлексені жарып-сойғанда жоғарғы тыныс жолдарында кілегейлі қабықтарының қатарлы қабынуы, өкпенің алдыңғы, немесе ортаңғы, сирекірек соңғы диафрагмалық бөліктерінің қабынуы байқалады. Қабынған телімдер тығызданып, түрі күңгірттеніп, тілгенде бронха айналысындағы және бөлік аралық ұлпа қабынып, бронхалардың ішінде кілегейлі, немесе кілегейлі-іріңді экссудат болады.
Парагрипп-3 ауруының басты ерекшелігі 1-2 апта ішінде бейім жануарларды түгелдей дерлік қамтиды.
Шаруашылық субъектілердегі малдардың эпизоотиялық жағдайын білу үшін жыл сайын көктем мен күз мерзімдерінде 5% малдан қан алып оның сарсуындағы вирусқа қарсы түзілетін антитело көлемін тексереді.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Жалпы сипаттама
2. Індеттік ерекшеліктер
3. Диагностикасы
4. Емі
5. Парагрипп-3 ауруының алдын алу шаралары
6. Шаруашылық субъектідегі парагрипп-3 ауруын жою шаралары

Ірі қара малдың парагрипп 3
1. Жалпы сипаттама
Ірі қара малдың парагрипі орыс. парагрипп крупного рогатого скота, лат. Раragrippus bоvит, ағыл. Раrainfluenza-3 - негізінен жас малда болатын, ыстығы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Ірі қара малдың парагриппі (ПГ-3, параинфлуэнца-3, көліктік қызба) контагиозды вирус қоздыратын жоғарғы тыныс жолдары мен көз конъюктивасы қабынып тез тарайтын жұқпалы ауру. Қоздырғышы- парамиксовирус, сыртқы ортада төзімсіз. Парагрипп вирустары адамдар мен жануарларды ауыртатын төрт серологиялық топқа бөлінеді. Сиыр қоздырғышы 3-ші топқа жатады, сондықтан парагрипп-3 (ПГ-3) деп аталады.
Ауру мал шаруашылығы дамыған мемлекеттерде тіркеледі. Ауру аэрогендік, ас қорыту жолдарымен беріледі. Малдар жыл бойы ауруы мүмкін, жиі күз бен қыс мерзімдерінде. Бірнеше вирустар мен бактериялар, микоплазмалар мен хламидиялар әсер еткенде ауру өте ауыр өтеді де өлімге әкеп соғады. Жасырын кезеңі 2-5 күн. Негізгі ауру белгілері: аз уақыт қызба пайда болады, құрғақ жөтел мен тынысы жиілеп сырылдап шығады, танауынан бастапқыда кілегейлі, соңынан ірің араласқан сора ағады. Аурудың клиникалық белгілерінің байқалуына стресс факторлары, әсіресе, көлікпен тасымалдау және қорада тығыз ұстау, әртүрлі иммунитет фонына қарамай малдарды бір жерге жинау әсер етеді.
Өлексені жарып-сойғанда жоғарғы тыныс жолдарында кілегейлі қабықтарының қатарлы қабынуы, өкпенің алдыңғы, немесе ортаңғы, сирекірек соңғы диафрагмалық бөліктерінің қабынуы байқалады. Қабынған телімдер тығызданып, түрі күңгірттеніп, тілгенде бронха айналысындағы және бөлік аралық ұлпа қабынып, бронхалардың ішінде кілегейлі, немесе кілегейлі-іріңді экссудат болады.
Парагрипп-3 ауруының басты ерекшелігі 1-2 апта ішінде бейім жануарларды түгелдей дерлік қамтиды.
Шаруашылық субъектілердегі малдардың эпизоотиялық жағдайын білу үшін жыл сайын көктем мен күз мерзімдерінде 5% малдан қан алып оның сарсуындағы вирусқа қарсы түзілетін антитело көлемін тексереді.
3. Парагрипп-3 ауруының эпизоотиялық жағдайына қарай шаруашылық субъектілерді келесі топқа бөледі:
ауру қоздырғышы жоқ және парагрипп-3 ауруына тексергенде оң нәтиже берген малы жоқ субъектілер;
қолайлы, бірақ парагрипп-3-ке серологиялық тексергенде оң нәтиже берген малы бар шаруашылық субъектілер;
ПГ-3 ауруының клиникалық белгілері бар шаруашылықтар.
Тарихи деректср. Алғаш рет АҚШ-та 1932 ж. Скот пен Тарлей ауруды сипаттады, коздырушы вирусты 1958 ж. Чанок пен серіктестері бөліп алды. 1959 ж. Рейзенгер мен Хедделстон бұл вирустың антигендік кұрамы жағынан адамнын парагрипп-3 вирусымен ұксас екенін анықтады. Ауруды алғашқыда анықтаған зерттеушілер этиологиялық фактор ретінда пастереллаларға айрықша мән берген болатын, кейінгі кезде бұл микроб аурудың негізгі қоздырушысы емес, оның асқынып, өлім көрсеткішінің жоғарылауының себепкері екені айкындалды. Ауру бордақылайтын малды тасымалдаған кезде жиі байқалатын болғандықтан көліктік қызба деп аталды. Кейіннен бұзаулар мен тайыншаларды өндірістік кешендерде өсіріп, бордақылайтын елдердің көбінде бұл аурудың кең тарайтындығы белгілі болды.
Қоздырушысы - Рагаіпflиеnzа 3 Ьоvіпе раrатіхоvіrиs парамиксови- рустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын құрамында РНҚ бар вирус. Парамиксовирустар тұқымдастығының адамның паротит пен парагрипп-3, кемірушілердің, маймыл мен құстың парагрипп вирустары мен құстың ньюкасл ауруының қоздырушылармен морфологиялық жағынан айырмашылығы болмағанмен антигендік құрамы бойынша өзгешелігі бар. Антигендік құрамы тұрақты, баска елдерде бөлініп алынған вирус АҚШ-тағы эталондық прототипімен тақылеттес.
Төзімділігі. Парагрипптің вирусы сыртқы ортада төзімсіз, жоғары температура мен ультракүлгін сәулесінің әсерінен тез күшін жояды. 56° С-та 1 сағ., 37° С-та 5 сағ. өледі. Ал төменгі температурада ұзақ сақталады. 4 мәрте қатырып жібіткеңде зардаптьлығын сақтайды. Қышкыл ортада төзімсіз, рН 3,4 тез күшін жояды. Әдеттегі дезинфектанттар зарарсыздандыру үшін толык жарамды.
2. Індеттік ерекшеліктері
Әдетте 10 күннен 1 жасқа дейін, сирегірек 1 жастан асқан жас малдар ауырады. Ересек жануарлар ауруға шалдыққан кезде жеңіл ғана ауырып, тез жазылады. Ауруға сонымен қатар қой, ешкі және түйе шалдығады. Қойдын арасыңда ауру кең таралған жағдайда сиырға арналған вакцинамен егу ұсынылады. Парагрипптің вирусының сиырдың ауруына тән штамы буйволдан, жылқыдан, иттен, егеуқұйрықтан бөлінгендігі туралы мәліметтер бар.Аурудың қоздырушысының бастауы - ауырған мал. Әр түрлі жастағы сау ірі қараның арасында вирус алып жүру кең тараған 80-100 %-ке дейін жетеді. Сондықтан індеттің тұтануына қолайсыз жағдайлар - шоғырландыру, тасымалдау, тұрған қорасының жағымсыз микроклиматы, әсіресе ылғалды суық ауа, зиянды газдар басқа да стресс-факторлар зорәсер етеді.Вирус негізінен аэрогендік жолмен жұғады, алиментарлық және жыныс жолымен де беріледі. Аурудың байқалуына жануарлардың иммунитет ақуалы, әсіресе бұзаулардың енесінен уыз арқылы алған антиденелердің манызы зор. Ірі кешендерде малды әртүрлі шаруашылықтан жинағанда, бастапқы 2 апта ішінде індет тез тұтанады. Сондықтан аурудың аддын алу үшін кешендерге малды үздік-создық әкелмей, тез арада, 2-3 күннен асырмай, толтыру керек. Бұл жағдайда "бос - бос емес" ережесін бұлжытпай орындау қажет, өйткені әрбір жаңадан әкелінген мал аурудың шығуына себепкер болады. Індет шыға қалғанда, егер малға жасалынған жағдай нашар болса, қысқа уақытта ауру көрсеткіші жоғары деңгейге 70 %-ке дейін жетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3 % шамасында, бірақ кей жағдайда 20 %-ке дейін болуы мүмкін.
Дерттенуі. Парагриптінң вирусы тыныс жолдарына тікелей жағымсыз әсер етеді. Танау қуысына және баска тыныс жолдарына түскенде вирион эпителий торшаларына енеді де, тез көбейіп, кілегейлі қабықтың бетіне бөлініп шығады. Нейраминидаза, гемагтлютинин сияқты факторлардың әсерінен кілегейлі қабықтың тосқауьлдық қорғаныс қабілеті нашарлап, қосалқы микробтардың зиянды ықпалы күшейеді. Бүркеніш эпителиі зақымданып, тыныс жолдарында қабыну процестері туындайды. Тыныс жолдарыңдағы микробтар күшейіп, зардаптылық белсенділігі артады. Зақымдану процесінің, өкпе ағзасы мен тыныс жолдарының қабынуы ауруды өршітуге қатысқан микробтардың ерекшеліктеріне байланысты. Пастереллалар болған жағдайда фибринді пневмония, ал микрофлорада коктар басым болғанда катарлы ірінді пневмония байқалады. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1-5 күн. Клиникалық байкалуы белгілі дәрежеде әртүрлі стресс-факторлардың әсері мен қосалқы микробтарға байланысты. Ауру өте жіті, жіті, жітіден төмен және созылмалы түрде өтеді. Өте жіті парагрипп 6 айға дейінгі бұзауларда кездеседі де, белгілері байқалған күні-ақ өліммен аяқталады. Өйткенменде ауру негізінен жіті -өтеді, ал инфекцияның солғын байқалған кезінде, қосалқы микробтар қабаттасып, жітіден төмен немесе созылмалы сипатталады. Негізгі белгілері: ауырған бұзаудың ыстығы 40-41,5° С-ге көтеріліп, бұл деңгейде алғашқы 2-4 күн бойы сақталады. Жануардың кетеуі кетіп, жүні сабалақтанып, ұйпаланады. 2 күннен кейін құрғақ жөтел пайда болып, тынысы сырылдап шығады. Танауынан бастапқыда кілегейлі, соңынан ірің араласқан сора ағады. Көп жағдайда ауру бұзаудың көзінен жас, аузынан сілекей ағады. Ауру сәтті өткенде аталған клиникалық белгілері 1-2 аптаның ішінде басылады.Парагрипп асқынған шақта өкпе мен оның пердесі зақымданады да, созылмалы бронхопневмонияға ұласады. Кейде энтериттің белгілері де байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Негізінен жоғарғы тыныс жолдарында кілегейлі қабықтарының катарлы қабынуы байқалады. Тыныс жолдарында созылмалы қоймалжың сұйық жиналады, кілегейқабықтарының кейбір тұстары ошарланып қанталайды. Жұткыншақ, жақасты, кеудеаралық сөл түйіндері ісініп, ылғалданып, қызарады. Өкпенің алдыңғы немесе ортаңғы, сирек жағдайда соңғы диафрагмалық бөлігі қабынады. Қабынған телімдер тығызданып, түрі күңгірттеніп, тілгенде бронха айналасындағы және бөлік аралық ұлпа қабынып, бронхалардың ішінде кілегейлі, немесе кілегейлі-ірінді экссудат болады. Крупозды қабыну болғанда өкпе ұлпасы тығызданып, кескенде аламыштанып тұрады, ал өкпе пердесінде көп жағдайда фибринді қабыршақ болады.
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Ауру ағымы және клиникалық белгілері
Вирустық респирациялы жедел инфекциялар
Тұмау
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Жедел пневмония
Оба тектес қоздырғышы
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Ауыл шаруашылық малдарының кеселге шалдығуы
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Пәндер