Тыныс жүйесін зерттеу


Тақырыбы: Тыныс жүйесін зерттеу.
Жоспар:
- Тыныс алу қозғалыстарын зерттеу
- Жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесі
- Тыныс алу аритмиялары
- Ентігу. Малдардағы перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері
- Негізгі тыныс алу шулары
Тыныс алу жүйесiн зерттеудi жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпенi тыңдауымен аяқтайды. Қажет болса, қосымша зерттеулер жасайды (плегафония, рентгенография, торакоңентез) . Шығарылған ауаны зерттеген кезде ауа ағысының күшiн, температурасын, иiсiн, бөгде шуларын және өзгеруiн анықтайды. Анықтаған кезде екi алақанды малдың мұрыннан шыққан ауа ағымына тосып жүргiзедi. Зерттеудi мынадай үлгi арқылы сипаттайды: шығарылған ауаның симметриялылығын (екi жағынан бiрдей немесе бiр кеңсiрiктен), қалыптылығын (бiрқалыпты немесе ауық-ауық), шығарылған ауаның температурасын (жылы, ыстық, суың), шығарылған ауаның иiсiн (тән, тән емес, шiрiк иiс, ихорозды, ацетон иiсi, қышқыл иiс, аммиак иiсi), шығарылған ауаның шуылдарын анықтайды (қалыпты жағдайда естiлмейдi немесе бөтен зат көрген кезде пырылдау дыбыстары байңалады) . Патологиялық шуылдарға пырылдау, пысылдау және стридор дыбыстары жатады (стридор - кеңсiрiк, өңеш, кеңiрдек, бронхылар тарылғанда пайда болатын ысқы- рық, ысыл тәрiздi, стенозды дыбыстар) .
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеу . Тыныстану қозғалыстарын зерттеген кезде олардың түрiне, ырғақтығына, күшiне, симметриялығына және 1 минуттағы жиiлiгiне назар аудару қажет. Демiкпе (диспноэ) пайда болса, оның түрiн анықтау (инспирациялық, экспирациялық) қажет. Құрсақты (абдомендi) демалу қозғалыстары плевритте, созылмалы алвеолярлы эмфиземеда, қабырғалардың сынуында кездеседi. Бұл тыныс алу түрi тағы шошқа обасы, геморрагиялық септицемия және энзоотикалық бронхопневмонияда байқалады. Сау малдың тыныс алу қозғалыстарының жиiлiгi (1 мин) : жылқыда - 8-16, iрi қара малда - 10-30, үсақ малда - 13-16, түйеде- 5-12, бүғыдa-8-16, итте- 10-30, шошқада - 10-20, қоянда - 50-60, мысықта - 20-30, құстарда - 15-30. Қозғалыстардың жиiлiгiне малдың жынысы, жасы, түқымы және қоңдылығы, сонымен қатар сыртқы температура мен ауаның ылғалдығы, малдың буаздығы, жүмысңа жегiлуi, т. б. эсер етедi. Патология кезiнде тыныс алу қозғалыстары бәсеңдейдi немесе жиiленедi (көбейедi) . Тыныс алу қозғалыстарының жиiлеуi полипноэ, бәсеңдеуi олигопноэ деп аталады. Полипноэ өкпе (пневмония, бронхит, iсуi, қатерлi iсiктер), плевра (плеврит) және қүрсақ қуысының iшкi қысымы көбейген кезде болады. Олигопноэ iрi бронх, кеңiрдектiң тарылуында, бас сүйегiнiң iшкi қысымы жоғарылаған кезде, гастрит, аңетонемия, т. б. ауруларда пайда болады. Дем алудың тереңдiгiн қалыпты жағдайда дем шығару мен дем кiргiзу көлемiне сүйенiп анықтайды. Yстiртiн дем алу полипноэмен қатар кездеседi. Бұл кезде демдi iшке тарту мен шығару қысқа болады. Терең демалуда патологиялың бәсеңдеу демалысы байқалады. Өкпенiц перкуссиясы. Өкпенiң перкуссиясын өкпе шекараларын және перкуторлы дыбыстардың қасиетiн анықтау үшiн жасайды. Iрi малда инструменталдi перкуссияны (плессиметр, балғашық арқылы), үсаң малда дигитальдi (саусақ арқылы) перкуссияны қолданады. Топографиялық перкус- сияның мақсаты - өкпенiң шекараларын аныңтау. Бүл перкуссияны легато тәсiл мен, әлсiз соққылап жасайды. Салыстырмалы перкуссияның маңсаты - өкпенiң және плевраның физикалық өзгерiстерiн айыру. Бүл перкуссияны қысқаша, стокатто әдiспен iске асырады. Перкуссияны қабырға аралығымен үстiнен төмен қарай өткiзедi. Сау малда өкпенiң перкуторлы дыбысы - анық, үзаңқа созылған, төмен, атимпаникалық.
Жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесі:
а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау; б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру; в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау; г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру; д) жылқы ауақабын тексеру; е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру; ж) жөтел мен қақырықты тексеру; з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.
Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады) . Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі. Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі - бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады. Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне, жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде -глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы) .
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық), иттер мен терісі бағалы аңдарда - кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т. б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады. Палипноэ - өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі . Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т. б. ауруларда болады. Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз - дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу . Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ) - тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді. Инсператорлық ентігу - дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т. б. ауруларда болады. Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады. Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т. б. өзгерістерді анықтайды.
Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды. Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.
Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол үш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.
Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.
Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония) .
2. Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония) .
3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz