Шошқалардың африкалық обасы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ

(Pestis africana suum)

Шошқалардың африкалық обасы - жиі жағдайда жіті ағымда өтетін, қызбамен, септицемиямен, токсикозбен, тері цианозымен, геморрагиялық диатезбен, лимфоиты ұлпаларының некробиозымен сипатталатын және шошқалардың өлімімен аяқталатын аса жұғымтал вирустық ауру.

Ауру қоздырушысы ДНҚ-лы бар вирустар тобына, Iridoviridae тұқымдастығына жатады. Шошқалардың африкалық обасы вирусының құрамында топқа тән комплементті байланыстыратын, преципитиндейтін және түрге тән гемадсорбцияны тудыратын антигендері бар. Бұл вирусты 1921 жылы алғаш рет Монтгомери анықтаған. Вирус пішіні икосаэдрге ұқсас, көлемі 175-215 нм болады.

Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мұздатуға және қоршаған ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді. Вирус нәжісте, топырақта және етте 5-6 ай, өлекседе 2, 5 ай, +37 о С-де 15-30 күн, +5 о С-де 5-7 жыл бойы сақталады. +56 о С-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін шыдайды. Вирус қышқылды және сілтілі орталарға төзімді келеді. Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттардың әсерінен вирустар 4 сағаттан кейін инактивацияланады.

Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға, шошқалардың классикалық обасына қарсы иммунделген және иммунделмеген жануарларға жұқтыру арқылы және серологиялық реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ, гемадсорбция реакциясы) анықтауға негізделген.

Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 22 күнге дейін созылады. Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен даму процесінің жылдамдығына қарай ауру өте жіті, жіті, жітілеу, созылмалы және латентті ағымда өтеді.

Өте жіті ағымында шошқалардың дене қызуы 40, 5-42, 5 о С-ге дейін көтеріледі, демікпе, жөтелу, шөлдеу сияқты белгілер байқалады, 1-2 тәуліктен кейін дене қызуы төмендейді, артқы аяқтары салданып, аурудың 2-3-ші тәулігінде жануарлар өлімге ұшырайды.

Жіті ағымда шошқалардың дене қызуы көтеріледі, мұрыны мен көзінен серозды-кілегейлі сұйықтықтар бөлінеді, қабақтары ісінеді, қан аралас іші өтеді, құсады, өкпенің қабынуы байқалады, жөтеледі. Құлақ, тұмсық, көкірек және қарын аумақтары көгеріп, кейіннен сол жерлеріне қан құйылады. Өлуіне 1-2 күн қалған кейбір жануарларда паралич, кератит, менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге созылып, өліммен аяқталады. Үй шошқаларының өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді.

Жітілеу ағымы 15-45 күнге созылады. ауру белгілері жіті ағымдағыдай болып, жануарлардың 30-70%-ы өлімге ұшырайды. Осыдан тірі қалған шошқаларда ауру созылмалы түрге ауысады.

Аурудың созылмалы ағымы бірнеше айға созылады. Шошқалар біртіндеп арықтайды, бойлары өспейді, перикардит, бронхопневмония, артрит байқалады. Аяқтарының, басының, арқасының терілері некрозға ұшырайды. Некрозға ұшыраған құлақтары түсіп қалады. Жақтың тері асты клетчаткалары мен лимфа бездері ісінген болады. Қатты жүдеген жануарлар өліп қалады, ал тірі қалғандары вирус тасымалдаушыларға айналады.

Латентті ағымдағы шошқаларда аурудың клиникалық белгілері байқалмай, вирус тасымалдаушы, яғни шошқалардың африкандық оба қоздырушысын сыртқы ортаға таратушыларға айналып, сау жануарларды ауруға шалдықтырады.

Патогенезі: Шошқаның африкалық обасының вирусы шошқа ағзасына негізінен жоғары тыныс жолдары, өкпе, конъюктива, зақымдалған тері және ас қорту жолының кілегей қабықтары арқылы енеді. Ағзада вирус лимфа және қан тамырлары арқылы тез тарайды. Токсико-инфекциялық қасиетке ие бола отырып, бірінші кезекте лимфоидты ұлпаға, кемік майына және қан тамырларына тез әсер етеді.

Тамырлар зақымдалу жолына тәуелсіз зақымдалады, олар үшін эндотелия торшаларының альтерациясы болатын қабырғаларының некрозы және фибриноидты ісінулер тән. Нәтежиесінде олардың күресу функциясы бұзылады, тамырлардың өткізгіштігі көтеріледі және іркілген құбылыстар, тромбоз, плазморрагия, геморрагиялық диатез, гипоксия, паренхиатозды ағзалардағы некробиотикалық және дистрофиялық үрдістер дамиды. Бұл өзгерістер вирус әсер етуіне ғана емес, сондай-ақ ұлпалардағы зат алмасудың бұзылуы нәтежиесінде түзілген токсинді өнімдердің әсеріне негізделген.

Шошқаның африкалық обасына тән перивериялық қандағы, кемік майындағы, паренхиатозды және лимфоидты ағзалардағы эозинофильдердің мөлшерініі ұлғаюының пайды болуықан айналымының ауыр бұзылуына сәйкес аллергия ретінде қарастырылады. Бұл шошқаның африкалық обасына тән өзгерістерді көрсетеді: мукоидты ісіні, тамыр қабырғаларының фибриноидты ісінуі, серозды-геморрагиялық гломерулонефрит және басқалары. Лимфоидты ұлпалар мен басқада ағзаларда қайтымсыз өзгерістердің дамуы жануардың өліміне және қорғаныс - компенсаторлы механизімнің жеткіліксіздігіне әкеп соқтырады.

Патологоанатомиялық балауы. Шошқалардың африкалық обасыннан өлген шошқалардың ретикулоэндотелиальды жүйесі қатты зақымдалған, геморрагиялық диатез, түрлі органдарда дистрофиялық және некротикалық ошақтарды байқалады. Өлексенің сіресіп қалуы тез дамиды және анық көрінеді. Ауыздың жыныс мүшелері мен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары, терілерінің кейбір жерлері көкшілденіп, жаппай қанталаған. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат жиналған. Лимфа бездері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе гематома кездеседі. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды. Өкпенің домбығуы байқалады. Бүйрек қанға толы, бауыр мен өт қабы ұлғайған. Тері асты шелі, құрсақ қуысындағы органдардың және шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған қанға толы болады.

Дифференциалдық балауы. Шошқалардың африкалық обасын шошқаның классикалық обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден, сальмонеллезден, сібір жарасынан және кез келген уланудан ажырату қажет. Шошқалардың африкалық обасын классикалық обадан ажырату үшін міндетті түрде вирус жұқтырылған шошқаның лейкоцитарлық өсінділерін гемадсорбция реакциясымен зерттейді. Себебі, классикалық обада вирустар гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы гемадсорбцияланады.

Зертханалық балауы. Зерттеуге қажетті материал ретінде шошқалардың дене қызуының алғашқы көтерілуі кезінде алынған қан үлгілері (1:10 қатынасында гепарин қосылған), көк бауыр, бүйрек, лимфа бездері мен ауру және сауығып келе жатқан жануарлардың қан сарысулары алынады. Патологиялық материалдар +4 о С-де сақталады.

Вирустарды өсіру . Шошқалардың африкалық оба вирусын бөліп алу үшін шошқа моноциттерінен, жілік майы жасушаларынан алынған алғашқы жасуша өсінділері қолданылады. Вируспен зақымдалған жасушалар сопақша келіп, көлемі ұлғаяды, сосын көп ядролы жасушалар пайда болады. Сонымен қатар вирустарды тауық эмбриондарында және 3-4 айлық торайлардың, қозылардың және қояндардың организмінде өсіруге болады.

Биосынама АӨК мемлекеттік инспекциясы Комитетінің рұқсатымен 2-4 айлық торайларға қойылады. Егер вирус жұқтырылған жануарлар ауруға шалдықса немесе өлімге ұшыраса бұл індеттің балауы деп есептеледі.

Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Вирустардың индикациясында жасуша өсінділерін гемадсорбциялау реакциясы, идентификациясында иммунофлуоресценция, комплементті байланыстыру, диффузиялық преципитация реакциялары және иммунды ферменттік талдау әдістері қолданылады.

Шошқалардың африкалық обасының диагнозын бірінші кезекте тілмеден, пастереллезден және классикалық обадан ажырату қажет.

Классикалық обаның африкалық обадан айырмашылығы геморрагиялық диатез әлсіз байқалады, көкбауыры ұлғаймайды және онда жиектік инфарктідер орын алады, Ішектегі ошағы дифтериялық қабынуға ұшырайды - бутондар мен ойық жаралар.

Пастереллез кезінде негізгі ерекшелендіретін белгілері: жұтқыншақ, мойын, аумағындағы тері асты клечаткаларының серозды немесе серозды - геморрагялық ісінуі, екі жақтық крупозды-некрозды плевропневмония (кеуделік формасы кезінде), серозды лимфаденит, көбауыр сәл ұлғайған.

Шошқа тілмесі кезінде: серозды дерматит, серозды лимфаденит, өткір катаральді гатрит, эндокарлит, артриттер, тері некрозы (созылмалы ағымы кезінде) .

Шошқаның африкалық обасын ажыратып балау кезінде ақырғы диагнозы эпизоотологиялық мәліметтер, вирусологиялық зерттеулер негізінде қойылады.

Шошқаның африкалық обасы қоздырғышының
енуінің алдын алу іс-шаралары

4. Қазақстан Республикасы аумағында шошқаның африкалық обасы қоздырғышының енуінің алдын алу мақсатында тиым салынады:
1) Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасынан таза емес мемлекеттерден үй және жабайы жануарларды, олардың өнімдерінің барлық түрлерін және жем-шөптік азықтарын әкелуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлік иелеріне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасынан таза емес шет мемлекеттерден сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын өнімдерін (консервілерден басқа) әкелуге;
3) кемеден, әуе көлігінен, поездан, автокөліктерден және басқа да көліктерден, азық қалдықтары мен қоқыстарды теңіз порттары аумағына, темір жол және тас жол бойына төгіп тастауға. Шошқаның африкалық обасымен ауырған таза емес мемлекеттерден келген кемедегі лас су қалдықтары залалсыздандырылады. Ет, ет өнімдерін сақтайтын тоңазытқыш камераларды және теңіз, өзен кемелеріндегі қоймалары жағалауына тоқтап тұру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы тоқтап тұру мезгілі біткенше пломбалап бекітіп қояды;
4) шекара темір жол станциясы, өзен, теңіз аумақтарында және халықаралық әуе қатынасы аумағында шошқаларды ұстап тұруға.

5. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттері жергілікті ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, шет елдерден келген кемеден, әуе көлігінен, поездан, автокөліктерден, вагон-ресторандардан, рефрижераторлардан және басқа да көліктерден, түсірілген азық қалдықтарын жинауды және залалсыздандыруды шошқаның африкалық обасының таралған немесе таралмағанына қарамастан, ұйымдастырылуы тиіс. Бұл қалдықтар, қаланың күл-қоқыс орындарынан бөлек арнайы жабдықталған жерлерде, қаланың (ауданның) бас ветеринариялық инспекторы мен санитариялық-эпидемиялық бақылаушылардың келісімімен өртеу арқылы жойылады.

6. Шет елдерден келген жолаушылардың, экипаждардың жүктерін, қол жүктерін, халықаралық почта-байланыс жүктерін және қол жүктерін (Шошқаның африкалық обасына қолайсыз елдерден) кеден қызметкерлері тексереді, егер сол жүктердің ішінде мемлекеттік ветеринариялық объектілер бар болған жағдайда, тиісті шаралар қолдану үшін, теңіз, өзен және әуе порттарында, шекаралық темір жол станцияларында орналасқан шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерінің ветеринариялық мамандарына хабарлайды.

7. Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде шошқаның африкалық обасы шыққан жағдайда және Қазақстан Республикасына вирустың енуіне қауіп төнген кезде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошағы пайда болған кезде, жергілікті облыстық, аудандық (қалалық) атқару органдары шошқаның африкалық обасына қарсы күресу үшін арнайы комиссия құрады. Комиссия құрамына, ауруды жою және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және атқару үшін, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері кіреді.

8. Қазақстан Республикасымен шекаралас елді мекенде, шошқаның африкалық обасы шыға қалған жағдайда облыстық, аудандық (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары шекаралас барлық елді мекендерді, шошқа шаруашылықтарын, мал иелеріне, мал өнімдерін өңдейтін мекемелердің басшыларына және халықты тамақтандыратын мекемелердің басшыларына аурудың қауіпті екендігін және одан құтылудың жолдарын, Қазақстан Республикасы аумағында вирустың енуін болдырмауды кеңінен түсіндіреді.

3. Шошқаның африкалық обасы ауруына күдіктенген
жағдайда атқарылатын іс-шаралар

9. Шаруашылық субъектісінде шошқаның африкалық обасы ауруына күдіктенген жағдайда, сол ауылдық округте, ауылда, қалада қызмет көрсететін ветеринариялық маман, жедел түрде ауылдық округтің ветеринариялық инспекторына және ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына ауру шығуы жөнінде хабарлайды.

10. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, шошқаның африкалық обасына күдік бар деген хабарды алғаннан кейін, сол жерге таза емес пунктке эпизоотиялық тексеріс жүргізуге және эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтауға жедел түрде жетіп, эпизоотияға қарсы келесі шараларды қолдануы тиіс:
1) ауруға күдікті және ауырған шошқаларды сол орнында оқшаулау;
2) жануарларды (құстарды қоса алғанда) етке союды және мал өнімдерін (ет, май, тері, қауырсын, түбіт) сатуға тиым салу;
3) ауру шыққан елді мекеннен, шаруашылықтан көліктерді және жұмысшы қызметкерлерді санитарлық дауалаусыз шығарылмайды, сонымен қатар шаруашылықтың аумағынан жануарларды, құстарды жануарлардан өндірілген заттар мен шикізаттарды, жем-шөптерді және басқа да жүктерді шығаруға болмайды.

11. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның африкалық обасы бар деген күдік хабар түскеннен кейін келесілерге міндетті:
1) ауру шыққан жерге жедел жетіп, аурудың қоздырғышының шығуы және ену жолдарын, күдікті эпизоотиялық аумақтың шекарасын анықтау, індетке шалдыққан объектілердің барын, індеттің таралу жолдарын анықтайды және аурудың таралмауына шаралар қолданады;
2) шошқаның африкалық обасы ауруына күдік болған кезде ауданның (қаланың) атқарушы органның қолданылған шаралар туралы жоғарғы ветеринариялық органға, тиісті шаралар қолдануы үшін көрші аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына шұғыл түрде хабарлауға.

12. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шошқаның африкалық обасына күдік туралы мәліметті алғаннан кейін, тез арада Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті мемлекеттік ветеринариялық органына хабарлауға міндетті, сол мезетте облыстық бөлімнің ветеринариялық қызметкерімен зертхана қызметкерін қоса эпизоотологиялық жағдайды мұқият анықтауға, жануарларды клиникалық байқауға, өлген шошқаларды жарып көруге, зертханаға жіберілетін паталогиялық материал алуға, аурудың таралуын алдын алу және жою шараларын өткізуді ұйымдастырады.

13. Алынған патологиялық материалды, патологиялық материалдарды және сынамаларды алу және жөнелту туралы белгіленген тәртіпті сақтай отырып, арнайы маманмен мамандандырылған ветеринариялық лабораторияға немесе тиісті ғылыми зерттеу институтына шошқаның африкалық обасын анықтауға жібереді.

4. Шошқаның африкалық обасын жою туралы іс-шаралар

14. Шошқаның африкалық обасының диагнозы анықталғаннан кейін, ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы шаруашылық субъектіні, ауданды, облысты шошқаның африкалық обасына эпизоотологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 27-ші бабының1-ші тармағын басшылыққа ала отырып, жергілікті атқару органдарына карантин немесе шектеу қою жөнінде ұсыныс жасайды және эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды, онда тиісті алдын алу және жою шараларын өткізуді ұйымдастырады.

15. Эпизоотиялық ошақтың шекарасын және қауіп төнген аумақты анықтағанда мыналарды басшылыққа алады:
1) шошқаның африкалық обасының эпизоотологиялық ошағына, шошқаның африкалық обасымен ауырған шошқалары бар шошқа шаруашылық субъектілері (ауру деп танылған жануарлары бар бірнеше шошқа қоралары), жекелеген шошқа қоралары, жекеменшік қора аулалары, елді мекендер немесе олардың бір бөлігі жатады;
2) ауру қоздырғышымен ластанған объектілер болып - шошқаның африкалық обасының қоздырғышымен ластанған жануарлардан өндірілген өнімдер мен шикізаттарды өңдейтін, сақтайтын әртүрлі кәсіпорындар (ет комбинаттары, сою пункттері, қоймалар, дүкендер, базарлар, консервілік және тері өңдейтін кәсіпорындар, тоңазытқыштар, ет-сүйектен ұн дайындайтын зауыттар), және көпшілік тамақтанатын мекемелердің ас бөлмелері, биофабрикалар, шошқаларды, ас қалдықтарын және басқа да мал шаруашылығының жүктерін тасымалдайтын көліктер, ауру анықталғанға дейін және анықталған аурулар тұрған аумақтар есептеледі;
3) бірінші қауіпті аумақ - эпизоотикалық ошақпен шекаралас 5-20 шақырым орналасқан шаруашылық, сауда, елді мекендерден шошқаның африкалық обасының эпизоотиялық ошағымен шекаралас аумақ;
4) екінші қауіпті аумақ - бірінші қауіпті аумақты айнала қоршап тұрған, эпизоотиялық ошақтан 100-150 шақырымға дейінгі аумақ.

16. Карантин салынған шаруашылықта, ауданда және облыста мыналарға тиым салынады:
1) жануарлардың барлық түрлерін, сонымен қоса құстарды осы аумаққа енгізуге және одан шығаруға;
2) осы аумақта жануарлардың өнімі мен шикізаттарын дайындауға және шығаруға;
3) аумақтан өсімдіктер өнімдерін шығаруға;
4) карантин қойылған шошқа шаруашылығында бөтен адамдардың, автокөліктердің енуіне және шаруашылықтағы шошқаларды қайтадан топтастыруға;
5) жануарларды және оның өнімдерін базарларда және басқа орындарда сатуға, сатып алуға, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін, көрмелерді (аукциондарды), басқа да адамдар мен жануарларды шоғырландырып өткізетін қоғамдық іс-шараларды.

5. Эпизоотологиялық ошақтағы іс-шаралар

17. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қаншығармау әдісімен жояды. Өлген, сойылған малдың өлексесін, көңін, жем-шөп қалдықтарын, қораптарды және арзан құнды құрал-жабдықтарды және тозған қораларды, ағаш едендерді, астауларды, бөлімдерді сол жерде өртейді. Өртенбей қалған қалдықтарды тереңдігі 2 метрден кем емес шұңқырға көмеді.

18. Өртеуге мүмкіншілік болмаған жағдайда, өлекселерді, қалған қалдықтарымен қоса, кемінде 2 метр терең ор қазып соған көмеді. Көмер алдында өлекселердің іштерін жарып, оған хлорлы известь себеді. Өлекселерді көмген жерде бір жылға дейін жермен байланысты жұмыстар жүргізілмейді.

19. Ауру мал орналасқан қораларды алаңдарды 3 рет келесі тәртіпте дезинфекция жасайды: бірінші - жануарларды жойғаннан кейін бірден жасайды; екінші - ағаш едендерді алғаннан кейін, астауларды, бөлімдерді алып, тиянақты механикалық тазарту жұмыстарынан кейін; үшінші - карантинді алардың алдында жасайды. Бірінші дезинфекция жасау кезінде дезинфекциямен қоса дератизация, дезинсекция жасалынады.

20. Дератизация жасағаннан кейін өлген кеміргіштерді жинап, өртеп жібереді.

21. Мал қораларына, құрал-жабдықтарға мал сою бекеттерінде, мал тұрған орындарда механикалық тазарту жұмыстарын жасамас бұрын, келесі ерітінділер қолданылады: құрамында 1, 5% формальдегиді бар формалин ерітіндісін; 0, 5% күйдіргіш натрий ерітіндісінде дайындалған 1, 5% пароформ ерітіндісін; гипохлорид кальцийдің ерітінділерімен; 5% хлорамин ерітіндісімен.
Сонымен қатар, құрамында кемінде 25% активті хлоры бар құрғақ хлорлы известі, оны бір тегіс қылып себеді және үстінен су құяды.
Дезинфекция алдында едендерді, жақтауларды, есіктерді, терезелерді ыстық сумен 2-3% сульфонат немесе кальцийленген содамен немесе күйдіргіш натриймен және басқа заттармен міндетті түрде жуу керек.

22. Мал қораларына, құрал-жабдықтарға мал сою бекеттерінде, мал тұрған орындарда күнделікті және қорытынды дезинфекция жасау үшін осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген ерітінділерді қолданылады. Дезинфекция жасалатын 1 шаршы метр аумаққа 1 литр ерітінді жұмсайды. Зарарсыздандыру уақыты 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, құрамында 4% белсенді хлоры бар хлорлы известі, құрамында 3% белсенді хлоры бар натрийдің (кальцийдің) гипохлоридын немесе құрамында 0, 5% формальдегиді бар формалинді қолданады. Орта есеппен, дезинфекцияланатын 1 шаршы метр жер бетіне 1, 5 литр дезинфекциялық ерітінді себеді.

23. Өлген жануарлардың өлекселері жатқан мал қоралардың жерлерін (ағаш едендерді алғаннан кейін), құрғақ 25% активті хлоры бар хлорлы известі 1 шаршы метрге 2 килограмм себеді, бұдан кейінгі сулауға 1 шаршы метрге 10 литр су жұмсайды. 24 сағат өткеннен кейін 10-15 сантиметр жердің бетін қопарып алып, арнайы қазылған, тереңдігі кемінде 2 метр орға көмеді. Топырақ бетіне біркелкі қылып хлорлы известь сеуіп, үстінен су құяды.
Ферманың ауласын, жердің жоғарғы қабатын алмай-ақ дезинфекция жасайды.

24. Нәжіс жинайтын жердегі сұйық нәжісті құрғақ, құрамында 25% белсенді хлоры бар хлорлы известпен араластырады, 10 литр сұйық нәжіске 1, 5 килограмм известь жұмсайды.

25. Жануарлардың қи қоймасындағы қиларды құрғақ, құрамында 25% белсенді хлоры бар хлорлы извеспен 0, 5 килограмм/метр есеппен сеуіп араластырады, сосын 1, 5 метр тереңдікке көміп тастайды.
Аумағы көп қиларды биотермиялық жолмен 1 жыл бойы залалсыздандырады. Ол үшін, ордың жиегіне 1 шаршы метрге 2 килограмм хлорлы извес сеуіп, айналасын қоршап, айналдыра ор қазып тастайды.

26. Көліктерді және басқа да техникаларды (бульдозерлер, эксковаторлар және басқалар) сол эпизоотиялық ошақта, оқшаулау алаңқайда мұқият жуып, дезинфекциялайды, ол үшін осы Ветеринариялық нұсқаудағы 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттардың біреуін қолданады.

27. Дезинфекциялық тосқауылдарды, төсеніштерді дезванналарды осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттармен толтырады.

28. Эпизоотологиялық ошақта міндетті түрде душ қабылдайтын кабиналар орнатады және онда барлық мамандар, мал иелері және басқа қатысы бар адамдар міндетті түрде гигиеналық душта санитариялық дауалаудан өтеді. Сонымен қатар, сыртқы, ішкі киімдерді, баскиімдерді, арнайы жұмыс киімдерді және аяқ киімдерді формалинді бу камерасында формальдегидтің буымен 57-60 о С ыстықтықпен 1 сағат бойы, залалсыздандырады, бұнда формалиннің шығыны 1 метрге 75 миллилитр болуы тиіс. Камераға салу нормасы, 1 метріне 42 килограмм. Ошақтағы жұмыс аяқталғаннан кейін қолданылған арнайы киімдерді отқа жағып жібереді.

29. Сонымен қатар, арнайы киімдерді, бас, іш киімдері, резеңке етіктерді 5% хлораминнің Б 1:9 қатынас ерітіндісіне 3 сағат бойы батырып қою арқылы залалсыздандыруға болады (1 килограмм арнайы киімге 9 өлшем дезерітінді) немесе глутаральдегидте 24 сағат ұстау керек.
Шошқаның африкалық обасының вирусы жұққан зертханалық барлық құрал-жабдықтарды ыдыс аяқтарды да (колбалар, пробиркалар, пипеткалар және басқаларды) осындай жолмен залалсыздандырады, осы Ветеринариялық нұсқаудың 21 тармағында көрсетілген дезинфекциялық заттар қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар жайлы
Мал шикізат өнімдері
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Шошқа обасы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар туралы
Жұқпалы аурулар туралы
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРДА
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Шошқаның обасы
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz