Автокөлік дамуының сатылары


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Автомобильдің шығу тарихы және өнеркәсіп даму кезеңдері 2
  2. Отандық автомобиль өнеркәсібінің даму кезеңдері 8ҚорытындыҚолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көптеген әдемі ертегілер мен аңыздарда адамдар тез орын ауыстыратын құралдар жайында көп армандайтыны бейнеленген. Мысалы, биік таулар, қалың ормандар, теңіздер мен мұхиттар арқылы үлкен арақашықтыққа өз бақытты иесін бір мезетте алып баратын ертегідегі сапоги - самоходы, башмаки - самоступы еске түсірейік. Бірақ, халық тек армандап қана қоймай, сонымен қатар кеңістікті жеңу үшін ғажайып құралдарды ойлап тапты. Қазіргі уақытта адамдар әр түрлі көліктер түрін қолданады: өзен, теңізде, ауада жүретін көліктер және де жүкті, құбырөткізшті, жеке қолданысты көліктер.

Адамдар мен жүк таситын көліктер (латын сөзінен аударғанда transporte - ауыстырамын деген мағына береді) жалпы материал өндірісінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Ежелгі Қытай, Персия, Рим елдерінде әскери мақсатта көп мөлшерде мықты жолдар салынды. Жүктерді тасымалдау үшін 2 - 4 дөңгелекті арбаларды таситын жүк тасушы - құлдарды пайдаланды. Сауда саттықтың көркеюімен теңіз кеме шаруашылығында - еспелі, ал содан соң желкенді кемелер пайда болды. Бірақ, халық тек армандап қана қоймай, сонымен қатар кеңістікті жеңу үшін ғажайып құралдарды ойлап тапты. Көліктің жайлы және ыңғайлы түрлерінің бірі автомобильді түрі болып табылады. Бірақ та, ол кездегі автомбильдер қазіргі біз білетін - элегеантты кузовпен, жұмсақ орындықтармен, эластикалық рессорлармен және де мықты қозғалтқышпен жабдықталмаған болды. Көптеген өнертапқыштар оларды ойлап табу мен жетілдіру үшін біраз ойланды. [1]

Автомобильдің шығу тарихы және өнеркәсіп даму кезеңдері

Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина , өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.

XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т. б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.

Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.

Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b8/Patent-Motorwagen_Nr.1_Benz_2.jpg/220px-Patent-Motorwagen_Nr.1_Benz_2.jpg

Бенц патентінде автомобиль, 1886

Автомобильдің қысқаша тарихы

Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.

Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.

Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а. к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.

Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.

XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.

Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.

Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.

Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.

20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж. ) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т. б. мүмкіндіктер тудырды.

Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.

Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.

1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т. б. қолданыла бастады.

2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.

3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.

4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.

Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы

  • 1680 - Жұмыс істейтін бірақ қолдануға жарамсыз алғашқы іштен жану қозғалтқышын 1680 жылы Голландиялық Christiaan Huygens жасады. Жарғыш дәрінің жануы арқылы жұмыс атқаратын поршеньді машина еді.
  • 1698 - Ағылшын Thomas Savery алғашқы бу машинасын жасады.
  • 1769 - Ағылшын James Watt ұзақ уақыт жұмыс істейтін бу машинасын жасады.
  • 1769 - Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725-1804) жасады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/56/FardierdeCugnot20050111.jpg/220px-FardierdeCugnot20050111.jpg

1769, Fardier

  • 1787 - Oliver Evans Америкада жолаушы таситын көлік жасады.
  • 1801 - Англияда Richard Trevithick бумен жұмыс істейтін автомобиль жасады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/16/Trevithicks_Dampfwagen.jpg/220px-Trevithicks_Dampfwagen.jpg

Richard Trevithick автомобилі, 1803

  • 1824 - Іштен жану қозғалтқаштарының, әсіресе дизель қозғалтқыштарының негізгі принциптерін жас француз инженері Sadi Carnot ұсынды.
  • 1830 - 15-20 км/сағ жылдамдығында қозғалатын 14 жолаушы таси алатын автобустар жасалды.
  • 1963 - Wankel қозғалтқышы алғашқы рет NSU Spider автомобилінде қолданылды.
  • 1967 - Jensen ағылшын автомобиль фирмасы ABS жүйесін бірінші болып автомобильдеріне орнатты.
  • 1973 - Еуропада сериялы өндірісте алғашқы рет турбиналы қозғалтқыш орнатылған BMW 2002 автомобилі болды.
  • 1978 - Осы замандық ABS жүйесі алғаш рет BMW 7 және Mercedes S серияларында орнатылды.
  • 1984 - Турбина өндірушісі Garret intercooler атында турбина суытқышын ұсынды. Осы жүйенін арқасында турбинаға кіретін ауа алдын-ала суытылып, турбинаның өнімділігі арттырылды.
  • 1986 - Екі турбина орнатылған алғашқы автомобиль Porsche 959 болды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1e/Benz-velo.jpg/220px-Benz-velo.jpg

Карл Бенцтің «Velo» моделі (1894) - алғашқы автожарыстарға қатысты

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fb/Ford_T.jpg/220px-Ford_T.jpg

Ford Т[2]

Дүниежүзілік автомобиль өнеркәсібінің көрсеткіші.

1-кесте

Орны
Мемлекет
2014
2013
2012
Орны: -
Мемлекет: Дүние жүзі
2014: 77, 609, 901
2013: 66, 482, 439
2012: 58, 374, 162
Орны: -
Мемлекет: Еуропа бірлігі
2014: 16, 904, 436
2013: 18, 176, 860
2012: 17, 142, 142
Орны: 01
Мемлекет: Қытай Халық Республикасы Қытай
2014: 18, 264, 667
2013: 5, 708, 421
2012: 2, 069, 069
Орны: 02
Мемлекет: Жапония Жапония
2014: 9, 625, 940
2013: 10, 799, 659
2012: 10, 140, 796
Орны: 03
Мемлекет: Америка Құрама Штаттары АҚШ
2014: 7, 761, 443
2013: 11, 946, 653
2012: 12, 799, 857
Орны: 04
Мемлекет: Германия Германия
2014: 5, 905, 985
2013: 5, 757, 710
2012: 5, 526, 615
Орны: 05
Мемлекет: Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея
2014: 4, 271, 941
2013: 3, 699, 350
2012: 3, 114, 998
Орны: 06
Мемлекет: Үндістан Индия
2014: 3, 786, 849
2013: 1, 638, 674
2012: 801, 360
Орны: 07
Мемлекет: Бразилия Бразилия
2014: 3, 648, 358
2013: 2, 530, 840
2012: 1, 681, 517
Орны: 08
Мемлекет: Испания Испания
2014: 2, 387, 900
2013: 2, 752, 500
2012: 3, 032, 874
Орны: 09
Мемлекет: Мексика Мексика
2014: 2, 345, 124
2013: 1, 624, 238
2012: 1, 935, 527
Орны: 10
Мемлекет: Франция Франция
2014: 2, 227, 742
2013: 3, 549, 008
2012: 3, 348, 361

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама.

Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау. Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.

2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі - 154, 5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % - ын құрайды.

2009 жылдың қорытындылары бойынша 282, 5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6, 8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115, 5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61, 5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105, 5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9, 8 %-ға, электр жабдығы - 13, 4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1, 4 %-ға ұлғайған. Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті. Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.

Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15, 9 %-дан 2008 жылы 3, 0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3, 2, %-ды құрады
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9, 5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды. Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 - Машина жасау мамандығыжүргізіледі. Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.

Машина жасау өнімінің импорты мен экспорты

2-кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
Салық құрылымының реформалануы
Тауарлық бәсекелестік
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары
Карьерлік автотөңкермелерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру
Абайсызда адам өлтіру түсінігі
Газ конденсатын өндіру
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру
Кәсіпорынның басқару құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz