Автомобильдердің шанақ бойынша бөлінуі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Автомобильдердің шанақ бойынша бөлінуі

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Автомобильдің қысқаша тарихы

2. Автомобильдердің жалпы құрылысы

3. Автомобильдердің кузов түрі бойынша бөлінуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т. б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т. б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат - ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы - автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

1. Автомобильдің қысқаша тарихы

Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.

Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.

Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а. к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.

Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенцтарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.

XIX ғ. соңы - XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.

Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.

Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.

Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.

20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж. ) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т. б. мүмкіндіктер тудырды.

Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.

Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.

1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т. б. қолданыла бастады.

2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.

3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.

4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.

2. Автомобильдердің жалпы құрылысы

Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді.

Автомобиль - кемдегенде 4 доңғалағы бар, өз энергия көзімен қозғалысқа келтірілетін рельсті қажет етпейтін доңгалақты көліктік құрал. Сонымен қатар троллейбустер, үш доңғалақты 400 кг массалы көлік құралдары да автомобиль болып саналады. Әдетте автомобиль деп жеке автомобильді және автопоезды айтады. [1]

Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді.

Негізгі бөліктер және агрегаттар

Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Шанақ - тасымал жүкті орналастыру қызметін атқарады және таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Жеңіл автомобиль мен автобуста шанақ жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің шанағы жүк тиейтін платформадан (жүктік шанақ) және жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш - автомобильдің жүруіне және басқа қызметтерді атқаруға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлік. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін (көбінесе жылу энергиясын) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады. Қозғалтқыштан алынған механикалық энергия механизмдер қатары арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі де автомобильді қозғайтын күш тудырады. Көпшілік автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады.

Шасси - трансмиссия, аспалы жүйе, белдік, аспа, дөңгелек, рульдік басқару және тежеуіш жүйелері сияқты, әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Негізгі агрегаттардың орналасуларының жалпы сұлбасы

Автомобильдер жетекші дөңгелектерінің орналасуы мен санына байланысты алдынан жетекті, артынан жетекті және толық жетекті болып бөлінеді.

Жетекші дөңгелектердің санын анықтауға автомобильдің дөңгелек формуласы көмектеседі. Дөңгелек формуласындағы бірінші сандық белгі автомобильдің жалпы дөңгелектер санын, екінші сандық белгі автомобильдің жетекші дөңгелектер санын білдіреді. Алдынан немесе артынан жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x2, толық жетекті автомобильдің дөңгелек формуласы 4x4 деп жазылады.

Сонымен жетекші дөңгелектер қозғалтқыштан механизмдер қатары арқылы алған механикалық энергияның күшімен автомобильді тартып немесе итеріп қозғалтады. Қозғалтқыштан алынған айналу моменті алдыңғы дөңгелектерге берілсе алдынан жетекті, артқы дөңгелектерге берілсе артынан жетекті, барлық дөңгелектерге берілсе толық жетекті деп аталады.

Автомобильдер қозғалтқыштың алдында, артында және ортасында орналасуына байланысты үшке бөлінеді.

3. Автомобильдердің шанақ түрі бойынша бөлінуі

20 ғасырдың басында автомобильдер кезеңі басталды, машинаның үш негізгі түрі түбегейлі қалыптасты:

- көлік, оларға жеңіл, жүк автобустар;

- арнайы;

- жарысатын.

Жеке меншік автомобильдердің үш типі болады:

Жолсыз жермен жүретін көліктер (жалпы пайдаланылатын жолдар бойында ғана емес, сонымен бірге түйіспелі мекендер бойынша қозғалыс мүмкіндігімен жылжуға арналған жоғары өткіш автомобильдер)

Жеңіл автомобильдер (бұл 2-ден 5 адамға дейін отырғызатын орындары бар автомобильдер жалпы пайдаланым жолдарында қолдануға арналған, аталған автомобильдердің клиренсі 17 см-ден аспайды)

Вэн (Вэн класының автомобильдері, бұл 8 адамға дейін отырғызатын орны бар жалпы санымен, салоны қолайлы, кең автомобильдер)

Автомобильдер класы -бұл бірнеше тақырыптық топтарға автомобильдерді шартты бөлу. Заманауи автомобильдерді габаритті өлшемдері бойынша, қозғалтқыш типі бойынша, жетек типі бойынша, шанақ типі бойынша және соңғысы бағасы бойынша көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады.

Жеңіл автомобиль шанағы -адамдарды, , сондай-аққозғалтқыш, трансмиссия, жүрісбөлігі, мен мен .

-соқтығысу, аударылу, (жел, жаңбыр, қар, суықжәнет. б. ) .

, .

Үш көлемді шанақ

Үш көлемді қозғалтқыш бөлігі, жолаушылар салоны және багаж бөлігі сияқты бір-бірінен оқшауланған үш бөлікке бөлінген автомобиль шанағы болып табылады ( сурет 1. 1-де көрсетілген) .

Үш өлшемді шанақ тікелей соқтығысу немесе артынан соққыда ең алдымен күш қуатын өзіне алатын және жолаушылар салонын емес, не қозғалтқыш бөлікті, не соққы қуаты кезінде қауіпсіз және қолайлы деп саналады.

Сонымен бірге шанақтың мұндай құрылымы ілмекті бекіту элементтері мен автомобиль қозғалтқыштары, тасымалданатын бағаж бен керек-жабдықтардың иістері (қосымша доңғалақ, домкрат және т. б. ) арқылы шанақ ішіне берілетін қозғалтқыш жұмысынан, жолдың тегіссіздігінен және доңғалақтары бойынша соққылардан түсетін қозғалтқышты және багажды бөліктердегн оқшаулануы арқасында жолаушылар үшін ең жақсы қолайлылықты қамтамасыз етеді.

Құрылымның кемшіліктеріне көлік құралдары көп жиналатын орындарда орағыту кезінде кейбір қиындықтар туғызатын автомобильдің ұзартылған жалпы ұзындығын жатқызуға болады.

Трёхобъёмный кузов

Сурет 1. 1 Үш көлемді шанақ

Седан - 4-5 адамның қолайлы орналасуына есептелген екі қатар тұтас орындықтары мен қатты төбесі бар төрт есікті немесе екі есікті шанақ ( сурет 1. 2-де көрсетілген) .

Нұсқалардың бірі бойынша, бұл сөз ХІХ ғасырда жол күймесі өндірісі дамыған француз қаласы Седан атауынан шыққан.

Кузов седан

Сурет 1. 2 Седан

Купе -бір немесе екі қатар отыратын орны бар төбесі шанақтың артқы бөлігіне төмендетілген қатты екі есікті шанақ (сурет 1. 3-де көрсетілген) .

Отырғыштың екінші қатары әдетте, бастапқы сипатын таза алады. Онда сөмке, ноутбук, итті, тек адамды емес қолмен салып тасымалдауға болады. Екі адамды орналастыруға арналған және қысқартылған базасы бар.

Француз тілінен аударғанда coupé қысқарту, шүнтиту болып белгіленкі қаже.

Кузов купе

Сурет 1. 3 Купе

Кабриолет -алмалы- (сурет 1. 4-те көрсетілген) .

Өте тиімді, өзіне назарын аудартады, бірақ шанағы қолайлы. Өз уақытында кабриолеттер қауіпсіздік талаптарына құрылымның сәйкессіздігімен байланысты тоқтатылғансарriоlа, сарrа - "ешкі. Шамамен италяндықсарriоlа, сарrа - "ешкі"мағынасын білдіреді.

Кузов кабриолет

Сурет 1. 4 Кабриолет

Лимузин -екіқатаротыратынорны бар, седан(сурет 1. 5- те көрсетілген) .

. . .

Кузов лимузин

Сурет 1. 5 Лимузин

Пикап - артындажолаушылар салоны багаж бөлігі бар жеңіл автомобиль(сурет 1. 6) .

Өзгесөздермен-. Pick-up-ағылшын тілінен аударғанда көтеру, жұлып алу.

Кузов пикап

Сурет 1. 6 Пикап

Фургон -Ісжүзінде - . Үш көлемді және екі көлемді болуы мүмкін (сурет 1. 7) .

Французсөзіfourgon -.

Кузов фургон

Сурет 1. 7 Фургон

Екі көлемді шанақ

Екі көлемді шанақтар қозғалтқышты және жүк жолаушылар деп бір-бірінен екі оқшауланған бөліктерге құрылымдық бөлінген барлық автомобильдік шанақтар болып табылады (сурет 1. 8) .

Әдетте, мұндай автомобильдер артынан ашылатын есіктің болуы арқасында тақ саны болады. Жүк және жолаушылар бөлігі баплық туындайтын салдарлармен бір жалпы бөлікке біріктірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалау
Автомобильдің қозғалтқышының құрылысы және жөндеу
Кузов цехындағы жабдықтардың құны
Автомобиль
ЖАНАМА МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША СОҚТЫҒЫСУ СӘТІНДЕГІ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Автомбильдің ақпараттылығы және қозғалыс қауіпсіздігі
Автокөлік құралдарын банк қызметі үшін және тәуелсіз бағалау
Жүктерді тасымалдау техгологиясы
Автомобиль аспасының құрылысы, атқаратын қызметі
Өнеркәсіпті әрлендіру теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz