Автомбильдің ақпараттылығы және қозғалыс қауіпсіздігі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

1 Автомбильдің ақпараттылығы және қозғалыс қауіпсіздігі

1. 1 Автомобильдің ақпараттылығы

Автомобильдің ақпараттылығы - бұл автомобильдің жол қозғалысына қатысушыларды АЖЖ жүйесінің динамикалық қызмет етуі үшін қажетті және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету қасиеті. Жүргізушіге ақпарат сигналдар көмегімен түседі, олар: жол, жол қозғалысын реттеуші техникалық құралдар, ауа-райының жағдайлары, көлік құралдарының сигналдық жабдықтары, аспаптар панелі, басқару органдары және т. б. Сигналдар сезім органдары арқылы түседі және оның санасында - көру, есту, дене түйсігі сезімі түрінде бейнеленеді.

Ақпараттылық көзбен шолу болуы мүмкін (көлік құралдарының түрлері мен өлшемдері, шанақ түсі, автономдық жарықтандыру жүйесі, шамдық сигналдық жабдықтау, шолушылық параметрлері, аспап панельдерінің элементтері) . Дыбыстық (дыбыстық сигнализаторлар, қозғалтқыш, трансмиссиялар, шиналар шуылы және т. б. ), дене түйсігі (жүргізуші әрекетіне басқару органдарының реакциясы) . Ақпараттылықты жіктеу 1 суретте келтірілген.

Сурет 1 - Ақпараттылықты жіктеу

Автомобильдің ақпараттылығын ішкі, сыртқы және қосымша деп бөледі.

Ішкісі жүргізушіге автомобильді басқаруға қажетті ақпаратты қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол келесі факторларға байланысты: шолушылық жүргізушіге уақытылы ешбір кедергісіз жол жағдайы туралы барлық қажетті ақпаратты туғызуы керек. Сынып тұрған немесе тиімсіз жұмыс істейтін жуғыштар шыныларды үрлеуші жіне жылытушы жүйе, шыны тазартқыштар, артқы көріністің штаттық айналарының болмауы белгілі бір жол жағдайларында шолуықты күрт төмендетеді. Аспаптар панельдерінің, басқару батырмалары мен клавишалардың, жылдамдықты ауыстыру жетегінің және т. б. орналасуы жүргізушіге көрсеткіштерді, ауыстырып-қосқышқа бақылаудың минимум уақытын қамтамасыз етуі тиіс.

Автомобильдің шолулығы деп жүргізушіге, қауіпсіз қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін жол мен объектілерді бөгетсіз көруде объективтік мүмкіндігін анықтайтын конструкциялық қасиетін айтады. Ол ең алдымен, терезе өлшемдері, ені және шанақ тіректерінің орналасуы, жүргізушіні терезелерге қатысты орналастыру, шыны тазалағыштар тазартатын аймақтардың өлшемдері, жуғыштар конструкциялары, шыныларды үрлеу және жылыту жүйесі сияқты факторлармен, сондай-ақ артқы шолу айнасының орналасуымен, санымен және өлшемімен анықталады. Шолулық бағасының критерийлері ретінде көбінесе шолулықты анықтау тәсіліне тәуелді түрлі шартты көрсеткіштер қолданылады; бұл көрсеткіштер әрқашан салыстырмалы бола бермейді. Шолулықты бағалау критерийлерінің төрт негізгі тобын бөліп қарастыруға болады.

Терезе ойықтары мен шынының тазартылатын аймақтарының геометриялық өлшемдері, яғни кабинаны шынылаудың конструкциялық элементтерінің бұрыштық өлшемдері, сондай-ақ жүргізушінің орнынан шолулық бұрыштары, олардың шамалары кабинаның мөлдір емес элементтерінің жүргізушінің көзінің орналасу нүктесінен жүргізілген негізгі кеңістіктік жазықтықтарға қатысты орналасуымен анықталады.

  1. Горизонталь алаңдағы «соқыр» аймақтардың геометриялық өлшемдері.
  2. Автомобиль горизонталь алаңда тұрған кезде «соқыр» аймақтардың геометриялық өлшемдері.
  3. Эталондық контур, оның құрылу негізіне жүргізушіге көшенің немесе жолдың тік горизонталь учаскесі бойымен қозғалған кезде автомобильдің алдыңғы терезесі арқылы көрінетін панорама жатқызылған.

Автомобиль шолғыштығының ұсынылатын параметрлерін жүргізуші автомобильді 5, 5-41 м/с жылдамдық ауқымында қауіпсіз басқару үшін көрініп тұруға тиісті жол жағдайының түрлі объектілерінің орналасуын талдаудан шыға отырып анықтайды.

Жоғары қарай шолушылықтың оңтайлы бұрыштарын анықтау кезінде, ол жүргізушіге бағдаршамның, белгілердің және жолдың өтер бөлігінің үстінде орналасқан басқа да жол сигналдарының көрінуін қамтамасыз етуі керектігі ескеріледі. Жоғары қарай шолушылықтың минимум қажетті бұрышы, жүргізушіні бағдаршамның сақтандыру сигналын аялдау орнынан жүргізушіге шешм қабылдауға және автомобильді жеткілікті түрде баяу тоқтатуға мүмкіндік беретіндей қашықтықта көре алатындай болуы керек. Шолғыштықтың жоғарғы шегін шектейтін алдыңғы терезенің жоғарғы жиегінің максимум биіктігі екі талаптармен шартталады. Біріншіден, автомобиль бағдаршамнан 12 м қашықтықта «ТОҚТА» сызығынан жанында тұрғанда жүргізуші жолдың өтер бөлігінің ортасынан 5 м биіктікте ілінген бағдаршамды көруі керек. Екіншіден, алдыңғы терезе тым биік болмауы керек, себебі кері жағдайда жүргізуші жарықтың және жылу сәулелерінің көп түсуінен зардап шегеді, бұл шолғыштықтың жоғарғы бұрышы 30 градус жоғары болғанда байқалады.

Шолғыштықтың вертикаль бұрыштары автомобильдің вертикаль жазықтықта қисық сызықты кескіні сызықты кескіні бар жол бойымен қозғалысы кезінде ауыспалы мәні болады. Автомобильдің шолғыштығына осындай жағдайда қойылатын талап кенеттен пайда болатын жылжымайтын объектіге дейін қауіпсіз тоқтауға жеткілікті көріну қашықтығын қамтамасыз етумен шектеледі.

Тікелей автомобиль алдындағы шолғыштық, яғни шолғыштықтың төменгі бұрышы капоттың ұзындығымен және биіктігімен, сондай-ақ алдыңғы терезесінің төменгі жиегімен анықталады. Сонымен қатар, ол жүргізуші көзінің жол үстінен көру жағдайына да байланысты. Автомобиль жоғарғы жылдамдықпен жақсы төселген автомагистраль бойымен қозғалған кезде тікелей жүргізуші алдындағы шолғыштық айтарлықтай роль атқармайды. Алайда бқл шолғыштық келесі жағдайларда қажет: автомобильдің алдында кенеттен пайда болған тосқауылды басып кетуді болдырмай автомбильдің орнынан қозғалған кезінде, сығылысқан жағдайларда маневр жасаған кезде; автотұрақтарда, тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінде және т. б., төсемі қанағаттанарлық емес жағдайдағы жолмен, жүргізуші тікелей автомобиль алдындағы жол үстін қадағалауға мәжбүр болғанда қозғалған кезде; жүргізушіге көлік құралының типіне байланысты 0, 4-0, 7 м биіктікте орын алатын алда келе жатқан автомобильдердің сигналдық шамдарын үнемі қадағалау қажет болғанда тығыз көлік ағынында қозғалыс кезінде қажет.

Автомобиль шолғыштығының (сурет 2) оңтайлы бұрыштары горизонталь жазықтықта, жүргізуші жоспардағы маневрлерді орындау кезінде объектілерді (автомобиль жолдың қисық сызықты учаскілермен қозғалысы кезінде түрлі қиылыстар мен бұрылыстардан өткен кезде), сондай-ақ бағдаршамдар, жол белгілері, нұсқағыштар және жол екі жағында орналасқан басқада обьектілерді көре алатындай болуы керек. Жоспардағы шолғыштық, ең алдымен алдыңғы терезенің енімен, кабинаның (шанақтық) алдыңғы бүйір тағандарының енімен және орналасуымен анықталады. Мысалы, кабинаның алдыңғы бұйір тағаның 5 0 5^{0} тең бұрыштық өлшемі кезінде жүргізуші жаяу жүргінші 6, 1 метрден де, ал орташа өлшемдегі автомобиль 45, 8 м көрмейді. Осының салдарынан тағандарға арналған орын мен олардың көлденең қимасының пішінін адамның көз көру бинокулярлығын ескере отырып таңдайды.

Жақсы шолғыштықты қамтамсыз етуде, қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайына қарамастан, шыны тазалағыштар, сондай-ак шыныларда үрлеу және жылыту жүйелерінің маңызы зор. Шыны тазалағыштарға қойылатын негізгі талап - бұл алдыңғы шынының мүмкіндігінше үлкен бөлігінің ауданын тазалау және щеткаларының әр өткені үшін тазалау сапасы. Шыныларды үрлеу және жылыту жүйесі сыртқы төмен ауа температурасында алдыңғы шынының терлеуін және қуатын болдырмауы керек. Қоғалыс кезінде жүргізушіге, әсіресе қозғалыс жолағын ауыстыру және басып озған кезінде автомобильдің артындағы жол жағдайын бағалап отыруына тура келеді. Осы мақсатта артқы көрініс айналары қызмет етеді, солар арқылы бейнеленетін шолғыштық беттің пішініне, айналардың өлшедеріне және олардың жүргізішінің көзіне қатысты орналасқан жеріне тәуелді; ішкі айналар арқылы шолғыштық автомобильдің артқы терезесі арқылы шолғыштыққа да тәуелді.

Сурет 2 - Автомобиль шолғыштығы

Ішкі ақпараттылық - бұл автомобильдің ішінен беріліп тұратын ақпараттылықтын түрін айтамыз. Ішкі ақпараттылықтың визиуалды түрі болады. Оған автомобильдің шолғаштығын арттырудың аспаптар және құрылғылар панелі жатады. Аспаптар панелі ақпарат берудің негізгі көзі болып табылады, ол ішкі ақпараттылықты реттеп отырады. Аспаптар панелі (сурет 3) жүргізушіні автомобильдің жағдайы туралы керекті ақпаратпен, яғни жүйе және бөлшектер жағдайымен, автомобильдің сезінуге ыңғайлы жылдамдықпен жүруін жабдықтап отырады. Осы аспаптар панеліне түскен ақпаратты жүргізуші, тез әрі қатесіз түсініп, заңға сәйкес қолдану керек.

Сурет 3 - Тayota көлігінің аспаптар панелі

Бірақ осы аспаптар мен құрылғылар панелін құру үшін белгілі нормаларды сақтау керек. Адамның толық көру шегі 70-60 градус болатыны бізге мәлім. Осы аралықта жүргізуші тек қана көзбен объектілерді аңғара алады. Сондықтан қауіпсіздікті ақпараттайтын аспаптарды панелдің ортаңғы жағына орналастырады. Оған мысал, спидометр, оның габариттік өлшемдері үлкен әрі панелдің ортаңғы жағында орналасқан.

Сыртқы ақпараттылық - бұл жол қозғаласының басқа қатысушылардың автомобильден түсетін ақпаратпен қамтамсыз ету, ол онымен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін қажет. Сыртқы ақпараттылыққа негізінен визуалды, дыбыстық, тактильді түрлері бар. Визуалды ақпараттылыққа ішкі жарық сигнализацияның жүйесі, жарық қайтарғыштардың орналасуы, өлшемдері, пішіні мен шанақтың бояуы кіреді. Егер автобустар, улкен жүкті автомобильдер, авто поездар қозғалыстың басқа қатысушыларын өзі және маневрлары, ең алдымен габариттері және пішіні туралы ақпарат берсе, онда кіші өлшемді автомобильдер үшін бояуы маңызды. Жеңіл автомобилдердің ақпараттанғандығы жол төсеміне қатысты олардың түстерінің контрастылығы байланысты. Статистика бойынша қара түске (қара, қоңыр, сұр, жасыл және көк) боялған автомобильдер түндегі жеткіліксіз көрініс жағдайында оларды айыру қиын болғандықтан ЖКО екі есе жиі ұшырайды. Әсіре осындай автомобильдермен соғысу мүмкіндігі шектеулі көрініс болған жағдайда: тұманда, жаңбыр кезіндегі ала көлеңкеде орасаң зор. Қауіпсіз тұрғысынан алғанда ең жақсы түстер - сарғыш, сары, қызыл, ақ. Бұрлысты нұсқағыштардың жөнделусіз болуы, тоқтату сигналдары, габариттік оттар жол қозғалысының басқа қатысушыларына жүргізушінің ниетін уақытында аңғаруға және дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Тәуліктің қараңғы кезінде фаралының жарығында, шанақты арнайы бояуды артқы ернеуге, бамперлерге, номер белгілеріне жағу арқылы жарық қайтарушы учаскілер болған кезде автомобильді байқау алыстығы ұлғаяды. Автомобильдің тәуліктің қараңғы кезінде ақпараттылығын арттырудың анағұрлым тиімді және үнемді құралы - оларды, контур бойынша немесе автомобиль корпусының алдынан, артынан, жанынан орналастырылған арнайы жарық қайтарушы белгілермен жабдықтау болып табылады. Жарық қайтарушы танымдық белгілер - бұл оптикалық тығыз мөлдір катоддиоптрлардан тұратын жарық сигнализациясының құрылғысы. Жарық қайтарушылар автомобиль габариттерін тәуліктің қараңғы кезінде, осы көлік құралынан тыс орналасқан жарық көзінен шығатын жарықтың шағылысуымен белгілеуге арналған. Жарық қайтарушыларға қойылатын талаптарды БҰҰ ЕЭК №3 Ережелері құрастырады. Осы құжатқа сәйкес жарық қайтарушылар өздерінің фото метрикалық сипаттамаларына және пайдалану салаларына байланысты: бірінші - автомобильдерге арналған; екінші баяу қозғалатын көлік құралдарына арналған; үшіншісі - тіреуші көлік құралдарына арналған үш категорияға бөлінеді. БҰҰ ЕЭК талаптарына жауап беретін барлық автомобильдік жарық қайтарушылар жалпақ призмалы болып табылады. Шарлық жарық қайтарушы үлдірлерді гомерлік белгілер, жол белгілері мен нұсқағыштар үшін қолданады.

Жүргізушінің есту мүшесіне әсер ететін әр түрлі дыбыстарын тобын 2-ге бөлуге болады. Біріншісі, жүргізушіні алаңдататын дыбыстар, яғни, шу. Екіншісі, жүргізушіге сыртқы ортада не болып жатқаны туралы ақпарат әкелетін керек дыбыстар және механизимдер мен агрегаттардың жағдайы туралы ақпарат әкелетін кереуті дыбыстар. Шудың негізгілері болып, трансмиссия, қозғалтқыш, жүріс бөлігі, дөңгелектер, шанақ жатады. Бұл дыбыстардың қосындысы жүргізушінің ақпараттылығын төмендетеді. Жүргізуші кабинасындағы шу 10 дБ асып кетеді. Бірақ жүргізушіні толығымен бұл шулардан айыруға болмайды, себебі ол қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрғанын, жүйелердің толықтай жұмыс істеп тұрғанын қадағалай алуы керек. Дыбыстық сигналдар жүргізушіге жәй ғана ақпарат бермейді, керек кезде әдейі тоқтауына ақпарат береді.

Жүргізушіге жүргізіп келе жатқан кезде кабина ішінде болып жатқан әңгімені қиын жолдарда (тауларда, үлкен қалаларда және т. б. ) тыңдамауы абзал. Дыбыстың көлемі де минималды болу керек, себебі үлкен көлемдегі дыбыстар шаршауға әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде жүргізушінің жұмысын жеңілдетедін радиохабарлар пайда болып жатыр. Олар ауа райын, жолдың жағдайын, кіру және шығу жолдарындағы жағдайлар туралы, магистральдағы автокөліктердің легін, кептелістерді, айналып өтудің мүмкін маршруттарын және т. б. ақпаратты хабарлап отырады.

Қосымша ақпараттылық - бұл автомобильді шектеулі көрініс жағдайында: түнде, тұманда және т. б. пайдалануға мүмкіндік беретін оның қасиеті. Ол жарық беру жүйесі аспаптарының және жүргізушінің жол-көлік жағдайы туралы ақпаратты қабылдауын жақсартатын басқа құрылғылардың (тұманға қарсы) (сурет 4) сипаттамаларына байланысты.

Сурет 4 - Тұманға қарсы фаралар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
Автомобильдің қозғалысы
Көліктегі аспаптар панелі
Импульстік толқындарды талдау
Картогарафиялық өнімдердің сапасын бағалау
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігі және аса маңызды объектілерді қорғау
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Картаның ақпараттық қасиеті
Медицина прогрессіндегі медициналық микробиологияның рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz