Автомобильдің тұрақтылығы мен басқарылымдығы және қозғалыс қауіпсіздігі


1 Автомобильдің тұрақтылығы мен басқарылымдығы және қозғалыс қауіпсіздігі
- Автомобильдің тұрақтылығы және оны жетілдіру жолдары
Автомобиль тұрақтылығы тікелей жол қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты. Тұрақсыз автомобильді басқара отырып, жүргізуші автомобиль қозғалысып, ол жол шетінен қығып кетпес үшін үнемі түзетіп отыруға мәжбұр болады. Осындай автомобильді ұзақ басқару оның тез шаршауына алып келеді, бұл ЖКО мүмкіндігін арттырады. Автомобиль тұрақтылығының бұзылуы қозғалыс бағытын өз бетінше өзгертімен, оның аударылуы немесе шиналарының жол үстімен сырғанауынан байқалады.
Автомобильде бойлық және көлденең тұрақтылық болады. Көлденең тұрақтылықты жоғалту анағұрлым қауіпті және мүмкін.
Автомобильдің қозғалыс траекториясы әрқашан қисық сызықты болып табылады, оның үстіне қисықтығы үздіксіз өзгереді. Сондықтан автомобильдің тік сызықты қозғалысы - қозғалыстың өзгеріссіз бағытында оның ығысуы кейбір шектерден аспайтынын болжайтын шартты ұғым.
Автомобильдің курстық тұрақтылығы деп оның жүргізуші тарапынан түзетушә әрекетсіз, яғни руль доңғалағының қзгеріссіз күйінде қозғалу қасиетін айтамыз. Автомобиль нашар курстық тұрақтылықпен, басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, тіпті аз ғана сыртқы ауытқу күштерінің кезінде қауіп төндіре отырып, өз бетінше бағытын өзгертеді (жолда жалтарады) . Тік сызықты қозғалыс кезінде курстық тұрақтылықты бұзатын сыртқы ауытқу күштеріне: салмақтың көлденең құраушысы, бүйірден соғатын күшті жел, доңғалақтардың жол кедір - бұдырына соғылуы, оң және сол жақтардың доңғалақьпарына түсетін шамасы бойынша түрлі бойлық күштер (тартылыс, тежегіш) . Қисық сызықты қозғалыс кезінде осы күштерге орталықтан тебі күші қосылады. Тұрақтылықты жоғалту дұрыс басқармау (руль доңғалағын шұғыл бұру арқылы қарқынды тежеу немесе айдау, сондай - ақ автомобильдің техникалық жағдайы), (тежеу механизмдерін дұрыс жөндемеу, доңғадақтардың бірқалыпты тозбауы, рульмен басқарудың айқасып қалуы, шиналардың тесілуі немесе жарылуы) болуы мүмкін. Тұрақтылықты жоғалтудың анағұрлым жиі себебі жол жағдайларын сәйкеспейтін жылдамдықпен қозғалу болып табылады. Тайғанақ жолда аударылудан гөрі сырғанау (шығып кету) болуы мүмкін. Жоғары ілінісу коэффиценті бар жолдарда аударылып кету біршама мүмкін. Жүк автомобильдерінің тұрақтылығы жеңілдерге қарағанда нашар, бұл ауырлық центрінің анағұрлым жоғары орналасуымен түсіндіріледі.
Қисық сызықты қозғалыс кезінде автомобильдің көлденең тұрақтылығының көрсеткіштері: доңғалақтардың көлденең сырғанай бастауына сәйкес келетін қиябеткейдің максимум бұрышы және автомобильдің шығып кету немесе аударылу жағдайынан анықталатын аударыла бастаған кезіне сәйкес келетін қиябеткейдің максимум бұрышы.
Автомобильдің пайдалану практикасында тұрақтылықты жоғалту шұғыл тежеу кезінде жиі байқалады. Бұл жағдайда шиналардың жолмен жанасқан жерлерінде үлкен тежеу күштері әсер етеді және доңғалақтар көлденең күштерді қабылдау қабідетін жоғалтады. Әсіресе доңғалақтары блокталған кезде автомобиль тұрақсыз болады. Егер артқы осьтегі доңғалақтар блокталанса, онда автомобиль жағдайына енеді, егер алдыңғы доңғалақтары тблокдаланбаған болса, оны осы жағдайдан алып шығады. Егер алдыңғы доңғалақтары блокдаланған болса, жолдан шығып кету басымдығы жоқ, бірақ автомобиль басқарудан кетеді,
Қисық сызықты қозғалыс кезінде көлденең тұрақтылықты жоғалту шиналардың жолмен үдемелі артатын көлденең сырғанауына (шығып кету) немесе автомобильдің аударылуына алып келеді. Жолдың қисық сызықты учаскелерінде автомобильдің «жалтаруы» әдетте байқалмайды, себебі осыған орай жылдамдықтар салыстырмалы түрде жоғары емес.
Автомобильдің бойлық тұрақтылығын жоғалтуы, ережеге сай, жетекші доңғалақтарының тайғанақтауымен көрінеді, әсіресе, автопоездардың сырғанақ бетті созылыңқы өрлерді игеру кезінде жиі байқалады. Автомобильдің бойлық жазықтықта аударылуы тек ерекше жағдайдарда ғана мүмкін. Автомобильдің бойлық тұрақтылық көрсеткіштері ретінде көлік игеретін өрлеу бұрыштарының максимум шамалары қызмет етеді.
Автомобильдің тұрақтылығын жетілдіру жолдары. Курстық тұрақтылық жүйелері түрлі рельефі мен жабын типі әр түрлі жолдарда жоғары жылдамдықпен автомобильді басқаруды қауіпсіз етеді. Келесі атаулармен белгілі: VSC (Vehicle Stability Control), ESP (Electronik Stability Program), DSTC (Dynamic Stability And Traction Control) осы жүйелер қозғалтқыштың дроссельдік қалқанына да, сондай - ақ тежегіш жүйесіне де әсер етеді. Датчиктер көмегімен жүйе рульдің шұғыл бұрылуына немесе тайғанақ жолмен жеткіліксіз жанасуына байланысты шығып кетуді үстайды.
Қозғалтқыштың бұраушы моментін өзгерте және доңғалақтардың бірін тежей отырып, ол автомобильді шығып кетуден құтқарады және жүргізушіге қозғалыс траекториясына тұрақтандыруға көмектеседі.
Динамикалық тұрақтандыру жүйелері анағұрлым тиімді болып табылады. Олар автомобиль басқарудан кеткен кезде жолдан шығып кетуді бейтараптандырып, жүргізушінің қателіктерінің орнын толтыруға қабілетті.
Автомобиль қозғалысын бақылаудың интегралданған жүйесі VDIM ( Vehicle Dynamics Integrated Management) . VDIM белсенді қауіпсіздіктің барлық қолданыстағы жүйелерін енгізеді. Ол датчиктердің коп санынан сигналдар алады және оларды өңдегеннен кейән жүргәзушінің басқарушы әрекетіне біршама жауап бере отырып қауіпсіздіктің қажетті жүйелерін жандандырады. Осыған орай VDIM-нен баратын басқарушы әсер тежеу жүйесіне де, рульдік басқаруға да жүреді. Бұл - осы жүйенің басты қасиеті. Жүйенің айтарлықтай басымдығы, оның ауыспалы жағдайының алдын алуға жұмыс істейді.
Опель Corsa автомобильінде орнатылған ESP (сурет 1) жүйесі жүргізушіге автомобильді жоғары жвлдамдықта да басқаруғажәне тек жүргізу қауіпсіздігіне қатер төнген кезде ғана араласуғат мүмкіндік береді. ESP жүйесі функцияларының бірінің арқасында - рульдің жеткіліксіз бұрылуын болдырмауды жақсарту технологиялары - Corsa бұрылыста тұрақты қозғалыстың шектік жылдамдығында да кермет динамикалы басқаруды қамтамасыз етеді; қажет болған жағдайда ол барлық төрт доңғалақты жеке - жеке басқарады. ESP функциялары арасында және еңіс бойымен жоғары қозғалу кезінде қосымша қолдану жүйесі автомобильдің тауға қарай қозғалған кезде артқа шегінуін болдырмайды және қол тежегіштерін қолдану қажеттілігін алып тастайды.
Сурет 1 - ESP жүйесі бар және ESP жоқ автомобильдің жоғары жылдамдықта шұғыл бұрылыстан өтуі
Автомобиль рельефі мен жол төсемі әр түрлі жолдармен қауіпсіз және жылдам жүріп, қозғалу үшін оған старт, қатты жүру, бұрыла қозғалу кезінде өозғалыс траекториясын тұрақтандыратын, тайғанақтауға қарсы деп аталатын жүйелер орнатады.
Өндірушіге байланысты тайғанақтауға қарсы жүйелердің түрлі атаулары болады: Audi - ASR, Volvo - STC, Toyota - TRC. Үдеу кезінде жетекші доңғалаұтардың тайғанақтау кезінде жүйе автоматты түрде қозғалтқыштың бұрау моментін төмендетеді де, тартым күшінің қалпына келуіне ықпал ете отырып, тайғанақтауға түскен доңғалақты тежейді. ABS EBD жүйелермен бірлесіп әрекет ете отырып, ол үдеуді де, тежеуді де жеңілдетеді. Қазіргі кезде, автомобильдің белсенді қауіпсіздігін блокдалануға қарсы жүйені қолданған кезде айтарлықтай артуының дәлелі болатын көп экспеименттің материал жиналады. Блокдалануға қарсы ж. йемен (БҚЖ) жабдықталған автомобиль құрғақ төсемедегі жолмен қозғалысы кезінде тежеу жолы орта есеппен 10-15%, ал ылғал төсемедегі жолмен жүргенде 25-35% төмендейді. Бір мезгілде автомобильдің курстық тұрақтылығы артады. Тежелген автомобильдің бұрынғы қозғаоыс бағытынан көлденең ауытқуы блокдалануға қарсы жүйе болған кезде екі есеге жуық азаяды.
Электрондық тұрақтандыру жүйесі - ESP қауіпті жағдайларда автомобильдің курстық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, шығып кетуі немесе жалтаруы сияқты бүйір жағындағы жағымсыз үдеулерді бақылайды және оларды жою жөнінде іс - шараларды қабылдайды. ESP (сурет 2) құрамына енетін бірнеше датчиктер, руль доңғалағының бұрылу бұрышы, курстан ауытқудың бұрыштық жылдамдығы, көлденең үдеу сияқты параметрлерін өлшейді. Жүйе, жүргізуші қандай әрекеттер қолданатынын және машина өзін нақты қалай ұстайтынын анықтайды. Егер нақты нәтижелері сәйкес келмесе, ESP жеке жүйелердің жұмысын түзетеді.
Сурет 2 - ESP жүйесінің жұмыс істеу принципі
Нақты жағдайға байланысты ESP жүйесі қозғалтқыщ жұмысын (жетекші доңғалақтарға берілетін бұрау моментін азайтады) және тежегіштің тежеу қуатын - баяулатқышты реттейді. Тайғанақ жол төсемінде, ESP жабдықталған автомобиль жүргізушіге көнгіш болады, ал ESP қажет болса, автобусты берілген қозғалыс траекториясына қайтарады. Ол шанақтың үлкен крендерін болдырмауға көмектеседі, олардан кейін автобдустың аударылуы болуы мүмкін.
1. 2 Автомобильдің басқарымдылығы және оны жетілдіру жолдары
Басқарымдылық - автомобильдің жүргізуші берген бағыт бойынша автомобильдің қозғалу қабілеті. Автомобиль қозғалыстары параметрлерінің жүргізушінің рульді басқаруға әсерімен сәйкестігі бойынша бағалайды. Түрлі әрекеттер кезінде сәйкестік дәрежесі т. рлі болуы мүмкін, бүл эксплуатациялық жағдайларда автомобиль басқарымдығын кешенді бағалауы үшін біртұтас критерий таңдау қиын.
Басқарымдылық сипаттарының бірі - бұрылғыштығы - автомобильдің руль доңғалағы қозғалыссыз болғанда, қозғалыс бағытын өзгерту қасиеті. Екі жағындағы күштердің әсерінен бұрылу радиусының өзгеруіне байланысты (бұрылыста орталықпен тебу, жел күші және т. б), автомобиль бұрылу бұрышын ұлғайтқан кезле бұрылғыштық - жеткіліксіз, бұрылу радиусы өзгермесе - бейтарап, бұрылу радиусы азайса - артық болуы мүмкін.
Шиналық және креннің бұрылғыш деп бөледі. Шиналық бұрылғыштық жанына қарай әкеткенде (жолмен жанасу таңбасының доңғалақтардың айналу жазықтығына қатысты ығысуы) шиналардың берілген бағытқа бұрыштап қозғалу қасиетіне байланысты. Басқа модельді шиналарда орнатқан кезде бұрылғыштық қзгеруі мүмкін және автомобиль бұрылыстарда жоғары жылдамдықпен жүрген кезде басқаша алып кетеді. Сонымен қатар жанына қарай алып кету шамасы шиналардағы қысымға байланысты, ол автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгенге сәйкес келуі керек.
Крендің бұрылғыштық шанақтың (кренде) көлбеуі кезінде (сурет 3) доңғалақ жлол мен автомобильге қатысты өзінің орнын өзгертеді (аспа типіне байланысты) . Егер аспа екі рычагты болса, доңғалақтар, алып кетуді ұлғайта отырып, крен жағына қарай қисаяды.
Сурет 3 - Бұрылу кезіндегі автомобиль шанағының көлбеуі
Руль доңғалағын бұра отырып, жүргізуші автомобиль қозғалысын жаңа бағыт береді. Автомобильді басқару нашарласа, қозғалыстың шынайы бағыты қажетті бағытымен сәйкес келмейді және жүргізуші тарапынан қосымша басқарушы әрекеттер қажет. Бұл автомобильдің жолмен жалтаруына, динамикалық коридордың ұлғаюына және жүргізішінің шаршауына алып келеді. Ерекше жағымсыз жағдайлар кезінде басқарудың нашарлығы автомобильдердің соқтығысуының, жаяу жүргіншіні басып кетуі немесе жол шетіне шығып кетуінің себебі болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz