АКК-да шиналар пайдалану тиімділігі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 1 АКК-да шиналар пайдалану тиімділігін бағалау . . . 4

1. 1 АКК-да шиналар пайдалану тиімділігін бағалау . . . 4

1. 2 Шиналар ресурсы және оған әсер ететін факторлар . . . 6

2 АКК инженерлік-техникалық қызметі ресурстарының құрылымы . . . 11

2. 1 АКК инженерлік-техникалық қызметі ресурстарының құрылымы . . . 11

2. 2 АКК инженерлік-техникалық қызметі, оны ұйымдастыру және

басқару . . . 12

Қорытынды . . . 17

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 18

Кіріспе

Автомобиль көлігі еліміздің халық шаруашылығының тиімді қызмететуіне елеулі әсерін тигізеді. Ең бастысы қатаң материалдың және қор шектеуімен сипатталатын автотранспортты кәсіпорын (АКК) шаруашылығының жаңа жағдайлары істі ыждағатты жүргізу қажеттігін ескертеді. Жоспарлаудың ғылыми деңгейінің өсуі, материал қорларын бөлу мен қолдану, нормативті базаның қалыптасу методологиясын жетілдіру өндірістің, материал жұмсауын төмендететін көрсеткішке ықпал жасайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу мен тұрмыстың көтерілуінің ең мәнді қайнар көзі еңбек құралдары мен қаржыларын үнемді және тиімді қолдану екендігі алдын ала анықталған. Үнемдеу тәртібі шаруашылықтың жаңа жағдайларындағы маңызды анықтаушы принцип болып табылады.

Осы материалдық қорлардың ішінде ең тез әрі жиі шығындалатын бөлшектердің бірі - автомобиль шиналары. Шиналардың тозу қарқындылығының өзгерісі материалдық қорлардың шығындалуына тікелей әсер етеді сондықтанда оларды тиімді пайдаланудың маңызы зор.

АКК инженерлік-техникалық қызметінің (ИТҚ) құрылымы осы қорларға негізделе отырып құрылады. ИТҚ-ның дұрыс құрылуы және басқарылуы АКК-ның тиімді жұмысының кепілі болып табылады. 1 АКК-да шиналар пайдалану тиімділігін бағалау

1. 1 АКК-да шиналар пайдалану тиімділігін бағалау

АКК-да шиналардың пайдаланылуын бақылау үшін арнаулы есепке алу жүргізіледі, ол үшін шиналар бойынша жауапты техник жауап береді. Әрбір пайдалануға түскен шинаға жүргізілетін “Шина жұмысын есепке алу карточкасы” осы есепке алуға негіз болады. Карточкаға шина және ол қондырылған автомобиль жайлы басты мәліметтер енгізіледі. Ресурс таусылған соң шинаның алыну себебі жазылады, сонымен бірге оның жүрген жолын пайдаланылған жүріс нормасы бар нақтылы жүріспен салыстырады.

Пайдаланудың бірінші циклінің шиналары үшін жүрген жол мөлшері Қаржы министрлігінің хаттарында бекітілген. Олардың шығу мерзімділігі шамамен 10 жыл. Егер шинаның жаңадан жасалған үлгілері соңғы хатта баяндалса, онда АКК өздерінің нақтылы мәліметтері негізінде уақытша норма (мөлшер) жасап, жоғары тұрған ұйымда бекіту керек.

Пайдаланылатын жүріс нормаларынан басқа, кепілдік нормалары да бар. Мысалы, жеңіл автомобильдерге арналған металлкордты брекері бар радиал шиналар үшін кепілдік нормасы 44, 0 мың км.

Протекторды салу арқылы қалпына келтірілген шиналар үшін, жүрістің пайдаланылатын нормаларын орталықтандырылған түрде анықтамайды. АККменшікті (уақытша) нормаларды әзірлеуге құқылы. Практикада жаңа шиналардың кепілдік нормаларының шамамен 40 % құрайтын, кепілдік нормаларын қолданады.

Шиналарды пайдаланудың негізгі қорытынды көрсеткіштері шиналардың күнтізбелік жыл ішіндегі АКК бойынша орташа жүрісі, сондай-ақ алғашқы П нв және қайта П вв қалпына келтіруге тапсырылған шиналардың пайызы болып табылады.

Шиналарды қалпына келтірудің қолданылып жүрген иесізденген түрінде бұл көрсеткіштер техникалық қызметті толық қанағаттандырмайды, өйткені шиналардың жаңа және қалпына келтірілген протекторда пайдаланудың барлық кезеңін толық бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан кешенді көрсеткіш К ир - шина ресурсын пайдалану коэффициенті, ол жаңа және қалпына келтірілген протекторларда шинаның АКК бойынша жалпы жүрісінің L общ нормативтік жүріске қатынасын көрсетеді:

К ир = ,

мұнда К пн және К пв - сәйкес түрде жаңа және қалпына келтірілген шиналардың өздерінің нормативтік жүрістерін орындау коэффициенті;

К В - шиналардықалпына келтіру коэффициенті;

n ВУ - қалпына келтірілгендер санынан қалдыққа шығарылған шиналардың саны, дана;

n НВ - жаңа шиналар санынан қалпына келтіруге жіберілген шиналар саны, дана.

К В коэффициенті АКК бойынша орта есеппен әрбір шинаның неше рет қалпына келетінін анықтауға мүмкіндік береді:

К В = .

п ву /п вв қатынасы кәсіпорын, қалпына келтірілген соң шиналарды қалай дер кезінде алатындығы және оларды қалай толығымен пайдалануға енгізетіндігін көрсетеді.

Сонымен, К ир коэффициенті шинаресурсы құрылуының барлық кезеңдерін өзара байланыста бағалауға мүмкіндік береді: протектордың үйкелуі, шиналарды қалпына келтіру үшін сақтау, қалпына келтірілген шиналардың сандық (дана) мөлшерде пайдалану толықтығы. L общ шамасы бойынша шиналардың тг/1000 км жүрісінің өзіндік құнын есептеуге және жоспарлауға болады, әсіресе бұл автокәсіпорындардың өзін-өзі қаржылан-дыруы жағдайында өте қажет. Жалпы жүріс шығындары

С общ = С н + К в С в ,

мұнда С н және С в - сәйкесінше, жаңа және қалпына келтірілген шинаның құны.

Шина жүрісі бірлігінің өзіндік құны С уд

С уд = .

Шиналар ресурсын басқарудың негізі оларды есепке алу жүйесі болу керек. Қазіргі уақыттағы есепке алу жүйесі мұндай функцияны орындай алмайды, өйткені АКК-да шиналарды есепке алуды шина жасаушылар 40-шы жылдардың өзінде-ақ анықтаған және көбінесе олардың мүдделерін білдірген. Содан бері “Автомобиль шинасының жұмысын есепке алу карточкасы” негізгі есепке алу құжаты дерлік өзгерген жоқ. Шиналардың есепке алудың қолданылып жүрген жүйесі қолайсыз болып табылады, шиналар жөніндегі техниктан әр түрлі есептік құжаттардың толтырылуын талап етеді, бұл оның ақпаратты талдау және шиналар ресурсын басқару мәселелерімен айналысуына мүмкіндік бермейді.

Осы кемшіліктерді жою үшін шиналарды пайдалану нәтижелерін бағалауда “АКК-да шиналар ресурсын басқару бойынша ұсыныстар” ұсынылған, олар мынаны көздейді:

- АКК техникалық қызметі үшін шиналар ресурсын пайдалану дәрежесі және осы процеске әсер ететін факторлар туралы толық ақпараты бар есептік құжаттар түрлерін енгізу;

- техниктің еңбегін регламенттейтін және оның кеңселік жұмысының көлемін қысқартатын, алғашқы және аралық құжаттардың бірыңғайланған түрлерін енгізу.

1. 2 Шиналар ресурсы және оған әсер ететін факторлар

Шиналар тозуының заңдылығын табумен, шиналарды қолдану және оның қорын басқару тиімділігін бағалаумен байланысты мәселелер МАЖИ-да В. А. Янчевскийдің басшылығымен өткізілетін жұмыстарда терең зерттелген.

Протектордың шегіне жетіп тозғанға дейінгі немесе доңғалақ тысында қандай да бір ақаулықтың пайда болуына: корд жіптерінің кесілуіне (үзілуіне), қаңқаның қабаттасуына, протектордың немесе бүйірінің өтпелі тесілуіне, борттың жұлуына және т. б. дейінгі оның жүрген жолы шина ресурсы деп саналады.

Протектор суретінің шекті қалдық биіктігі белгіленген: 1 мм - жүк автомобильдерінің шиналар үшін; 2 мм -автобустар шиналары үшін, 1, 6 мм - жеңілавтомобильдер шиналары үшін. Кейбір шиналарда тозу индикаторлары бар - протектор орнының түптері бойынша көлденең шығыңқы жерлер (алты қимада), олардың биіктігі шегіне тең. Егер протектордың бірқалыпты тозуы кезінде индикатор бір қимада, ал бірқалыпсыз тозғанда - екеуінде пайда болса, шинаны алып тастау керек.

Индикаторлар болмаған жағдайда протектордың қалған биіктігін өлшеуді ең көп тозу болған жерлерде жүргізу керек. “Автомобильшиналарын пайда-лану ережелеріне” сәйкес, “… протектор суретінің шығыңқы жерлерінің қалған биіктігі ауданында минимум жіберілетін көлемі болатын тозу протектор суретінің шегіне жеткен тозу депсаналады, ал оның протекторының жүру жолын енінің жартысына тең, ал ұзындығы протектордың жүру жолының ортасы бойынша шина шеңбері ұзындығын 1/6 тең, немесе бірқалыпсыз тозу кезінде - сондай көлемнің жиынтық ауданына тең (сурет 1. 1) . Практикалық қызметте протектор тозуының жиынтық шегі ұзындығы бойынша шина радиусының жартысына тең, жүру жолының учаскесінен аспау керектігінен бастау керек.

Шинаны пайдаланудың бірінші циклі деп оның жаңа (бастапқы) протек-тордың жұмыс істеу кезеңі деп аталады, екінші (кейінгі) цикл деп оның конструкциялық элементтерінің күрделі ақаулары жоқ болғанда тозған доңғалақ тысына дәнекерленген шинаның жаңартылған протектордағы жұмысы аталады. Бұл шиналарды қалпына келтірілген шиналар деп атайды.

Протектордың тозу қарқыны шинаның ресурсын едәуір дәрежеде анықтайды және бірқатар факторларға тәуелді болады (кесте 1) .

Шинаны дұрыс пайдаланудың негізгі көрсеткіші протектордың бірқалыпты тозуы болып табылады.

Шина жұмысындағы кез келген ауытқулар түйісу дағында күштердің қайта бөлінуін, протектордың сырғанауын, олардың бірқалыпсыз тозуын тудырады.

Бірқалыпсыз тозу әр түрлі болады: бір жақты тегіс, бір жақты ара тәрізді (кейде оны тісті деп те атайды), дақты, ирек, протектор центрібойынша, оның шеттері бойынша және т. б.

Сурет 1. 1 - Протектордың шекті суретінің ауданы:

R -шина радиусы; B -профиль ені; b = 1/2B ; а = 1/6*2 R

Тозудың әрбір түрі автомобильдің белгілі ақаулары туралы куәландырады. Бірқалыпсыз тозудың себебін уақытында тауып жою шиналардың едәуір мөлшерін сақтауға мүмкіндік беріп, отынның жұмсалуын қысқартады.

Жол жамылғысының сапасы шиналарресурсына күрт әсер етеді. Асфальт-бетон жолдармен салыстырғанда қиыршық-ұсақ тас жамылғыларда ресурс шамамен 25 %-ға, бұзылған тас жолдарда 50 %-ға дейін төмендейді.

Шина қызған кезде оның тербеліске кедергісі де, ресурс та төмендейді. Көрсетілген параметрлер позициясынан шина үшін ең тиімді температуралық режим 70 . . . 75 0 С. Шинаның температурасы 100 0 С дейін - мүмкін, 120 0 С болғанда - қауіпті, одан жоғары ауыспалы болып саналады. Температура нөлден 100 0 С дейін жоғарылағанда резинаның беріктігі - 2 . . . 3 есе, ал резина мен корд арасындағы байланыс беріктігі 1, 5…2 есе төмендейді.

Қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған сайын шинаның ресурсы қысқарады. Төмен теріс температураларда (минус 40 0 С және одан да төмен) қозғалғанда қызбаған шиналар кәдімгі (аязға төзімсіз) резинадан жасалғаншиналар орнынан шұғыл қозғалғанда немесе тегіс емес жерге болмашы соғылу кезінде жыртылып қалуы мүмкін.

Қозғалыс қарқындылығы автомобиль қозғалысының жылдамдығымен, тежеу және айдау жиілігіне байланысты болады. Осы параметрлермен жүргізу сапасы анықталады. Тәжірибесіз жүргізуші бұрылыстарда жылдамдық режимін дұрыс таңдамайды, автомобильді күрт тежейді және екпіндетеді. Осының барлығы шиналар ресурсын төмендетеді, өйткені протектордың тозу қарқын-дылығы тарту күшінің ұлғаю мөлшері бойынша дәрежеде шамамен 2, 2, ал тежеу - 2, 6 дәрежеде өседі. Жылдамдықтың 50-ден 100 км/сағұлғаюы кезінде шина ресурсы шамамен 40 %-ға төмендейді.

Кесте 1- протектордың мерзімінен бұрын тозуын анықтайтын факторлар

Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Басқарылмай-тын факторлар
Жартылай басқарылатын факторлар
Толығымен басқарылатын факторлар
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Автомобильдің техникалық жағдайы
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Қоршаған орта
Қозғалыс жағдайлары
Доңғалақ торабы
Орнату бұрыштары
Шасси
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Жолдың жағдайы
Қозғалыс жылдамдығы
Шинадағы қысым
Доңғалақтар-дың үйлесуі
Көпір-лердің қисаюы
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Климаттық жағдайлар
Жүргізу сапасы
Дисбаланс
Бұрылыс бұрыштарының ара қатысы
Амортизаторлар
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Автомобильге жүктеме
Тоғын деформациясы (бүйірлік соғу)
Шүберіннің бойлық еңісі
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Қиралаңдау
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Шүберіннің көлденең еңісі
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Тозудың айқындалу сипаты
Инженерлік-техникалық қызмет тарапынан әсер ету мүмкіндігі: Көп жағдайларда бірқалыпты
Бірқалыпсыз тозудың әр түрлері

Шинаға түсетін жүктеме мен оның ресурсы арасында байланыс бар. Шинаның 10 %-ғаасыра жүктелуіресурсты 20 %-ға төмендетеді. Жоғары жүктемелердің әсерінен қаңқасы зақымдалады, протектор жүру жолының шеттері бойында тозады. Техникалық құжаттамада шинаға жүктемені әдетте мүмкін мөлшерден 5…10 %-ға кем мөлшерде береді. Мұндай жүктемені үнемді деп атайды. Жүктеменің азаюы жүрістің ұлғаюына әкеледі.

Автомобильдің техникалық жағдайының факторлары (кесте 1) техника-лық пайдалану позициясынан қызығушылық тудырады, өйткені оларға АКК жағдайларында әсер етуге болады, бұл шиналардың ресурсын ұлғайтады.

Шиналардың әрбір өлшемі үшін олардың конструкциясы мен үнемді жүктемесін ескере отырып, ауа қысымының нормасын Р W белгілейді. Норма-дан ауытқу ресурстың төмендеуіне әкеледі (сурет 1. 2) . Әсіресе төмен қысым-ның болуы қалаусыз: протектордың жүру жолының шеттері қарқынды тозады (радиал аса төмен профильді шиналар мұндай тозуға аз дәрежеде ұшырайды) .

Шинада негізгі жүктеме (60-70 %) ауаға түседі. Ауа қысымының төмендеуі қаңқаның үлкен жүктемесін тудырады. Шинаның деформациясы ұлғаяды, қаңқада қажу кернеулері өседі, жіптері үзіледі (әсіресе металлкордтың), радиал шиналардың борттары үзіледі, отынның шығыны ұлғаядыа (15 %-ға дейін) .

Қысым жоғары болғанда жүру жолының орталық бөлігі қарқындырақ тозады. Корд жіптерінің кернеуі үлкен болады. Жаман жолдарда шинаның бұзылу ықтималдығы күрт өседі.

Екі дисбалансты ажыратады - статикалық және динамикалық.

Статикалық - бұл шина (доңғалақ) массасының айналу осіне қатысты бірқалыпсыз үлестірілуі. Егер мұндай доңғалақтың еркін айналу доңғалағы болса, ауыр бөлігі ылғи да төмен түседі.

Қозғалғанда статикалық дисбаланс доңғалақтың тік жазықтықта соғылуын тудырады, бұл шанақтың дірілін, бекіту және пісіру қосылыс-тарының әлсіреуін тудырады.

Динамикалық - бұлшина (доңғалақ) массасының доңғалақ тербелуінің орталық, бойлық жазықтығына қатыстыбірқалыпсыз таралуы. Қозғалғанда доңғалақтың соғуы көлденең жазықтықта болады. Руль жетегі мен механизмнің бөлшектеріне (алдыңғы дөңгелектердің дисбалансы болғанда), күпшек подшипниктеріне белгі ауысымды жоғары жиілікті жүктемелер әсер етеді - олар қарқындырақ тозады. Мұндай дисбалансқа тән белгі руль доңғалағының соғуы (дірілі) болып табылады.

Сурет 1. 2 - Шинадағы ауа қысымының оның ресурсына әсері

90 %-ға дерлік жағдайда автомобиль доңғалағы дисбалансының екі түрі болады. Олардың себептері жасалу кезінде шинаның конструкциялық элемент-терінің сапасыз құрастырылуы, сондай-ақ протекторды пайдаланғанда оның бірқалыпсыз тозуы болуы мүмкін.

Дисбаланстың кез келген түрі протектордың дақты тозуын тудырады.

Протектордың тозуына доңғалақты орнату бұрыштары үлкен әсер етеді. Үйлесу бұрышы аса маңызды болып табылады. Оңтайлы шамаға сәйкес келмеушілік шиналардың ресурсына күрт әсер етеді (сурет 1. 3) .

үлкен оң мәндері болғанда екі алдыңғы шинада протектордың сырты жолдары бойында бір жақты ара тәрізді тозу пайда болады; жоңғалақтар жеткіліксіз үйлескенде немесе ажырағанда бір жақты ара тәрізді тозу ішкі жолдар бойында пайда болады. Сонымен бірге отынның шығыны да артады. Жеңіл автомобильде =1 0 болғанда отынның шығыны 1, 5 %-ға ұлғаяды.

Бұзылу бұрышы көлемнен едәуір ауытқу кезінде тоқу қарқынына елеулі әсер етеді. Шинада тегіс бір жақты тозу пайда болады. Бұзылу бұрыштарының мөлшерден ауытқуы (бұл пайдалану кезінде тіліксіз алдыңғы арқалықты автомобильдерге тән) үйлестік бұрышын түзеуді қажет етеді. Шинада ара тәрізділіктің айқын белгілерінсіз тегіс бір жақты тозу пайда болады. Бұзылу бұрыштарының нормативтен ауытқуы (бұл оларды ұзақ пайдаланғанда алдыңғы арқалығы кесілмейтін автомобильдерге тән) үйлесу бұрышын түзетуді талап етеді. Егер мұны жасамаса, онда реттелмеген үйлесу бұрышына сәйкес келетін, бір жақты тозу пайда болады.

Конструкция түрінде бұзылу бұрышы кіндік темірдің көлденең еңкіштігінің бұрыштарымен (бұрылыс осьтері) “қатты байланысқан”. Реттеу немесе пайдалану процесінде олардың өзгеруі бір мезгілде болады.

Сурет 1. 3 -Үйлесу және бұзылу бұрыштарының шина ресурсына әсері

Бір шинаның ең жиі қарқынды бір жақты алдыңғы қос доңғалағы шүберінінің бойлық еңісі бұрыштарының (бұрылу осі) арасындағы теңсіздік болғанда пайда болады. Сонымен бірге жолдың түзу сызықты учаскесінде автомобильді басқа жаққа тартады.

Бұрылыс бұрыштарының ара қатысы автомобиль айналмалармен көп жүргенде алдыңғы шиналардың тозуына айқын, мысалы, үлкен қалада немесе тау жолдарында ықпал тигізеді. Бұрылыс бұрыштарының реттелмеген қатысы-ның ерекше белгісі ең шеткі жолдың қарқынды тозуы болып табылады, ол ерекше түрде протектордың жолдық суреттегі шиналарында көзге түседі.

Пайдалану процесінде көпірлердің өзара орналасуы да өзгереді - олардың біреуі екіншісіне қатысты жылжуы немесе қисаюы мүмкін. Артқы көпірдің қисаюы жиі пайда болады. Автомобиль бір жаққа бқрылып жүреді, әсіресе бұл ұзын базалы автобустарда байқалады. Артқы шиналарда бір жақты ара тәрізді тозу пайда болады: автомобильдің бір жағының шиналары протекторының ішкі жолы бойынша, және екіншісі сыртқы жолы бойынша.

Амортизаторлардың жұмысқа қабілеттілігін төмендегенде шиналардың тозуы да өседі. Әсіресе бұл жол төсемі тегіс болмағанда байқалады. Тозу қарқыны - 10 %-ға дейін, отынның шығыны 12. . 17 % дейін өсуі мүмкін.

Шиналардың тозуына автомобильдің техникалық жағдайының басқа факторлары да әсер етеді: жеңіл автомобильдің маятниктік рычагының осьтік люфті (алдыңғы оң шинаның жоғары тозуы болады), шүберіндердегі (шарлы тіреулердегі) люфтілер, күпшектер подшипниктеріндегі, тежеу барабандары-ның жұмыс бетінің сопақтығы және т. б. Бірақ жоғарыда қарастырылғанға қарағанда, олардың әсері аз, ал байқалуы мен жойылуы ерекше күрделілік тудырмайды.

2 АКК инженерлік-техникалық қызметі ресурстарының құрылымы

2. 1 АКК инженерлік-техникалық қызметі ресурстарының құрылымы

Автомобиль көлігінің инженерлік-техникалық қызметінің базалары мен ресурстары - бұл келесі құраушылардың жиынтығы: өндірістік-техникалық база (ӨТБ), жылжымалы құрам, материалдық-техникалық ресурстар, қаржы ресурстары, ғылыми, инженерлік-техникалық жұмыскерлер, жөндеуші және қосымша жұмысшылар кадрлары, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету.

Өндірістік-техникалық базаға автомобильдерді сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған үймереттер, ғимараттар, техникалық құралдар кіреді.

Сала экономикасын басқаруда негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдалану тиімділігін дамыту мен арттыру проблемасының үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Автомобиль көлігіне қатысты ол өндірістік-техникалық базаны талдау әдістерін жетілдіруден, оның даму деңгейін жүйелі қайта қарауды ұйымдастырудан, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша өндіріс масштабтарын пайдалануды жақсарту және кеңейту жолдарын айқындаудан тұрады.

Соңғы жылдары кешенді АКК негізінде ӨТБ дамуының теріс бағыттары байқалды: ӨТБ дамуының жылжымалы құрам паркінің өсу қарқындарынан қалуының жалғасуы; ӨТБ құрылымының ТҚ және жөндеу бойынша өндірісті ұйымдастырудың тиімді түрлеріне сәйкес еместігі; АКК жұмысының кейбір техника-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі; ӨТБ жылжымалы құрам-ды техникалық қамтамасыз етудің индустриялық әдістеріне сәйкес еместігі.

Жылжымалы құрам белгілі техникалық-пайдалану қасиеттерін иеленеді және инженерлік-техникалық қызметтің еңбек заттарының тақырыбы болып табылады. Әдетте АКК автомобильдердің бірнеше модельдерімен жинақталған. Дер кезіндегі тапсырыс, жаңа автомобиль техникасын алу және тарату - мате-риалдық-техникалық қамтамасыз етудің негізгі функцияларының бірі.

Материалдық-техникалық ресурстарға қосалқы бөлшектер, металл, отын, электр және жылу энергиясы кіреді.

Қаржы ресурстары тасымалдау процесінен және басқа шаруашылық операцияларынан алынатын пайда есебінен құрылады. Қаржы ресурстары ӨТБ салу, кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қаруландыру кезінде күрделі салым-дарды қаржыландыру; автомобильдер, жаңа технологиялық жабдықтар сатып алу; ИТҚ персоналының еңбегін төлеу; пайдалану материалдарын сатып алу және қорлармен қамтамасыз ету үшін қажет.

Ақпараттық қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеу өндірісін жедел басқару және ұйымдастыру; өндірістік-техникалық базаны құру және ИТҚ ресурстарын анықтау үшін қажетті ақпарат кіреді.

2. 2 АКК инженерлік-техникалық қызметі, оны ұйымдастыру және басқару

Автомобильдерді техникалық қамтамасыз етудің ұтымдылығы негізінде автокөлік кәсіпорындарының (АКК) инженерлік-техникалық қызметі (ИТҚ) жұмысының тиімділігімен анықталады.

Басқарудың әр түрлі деңгейлерінде (мемлекеттік, салалық, аймақтық, шаруашылық) автомобилькөлігінің инженерлік-техникалық қызметінің алдында тұрған міндеттер спектрі айтарлықтай кең. Негізгі ретінде автомобиль паркінің жұмысқа қабілеттілігінің талап етілетін деңгейін, техникалық пайдалануды дамытудың экологиялық және ресурс сақтау жолдарын қамтамасыз ету міндеті болады.

Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі мыналар болып табылады:

- өндірістік-техникалық базаны құру, жетілдіру және ұтымдыландыру және оны қолдау, қайта құру және техникалық қаруландыру бойынша шараларды өткізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль доңғалақтарына жөндеу жұмыстары
Автокөлік кәсіпорыны қызмет орындары
Санжар Моторс ЖШС жылжымалы құрамының шиналарын жөндеуге арналған учаскенің өндірістік қуатын оңтайландыру жобасы
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
Автокөлікпен тасымалдау жүйесі
Аккумулятор батареясын жөндеу бөлмесі
Блокты трансформаторлардың қорғанысы
Таксокомбинаттың техникалық қызметінің мінездемесі
Автокөлік кәсіпорындарын жобалау
МРЭК АҚ 110кВ Старый город қосалқы станциясын қайта құрылымдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz