Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер, мақсаты және міндеттері ... ... ... ... ...5
1.1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілердің даму тарихы ... ... ... ..5
1.2 БҰҰ шеңберінде таралатын жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер ... ... ... ..7
1.3 Еуропа аумағында таралатын жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ..12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..13
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап АҚШ-тың бастауымен әлемде автокөліктендіру қарқынды түрде жүре бастады. Көшелерде автокөлік санының артуы олардың қозғалысын реттеуді қажет етті. Сондықтанда 1893 жылы Францияда ең алғаш автокөлік қозғалысына қатысты ережелер қабылданды. Автокөлік өндірісінің дамуы және автокөлік жолдарының көптеп салынуы жол қозғалысы ережелерінің санының артуына әкелді және олар тек автокөлікке қатысты ғана емес, сонымен бірге қозғалысты ұйымдастыру салаларын да қамти бастады.
Автокөліктің жүк және жолаушы тасымалы саласында қолданыла бастауы жол қозғалысы ережелерін халықаралық деңгейде реттеуді талап етті. Осылайша 1909 жылы Парижде ең алғашқы жол қозғалысы туралы халықаралық конвенция қабылданды. Осыдан кейін әлемдегі автокөліктендіру қарқындылығы артқан сайын жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілердің саны мен қамту саласы да арта түсті.
Мақсатына қарай автокөлік тасымалына, автокөлікке және автокөлік жолдарына байланысты халықаралық құқықтық актілер былай жіктеледі:
1) Халықаралық автокөліктік қатынауларды орнатуға арналған;
2) Тұрақты халықаралық автокөлік желілерін ұйымдастыруға арналған;
3) Автокөлік жолдарын пайдалануға, жүргізушілерге және көлік
құралдарына қойылатын талаптарды бекітуге арналған жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер;
4) Халықаралық жүк тасымалын ұйымдастыруға және реттеуге арналған
халықаралық құқықтық актілер;
5) Халықаралық жолаушы тасымалын ұйымдастыруға және реттеуге
арналған халықаралық құқықтық актілер.
Бірінші топқа халықаралық автокөліктік қатынауларды орнатуға арналған
көршілес екі немесе одан да көп елдердің арасында жасалған келісімдер жатады. Оған мысал ретінде Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттерінің арасындағы Кедендік Одақ негізінде жасалған келісімдерді айтуға болады.
Екінші топқа тұрақты халықаралық автокөлік желілерін ұйымдастыруға арналған келісімдер. Бұл келісімдер екі мемлекет арасында немесе халықараылық жүк немесе жолаушы тасымалымен айналысатын ұйымдар арасында жасалуы мүмкін. Мұндай келісімдерде тұрақты автокөлік желілерін анықтаумен қатар, арнайы маршруттарды, қозғалыс кестесін, қолданылатын тарифтерді, тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша келісім жасаушы жақтардың жауапкершілігін және міндеттерін бекітеді.
1. Т.С. Ынтықов, М.К. Ибатов – Жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік Оқу құралы, Қарағанды, ҚарМТУ, 2000. 149 б.
2. «Автошкола профи» журналы, №1 шығарылым 10 - бет. 2010.
3. Бабков В.Ф. – Дорожные условия и безопасность движения. М.Транспорт, 1982. 288 б.
4. http://studopedia.org/2-126396.html – электрондық ресурс.
5. http://adilet.zan.kz – электрондық ресурс.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер,
мақсаты және міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілердің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 БҰҰ шеңберінде таралатын жол қозғалысы туралы халықаралық
құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
0.3 Еуропа аумағында таралатын жол қозғалысы туралы халықаралық
құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кіріспе

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап АҚШ-тың бастауымен әлемде автокөліктендіру қарқынды түрде жүре бастады. Көшелерде автокөлік санының артуы олардың қозғалысын реттеуді қажет етті. Сондықтанда 1893 жылы Францияда ең алғаш автокөлік қозғалысына қатысты ережелер қабылданды. Автокөлік өндірісінің дамуы және автокөлік жолдарының көптеп салынуы жол қозғалысы ережелерінің санының артуына әкелді және олар тек автокөлікке қатысты ғана емес, сонымен бірге қозғалысты ұйымдастыру салаларын да қамти бастады.
Автокөліктің жүк және жолаушы тасымалы саласында қолданыла бастауы жол қозғалысы ережелерін халықаралық деңгейде реттеуді талап етті. Осылайша 1909 жылы Парижде ең алғашқы жол қозғалысы туралы халықаралық конвенция қабылданды. Осыдан кейін әлемдегі автокөліктендіру қарқындылығы артқан сайын жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілердің саны мен қамту саласы да арта түсті.
Мақсатына қарай автокөлік тасымалына, автокөлікке және автокөлік жолдарына байланысты халықаралық құқықтық актілер былай жіктеледі:
1) Халықаралық автокөліктік қатынауларды орнатуға арналған;
2) Тұрақты халықаралық автокөлік желілерін ұйымдастыруға арналған;
3) Автокөлік жолдарын пайдалануға, жүргізушілерге және көлік
құралдарына қойылатын талаптарды бекітуге арналған жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер;
4) Халықаралық жүк тасымалын ұйымдастыруға және реттеуге арналған
халықаралық құқықтық актілер;
5) Халықаралық жолаушы тасымалын ұйымдастыруға және реттеуге
арналған халықаралық құқықтық актілер.
Бірінші топқа халықаралық автокөліктік қатынауларды орнатуға арналған
көршілес екі немесе одан да көп елдердің арасында жасалған келісімдер жатады. Оған мысал ретінде Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттерінің арасындағы Кедендік Одақ негізінде жасалған келісімдерді айтуға болады.
Екінші топқа тұрақты халықаралық автокөлік желілерін ұйымдастыруға арналған келісімдер. Бұл келісімдер екі мемлекет арасында немесе халықараылық жүк немесе жолаушы тасымалымен айналысатын ұйымдар арасында жасалуы мүмкін. Мұндай келісімдерде тұрақты автокөлік желілерін анықтаумен қатар, арнайы маршруттарды, қозғалыс кестесін, қолданылатын тарифтерді, тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша келісім жасаушы жақтардың жауапкершілігін және міндеттерін бекітеді.
Үшінші топ ең негізгі болып есептеледі. Себебі бұл топқа автокөлік
жолдарын пайдалануға, жүргізушілерге және көлік құралдарына қойылатын басты талаптарды бекітетін халықаралық конвенциялар кіреді.
Төртінші топқа халықаралық жүк тасымалын реттейтін және ұйымдастыратын конвенциялар мен келісімдер кіреді. Халықаралық жүк тасымалы туралы ең негізгі конвенциялар: 1956 жылы 19 мамырда Женева қаласында қабылданған Халықаралық автокөлік жолдарымен жүк тасымалы туралы конвенция (КСРО бұл конвенцияны 1983 жылы 1 тамызда ғана ратификациялады); Қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша Еуропалық конвенция (1957 жыл 30 қыркүйек); Тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдау және оларды тасымалдау үшін қолданылатын арнай автокөліктерге қойылатын талаптар туралы конвенция (1970 жыл 1 қыркүек).
Бесінші топқа халықаралық жолаушы және олардың жүгін тасымалдауды реттейтін және ұйымдастыратын конвенциялар мен келісімдер жатады. Олардың негізгілері: Халықаралық жолаушы және жолаушы жүгін тасымалдау туралы конвенция (1973 жыл 1 наурыз); Автокөлікпен халықаралық жолаушы және жолушы жүгін тасымалдау туралы конвенция (1997 жыл 9 қазан).
Осы топтардың ішінде ерекше тоқталуды қажет ететіні үшінші топ. Өйткені, жол қозғалысы туралы халықаралық конвенциялар жол қозғалысын ұйымдастыруға, автокөлікке қатысты жасалған барлық заңнамалардың негізі болып есептеледі.

1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер, мақсаты және міндеттері

1.1 Жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілердің даму тарихы

Халықаралық деңгейде жол қозғалысының қауіпсіздігін және әлемдік стандарттарын белгілейтін құқықтық актілер қызмет етеді. Олардың мақсаты жол қозғалысын максималды қауіпсіздендіру және жол қозғалысына қатысты негізгі түсініктер мен ережелерді әлемдік деңгейде унификациялау.
Қазіргі таңдағы жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер әлемдегі барлық мемлекеттерге, жеке континентке (мысалы, Еуропа), мемлекеттер одағына (ЕС, ТМД) таралатын және әр бір елдің ұлттық заңнамасымен бекітілген жол қозғалысы туралы ережелерді ескере отырып құрылған ережелер жиынтығы.
Жол қозғалысы ережелерін унификациялауға бағытталған ең алғашқы халықаралық келісім - Автокөлік қозғалысына қатысты халықаралық конвенция 1909 жылы 11 қазанда Париж қаласында қабылданды. Конвенция 15 баптан тұрды. Бұл конвенцияда: автокөлікке, жүргізушіге, басып озу ретіне қатысты міндетті талаптар бекітілді; төрт халықаралық жол белгісі енгізілді (сурет 1) және оларды кедергіге дейін 250 м қашықтықта орнатуды ұсынды; халықаралық жүргізуші куәлігінің үлгісі бекітілді.

Сурет 1 - Алғашқы халықаралық жол белгілері

1926 жылы осы Автокөлік қозғалысына қатысты халықаралық конвенцияға өзгертулер енгізіліп қайта қабылданды. Бұл конвенцияда халықаралық жол қозғалысына қатысатын автокөлік жабдықтарына қойылатын талаптарды айқындады және де жол белгілерінің пішінін, өлшемдерін, орнатылу орнын белгіледі. Алғаш рет ескерту жол белгілеріне арналған үш бұрышты пішін енгізілді. Алғашында қабылданған жол белгілеріне қоса, Күзетілмейтін темір жол өтпесі және Тоқтау міндетті тағы да екі жол белгісі енгізілді.
Кейіннен халықаралық жол белгілерінің саны артты. 1931 жылы Женева қаласында өткен конференцияда Жол белгілерін біріңғайландыру туралы конвенция қабылданды. Бұл конвенция халықаралық жол белгілерінің саны 26-ға дейін арттырды және оларды үш топқа бөлді: ескерту белгілері, алдын-ала қойылатын белгілер, сілтеуіш (указательные) белгілер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1947 жылы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) құрылды. ЕЭК-ның басты мақсаттарының бірі БҰҰ құрамындағы мемлекеттерге бірыңғай таралатын жол қозғалысы ережелерін құрастыру болды. 1949 жылы БҰҰ ЕЭК жол қозғалысы туралы жаңа халықаралық келісімдер жасады және 1949 жылдың 19 қыркүйек күні Женева қаласында БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы кезекті конференциясында Жол қозғалысы туралы конвенция және Жол белгілері және ескертпелері туралы хаттама қабылданды. Бұл конвенцияға КСРО тек 1959 жылы қосылды.[1]
1949 жылғы конвенция алғаш рет халықаралық жол қозғалысына қатысатын автокөліктердің габариттік өлшемдеріне және массасына қатысты шектеулер орнатты (кесте 1).

Кесте 1

1949 жылғы конвенция бойынша автокөліктің габариттік өлшемдеріне және массасына қойылатын шектеулер

Жалпы ені, м
2,5
Биіктігі, м
3,8
Бір тіркемесі бар автокөлік ұзындығы, м
18,0
Екі тіркемесі бар автокөлік ұзындығы, м
22,0
Бір оське әсе ететін максималды салмақ, тк
8,0
Екі оське әсер ететін максималды салмақ, тк
14,5

Бұл көрсеткіштер жол құрылысы кезінде, жаңа автокөлік жасаған кезде, жол қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары кезінде негізгі есептік көрсеткіштер болып қабылданды.
1949 жылғы конвенцияның мақсаты халықаралық жол қозғалысының дамуы мен қауіпсіздігін жетілдіру болды. Бұл конвенцияға осыған дейін қабылданған басқа конвенцияларға қарағанда қатысқан елдердің саны айтарлықтай көп болды, сондықтан да 1949 жылғы конвенция жол қозғалысы ережелерінің унификациялану аумағын кеңітті.
Аталған конвенция жол қозғалысын ұйымдастырудағы еуропалық тәжірибеге сүйене отырып жасалған болатын, сондықтан да Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерімен және де тағы бірқатар мемлекеттермен қабылданбады. Бұл мемлекеттердің жол қозғалысы туралы ережелерінде Еуропа және БҰҰ құрамындағы мемлекеттерге қарағанда әлі күнге дейін айтарлықтай өзгешеліктер бар.
Әлемдік автокөліктендірудің қарқындылығының артуы жол қозғалысы ережелерін және жолдық белгі беру жүйесін әрдайым жетілдіріп отыруды қажет етті. Сондықтанда жоғарыда айтылған конвенцияларды қабылдағаннан кейін БҰҰ бірден жаңа конвенциялар дайындау бойынша жұмыс бастап кетті. Бұл жұмыс 1968 жылы 8 қарашада Вена қаласында Жол қозғалысы туралы конвенция мен Жол белгілері және ескертпелері туралы конвенцияларды (Вена конвенциясы) қабылдаумен аяқталды.
Жоғарыда келтірілген халықаралық құқықтық актілерді КСРО басшылығы ратификациялаған және өз аумағында қолданылуына жағдай жасаған. Сондықтан да бұл құқықтық актілер, бұрынғы КСРО құрамына кірген мемлекет ретінде, Қазақстан Республикасымен де ратификацияланған болып есептелінеді және де ҚР аумағында таралады.
Әлемнің барлық мемлекеттерінде автокөліктендіру және жол қозғалысын ұйымдастыру бірқалыпты деңгейде дамып жатыр деп айта алмаймыз. Себебі, бұл салалардың дамуы мемлекеттің экономикалық жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтанда БҰҰ құрамына кіретін мемлекеттер (193) мен Еуропа мемлекеттерінің (50 мемлекет) жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілерінің арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. [2]

1.2 БҰҰ шеңберінде таралатын жол қозғалысы туралы халықаралық құқықтық актілер

БҰҰ шеңберінде таралатын халықаралық құқықтық актілер 1949 жылы Женевада қабылданған Жол қозғалысы туралы конвенциядан және Жол белгілері және ескертпелері туралы хаттамадан бастау алады. Бүгінгі күні бұл құқықтық акт 1968 жылғы Вена конвенциясына сәкйкес өзара келісім жасасқан мемлекеттер арасында таралмайды. Дегенімен де осы және 1968 жылғы Вена конвенциялары жалпыға бірдей негізгі жол қозғалысы ережелерін, халықаралық жол қозғалысына қатысатын автокөлік құралдарына және жүргізушіге, тіркеу нөміріне, көлік құралдарын бір-бірінен ерекшелейтін белгілерге қойылатын талаптарды және де халықаралық және ұлттық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін бекітті. Жүргізуші куәлігін қажет ететін көлік құралдарының бес санаты орнатылды. 2006 жылы БҰҰ-ның кезекті жиынында ұлттық жүргізуші куәліктерінің үлгісі өзгертілді. Куәліктер арнайы микрочиппен және қауіпсіздік голограммасымен жабдықталуы керек болды. Сонымен бірге көлік құралдарын енді 7 санатқа және 6 санатшаға (подкатегория) бөлінді. Қазақстанда жаңа типті жүргізуші куәліктері 2015 жылдың 3 наурызынан бастап беріле бастады.
Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес әр бір мемлекеттің арнайы мекемелері әр бір көлік құралына тіркелгені туралы куәлік, араб сандарынан немесе араб сндарынан және латын әріптерінен құралған тіркеу нөмірін беруі керек және тіркелген елдің ерекшелік белгісін орнатуы қажет.
Конвенциямен қоса берілетін қосымшада әрбір мемлекеттің және аумақтың ерекшелік белгілері келтірілген.
Сонымен бірге, әрбір көлік құралында дайындаушы зауыттың атауын немесе маркасын көрсететін танымдық белгілері және шанақтың немесе шассидің зауыттық нөмірі (автобустар мен автокөліктер үшін қозғалтқыштың зауыттық нөмірі) болуы керек.
Аталған конвенциялар көлік құралының құрылысының техникалық жағдайларын және оларға қойылатын талаптарды анықтайды. Атап айтқанда: тежеуіштерге, жарықтандыру құралдарына, рульдік басқаруға, артқы көрініс айналарына, дыбыстық белгі құралдарына, терезе тазалағыштарға, дөңгелектерге, түтін шығарғышқа, алдыңғы терезелерге және басқа да механизмдер мен бөлшектерге, сонымен бірге, көлік құралының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол ережесін бұзу бойынша хабар-ошарсыз болмау институты, азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны, мәмілелер ұғымы мен түрлері және жарамсыз мәмілелер - тапсырмаларына жауаптар
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Азаматтық қоғамның құрылымы
Қылмыстың тікелей объектісі - нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа редакция)
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Көліктегі қылмыстардың жеке құрамдары
Пәндер