Жылжымалы құрам түрлері


Жылжымалы құрам түрлері
1. Жылжымалы құрамның жіктелуі және индексациясы
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы өте алуан түрлі. Жылжымалы құрамды жіктеудің негізгі түрлері:
- атқаратын міндетіне қарай;
- өтімділігіне қарай;
- құрамы бойынша;
- кузов типі бойынша;
- қозғауыш типі бойынша;
- пайдалануы бойынша;
- шасси типі бойынша.
Атқаратын міндетіне қарай автокөліктер жолаушы тасу, жүк тасу және арнайы болып бөлінеді.
Ортақ мақсаттағы жылжымалы құрам түрлі көліктік тасымалдарды орындау үшін қызмет етеді, арнайыландырылған - тек қана жеке санатқа жататын жүк немесе жолаушы тасымалдарына арналған, ал арнайы түрі - әр түрлі тасымалдық емес жұмыстарды орындайды.
Жылжымалы құрамды өтімділігіне қарай жіктеу дөңгелек формуласына негізделіп жүргізіледі. Жылжымалы құрамның өтімділігі дегеніміз - жаман жолдармен және жолсызбен жүру қабілеттілігі. Ол жылжымалы құрамның арналған мақсатына қарай әр түрлі деңгейде болады. Жылжымалы құрамның дөңгелек формуласы сандық индекс арқылы көрсетіледі. Алғашқы сан жалпы дөңгелек санын, ал екінші сан жетекші дөңгелектер санын көрсетеді. Мысалы, 4х2 формуласында - 4- жалпы дөңгелектер саны, 2- жетекші дөңгелектер саны.
Өтімділігі шектеулі автомобильдер жол жамылғысы қатты және құрғақ топырақты жолдармен жүруге арналған. Олардың екі белдігі (мосты) болады: біреуі жетекші, екіншісі жетектегі.
Өтімділігі үлкен автокөліктер негізінен ауылдық жерлерге арналған. Оларды топырақты және жол жамылғысы қатты жолдарда да қолдануға болады. Олар сонымен бірге жолсыз, батпақты, сазды жерлерден, су және қар бөгеттерінен өте алады. Өтімділігі үлкен автокөліктердің бірнеше жетекші осьтері болады. Олардың дөңгелек формуласы: 4х4 - автокөліктің екі осі бар және екеуіде жетекші; 6х4 - үш осьі бар, олардың артқысы және алдыңғысы жетекші, ал ортадағысы жетктегі.
Өтімділігі жоғары автокөліктер шұңқырлардан, кедір-бұдырлы жерлерден, жолсызбен жүріп өте алады. Олардың үш немесе оданда көп остері болады және барлығы жетекші. Дөңгелек формулалары: 6х6, 8х8.
Қозғалтқыштың типіне қарай автокөліктер: карбюраторлы (бензинді), дизельді, газ өндіру, электірлік, бу, газ турбиналы.
Пайдаланылуы бойынша: комерциялық, қызметтік, жеке меншік автокөліктер.
Шасси типі бойынша: дөңгелекті, шынжыр табанды, аралас (түрленген) .
Кузов түріне қарай автокөліктер:
- кузовы жабық: седан, универсал, хетчбэк, лимузин, пикап, минивэн,
микроавтобус, купе, кроссовер, лифтбэк.
- кузовы ашық: кабриолет, родстер, ландо, фоэтонды.
- жүк және жолаушы тасымалына арналған: пикап, фургон.
Жеңіл атокөліктерді Жапонияда қозғауыштың жұмыс көлемі және ұзындығы бойынша үш топқа жіктейді: мини (қозғауыш көлемі 0, 66 л-ге дейін; ұзындығы 3, 3 м-ге дейін), кіші (қозғауыш көлемі 2 л; ұзындығы 4, 7 м-ге дейін), стандарт (қозғауыш көлемі 2 л-ден үлкен; ұзындығы 4, 7 м-ден ұзын) .
Еуропа елдерінде жеңіл автокөліктерді 6 классқа бөледі: А - класы өте кіші өлшемді (ұзындығы 3, 5 м-ге дейін), В - класы кіші өлшемді (ұзындығы 4 м-ге дейін), С - кіші орта өлшемді (гольф-класс), D - класы орта өлшемді, E және F кластары - өлшемдері бірдей, бірақ бағалары әр түрлі автокөліктер ( F - класы элита класы, сондықтанда бағасы қымбат) .
Сонымен қатар жеңіл автокөліктер цилиндрінің жұмыс көлемі бойынша 4 топқа, автобустар габаридті ұзындығы бойынша 5 топқа және толық салмағы бойынша жүк көліктері 7 топқа жіктеледі. Жеңіл, жүк автокөліктерінің және автобустардың жіктелуі және индексациясы кесте 1-де көрсетілген.
Кесте 1 - Жеңіл, жүк автокөліктерінің және автобустардың жіктелуі және индексациясы
Жылжымалы құрамның индексациясы төрт саннан тұрады. Алғашқы екі
сан - автокөліктің класын білдіреді. Жеңіл автокөліктерде ол қозғауыштың жұмыс көлемін, автобустар үшін габаридті ұзындығын, жүк көліктерінің толық салмағын білдіреді. Келесі екі сан автокөліктің үлгісін көрсетеді. Модификациялық үлгілерде қосымша бесінші сан болады, ол модификация ретін көрсетеді. Сандық индекстің алдында дайындаушы зауыттың қысқартылған атауын білдіретін әріптер қойылады. Мысалы: ВАЗ-2103
(сурет 1) - Волжск автозауытында шығарылатын қозғауышының жұмыс көлемі 1, 45 л болатын жеңіл автокөлік; ПАЗ-3301 - Павлов автозауытында шығарылатын ұзындығы 7, 15 м болатын автобус; КамАЗ-5320 (сурет 2) - Камск автозаутында шығарылатын толық салмағы 15, 2 т болатын жүк көлігі. [2]
Сурет 1 - ВАЗ-2103 жеңіл автокөлігі
Сурет 2 - КамАЗ-5320 жүк көлігі
- Жолаушы тасымалына арналған жылжымалы құрам түрлері
Жолаушы тасымалына арналған жылжымалы құрам адам тасымалы үшін арналған. Оған жеңіл атвокөліктер және автобустар жатады.
Жеңіл автокөліктер жолаушының (2-ден 8 адамға дейін) жеке тасымалы үшін қызмет етеді.
Ортақ мақсаттағы жеңіл автокөліктердің ашық және жабық кузов түрлері болады. Арнайыландырылған жеңіл автокөліктер жеке санаттың жолаушыларын тасымалдауға арналған. Арнайыландырылған жеңіл автокөліктерге жедел жәрдем көлігі, такси және т. б. жатады.
Арнаулы жеңіл автокөліктер тасымалдық емес жұмыстарды атқарады. Олар жеңіл автокөліктердің шассиының базасында шығарылады және арнаулы құрал-жабдықтармен жабдықталады. Арнаулы жеңіл автокөліктерге: зертханалық, полиция автокөліктері және т. б. жатады.
Автобустар жолаушылардың жаппай тасымалы үшін қызмет етеді. Ортақ мақсаттағы автобустар қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушы тасымалымен айналысады . Арнайыландырылған автобусарға: санитарлық, туристік (сурет 3), мектептік автобустар жатады.
Автобустарда вагондық немесе капоттық кузов түрлері болады және көбінесе олар жүк көліктерінің базасында құрастырылады. Автобустардың ең көп таралған түрі - ол микроавтобустар. Олар жеңіл автокөліктердің базасында жасалады.
Арнайы мақсаттағы автобустар ортақ мақсаттағы автобустардың шасии базасында шығарылады және арнайы жабдықтармен, құралдармен, аппараттармен және тағы сол сияқтылармен жабдықталады. Оларға: жылжымалы техникалық станциялар, кинозертханалар, санитарлық-ветеринарлық автобустар және тағы басқалар жатады.
Сурет 3 - Туристік автобус
- Жүк тасуға арналған жылжымалы құрам түрлері
Жүк көліктерінің жылжымалы құрамы әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған. Оған: жүк көліктері, автокөлік-тартқыштар, автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады. .
Жүк көліктері ортақ мақсаттағы, арнайыландырылған және арнаулы мақсаттағы болып жіктеледі.
Ортақ мақсаттағы жүк көліктері, сұйық жүктен басқа, жүктің барлық түрін тасымалдау үшін арналған . Оларда борттық платформа түріндегі жүк кузовтары болады. Арнайыландырылған жүк көліктері тек қана жеке жүк тұрін ғана тасымалдауға арналған. Олар тек қана бір жүк түрін тасымалдауға арналған кузовпен және сол жүкті тиеп-түсіретін арнайы жабдықтармен жабдықталады. Арнайыландырылған жүк көліктеріне: өзіаударғыштар, цистерналар, фургондар, рефрижеаторлар (сурет 4), өзітиелгіштер (самопогрузчик) жатады.
Арнайы мақсаттағы жүк көліктері әр түрлі тасымалдық емес жұмыстар мен операцияларды орындауға арналған. Олардың кузовы өзі атқаратын жұмыстарға бейімделген және сол жұмысты атқару үшін қажетті құрал-жабдықтармен, механизмдермен жабдықталған. Арнайы мақсаттағы жүк көліктеріне: комуналдық (қоқыс жинағыш, қар тазартқыш және т. б. автокөліктер), өртсөндіргіш, автокрандар (сурет 5), автовышкалар, автолавкалар, автокомпрессорлар, жатады. [3]
Сурет 4 - Реврижератор жүк көлігі
![]()
Сурет 5 - Автокран
- Автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер
Атвтопоездар автомобиль-тартқыштан, тіркемеден және жартылай тіркемеден тұрады. Автопоездар жылжымалы құрамның жұмыс өнімділігін арттырады және тасымалдау қызметінің құнын арзандатады. Жеке көлікпен атқарылатын тасымалдау жұмыстарын автопоезбен атқарса, онда сол тасымалдың құны 20-30 %-ға төмен болады жіне өнімділігі 1, 5 есе артады. Сондықтанда автопоездық тасымалдар экономикалық жағынан өте тиімді.
Сурет 6 - Тіркемелі автопоезд
Автопоездардың түрлері: тіркемелі, ершікті және иықты. Тіркемелі автопоезд жүк көлігінен және бір немесе бірнеше тіркемеден құралады. Ершікті автопоезд ершікті автомобиль-тартқыштан және, алдыңғы жағы тартқышқа бекітілген, жатрылай тіркемеден құралады. Иықты-атопоездар жүк көлігінен және иықты тіркемеден құралады. Олар ұзын жүктерді (ағаштар, құбырлар, металл прокаттары және т. б. ) бекітуге арналған тіреуіш бағаналармен жабдықталған.
Тіркемелі жылжымалы құрам ішіне тіркемелер және жартылай тіркемелер кіреді. Олар да автокөліктер сияқты ортақ мақсаттағы, арнайыландырылған және арнайы болып жіктеледі. Сонымен қатар тіркемелер жеңіл және жүк көліктеріне арналған болып бөлінеді.
Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің басты айырмашылығы: тіркемелер автомобиль-тартқышқа ілмек-тұзақ немесе шүберін-ілмек (шкворень-петля) тарту-тіркеу құралымен жалғанады, ал жартылай тіркемелер ершікті-тіркеу құрылғысымен жалғанады.
Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің конструкциялары алуан түрлі болады. Олар өздерінің қандай жүк тасымалдайтынына байланысты бір ості, екі ості және көп ості болуы мүмкін. Сонымен қатар тіркемелер мен жартылай тіркемелер активті жетекпен және активті жеткесіз болуы мүмкін.
Активті жетегі бар тіркемелер мен жартылай тіркемелерде жетекші дөңгелектері болады, оларға автомобиль-тарқыштың қозғауышының қуаты мен айналу моменті беріледі. Ал активті жетексіз түрінде барлық дөңгелектері жетектегі болады.
Автокөліктер мен автопоезд-фургондар сыртқы ортаның әсерінен қорғауды қажет ететін жүктерді тасымалдау үшін арналған. Олардың басты ерекшелігі кузовтарының жабық болуы. Кузовтың мұндай түрі тасымалданатын жүктің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді және жеңіл салмақты жүктерді тасымалдау кезінде автокөліктің жүк көтергіштік қабілетін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
Жүкті тасымалдау және сыртқы орта әсерінен қорғау үшін фургондардың бірнегше түрі қолданылады: әмбебап, арнайыландырылған, изотермиялық және рефрижераторлар.
Әмбебап фургондар ортақ мақсаттағы жүк тасымалдайтын фургондар болып саналады. Олар тасымалдау барысында бекіту және орналастыру үшін арнайы құрал-жабдықтарды, белгілі бір температураны қажет етпейтін өндірістік және тұтынушылық тауарларды арнайы қораптармен немесе қораптарсыз тасымалдауға арналған.
Арнайыландырылған фургондар - тасымалдау барысында бекіту және орналастыру үшін арнайы құрал-жабдықтарды қажет ететін өндірістік және тұтынушылық тауарларды (жиһаз, киім-кешек, нан өнімдерін және т. б. ) арнайы қораптармен немесе қораптарсыз тасымалдауға арналған. Сонымен бірге олар әр түрлі үй жануарларын, құстарды, малдарды тасымалду қызметтерін атқарады. Арнайыландырылған фургондарда жүкті бекіту және орналастыру құрал-жабдықтарының болуы жүк кузовының барлық пайдалы көлемін пйдалана отырп, жүкті қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді. [4]
Изотермиялық фургондар және рефрижераторлар - тез бұзылатын және белгілі бір температураны ұстап тұруды қажет ететін жүктерді, азық-түлікті (ет, ірімшік, жеміс-жидектер және т. б. ) тасымалдауға арналған. Изотермиялық фургондар белгілі бір температуралық режимнің сақталуын термоизоляциялық кузовтың арқасында қол жеткізеді, ал рефрижераторлар - температураны сақтап тұру үшін уақытша немесе үздіксіз салқындату құрылғыларын қолданады. Уақытша салқындататын құралдар фургон ішіндегі температураны шектеулі уақытқа дейін ғана сақтай алады, ал үздіксіз салқындату құрылғылары (тоңазытқыштар) ұзақ уақыт бойы бір температураны сақтап тұра алады.
Фургондар автокөлік шассиіне, тіркемеге немесе жартылай тіркемелерге орнатылады. Олар вагон түрінде немесе жеке кабинасы бар болуы мүмкін, көп есікті немесе борттың артында не жанында орналасқан не артында да жанында да бірдей есіктер орналасуы мүмкін. Фургондардың төбесі жабық, жиналмалы, шарнирлі-көтерілмелі болады. Бірнеше есіктердің және ашпалы-жаппалы төбесінің бар болуы фургондардың тиеу-түсіру жұмыстары кезінде ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. Фургондардың алюминий, пластмасса, болат немесе фанер жабындары бар ағаш немесе металл каркастары болады.
Рефрижератор жабдығы. Автокөліктер және автопоезд-рефрижераторлар арнайы изотермиялық (жылу шығармайтын) кузовтармен жабдықталған. Кузовтың термоизоляциясына жылуөткізгіштік қасиеті төмен материалдарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Қазіргі кезде мұндай материалдың ең көп қолданылатын түрі - пенопласт. Оның жылуөткізгіштік қабілеті өте төмен және бағасыда арзан.
Рефрижераторларда салқын температураны сақтап тұру үшін уақытша немесе үздіксіз салқындату құрылғыларын қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz