Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының құрылымы пен принциптері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
І тарау. Бастауыш мектепте математиканы оқыту.
1.1 Бастауыш мектепте математиканы оқыту методикасы ... ... ... ... ... ... ...5.11
1.2 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы ... ..12.19
ІІ тарау. Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының құрылымы пен принциптері.
2.1 Бастауыш мектепте математикада мазмұнынының құрылымы ... ... ...20.23
2.2 Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының принциптері..24.29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қазіргі, ғылыми-техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың ролі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында мектептің ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары санасезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу жоспарын және программасын енгізу керек.
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен
жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да, жаңа программа енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті. 1995 жылдан бастап мектептін бастауыш кластарында оқыту ісі жаңа программалар бойынша жүргізіле бастады.
Бастауыш кластардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі пайдаланылды.
Бастауыш класс оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
1. “Білім туралы” ҚР заңы, 1999 жылғы 7 маусым №389-1.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб.3-16.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2004. -38 б.
4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 1998, 378 б.
5. Сағындықұлы Е. Педагогика. Лекциялар курсы. –А.: 1999.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. –А.: Дарын. –2004.
7. Нұрғалиева Г.К.. Оқыту әдістері. – А., 1991.
8. Хмель Н.Д.. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы. Мектеп, 1984.
10. Иванова Н.Д., Қозғамбаева Қ.. Оқыту процесі оның мәні. А. 1991.
11. Айтмамбетова Б. Оқыту процесін ұйымдастыру. А. 1991.
12. Махмудов М.Н. Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру. –А., 1981.
13. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
14.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. ─ Тараз,2003. 15.Ахметов А.Қ. Принципы технологии и содержание образовательной
программы. ─Алматы, 1995.
16.Қазақстан Республикасы «Білім мемлекеттік бағдарламасы» //Қазақстан мұғалімі. ─ 2000. ─№33-34, б.28 -29.
17.Әмір Ш, Құраманов М. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. //Қазақстан мектебі. ─ 2001.№12. ─ б. 32-34.
18.Педагогикалық ізденіс. ─Алматы, 1990.
19.Тілеуова С.С, Әліпбек А.З. Педагогика. ─Шымкент, 2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
І тарау. Бастауыш мектепте математиканы оқыту.
1.1 Бастауыш мектепте математиканы оқыту методикасы ... ... ... ... ... ... . ..5-11
1.2 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы ... ..12-19
ІІ тарау. Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының құрылымы пен принциптері.
2.1 Бастауыш мектепте математикада мазмұнынының құрылымы ... ... ...20-23
2.2 Бастауыш мектепте математикада оқыту мазмұнының принциптері..24-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Қазіргі, ғылыми-техникалық прогресс жедел өсу кезенінде, математиканың ролі артты, сондықтан математикалық білім қоғамдық зор маңызға ие болды.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында мектептің ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, мектептің - басты міндеті оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары санасезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу мақсатымен мектепте берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу жоспарын және программасын енгізу керек.
Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары мектепте білім беруді қайта құру жөнінде үлкен
жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да, жаңа программа енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті. 1995 жылдан бастап мектептін бастауыш кластарында оқыту ісі жаңа программалар бойынша жүргізіле бастады.
Бастауыш кластардың математика жөнінен жаңа программаларға көшуіне байланысты жаңа әдістемелік жүйе жасалды, ол жүйе жаңа программаны іске асырудың тиімді жолдарын қарастырады. Мұндай жүйені жасау үстінде математиканы оқыту ісінде бұрыннан жинақталған құнды делінгендердің бәрі пайдаланылды.
Бастауыш класс оқушыларына математиканы ойдағыдай оқыту үшін алғаш оқыта бастаған мұғалім математиканы оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесін игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен творчестволық жұмыс істейтін болуы керек.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен төменгі класс оқушыларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу
және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан бастауыш кластарда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі бастауыш кластарда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы бастауыш кластарда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі оқушыларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, оқушыларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ методикада математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге оқушылардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен мұғалімді қаруландыру.
Математиканы оқыту методикасы жоғары оқу орнында өтілетін басқа пәндермен тығыз байланысты.

І тарау. Бастауыш мектепте математиканы оқыту
1.1 Бастауыш мектепте математиканы оқыту методикасы
Математиканы оқыту методикасы ең алдымен өзінің негізі математика ғылыммен табиғи байланысты. Математиканың мектепте өтілетін курсы мазмұнын таңдап алуда математика ғылымының өз деңгейі әрқашан әсерін тигізіп отырады: белгілі бір уақыт кезеңінде математиканың қандай идеялары жетекші болатынына қарай материалдың мазмұны іріктеп алынады да, енгізіліп отырған ұғымның қайсыбір түсініктемелері (трактовкасы) беріледі. Математиканы оқыту әдістері математиканың бастауыш курсында айқындалатын идеяларына байланысты болады. Методиканы терең ұғынып оны мектеп практикасында творчестволық пен қолдануда мұғалімнің математика курсын жақсы білуі және ең негізгі математикалық ұғымдардың қазіргі кездегі түсініктемелерімен таныс болуы талап етіледі.
Математиканы оқыту методикасы педагогикамен және педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Математика курсын құруда, математиканы оқыту методикасын таңдап алуда, математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеуде математика методикасы педагогика мен педагогикалық психологияда айқындалған жалпы оқыту заңдылықтарына сүйенеді. Педагогика немесе психология ашып берген оқытуға қатысты жаңа заңдылыктар методикада да әрқашан әнгіме болады. Методиканың дербес қағидалары педагогикалық және психологиялық тұжырымдар үшін материал болып табылады. Мұғалім әрбір методикалық әдістен, жаттығулар жүйесінен педагогикалық және психологиялық зандылықтардың, көрінісін байқап отырса, әрбір сабақты талдау кезінде соларға сүйеніп отырса, әрбір оқушы терең білім алатындай дәрежеге жетуге ат салысып, сол зандылықтарды пайдаланып отырса, сонда ғана методиканы саналы түрде игеріп, дұрыс қолдану мүмкін болады. Математиканы оқыту методикасынын төменгі класс оқушыларына білім және тәрбие беру міндеттерін шешуде, басқа методикалармен (қазақ тілін оқыту, еңбекке тәрбиелеу, сурет салу методикасы т. с. с.) көптеген ортақ мәселелері бар. Пән аралық байланыстарды дұрыс іске асыру үшін, мұғалімнің мұны ескеруі өте қажет.
Математика методикасы мұғалімдердін озат тәжірибесінін қорытындысы ретінде тарихпен қатарласа қалыптасып келеді. Казіргі кезде сол тәжірибе қорытындысы да пайдаланылып отыр бірақ негізге алынып отырғаны басқа материал математиканы оқытудың жаңа әдістері ғылыми зерттеудің нәтижесі болып отыр, өйткенде математика ғылымының өзіндегі жаңа бағыттар мен психология педагогикалық зерттеулердің табыстары ескеріледі Ғылыми зерттеулердің нәтижелері алдымен жеке мұғалімдердің іс тәжірибелерінде тексеріледі, ал содан кейін тиімді болып табылған әдістер көпшілік мектептерде енгізіледі.
Бастауыш кластардағы өзекті ұғымдардың I-ІV кластарда математиканы оқыту міндеттері.
Мектепте математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс.
Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ программада көрсетілген бірқатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардын саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни оқушылардың интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.
Математиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көз қарастын бастамасы қалыптаса бастайды. Сан арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигура т. с.с. математикалық алғашқы ұғымдар берілетін бастауыш кластардың өзінде-ақ оқушы математиканын объектісі - шын дүниенін кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек, мұнын өзі реалдық материал екенің сол сияқты сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағаның нақты дүниеден алынғанын оқушы түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, мектеп оқушыларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен оқушыларды қаруландыру мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп-қисапты шығару т. с. с.
Математиканы оқыту ісі өз Отанын (елін) сүйетін біздін қоғамымыздың игі мақсаттарын сезіне білетін өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру үшін сарып етуге дайын қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.
Математиканы оқыту жеке адамның енбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты ерекшеліктерін қалыптастару міндетін шешіп, оқушылардың еркін, зейінің, қиялын қамтуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс математикаға деген ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істей білуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
Математиканы бастауыш кластарда оқыту оны әрі қарай IX-XІ кластарда оқып білу үшін оқушылардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой-өрісінің дамуына сенімді негіз болуы тиіс.
І-ІV кластарға арналған математика программасының Түсінік хатында былай делінген: Оқыту мен тәрбиелеуді оқушылардың білімді игеруі мен танымдылық қабілеттерін дамытуды табиғи үйлестіру; білімнің теориялық денгейін арттыру және алған білімді практикада қолдана білуге дағдыландыру; ол үшін қажетті дағдылар қалыптастыру-міне, математиканы мектептің төменгі кластарында оқытуда жетекші принцип болып табылатындар осылар. I- ІV кластарда математиканы оқыту мазмұнын іріктеп алу, сол материалды белгілі бір жүйемен орналастыру, математиканы оқыту әдістерін таңдау математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуге бағындырылуы тиіс.
Әдістер жөніңдегі мәселе- білім және тәрбие беруде жоғары нәтижелерге жету үшін қалай, оқыту керектігі жөніндегі мәселе.
Педагогикада бастауыш кластарда мектепте өтілетін кез кел-ген пәнді оқытуда пайдаланылатын әр түрлі әдістер қарастыры-лады. Мысалы, мұғалім мен оқушының бірлесіп орындантын іс-әрекетін ескергенімізде мынадай әдістерді айырып көрсетуге болады: мұғалімнің материалды түсіндіруі, әнгіме өткізуі, оқу-шылардың өз бетімен істейтін жұмысы. "Балалардың білім ка-былдау тәсіліне қарай мынадай әдістерді айырып көрсетуге бо-лады: догматикалық, эвристикалық және зерттеушілік. Егер әдістерді берілетін білімді айқындауда оқушының ақыл-ойының соған қалайша келтірілетіндігі тұрғысынан алатын болсақ, онда индуктивтік және дедуктивтік әдістер жөнінде сөз етіледі т. с. с. Осы әдістердің бәрі оқу пәнінің өз ерекшеліктерін ескере, өзара байланысты және бірлестіре отырып математиканы оқытуда қолданылады. Мысалы, оқушыларды жаңа, материалмен таныс-тырған кезде эвристикалық сипатты әңгіме әдісін пайдалануға болады, оны өткізу процесінде оқушылар жаңа білімдерге ин-дуктивтік жолмен келтіріледі. Математиканы оқытуда әдістерді нақтылы пайдалану математиканың бастауыш курсының маз-мұнының ерекшелігін ескереді. Мысалы, математиканы оқыту әдістерінің оқу сабағын өткізу әдістерінен айырмашылығы бар геометриялық материалды оқып үйрену әдістерінің арифметикалық материалды оқып үйрену әдістерінен айырмашылығы бар. Нақтылы мазмұнды оқып үйрену әдістері жөніңдегі мәселе математиканың бастауыш курсының жеке бөлімдерімен жұмыс өткізу методикасын қарастырған кезде айқындалып ашылады. бұл параграфта математикалық материалды оқып үйрену кезінде әдістерді пайдалану ерекшеліктері ашылып айқындалады.
Оқыту әдістерін таңдап алу көптеген факторлармен анықталды: қазіргі жағдайларда мектеп алдыңа койылатын оқытудың жалпы міндеттерімен, оқып үйренілетін материалдың мазмұнымен. балалардың тиісті материалды игеруге дайындық деңгейімен т. б. анықталады.
Математиканы оқытудағы негізгі білім беру міндеттері жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың білімін қалыптастыру және оларды белгілі бір біліктер мен дағдыларға үйрету болып табылатыны белгілі. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін, оқыту методикасында математикалық материалды оқып үйрену белгілі бір баскышпен жүргізілуі көзделуі тиіс: жаңа материалды оқып үйренуге дайндық, жаңа материалмен таныстыру, алған білімін білігін және дағдысын пысықтау (бекіту).
Бастауыш кластарда математиканы оқыту мектепте сабақ және сабақтан тыс (жеке және топ-топқа бөліп) жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады; үйде - өзіндік үй тапсырмасы формасында; табиғатта, музейде, өндірісте - экскурсиялар формасында.
Басқа пәндер сияқты, математиканы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады.Математика сабағының ерекше болуына ең алдымен оқу пәнінің өзінің ерекшеліктері себепші болады. Математиканың бастауыш курсы арифметикалық материалды оқып үйренумен бірге алгебра мен геометрия элементтері енетіндей етіп құрылған. Ендеше бір сабақта арифметикалық материалмен қоса, алгебралық және геоиетриялық материал да өте жиі қарастырылады. Курстың әртүрлі бөлімдерінен материал енгізу математика сабағының құрылысы мен оны өткізу методикасына сөзсіз әсер етеді.
Математиканың бастауыш курсының екінші бір ерекшелігі -теориялық және практикалық мәселелерді бір-бірімен бай байланыста қарастыру. Сондықтан әрбір математика сабағында білімді игеру жөнінен істелетін жұмыс оқушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастырумен бір мезгілде жүргізіледі.
Сабақта, әдетте бірнеше дидактикалық мақсаттар жүзеге асырылады; бір материалға қатысты алдын ала дайындық жүмысы жүргізіледі,екінші матер иалға қатысты - жаңа материалмен таныстыру және оны алғаш бекіту, үшіншіге, бұрын өтілгенге қатысты алған білімдерін қорытындылау және жүйеге келтіру мақсатымен, біліктері мен дағдыларын берік қалып тастыру мақсатымен бекіту жүргізіледі. Сонымен бірге оқушылар дың білімі, білігі және дағдыларына бақылау жасалып, есіне алынуы жүзеге асырылады. Осы жағдайларда әрбір мәселе жөніңде сабақтан сабаққа қарайғы бір ізділікті сақтап отыру керек. Бұл - мұғалім, балалар тақырыпты оқып үйренгеннен, кейін, қандай білім, білік және дағдылар алуы тиіс екенін жеке білгенде, тақырып бойынша бүкіл жүйені айқын көріп отырған да ғана мүмкін болады.
Математика сабақтарының ерекше болуына сондай-ақ бала лардың математикалық материалды менгеру ерекшеліктері себепші болады: материалдың абстрактілі сипаты көрнекі құрал) дардың, оқытудың белсенді методтарының мұқият тандап алы нуын, сабақ кезінде оқушының іс-әрекетінің түрліше болуын талап етеді.
Математика сабақтарында мұғалім балалардың іс-әректін ойдағыдай басқарып, дифференциалдық оқытуды жүзеге асыру үшін, материалды меңгеру барысын үнемі бақылап отыру қажет; Бірнеше вариантпен тапсырмалар берілгенде кластағы оқушы лардың бәрі ол тапсырманы қалай орындау керектігін айқын біліп алуы үшін және тексеру жұмысы бүкіл класс оқушылары ның білімін байыта түсуге көмектесетін болуы үшін, әдетте, тап сырмалардың қиын варианттарының орындалу барысы тексері леді.
Математика сабақтарында білімдік мәселелермен тәрбие мәселелер тығыз байланыста жүзеге асырылады.Әрбір сабақ тың дұрыс та сондай - ақ теріс те тәрбиелік ықпал жасауы мүм кін. Сабақта тәрбиелік міндеттерді шешуге тек жеке бір "тәбиелік мезеттер" ғана емес, бүкіл сабақ бүтіндей оқу процесінде көмектеседі: біздің мектепте ғылымилығымен, идеялылығымен өмірге лайықтығымен ерекшеленетін оқыту мазмұны: оқу шылардың белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасай білу барынша дамытуға бағытталған оқу жұмысының әдісте; сабақтыtdp435trptext-align: justifyн айқын түрде ұйымдастырылуы. Оқу жұмыс ының тәрбиелік сипатты болуында басты роль мұғалім өйткені сабақтағы жұмыстың мазмұныңда әдістерін де ұйым дастырылуын да мұғалім анықтайды.
Математика сабағында әр түрлі тәрбиелік міндеттер шешіл ді: оқушылардың бақылағыштығын, қырағылығын, айналадағы өмірге көз сала журу дағдыларын тәрбиелеу; жұмыстағы инни циативасын, жауапкершілігін және адал ниеттілігін тәрбиелеу есептеулерде, өлшеулерде, тұжырымдауларда және жазған айқындықты және ұқыптылықты қалыптастыру; үнемі енбектен, және қиындықты жеңе білу дағдысын тәрбиелеу.
Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетімен жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білуі өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында белсенділігі артып, өз бетімен жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ білім алуда балалардың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс тандап алудың маңызы зор.
Оқытудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Математика сабақтарында өзіндік жұмыстар мен материалды оқып үйренуге дайыңдау мақсатымен, күрделі емес және жаңа материалмен таныстыру кезінде алған білімін, білігін және дағдыларын бекіту кезінде, сондай-ақ оқып үйренген материалын қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін өткізіледі.

1.2 Бастауыш мектепте математика пәнін оқытудың қазіргі жағдайы.
Жалпы білім беру саласының алдына қойылған мақсат ең алдымен, бірінші кезекте математикалык білім беру сапасын арттыру мәселелеріне келіп тірелетіні баршаға анық. Оны Еуропалык Кеңестің орта білім беру саласы бойынша берген нұсқауларынан, окушылардың тіл байлықтарының калыптасуына басты көңіл аудара отырып, олардың біліктіліктеріне мы-надай талаптар койғандығынан көруге болады: 1) Топпен бірге шешім қабылдай білу; 2) қақтығыстарды бейбіт жолмен шеше білу; 3) ерекшеліктерді (оқшаулықтарды) қабылдай білу; 4) өзге мәдениет, дін өкілдерімен өмір сүре білу; 5) тілдесе білу, қарым-қатынас жасай білу; 6) математикалық тілде тілдесе білу; 7) ақпараттарга сыни көзқарастарын қалыптастыру; 8) үнемі дайындықтың тұрақты базасы ретінде тір бойы оқып үйрену бейімділігі болуы; 9) математикалық тілді меңгере білу қабілетінің болуы. Олай болса, ежелгі замандардан-ақ, Евклидтің ... геометрияда патшалар жүретін жол жоқ! -- деген нақты сөздерінен бастау алатын, математикалық білім мен біліктілік сапасын арттыру мәселелері бүкіл әлем математиктерін толғандырып келетін өте күрделі және аумақты мәселе. Бұл мәселені шешу жолдарын бір макала көлемінде ашып көрсету мүмкін емес. Сондықтан, аталмыш мәселені мынадай жақтарынан қарастырып көрелік: математиканы оқыту қажеттілігі және оны оқыту мөлшері.
а) Математиканы оқыту не үшін қажет ?
Математика сөзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан-ақ математикалық біліктілікті ғалымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Әрине, бұл жәйт математиктерге жылышұрайлы болып керінгенімен, математикалық білім беру саласына кері әсерін тигізгені сөзсіз, өйткені математиканың жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтінін ақтағандай, сылтау болып келді. Ертеректен-ақ балалар мен ересектердің кемшілігі математиканы өте қиын, қызықсыз және меңгерілмейтін ғылым ретінде карастырып, оны тек физикалық, астрономиялық, инженерлік және т.с.с. есептерді шешуге ғана қажет, ал көпшілік математикасыз да күн кеше алады деп есептеген. Осы күндері де жұртшылықтың көпшілігі, ашық айтпаса да тап осылай ойлайтыны анық. Оған жоғары оқу орындарына қабылдаудың кешенді тестілеуіне гуманитар-лық саладағы мамандықтарға математиканы енгізбеу жөніндегі қарсы пікірлер айғақ бола алады. Көпшіліктің бұл пікірі негізсіз емес. Мысалы, күнделікті өмірде бірде-бір бухгалтердің өз қызметін атқару барысында қайсыбір функцияның туындысын есептегенін, немесе түрлі математикалық теңдеулерді және өзге математикалык есептерді шешкенін көрмеппіз. Бір қарағанда оларға математикадан бар керегі -- ол рационал сандарға арифметикалык амалдар қолдана білу ғана (оның өзі осы таңда компьютер, немесе калькулятор көмегімен орындалады). Сондықтан да: Баланың басын қатыратын осы математиканың не кажеті бар екен? Бағдарламаны қиындата бергенше оқушыларға сандарды және оларға қолданылатын амалдарды, тапқан табысын есептеуге қажетті деңгейде үйретсе жеткілікті емес пе? -- деген пікірлерді, өкінішке орай талай естіп жүрміз.
Онда, мынадай сұракқа жауап іздестіріп көрелік: Математиканы жалпыға бірдей, министрлік бекіткен мемлекетгік стандарт келемінде окып үйрету кажет пе?
Ежелгі замандардан бері математиканың алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуальдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтірілгендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрактар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен мектептегі математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
:: Математика -- ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі -- күре тамыры ретінде қарастырылады;
:: Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
:: Математикалық тілде тілдесу (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушыньщ сөз коммуникациясын, яғни сөйлеу мәдениетін дамытады;
:: Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
:: Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Математиканың жас өспірімдердің мүлтіксіз және заңдылықты жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен ролін белгілі дәрежеде жұртшылықтың мойындағаны белгілі. Математикалық білім беруде оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырып, оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндеті ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргумента-циясының толыққандылығын уағыздау, ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады. Мәселен, күнделікті тұрмыста кездесетін (ғылыми емес) ымырасыз пікір таластарда біз өзіміздің көқарасымызды жақтау үшін әдетте бір-екі дәйектеме келтірумен шектелеміз. Қарсыласымыз да біздің пікірімізге қарсы бірнеше дәйектемелерін алға тартады. Дегенмен, қарсыластардың келтірген дәйектемелері мәселені толық шешпей, пікірталаска қатысушылар өзге дәйектер іздестіре бастайды. Сөйтіп, пікірталас жалғаса береді. Ғылымның көптеген езге салаларында, мәселен гуманитарлык сала-ларындағы ғылыми пікірталастар да шамамен осы көрсетілген үлгі бойынша өрбиді, тек мұнда келтірілген дәйектемелер арнасы жіңішкелеу, әдетте то-лығырақ болып келеді. Дегенмен, бұл дәйектерді барлық мүмкін жағдайларда мәселені толық шешетіндей, ешбір күмән туғызбайтындай, енді қайтып бұл мәселе төңірегінде пікірталастар болдырмайтындай етіп келтіру мүмкін бола бермейді. Ал математикада жағдай мүлде өзгеше. Мұнда абсолютты толық емес, аз да болса күмәндылыққа жол алдыратын дәйектемелерді қате ретінде қарастырып, оны қабылдамайды. Математиканы оқып үйрену барысында, мысалы, 2-сыныптан бастап оқушы алғаш рет осындай, дәйектемелерге деген катаң талаппен танысады. Бұл математикалық қатандық алғашында оқушыны таң калдырады, сескендіріп, оны өзінен шеттете бастайды. Осы қатандық оқушы үшін шектен тыс қазбалаушылық болып, қажетсіз дүние боп көрінеді. Менің ойымша, 2 сыныптан бастап, яғни математикалық дәйектемелерге деген талаптары жүзеге аса бастағаннан бастап төменгі сыныптарда тек 5-ке окып келе жатқан оқушылардың көпшілігінің математикалық үлгерімі 4-ке, ал кейде қарсылық ретінде 3-2-ге құлдырап кетеді. Басқаша айтканда, төменгі сыныптардағы дарынды оқушылардың (олардың үлесі 20% болатыны дәлелденген) басым көпшілігін тап осы кезден бастап жоғалта бастаймыз. Олай болса, осындай ұғынбаушылық, жете түсінбеушілік туындаған сайын мұғалім шәкірттеріне математикалық теория, анықтама, теорема, дәлелдеу сиякты категориялардың мәнін ашып, оны ұғындырудан жалықпауы қажет. Барлык оқушылар бірдей дәрежеде, бір-екі рет түсіндіргеннен бұл күрделі, аса маңызды категориялардың мәнін, мағынасын бірден ұғына қоймайды. Мұны түсіндіруге арнайы сабақтар арнауға болмайды, өйткені ондай арнайы сабақтар өз максатына, көздеген нәтижесіне жете алмайды және жетуі мүмкін емес. Мұндай әңгіменің әсерлілігі, ұғынымдылығы кажетті ситуациялар туындағанда ғана болады және олар 2-3 минуттық, әрі кетсе 5 минуттық көлемде болса жеткілікті. Жақсы, білікті ұстаз көрсетілген процестің әрі тезірек, әрі нәтижелі аяқталуына кеп үлес коса алады. Өз оқушыларын пікірталасқа, бір-біріне сын айтуға баулиды.
Осы танда дүние танымдылыкты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын сезінуде, математикалық тілді жалпы әлемдік тіл ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сөйлеу мәдениетіне, қоршаған ортаны және олардың зандылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты кұралы ретінде ерекше көңіл бөлу кажет. Математикалық тілді оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет. Сонымен, математикалық біліктіктердің негізгі кұрамдас бөлігі, толыкқанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнайы, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек. Математикалық сөйлеу қабілетін дамыту математика сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді.
:: Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білу;
:: Материалдарды қисынды (мағыналылык) топтай, конспект жүргізе және рецензиялай білу;
:: Математикалық терминалогияларды түсіне, қолдана және негіздей білу;
:: Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясын тұргыза білу;
:: Ауызша және жазбаша математикалык, тілде сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білу;өз ойын тез жеткізе білу және ассоциацияларды таба білу;
::Анықтама, теоремамен сөйлемдерді қайта түжырымдай білу, ойын көрнекілей білу және т.с.с.
Өзіндік ойлау және сыни ойлау қабілетін, сөздің кисындылығын дамытуда мұғалімдер сабақтардың мынадай түрлерін қолданғаны ұтымды: есепті шығару жоспарын жазу; шешудің ең тиімді жолдарын іздестіру; орындалған жұмысқа талдау жасау; жұмыстардың қателіктерін табу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикамен таныстыру
Математиканы оқытудың заманауи әдістемелерінің әдістемелік принциптері
Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
Білім беру жүйесі
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
ҮЗІЛІССІЗ МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Білім берудің стандарты
Тест тапсырмаларын құрастыру
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
Пәндер