Бастауыш мектепте математика пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
І.ТАРАУ. Білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері.
1.1.Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері ... ... ... ...6.10
1.2.Ақпараттық технологиялардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.17
ІІ.ТАРАУ. Бастауыш мектепте математика пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі.
2.1. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.27
2.2. Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі ... ... ... 28.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2) компьютер - оқыту құралы; 3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы; 4) компьютер - ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.

1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
3. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
4. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет
5. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к.
6. www.google.kz.
7. Бабанский Ю.К. Проблемы повышении эффективности педагогических исследований. ─ М., 1982.
8. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. ─ А., 1998.
9. Қалыбекова Ә.А., Ысқақов Ж.Ы., Әлсатов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалары. ─ А., 2002.
10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. ─ А., 1998.
11. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. ─А., 2004.
12. Бегалиев Т. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы. ─Тараз, 2002.
13. Каменская Е.Н. Педагогика: курс лекций. ─ Ростов н/Д, 2003.
14. Әбиев Ж., Бабаев С.Б., Педагогика. Оку құралы. ─ А., 2004.
15. Педагогика. Дәріс курсы. ─А., 2003.
16.Амонашвили Ш. А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. ─ М.1990.
17.Жұмабаев М. Педагогика. ─ А,1992.
І8.Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы заңы"─ 1999.
19. Айтмамбетова Б. Педагогика лекциялар циклі. ─А., 1990.
20.Подласый И. Педагогика. В 2-х книгах. ─М, 2001

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І-ТАРАУ. Білім берудің ақпараттандырудың теориялық негіздері.
1.1.Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері ... ... ... ...6-10
1.2.Ақпараттық технологиялардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-17
ІІ-ТАРАУ. Бастауыш мектепте математика пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі.
2.1. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-27
2.2. Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі ... ... ... 28-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32-33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Кіріспе
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми - техникалық және өндірістік - технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта: 1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы; 2) компьютер - оқыту құралы; 3) компьютер - педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы; 4) компьютер - ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Мұндағы компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық тиімділігін негіздеуде мүмкіндік беретін екінші бағыттың маңызы ерекше. Компьютерді мектептегі кейбір пәндерді (математика, физика, еңбек және т.б.) оқытуда және математикалық, физикалық, химиялық құбылыстарды модельдеуге қолдануға болады.
Қазіргі уақытта компьютерді ақпараттану және есептеу техникасы негіздері пәнін оқыту үрдісінде қолдануда ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда пайдаланудың жақсы нәтижелер беретіндігін дәлелдейтін біршама еңбектер, диссертациялық зерттеулер бар.
Көрсетілген мәселенің теориялық жағы И.В.Апатова, В.С. Гершунский, В.А. Кальней, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.М.Монахов, И.В.Роберт, Н.Ф.Талызина және тағы басқа зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған.
Мектеп курсының жекеленген тақырыптары немесе тарауларын компьютерді қолданып оқыту да кеңінен қарастырылған.
С.Рахтың (орыс тілінің кейбір тақырыптарын оқытуда компьютерді пайдалану), В.А.Кальнейдің еңбек пәнін оқытуда компьютерді оқытудың техникалық құралы ретінде қолдану.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепке ақпараттануды енгізуде және компьютерді оқу-құрал жабдығы ретінде пайдалану мәселесімен Ж.А.Қараев және оның шәкірттерінің еңбектері үлкен роль атқаруда.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектеп - орта мектептің алғашқы баспалдағы. Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М.И.Моро, А.М.Пышкало, Н.А.Менчинская, т.б. Қазақстанда Т.Оспанова, Ж.Қайынбаев, К.Ерешова және т.б. ғалым-әдіскерлер үлкен үлес қосуда.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.

1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және теориялық негіздері
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды.
Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуте мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оку орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік "жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;
Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;
Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім).
Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінде немесе жаңа, төртінші деңгейде ұсынылатын бағдарламаларға қарғанда мазмұны едәуір тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі: оқудың жалпы ұзақгығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген); ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже, екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім туралы, Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді қажет етеді.
Ақпараттандыру дегеніміз мемлекеттік үкімет органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың құқықтық сұранысын қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызатын ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық процесс. Сондай - ақ, ақпараттандыру сол ресурстарды пайдалану және қалыптастыру процесі болып есептеледі.
Ақпараттандырудың даму заңдылығы - әлеуметтік кеңістіктегі, оның технологиялық білімдерін дамыту және жетілдіру. Білім беруді ақпараттандыру - Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық процестерді ақпараттандырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Оқытуды жетілдірудегі болашақ мамандар анықтаған білім мен дағдылар, болашақта қоғамды дамытудың даму жолдарын жетілдіруге көмектеседі және пайдасын тигізеді.
Білім беруді ақпараттандыру өз кезегінде экономиканы, мәдениетті және ғылымды жедел дамытудың аса маңызды буыны және негізгі көзі болып табылады.
Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтың дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны - алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
1.2Ақпараттық технологиялардың мазмұны.
Технология ұғымы педагогика ғылымына, өндіріс аясына енді. В.Даль: "Технология - наука техники. Техника искусство, знание, умения приемы работы и приложение их к делу"- деп түсіндірді. Ал оның алғашқы мағынасы
өнімді өндіру процесінде шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту
әдістерінің жиынтығы дегенді білдірген. Яғни технология - адамның басқаруымен техникалық құралдарды (станок, машина, т.б.) пайдалану арқылы өнім алу процесі. Мұндағы ең маңызды мәселе-техникалық құралдар.
Технология: tесһnе-өнер, шеберлік және logos-ғылым, яғни "шеберлік туралы ғылым" деген ұғымды білдіретін гректің сөзі.
Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, моделмен оқыту дегенге саяды. Осы мағынаны негізге ала отырып, В.П.Беспалько, М.В.Кларин, Б.С.Блум, т.б. ғалымдар оны оқыту білім беру процесіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, мынадай анықтамалар береді:
Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев), оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько), оқыту процесінде жоспарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы (И.П. Волков).
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты-берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен регулятивтердің жүйесі ретінде, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады.Оқу бағдарламаларында барлық пән бойынша білім мазмұнының әзірше бірінші элементіне үлкен мән берілуде, яғни ол - білімге. Қазіргі қоғамда
жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басшылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғамды гуманизациялау,
оқытуды дифференсациялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы
мен мүмкіндіктерін ашуға болады. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-
құлық параметрлерімен (іс-әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы,
сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, өз еркімен
ұсыныс тастауы т.б.) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен
салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен-өзі салыстырылады.
Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне
берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Педагогикалық технологияларды мазмұнына қарай қазіргі кезде төмендегі топтамасы ұсынылып жүр:
1. Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар. (Ш.А. Амонашвили,
Е.И. Ильина)
2. Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогикалық технологиялары (Ъ.Ф.Шаталов, Е,И,Пассов.)
3.Оқыту үрдісін басқарумен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар.(бағдарламалап дифференциялдап оқыту (Н.К.Гузик, Ж.Қараев, т.б.)
4. Оқу материалының дидактикалық құрлымын әдіснамалық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Мысалға дидактикалық біліктерді түрлендіру жөніндегі (Методика укрупления дидактических единиц-УДЕ) П.М.Эрдниев әдістемесі және т.б.
5. Табигатқа сәйкестендіріп, Халық педагогикасы әдістемелері қолданылатын технологиялар. Мысалы, Л.Н.Толстой, Монтессори, Абайдың қара сөздері,т.б.
6.Баламалы технологиялар, Мысалы Р. Штейнердің Вальдорф педагогикасы.
7. Кешенді технологиялар (Бұған көптеген авторлық мектептер кіреді) т.б.
Бірлесіп оқудың басты идеясы - білімді бірлесіп игеру.
Бірлесіп оқудың технологиясын қарастырмас бұрын, басты түсініктерін біліп алған жөн. Көптеген елдердің білім беру жүйесінде қазіргі заманға сай тенденцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бұл (тенденцияларды жүзеге асыруға) білім саласындағы дүниежүзілік елдердің жаңа ақпараттық технологияларға соның ішінде осы дүниежүзі әлеміне есігін ашатын компьютерлі телекоммуникацияларға қызығушылық танытылуда.
Қазіргі кезде мұндай мүмкіншіліктер қашықтық аралық білім беру, студент пен ұстаздардың қатынасы тек бір институт облыс көлемінде шектелмей одан басқа мемлекеттер мен әлемнің аймақтарымен қатынасы көптеп етек алуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен тек күндізгі емес, үйден шықпай-ақ қашықтықта білім алуға болады. Интернеттің басты жүйесі әлемнің ғылыми орталықтарының, кітапханаларының ақпараттарына кіру, өздігінен білім алуға ой-өрісінің өсуіне жағдай жасайды. Барлық елдердегі білім саласымен, мұғалімдердің, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік туады. Қандай да болмасын білім беру жүйесі бұл ашық және тұрақты жүйе, сондықтан да мұндай оның компоненттері, білім беру мақсаты мен мазмұны, қаңдай да болмасын білім беру түрінде бір мемлекеттің ішінде және мемлекетте қабылданған білім беру бағдарламасымен белгіленген жүйесіне сәйкес өзгеріссіз қалу керек.
Халықаралық тәжірибеде телекоммуникация деп техникалық құралдар
(телефон, радио, телевидение) көмегімен ақпараттарды белгілі қашықтықта беруді айтады.
Жоғарғы оқу орнының тәжірибесінде телекоммуникациялар туралы айтқанда көбінше компьютерлік құралдармен (модем арқылы) ақпаратты беру, қабылдау, дайындау және сақтау туралы айтылады, я болмаса телефондық жүйе дәстүрлі мен я болмаса спутниктің байланыс көмегімен -- бұл компьютерлік телекоммуникациялар делінеді. КТК-дағы ақпараттарды өткізу мен қабылдау компьютерден-компьютерге (синхронды байланыс-тікелей және уақыт аралық ЭВМ (асинхронды байланыс) арқылы болуы мүмкін, олар қолданушы сұранысы бойынша оның жеке компьютеріне хабарларды толтырып, таратуына мүмкіндік береді.
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
oo оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
oo оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
oo проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
oo жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
oo ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
oo информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
oo бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
oo информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
oo арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
oo облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
oo облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
oo оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
oo вариативтiлiк -- әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
oo болашаққа негiзделген -- күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
oo рефлексивтi-креативтi -- жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
oo эргономикалық -- нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
oo iзгiлiктiлiк -- бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
oo тәжiрибеге бағытталған -- оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
oo жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған: "Педагогтың ақпараттық құзырлығы" және "Оқытудағы ақпараттық технологиялар".
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

2.1. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен
Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі-оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең.
Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адамның өмірін, оның құқығы мен бостандығын - ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алу керек.
Бұл білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларының бірі ізгілендіру мен демократияландырудың іске асыруға бағытталған технологиялар болу керек. Олар білгір адам атты білім берудің дәстүрлі парадигмасын өмір бойы білім ала алатын адам, іскер адам атты гуманистік парадигмаға аустыратын технология болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы - білім беру жүйесінің барлық құрамдас компонеттерін жаңартуды талап етеді.
Соның ішіндегі басты компонент - білім берудегі мақсат. Ол мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек.
Қазіргі заманғы мектеп мақсаты: ол баланың қабілеті жететін бағытта оны неғұрлым өз бетімен терең білім алуына қолайлы жағдай туғызуы керек.
Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың миына құйғанымен, ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды.
Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау жэне бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл -баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады.
Сабақта, жалпы мектепте оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz