В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . ……3-4

І тарау. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы

1. 1 В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарасы . . . 5-7

1. 2. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық ұжымының қарым-қатынасы, оларды топтастыру . . . 8-12

ІІ тарау. В. А. Сухомлинскийдің тәрбие беру көзқарасы

2. 1. Ұжым ішіндегі тәрбие беру туралы көзқарасы . . . 13-22

2. 2. В. А. Сухомлинскийдің оқытудағы ұйымдастырудың формалары тұралы ұғымдары . . . 22-30

ІІІ. Қорытынды . . . ………. . ……… . . . ……… . . . … . . . 31-32

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . ……… . . . … . . . 33

Кіріспе

ХХ1 ғасыр - Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.

Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.

Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу-ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.

Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.

Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашак үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:

- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелен бала қызығуына, қуанышына негіздслген істердің еліктіруі;

- нақты істер міндеттерінің, маңсаттарыныц қоғамдық пайдалы кұндылығы және олардың біздің халкымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырыл

- окушыларда нақты моральдық сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.

Педагогикалық ұжымның міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін кұру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.

Белгіленген болашак үміт дүниесі жүйслерін жүзеге асыруда әсіресе педагогикалық ұжымның зор ұйымдастыру жұмысы қажст. Оның. болашақ үміт дүннесің тауып коя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт . дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін куанышы және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.

І. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы

1. 1 В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарасы

Педагог Василий Александрович Сухомлинский өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығушылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш орта мектебі, «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», тағы басқа құнды еңбектері арқылы В. А. Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

В. А. Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

В. А. Сухомлинский мектеп коллективінің мәні мен оны тәрбиелеудің принциптерін терең ашып көрсетеді, идеялық-азаматтық мазмұнды коллективтің өмірі мен дамуының негізі деп белгілейді. Бұл кітаптың ерекше құндылығы кісіге коллективтік тәрбиенің ықпалын терең ашып көрсетеді. Осы бөлімді оқи отырып, автордың адамдық өзара қарым -қатынастың аса нәзік қырларына соншалық бойлап енуіне, педагогикалық бақылауларының байлығы мен сан алуандығына таң қалмасқа болмайды.

В. А. Сухомлинский »Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу - барлық жастарға орта білім беруге арналған. Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері - комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді. Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. В. А. Сухомлинский ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе өзгешелігі - тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының дамуына деген көз-қараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныс-тар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақ-саттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский және т. б. атақты педагогтар күш жұмсады.

Бірақ, кең көлемде көзделген тәрбие жұмыстары жақсы нәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. Көптеген жылдар бойы үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің мектептерде адамды жаңаша тәрбиелеуге өзінің елеулі үлесін қоса алмады. Бұл нені көрсетті - идеяның нашарлығын ба, әлде оның өмір қажеттігіне сай келмегенін бе? өткенді ойлай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай қорытынды шығады: жекелей дамуды кемсіте не ұжымдауды әсірелеп, тәрбие ісін біржақты қателікке апаруға болмайды. Ұжымдық және тұлғалық үйлесім көп жағдайда тәрбие туралы дұрыс көзқарастар негізіне алынуы шарт.

Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.

Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті - оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.

Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».

1. 2. В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық ұжымының қарым-қатынасы, оларды топтастыру

Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. В. А. Сухомлинскийдің көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.

Оқушылар ұжымы- оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар - идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі - дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы - бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.

Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру - мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.

Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады. .

Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.

Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Сыныпта өз-өзінен шағын топтар, микроколлективтер пайда болатыны аз емес. Олар әдетте ортақ мүдде, ортақ іс негізінде (маркаларды жинау, көгершіндерді бағу, модельдер жасау т. с. с. ) құрылады. Олардың жұмысын дұрыс арнаға бағыттау керек. Осы топтарға біріккен мектеп оқушыларының жалпы кластық, жалпы-мектептік істерден тыс қалмауына, өз мүдделері шеңберінде тұйықталып қалмауына ұмтылу керек. Бірқатар жағдайларда қоғамдық, орта мен микроколлективтің әсер етуі арасында қайшылық пайда болады. Өкінішке орай, соңғы әсер ешқашанда жақсы бола бермейді.

Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді. Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше.

Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. В. А. Сухомлинскийдің «Совет мектебіндегі тәрбие проблемалары» атты мақаласында: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. Сонда бала . . . өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі».

Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе класс тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі. Педагогтардың міндеті - өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.

Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе, мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.

Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ, әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.

Оқушылар ұжымы тәрбие беруде «қатар әрекет жасау пе-дагогикасык» ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.

Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды. . В. А. Сухомлинскийдің тәрбие беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды, әрине, жоққа шығармайды, оны да қарастырады.

Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен. Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс, жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.

Мектептің ұйымы. Қазіргі жағдайда мектеп ұйымдарының алдына қойған міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесуге жұмылдырылған: саяси жағынан белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмыс істей алатын, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын адамдар ұрпағын калыптастыруға септігін тигізу. Жігіттер мен қыздардың саяси, еңбек және адамгершілік шыңдалысын күшейту, оларда білімге, мәдениетке, кәсіптік шеберлікке, халық игілігін сақтауға деген ұмтылысты тәрбиелеу әр ұйымының жауынгерлік нақты ісіне айналуы тиіс. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі ролі үлкен.

Мектеп ұйымдары мектептің өндірістік еңбек коллективтерімен жанды байланысын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру, оқушыларды өмірге, еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай шешуге көмегін тигізеді, олардың идеялық-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруте себепші болады. Бұл мәселелер айрықша үлкен орын алады.

Мектептегі жылдар - жеке адамның идеялық-адамгершілік жағынан қалыптасуында мейлінше маңызды және жауапты кезең. Дәл осы жылдарда дүниетаным мен жоғары идеялылығының негізі салынады. Бұған ғылым негіздерін игеру, басшылыққа алынатын документтерін оқып-үйрену.

2. 1. Ұжым ішіндегі тәрбие беру туралы көзқарасы

Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі - педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс - адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: »Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» - деп тұжырымдады.

Қазіргі Қазақстан Республикасында кәсіптік даярлыққа асқан қызығушылықпен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу-құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлер, жоғары кәсіптік училищелер, жекелей кәсіптік авторлық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік - педагогикалық институттар, индустриальдық-педагогикалық техникумдар, педагогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдар мен ұдайы байланыста дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда, мұның барлығы практикада сыналу үстінде.

Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я. Корчактың ерлігін В. А. Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі - деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.

Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты. В. А. Сухомлинский - гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В. А. Сухомлинский, - өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”.

Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.

В. А. Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип
В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы
В.а.сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Кәсіби педагогикалық қарым - қатынастың сипаттары
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың әдістемесі
В. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz