Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І тарау. Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы.
1. 1 Ж. Аймауытов өмірбаяны . . . 6-9
1. 2 Ж. Аймауытовтың педагогикалық еңбек жолы . . . 10-15
ІІ тарау. Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
2. 1 Ж. Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы . . . 16-21
2. 2 Ж. Аймаутовтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы . . . 22-28
Қорытынды . . . . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: . . . 30
Кіріспе
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж. Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы - тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” - дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт - жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж. Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Аймауытов Жүсіпбек - қазақтың көрнекті жазушысы. Ол адамның жан-жүйесін (психологиясын) қазақта тұңғыш зерттеп, оқулық жазған қайраткер, ағартушы, шын мәніндегі ұстаз, 30-жылдар зорбалаңының құрбаны болған суреткер, драматург, ғалым. Оның шығармашылық еңбектері араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, соңғы жылдары ғана жарық көре бастады. Белгілі ғұлама ғалым Қирабаев Серіктің ұсынып отырған мынау зерттеу кітабында Аймауытов Жүсіпбектің осы қиын да күрделі тағдыры әңгімеленіп, өмір жолы, болмыс-бітімі, тыныс-тірлігі жан-жақты суреттеледі.
Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз «арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге «өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың идеяларын әрі қарай А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, В. А. Сухомлинский және т. б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды пайдалынған. Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып, тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз бірізділікте беріліп келеді.
Педагогика ғылымы - тәрбиелеу, оқыту, білім беру, даму туралы заңдылықтарды айқындап, негіздерін ашып, оның принциптерін белгілеп береді. Педагогикалық заңдылық іс-әрекет, үрдіс туралы білім негіздерімен қаруландырса, ол педагогикалық принцип іс-әрекеттің бағдарын, үрдісті қалай кұру жөніндегі білімдік ұстанымды ұғындырады. Педагогикалық үрдістегі заңдылық педагогикалық іс-әрекетпен құбылыстағы тұрақты байланыс, қайталанып тұратын қозғалысқа тән бірлестікті танып түсінуге жол ашады. Таным түсінікті білудегі сырткы байланыспен ішкі байланысты білу үрдістің жүзеге асуындағы ортақ мән мазмұнды меңгертеді. Айталық, әлеуметтік жағдайға байланысты сыртқы әсерлердің ықпалы ішкі құбылыстарды өзгертсе, оның нәтижесі белгілі бір заңдылықты айқындайды.
І тарау. Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы.
1. 1 Жүсіпбек Аймауытов өмірбаяны
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919) . Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920) .
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922-1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924-1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926-1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған., Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды.
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші - Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді.
Сүйінші, алаш баласы, сүйінші, көркемдік көкжиегіміз тағы да кеңіді! Бұл жолы оқырман қауымға Жүсіпбек АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ «Елеусіз ерлер» атты әңгімесін ұсынамыз. Бұл шығарма XX ғасырдың 20-жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің қосымшасы - «Сәуле» әдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған - филология ғылымдарының кандидаты Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ екенін тағы да еске саламыз.
Мектеп үйінің алдында жиналған қалың топқа екі зиялы көп сөйледі. Қазақтың тарихынан қозғай, қауып-қатерді үйіп-төгіп, аласапыран, жаугершілік заманда ел қорғайтын азамат болмаса, жоғалып, құрып кетесіңдер, деп елдің қамын жеп сөйледі. Жиылған қауым тырс етіп жауап қайырмады. Тамағын кенеп, жөтеліп, тымағын көзіне түсіріп, жер шұқып отыра берді. Жұрт өрт қамаған қойша ұйлығып, шығуға жол таба алмай, иығы түсіп кетті; белсеніп шығып, қасқиып жауап берерлік жан табылмады. Әншейінде елге басалқы айтатын ақсақалдар таба алмай сандалды, аузына құм құйылды. Өйткені, мәселе тосын еді, шешуі қиын еді.
Топтың кеуде кезінде отырған көнетоз қоңыр пенжақты, кепе қалпақты, кертімтеш мұрын, секпіл қара жігіт мойнын созып, төңірекке қарай берді. Көзінен найзағайдың отындай жылт-жылт етіп ұшқын шашқан тәрізді болды. Осынша жұрттың қамалып, жауап бере алмай дағдарып отырғанына күйіп-пісіп кеткендей, әлдебір аяулы нәрсесін жоғалтып күйінгендей, әлде кек алатын кезек келіп, қолына түкіріп, кіжінгендей пішіні бар еді.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші - Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді. Еңбектері 1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазак жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мүрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3) . Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Қүрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеи мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазак институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды.
Жүсіпбек Аймауытов - интеллигенция өкілдерінің аса көрнектілерінің бірі, жазушы, драматург, публицист, аудармашы, әдебиет, педагогика, психология, өнер саласындағы бірқатар оқулықтардың, оқу құралдардың авторы. Ол адамның жан-жүйесін (психологиясын) қазақта тұңғыш зерттеп, оқулық жазған қайраткер, ағартушы, шын мәніндегі ұстаз, 30-жылдар зорбалаңының құрбаны болған суреткер, драматург, ғалым. Оның шығармашылық еңбектері араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, соңғы жылдары ғана жарық көре бастады.
1. 2 Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық еңбек жолы
Жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi Ж. Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш шыққан педагог, психолог-ғалым. Ол бiрнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Ж. Аймауытов Павлодардағы орыс-қазақ мектебiн, онан кейiн Семейдегi мұғалiмдер семинариясын (1918) бiтiрген. 1924 ж. Баянауылда бала оқытады. 1920 жылы РК(б) К қатарына кiредi. Қазақстан Советтерiнiң сьезiне делегат болып сайланады. ҚАССР Халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесi, “Қазақ тiлi”, “Ақ жол” газеттерiнiң қызметкерi, мектеп мұғалiмi, 1926-29 жылдары Шымкенттегi педтехникумның директоры болып iстейдi. 1931 жылы ұлтшыл деп айыпталып, жазықсыз өлiм жазасына кесiледi.
1918 ж. “Абай” журналының бас редакторы бола отырып, тәрбиемен байланысты бiрнеше ғылыми мақалалар жариялады. Солардың iшiнде 1922 ж. жеке кiтап болып шыққан “Тәрбие жетекшiсi” атты еңбегiн ерекше атап өтуге тура келедi. Ол еңбегiнде Ж Аймауытов “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы - тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” - дейдi.
Автор бала тәрбиесiндегi отбасының рөлiне зор мән бере келiп, “Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт - жас күнiнде көрген өнегеге, ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Ж. Аймауытов өнегелi үйелменнен де бұзақы мiнездi баланың шығуы немесе тәрбиесi нашар отбасынан да тәрбиелi, өнегелi баланың өсуi мүмкiн дей келедi де, бұл айтылғандар өскен ортаның, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға елiктеуден болатынын дәлелдейдi.
Тәлiмгер-ғалым бала тәрбиесiнде туған елдiң әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрiнiң белгiлi мөлшерде әсер ететiнiн ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол “ойын-сауық, өлең-жырды естiп өскен елдiң баласы өнерге бейiм болады, дiндар елдiң баласы дiншiл келедi. Жастайынан кемдiк, жоқшылық, қағажу көрiп өскен ауылдың баласы жасқаншақ, бұйығы болады” - деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигiзетiн ықпалына тоқталады.
Оның жазбаларынан Л. Н. Толстойдың “Тәрбие дегенiмiз бiр адамның екiншi бiр адамға жасайтын ықпалы” немесе А. С. Макаренконың “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейдi. Адамның тұтыну заттары, табиғи құбылыс т. б. бәрi тәрбиеге белгiлi әсерiн тигiзедi. Соның iшiндегi ең әсерлiсi - адамдардың қарым-қатынасы, әсiресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше” деген секiлдi таныс пiкiрлер жиi ұшырасады.
Ж. Аймауытовтың пiкiрiнше мұғалiмнiң айналысатыны - үнемi қозғалып, өзгерiп, өсетiн, өркендейтiн тiрi адам болғандықтан, бiркелкi әдiстен табан аумай шектелiп қалуға болмайды… Сабақ үйреншiктi жай шеберлiк емес, ол үнемi жаңаны табатын өнер… Дидактика мұғалiмге жиi жөн-жоба көрсетiп жетекшiлiк етедi… Сыннан өткен тиiмдi деген жолдарды ғана нұсқайды”- деп, оқыту, бiлiм берудiң әдiстердiң догма емес, iзденуден туатын iс-әрекет екенiн дұрыс атап өткен.
Ж. Аймауытов бiлiм негiзi ана тiлi арқылы меңгерiлетiнiн айта келiп, “Ана тiлiн жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндердi түсiну мүмкiн емес. Ана тiлi - халық болып жаралғаннан бергi жан дүниесiнiң айнасы, өсiп-өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi” - деп, оның қоғамдық рөлiн, оны жан-жақты және терең меңгеру қажеттiлiгiн баса көрсетедi.
Автор, адамның жан қуатын тәрбиелеп жетiлдiрудегi тарих пәнiнiң алар орнын айта келiп “Тарихты оқыту арқылы шәкiрттерге қазiргi өмiр мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата бiлерлiк сана туғызамыз” - дейдi.
Автор мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.
“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” - деп тұжырымдайды.
Ж. Аймауытов осы еңбегiнде туған өлкенiң жағрафиясын оның тарихымен байланыстыра қарастыруды ұсынады. Автор ерте замандағы “половец”, “кеченет” тәрiздi көшпелi жұрттың шаруашылығын қазақ халқының ертедегi тарихымен байланыстыра жүргiзудi қуаттайды.
Көшпелi жұрттың өткендегi салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсiбi және мәдени өмiрiнен хабардар ету үшiн 4-сыныпта әдебиеттi, тарихты және жағрафияны бiрiктiрiп, яғни интеграциялап “Бiздiң Отан” деген атпен оқытуды қажет деген пiкiр ұсынды.
Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердiң көрнектi орын алып келгенiне, өнерсiз қоғамның дамуы, рухани мәдениеттiң молаюы мүмкiн еместiгiне тоқталып, ұлт мектептерiнде әуелi кескiн (сурет) пен әуез (ән-күй) пәнiн үйретудiң керектiгiн, әрбiр баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабiлетiн тәрбиелеуде бұл пәндердiң маңызын баса айтты.
Ж. Аймауытов 1929 ж. “Комплекстi оқыту жолдары” деген еңбегiнде баланың бiлiмге деген ынта-ықыласын, зейiн-зердесiн арттыру үшiн мұғалiмдерден төмендегi шарттарды орындауды талап еттi. Олар: жаңа берiлетiн бiлiмдi баланың бұрын меңгерген бiлiмiне негiздеу, оқушылардың жаңа бiлiмдi меңгеруiне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерiлетiн жаңа бiлiмге бағыттау, басы артық, қажетсiз мағлұматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату, сияқты тәсiлдердi қолдану арқылы балалардың бiлiмге деген қызығушылығын артыру. Тәсiлдердi үнемi жаңартып жандандырып отыру, көрнекiлiктi пайдалану т. б. дидактикалық әдiс-тәсiлдердi сөз етедi. Сондай-ақ ол “Психология” (1926), “Жан жүйесi және өнер таңдау”(1926) деген оқулықтарын жазып, психология, педагогика, әдәстеме ғылымдарын ұщтастыра оқытуға терең мән бередi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz