Озат педагогикалық тәжірибе. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
I тарау. Озат педагогикалық тәжірибе
1.1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғымы, маңызды белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10
1.2 Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату ... ... .11.14
ІІ тарау. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс.әрекет
2.1 Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ..15.19
2.2 Шығармашылық іс. әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29.30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстардысын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі білім беру проблемаларына байланысты мектептердің оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ерекше мән беретін білім ордалары. Мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды.
1. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.
2. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990.
3. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999.
4.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
5.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. Методикалық нұсқау.А.,1990.
6.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
7.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.
8. Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 9. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Қазақстан мектебі 2010
10.Мурсалимбаева, Б. К. Бастауыш білім беру жүйесіндегі технологиялар . Бастауыш мектеп. - 2009.
11.Қасенова Б. О қу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру технологияларды пайдалану- 2009.
12. Бекеева, А. Дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері Бастауыш білім. - 2009.
13. Құлдыбаева С.Б. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технология - 2009.
14. Дайырбеков, С. С. Білім берушінің ақпараттық технологияны қолдануда біліктілігін жоғарылату мәселелері - 2009.
15.Ахметжанова Ү. Жаңа педагогикалық технология-оқу үрдісінде- 2009.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
I тарау. Озат педагогикалық тәжірибе
1.1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғымы, маңызды белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
1.2 Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату ... ... .11-14
ІІ тарау. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет
2.1 Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... 15-19
2.2 Шығармашылық іс- әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29-30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстардысын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі білім беру проблемаларына байланысты мектептердің оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ерекше мән беретін білім ордалары. Мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымыздың да ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектепте өркен жаяды.
Осы жерде мектеп көлемінде жалпылап, жинақтауға жарайтын озат тәжірибе мыңдап, аудан көлемінде таратуға болатын озат тәжірибе жүздеп саналатынын, ал облыс, республика көлемінде зерттеп, жинақтап, таратуға болатын озат тәжірибе саусақпен санарлық екенін айта кетуіміз керек. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Москва облысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты қатары тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша мектепішілік деңгейде қолданылып жатқан он мыңға жуық озат тәжірибе, аудандық және қалалық көлемде қолданылып жатқан 1200 озат тәжірибе, ал облыстық деңгейде пайдаланылып жатқан жүзден сәл ғана асатын озат тәжірибе бар екен. Қызылорда облысында осының оннан бірі бар деп есептесек, облыстық деңгейде сипаттап жазуға болатын он шақты ғана.
Мектептегі озат тәжірибені зерттеу бағытындағы әдістемелік жұмыстарды қайта құрудағы маңызды нәрсе мектепішілік бақылауды күшейту де емес, ашық сабақтар мен семинар-конференцияларды жиі өткізу де емес, бірінші кезекте педагогикалық ұжымда ынтамақтастық қарым-қатынас қалыптастыру болмақ. Сонымен бірге, әр ұстаздың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, мектепте тұлғалық бағыттағы жеке жұмыстарды жолға қою өте маңызды міндет болып табылады.

I тарау. Озат педагогикалық тәжірибе
1.1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі жән е шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Оза т тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
:: оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
:: өз беттерімен білім ала білуі;
:: білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
:: оқушылардың жалпы дамуы.
Білім с апасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық - озат тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Педагогикалық тәжірибе практика нәтижесі ретінде шындық өлшемі болып табылады: ол ендірілген жаңаруларды (инновацияларды) не растайды, не теріске шығарады. Ол тәжірибе дәстүрлі негізден бастау ала отырып, шығармашылық ізденіс пен жаңашылдыққа ұштасып жатады.
Кейбір мұғалімдер педагогикалық мәселені педагогикалық міндеттен ажырата алмайды. Мысалы, өз пәні бойынша жоғары көрсеткіштерге жету үшін мұғалім оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастырады, үйге нормадан тыс көп тапсырмалар береді. Бұл жұмыстар алғашқы кезде уақытша нәтижелерге жеткізуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мен олардың қоғамдық құндылықтарын қалыптастыру сияқты маңызы жоғары педагогикалық мәселелер назардан тыс қалып қояды. Жалпы алғанда, қосымша сабақтар мен тапсырмалар арқылы алынған нәтижелер педагогикалық шеберліктің және озат тәжірибенің маңызды белгісі, құнды қасиеті емес. Тіпті интуитивті жолмен табылған (теориялық негізделіп, әдістемелік жалпыланбаған) оқу-тәрбие жұмысындағы кейбір күрделі міндеттердің тамаша шешімдері де озат тәжірибенің негізгі белгілері болып саналмайды.
Педагогикалық озат тәжірибе - практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Педагогикалық озат тәжірибенің мәнін тереңірек түсіну үшін педагог-ғалымдар оны қай тұрғыдан қарастыратынын білу керек. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады:
Педагогикалық озат тәжірибені мұғалімдердің өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мұғалім өзінің және өзгелердің құнды іс-тәжірибесін зерттеп, жалпылау арқылы өз білімін жетілдіре алатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде қарастыру жақсы жолға қойылған озат тәжірибені зерттеу ісі арқылы мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.
Педагогикалық озат тәжірибені мұғалім мен әдіскердің педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы ретінде қарастыру педагогтың озат тәжірибеге жүйелі зерттеу жүргізуі өз шығармашылығын дамытуына ықпал ететінін байқатады.
Педагогикалық озат тәжірибені тәжірибе педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеу әдісі ретінде қарастыру ізденімпаз мұғалімдер үшін педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеуге жол ашатынын білдіреді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогика ғылымы мен практиканың өзара жүйелі байланысы ретінде қарастыру озат тәжірибе шын мәнінде ғылым мен практиканың сабақтастығы ретінде қарастырылатынын көрсетеді.
Педагогикалық озат тәжірибені педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыру әрбір ұстаздың озат тәжірибені зерттеп, жалпылауы оның әдістемелік қызметінің ерекше бір саласы болып табылатынын байқатады.
Бұл қарастырулардың барлығы озат тәжірибенің өзіндік мәнін аша отырып, оның өзге іс-тәжірибе түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе. Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі, тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Эксперименттік, озат және жаңашылдық тәжірибе озық тәжірибелер қатарына жатады, тек оң тәжірибе ғана оған жатпайды. Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.
Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру - әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс - құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.
Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейінгі кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, жаңашылдықпен айналыса алады делінетін. Мектеп өміріне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана озат тәжірибе жинақтайды.
Педагог-ғалымдардың көрсетуінше, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлік деңгейіне қарай ұстаздар төмендегіше жіктеледі:
1. Үйренуші - арнайы оқу орнында алған білімін мектеп практикасында пайдаланушы;
2. Ізденуші - өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен өткізіп, сараптаушы;
3. Шығармашыл - оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт бойынша сынақ өткізуші;
4. Жаңашыл - білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын ойлап табушы;
5. Шебер - педагогикалық қызметте оңтайлы әдістемелік жүйе құрастырған озат тәжірибе иесі;
6. Инноватор - педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа бағыт жасаушы.
Тағы бір айта кетер нәрсе, озат тәжірибе иесінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде болатындығы. Педагогикалық шеберлiк - кәсiби педагогикалық қызметтi ұйымдастырудың жоғары деңгейiн қамтамасыз ететiн ұстаздың тұлғалық қасиеттерiнiң жиынтығы.
Оның құрамдас бөлiктерi:
1.Гуманистiк бағыттылығы (қызығуы, құндылықтары, мұраттары);
2.Кәсiби бiлiм (пәндiк, әдiстемелiк, психологиялық);
3.Педагогикалық әбеп (адамгершілігі, ізгілігі);
4.Педагогикалық техника (өзін-өзі ұстауы, мимика, ым-ишара);
Шебер мұғалiмнiң педагогикалық озат тәжiрибесiн зерттеу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.Зерттеудiң мақсат-мiндеттерiн тұжырымдау, өзектi тақырыптарды айқындау.
2.Шебер мұғалiмнiң педагогика ғылымы мен мектеп практикасындағы өзектi мәселелердi шешудегi жетiстiктерiн айқындау.
3.Озат тәжiрибе туралы нақты мәлiметтер мен деректердi жинау:
а)тiкелей: оқу-тәрбие үрдiсiн бақылау, ұстаз және мектеп әкiмшiлiгiмен әңгiмелесу, мектеп құжаттарын талдау.
ә)жанама: педагогикалық әдебиет пен мұғалiм еңбегiнiң негiзгi қолжазбаларын, қосымша әдiстемелiк тапсырмаларды (сауалнама, сұрақ, ашық тест) зерттеу.
4.Озат тәжiрибенi талдау, жалпылау және қорытынды жасау: зерттелген тәжiрибенiң типтiк белгiлерi, педагогикалық мәнi мен маңызы, шебер мұғалiмнiң жұмыс жүйесiн негiздеу мен сипаттау.

1.2 Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату
Педагогикалық озат тәжірибе- практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады. Осы бағыттар арқылы тиімділігі артады:
oo Әдістемелік жұмыстың тиімділігі артады;
oo Мұғалім мен әдіскердің шығармашылығы дамиды;
oo Ғылыми зерттеуге жол ашылады;
oo Ғылым мен практиканың сабақтастығы артады;
oo Әдістемелік қызметтің ерекше бір саласы болып қалады.
Тәжірибенің түрі көп екені белгілі:
oo оң тәжірибе;
oo эксперименттік тәжірибе;
oo озат тәжірибе;
oo жаңашылдық тәжірибе.
Қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің тиімді жолмен қол жеткізген жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Аталған тәжірибелердің ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.
Педагог-ғалымдардың көрсетуінше, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлік деңгейіне қарай ұстаздар төмендегіше жіктеледі:
oo Үйренуші- арнайы оқу орнында алған білімін мектеп партасында пайдаланушы;
oo Ізденуші- өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен өткізіп, сараптаушы;
oo Шығармашыл- оқу-тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт бойынша сынақ өткізуші;
oo Жаңашыл-білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін, құралдарын ойлап табушы;
oo Шебер- педагогикалық қызметте оңтайлы әдістемелік жүйе құрастырған озат тәжірибе иесі;
oo Инноватор- педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа бағыт жасаушы.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің өзіндік жаңалығы болу керек. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа о ртаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.
Мұғалімнің озат тәжірибесін зерттеудің кезеңдері:
oo Педагогикалық озат тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде іс-шара жоспарын жасақтау;
oo Әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдерді анықтау;
oo Анықталған мұғалімдердің шығармашылық-проблемалық тақырыптарын жинақтау;
oo Тақырып пен жұмысты кезеңдерге бөлу;
oo Өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін айқындау;
oo Озат тәжірибе туралы нақты мәліметтер мен деректер жинау;
oo Тікелей құжаттарын талдау, жинау;
oo Жанама қосымша әдістемелік тапсырмалар, сұрақ, сауалнама;
oo Озат тәжірибені талдау, қорытынды жасау, жұмыс жүйесін сипаттау.
Шығармашылық - проблемалық тақырып анықталып болған соң жұмысты мынадай кезеңдерге бөлеміз:
1. Ғылыми-теориялық дайындық жасау;
2. Жүргізілетін жұмысты терең анықтау, болжау;
3. Мектепті, сыныпты, пәнді, оқушыны жан-жақты дайындау;
4. Кіші эксперимент кезеңдері;
5. Салыстырмалы нәтижелері;
6. Өзіндік әдістемелік бірлестіктің, мектеп басшыларының, әдіскер-мұғалімнің талдаулары;
7. Жүйелі, тұрақты түрде нәтиже көрсету, басқа сыныпта, мектепте байқаудан өткізу;
8. Қорытынды, сараптау, талдау жасау;
9. Әдістемелік кеңесте, бірлестік отырысында, мектептің педагогикалық кеңесінде, аудандық, облыстық, республикалық кеңестерде қорғау;
10. Ғылыми тақырып ретінде ғылыми жұмыспен айналысу- ғалым жолы.
Озат тәжірибені тарату әдіс-тәсілдері, түрлері:
oo Мектеп, аудан анықтама түрінде;
oo Бұйрық түрінде анықтама қоса тіркеледі;
oo Альбом;
oo Реферат түрінде;
oo Буклет түрінде;
oo Баспасөз құралдары газет, журнал арқылы;
oo Бейнебаян түрінде;
oo Плакат түрінде;
oo Кітапша;
oo Бюллетень.
Әрине істің көзін тапқан адамға озат тәжірибенің тарату жолын табудың қиындығы жоқ деп ойлаймын. Озат тәжірибенің жинақталып, тарату жолдары:
oo Ғылыми-практикалық конференция арқылы;
oo Ашық сабақтар арқылы;
oo Семинар-практикум арқылы;
oo Үлгілі тәрбие мектебі арқылы;
oo Әдістемелік бірлестік арқылы;
oo Педагогикалық оқу арқылы;
oo Тамыз, қаңтар педагогикалық кеңестері, секция жұмыстары арқылы;
oo Жас мамандар мектебіндегі оқу-практикум арқылы;
oo Жарты жылдық, жылдық салыстырмалы бақылау, байқау жұмыстарының нәтижелігінен;
oo Оқушылардың пәндік олимпиадаларда жақсы нәтиже беруі арқылы;
oo Ғылыми жобаға қатысушылар саны және нәтижелігінің артуы арқылы.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау ; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер м ен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің т әрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.

ІІ тарау. Инновация туралы ұғым, шығармашылық іс-әрекет 2.1. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.
Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатына жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды . Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық і с-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұнындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет - қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
- иновацияның себептері;
- жаңалықты жобалау;
- жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
- мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологиялар жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
- инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
- бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
- әлеуметтік-экономикалық жағдай;
- инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, қарсы тұрушылар.
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беруі.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін ::(дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық тәжірибе және инновация
Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Озат педагогикалық тәжірибе
Педагогикалық ізденіс
Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын анықтау принциптері
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Педагогикадан дәрістер жайында
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Пәндер