Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5

І. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС.ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс.әрекетін ұйымдастыру ... ... ...6.8
1.2 Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс.әрекетін ұйымдастыру ... ... ... ... 9.11
1.3 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік.эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.15

ІІ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Бейнелеу өнерін меңгеруде суреттің атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... .16.18
2.2 Бейнелеу өнері сабағында ересек балаларға елестету арқылы сурет салдыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.21
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.26

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Тақырыптың өзектілігі. Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе – баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту – үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығы ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балаларға бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралдары болып табылады. Және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдем деседі.
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».// Дала мен қала №5 8-ақпан.2008жыл.
2. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана 2012жыл.
3.Ф.Ниязбекова. М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл.
4.Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.
5.БолатбаевҚ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер.-Алматы. Атамұра 2000жыл.
6.Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос.2000
7. Артемова Л. Р. Мектепке дейінгі балаларға арналған қоршаған ортадан дидактикалық ойындар.М.:Просвещение,1992.
8.Құрастырған: Сұлтанова Г.С. «Ағарту ісінен-қазіргі заманғы педагогикалық тиория мен практикаға дейін» Атырау 2007ж.
9. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы 2002ж.
10. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
12. Грибовская А.А., Левченко Т:А. Народное искусство и детское творчество. Метод.пособие для воспитателей. – Алматы, Просвещение – Казахстан, 2007.
13. Психология и педагогика / Под ред. В.М.Николаенко. – М.: ИНФРА. – М., Новосибирск: НГАЭ иУ, 2001. – 345c.
14. Мұсаев С.А., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006. –70б.
15. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана 2012жыл.
16. БолатбаевҚ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер.-Алматы. Атамұра 2000жыл.
17. Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл.
18. Ф.Ниязбекова. М. Сансызбайқызы. «Балабақшада баланы мектепке дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл.
19. Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары.-М.: Валдос.2000
20. М. Мұқашев; А. Сейтімов; Н.Хамзин «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Фолиат» баспасы; Астана – 2008 жыл. /1.139/, /1,13/, /1,18/.
21. Е. Каменева «Кемпір қосақтың түсі қандай»; Алматы «Өнер» 1981 ж. / 3.144/, /3,144/.
22. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері «Аруна» баспасы Алматы 2002ж.
23. Құрастырған: Сұлтанова Г.С. «Ағарту ісінен-қазіргі заманғы педагогикалық тиория мен практикаға дейін» Атырау 2007ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

І. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс-әрекетін ұйымдастыру ... ... ...6-8
1.2 Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру ... ... ... ... 9-11
1.3 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-15

ІІ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Бейнелеу өнерін меңгеруде суреттің атқаратын рөлі ... ... ... ... ... ... ... .16 -18
2.2 Бейнелеу өнері сабағында ересек балаларға елестету арқылы сурет салдыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-21
2.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 22-26

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 28

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу.Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығы ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балаларға бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралдары болып табылады. Және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдем деседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз - олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселерінің тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре, қалдырғандықтан тиісті мағлұматты есте қалдыруы.
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе жұмақ сынды кезеңі емес. Балалар өміріндеде үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын. Кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда көп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайынан ренжуге, қолдануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді.
Мектепке дейінгі баланың бейнеленуінде және қайта жаңғыртуында адамнң немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады, және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою, сақталған бейнененің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге көмектесетін бағдарламаларда өңделді. Негізгі заңдылығы тапсырма сұрақ-жауап түрінде өткізілерді.
Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі білімнің сапасы көтеріліп, бала тәрбиесінде мемлекет пен отбасының, мектепке дейінгі ұйым педагогтар ұжымының баланың жан-жақты жетілуіне әлеуметтік - экономикалық жағдай жасалынуда.
Қазіргі отандық мектепке дейінгі білім беру жүйесі білім берудің жаңа ұйымдастырылған түрлерімен, қоғаммен тұлғаның сұраныстарына байланысты балаларға арналған жаңа оқу-тәрбие мекемелерінің түрлері және түрлі педагогикалық қызметтерден тұрады. Мектепке дейінгі ұйым мамандарынан мектеп жасына дейінгі баланың психологиясын жетік меңгеруді, баланың бейнелеу іс-әрекетінің түрлері, соның ішінде бейнелеу шығармашылығының жан-жақты жетілу заңдылықтарын түсінуді талап етеді.
Баланың бейнелеу шығармашылығы өнертану және психолго-педагогикалық негіздерімен байланыстыратын буын болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
А) Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс-әрекеті ерекшеліктерімен теориялық негіздерін ашу, қарастыру.
Ә) Ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету ерекшеліктерін анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау.
В) Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері іс-әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттерімен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілді айқындау.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемелер.
Зерттеу әдістері: Бейнелеу және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын даму деңгейін анықтаушы тестерімен қалыптастыруға арналған жаттығулар. Философиялық, педагогикалық және оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибе жұмыстары.
Психология, философия ғылымдарының классиктерінің еңбектері. Қазақстан Республикасы үкімтінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағдарламалар, актілер). Жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, процестерінің дамуы, -педагогикалық іс ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету ерекшеліктері, теориялық және тәжірибелік тұрғыдар тұтастық принципін басшылыққа алып талданса, ертегі желісі арқылы ересек топтағы балаларды сурет салуға үйрету деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданады.

І. БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ІС-ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1.1 Балалар бақшасындағы бейнелеу өнері іс-әрекетін ұйымдастыру

Бейнелеу іс-әрекеті жұмыстарын жоспарлаудың негізгі принциптері. Оның мектепке дейінгі ұйымның білімділік - тәрбиелік жұмыс мазмұнымен байланстылығы. Балалар жұмысын талдау және оны жинақтауды ұйымдастыру. Сабақты жоспарлауда педагогтарға көрсетілген күнделікті көмек (жеке және топтық кеңес беру, семинарлар, практикумдар, үйірмелер). Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар (жиналыстар, кеңесулер, дөңгелек үстел). Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды бейнелеу өнері құралдарымен үйрету, дамыту, тәрбиелеудің байланыстылығы. Балабақша және бастауыш сынып оқушыларынң бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. Бейнелеу өнеріне үйретудің бүкіл жүйесі негізінде бақылау әдісі жатады. Балалардың творчествалық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардың айналасындағы бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білу қаншалықты дамитынына байланысты. Бірақ сабақ барысында бақылаудың бір өзі көргенді бейнелеу мүмкіндігі қамтамасыз ете алмайды.
Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақтарда жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады. Сабақта бейнелеу іс әрекеті жөніндегі сабақтарда шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін әр түрлі тәсілдер пайдаланылады. Ерекше сабаққа байланысты тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Оларда көрнекілікті қолдану мен сөзді пайдалану біріктіріледі.
Педагогикада қабылданған анықтамаға сәйкес үйрету әдісі қойылған міндетті шешуге бірдей көзқараста келуімен сипатталалып, сол сабақтағы баланың да, оқушының да бүкіл қызметінің сипатын анықтайды. Үйрету тәсілі - сабақтардағы іс-әрекеттің бүкіл спецификасын анықтамайтын, бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке көмекші құрал. Кейде жекелеген әдіс тек тәсіл ретінде ғана көрінуі және тұтас алғанда сабақтардағы жұмыс бағытын белгілеп бермеуі мүмкін. Үйретудің көрнекі әдістері мен тәсілдері. Үйретудің көрнекі әдістері мен тәсілдері пайдаланылған натуралар, картинаның баспа машиналар арқылы жасалған көшірмелері, үлгілері және басқа көрнекі құралдар, жекелеген заттарды құрап көруге. Мұғалімнің бейнелеу тәсілдерін көрсету, балалардың жұмыстарын сабақ аяғында, оларға баға берген кезде көрсету.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.
Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші принцип - ғылымилық принципі туындайды.
Мұнан соң көрнекілік принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншлыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі принципі дидактикалық принциптердің маңыздыларының бірі.
Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші -- заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды тастап кетеді.
Ғылымдардың ғылыми -- зерттеу жұмыстары балаларды реалистік сурет салуға бірінші сыныптан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуды мектепке дейінгі жастағы балаларға болатындығы туралы пікірлер айтқан. Жас балалар шығармашылық жұмыс жасау барысында үлкендердің еңбегіне таң қалады, соларға еліктейді. Бақылау нәтижелері көрсеткендей балалар шығармашылығын, яғни баланың өмірдегі дәрменсіздігін біз талант көрінісі деп бағалаймыз. Баланың қабылдауын сақтай отырып, біз балаларды көркемдік білім беруден құр алақан қалдырамыз. сөйтіп бұл дәрменсіздік ұзақ жылдарға созылады.
Балалар бақшасының кіші топтарындағы жас өспірімдер оқу бағдарламасы бойынша қаламсап пен қылқаламды дүрыс ұстап, оны қолдануға, дөңгелек және төрт бұрыш (доп, жалауша) заттарды бейнелеуге үйретілсе, үлкен топтағы балалар қарапайым сәндік композиция құруға, және өмірден алған әсерлері бойынша бейнелеуге үйретіледі.

1.2 Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру

Жетіге аяқ басқан балалар бес жастағы, балалардан едәуір ерекшелеу келеді. Бұрынан алып келе жатқан қабілеттерінің сапасы дами түседі. Бәрінен бұрын балалардың өз беттерінше заттарды қарай білулерін қадағалап қабілетін дамыту аса қажет. Бұл процестің ең бастысы балалалардың қалыптасқан тәжірибесіне сүйену. Тәжірибеші балаларды заттардың қоршаған құбылыстардың шындығын суретте шешімін табатындай етіп талдай білуге жетілдірту тиіс. Педагог балаларды әрбір заттың тән қасиеттерін мүшелеу білуге үйрете келіп, затты немесе құбылысты толық қамти білуге көп мән береді. Көктемнің ғажаптыңына балалардың көңілін аудара отырып, алғашқы гүлдердің айрықша нәзіктігін, көгілдір аспанның, көктердің түсін көрсетеді.
Бұл негізінен бояу түстерінің жас қанық екендігін сезінуді арттырады. Бұл топты натураға қарап сурет салу мақсат емес, дегенмен кейбір өзгешіліктер бар. Бұрын балалар заттардың құрылысы мен түстерінің тобын белгілі формаларды меңгерген болса, енді оларға тән қасиеттерін меңгереді. Мысалы, сурет салуға таңдап алынған бұтақтардың тармақтары және көптеген жапырақтары тағы басқа бар. Балалар осы қасиеттерді байқап, бейнелеулері керек. Сабақтың басында балаларды затты дұрыс талдап, қарап алғанына қарамастан жасаған бейнені салыстыру, оны қабылдауға оралуына қарамастан қажет туады. Табиғатпен таныстыру сабақарында сурет салудың белгілі бір маңызы бар. Балалар табиғат құбылыстарын қадағалап отырады, балабақша немесе топ учаскелерінде өсімдіктерінің өскендігін, бойларының ұзындығын байқайды да, соларды өздерінің суретіне енгізеді. Педагог 6 жастағы балаларды әртүрлі тақырыптағы суреттерді шағын, скульптураларды, декарациялық қолданбалы өнер бұйымдарын түсінуге үйретеді. Балалар олардың эстетикалық қасиетін сезіне бастайды,қуаныш сезіміне үйретеді, толқуды бастан кешіреді, қобалжиды, содан кейін педагогикалық кеңесімен немесе өз бетінше өзіне ерекше ұнаған бейнені таңдайды.
Мектеп алды даярлық тобындағы балаларда үйренуге қабілетін анағұрлым алғыр келеді. Балалар тек тәрбиешісінің айтқанын істей қоймай, өз бетімен бірден орындала қоймайтын істі игеру үшін жаттығу ға кіріседі, әрі оларды қалай орындау керектігін сұрайды, сұрақтар қояды. Балалардың білуге әуестігін белгілі бір бақта дамиды, білуге құштарлығы өз бетінше қадағалауы мен бақылауы күшейеді. Тәрбиеші балалардың техникаға, табиғатқа, өнерге деген білуге құштарлығын жеке даму тиіс, өйткені әрбір түріне құштарлығын салған суреттеріне,мүсіндеріне аппликацияларына әсер етеді. Сурет салу кезінде педагог балалар жолдарының жұмысын әділде жұмыла бағалай білуге өз пікірлерін айтуын дамытады. Ол балаларды өз білгенін түгел өзгеге үйретуге, өз жолдастарына көмектесуге үйретеді. Олардың біреуі тек топқа жақында ғана келгендіктен компазициясын түсіне алмады. Мұндай жаңадан келген балаға өрнекті салудың тәсілін педагог жақсы сурет салатын бір балаға тапсырады.
Коллективті түрде жұмыс істеген кезде 6 жастағы балалар тәрбиешісінің көрсеткен жұмысын ғана істей қоймай,осы жұмысты тәрбиешісінің таңдауына ықпал жасайды, оны жетіп қадағалай отырып, жұмыстың дәл әрі көркем болуына бар күшіне салады. Кейбір жағдайларда балаларға тәрбиеші коллективті жұмысты атқаруға келісуіне өзара міндет бөлісуді ұсынады. Ол жұмыс барасына бақылап отырады. Олардың өз бетімен жұмыс жасауына көбірек еркіндік береді. Тәрбиеші балаларды жұмыстың жоспарын өздері жасауға, яғни алдымен ойланып болашақ суреттің мазмұнын көз алдына келтіріп содан кейін сурет сала бастауға уйретеді. Балаларға жұмысты орындау процесінде жоспарлауды үйрету қажет. Бұл баланың барлық іс әрекетін жұмылдырады әрі оның өзін - өзі қадағалауға игі әсерін тигізеді. Педагог балаларға оны өзі салған суретіне сын көзбен қарауы уйретеді. Бірақ әрқашан сынап - мінеп отыру баланы қанағаттандырмауы, оның суретке деген ынтасын кемітуі, өзі жасаған дүниеге қуана алмауын тудыруы мүмкін. Сондықтан балаларды өз қатесін байқап қана қоймай, оны түзетуге ұмтылуына бейнені көркем етіп толықтыра білуін қалыптастыру керек. Олардың іскерлігі мен жасалып біткен жұмыс нәтижесінің ара қатынасынан байланыстыру керек, өздері салған суреттің өзгеге түсінікті болуын, өзі қуанышқа бөленуін қадағалау керек. Мектеп алды даярлық тобындағыларды үйретудің міндеттері мен мазмұны. 6-7 жастағы балаларды мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасау қабілеті айқын аңғарылады. Мұның өзі олардың өздеріне лайық ой өрісінің кеңеюіне байланысты. Олардың творчествалық қиялы бұрынғыдан да артып дами түседі. Қолдарының бұлшық еттері толысып, сонымен бірге саусақтарының әрекеттерінде қабат дамиды.
Бала заттың формасын құрылымын ғана түсініп қана қоймай, сонымен қатар заттың күйінде ұға бастайды. 6-7 жастағы балалардың мүсіндеу әрекеттерінде мектеп жасына дейінгі кішкентай сәбилердікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Оларда заттың формасын барынша діл бейнелеуге, образды қосымша детальдармен байытуға, оның қозғалысын көрсетуге құштарлығын мол болады. Олар өздерінің жұмыстарында мүсіндердің көптеген тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдалана біледі. Бірақ мектеп жасына дейінгі ересек балалар тірі организмдерді мүсіндеген кезде, солардың ерекше белгісін көрсетеді. Мектеп алды даярлық тобындағы тәрбиешісінің алдында мүсіндеуді үйретудің мынадай міндеттері тұрады: заттың формасын көзбен және бұлшық етпен қабылдауын дамыту, мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасауға әр алуан құралдарды пайдала алуға үйрету және творчествалық инициативаны дамытатын әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдері меңгеруді қалыптастыру. Мектеп алды даярлық тобындағы балалардың шар конус, дискі, цилиндр тәрізді көлемді формулалармен жақсы таныс екендігі белгілі.
Осындай біліміне сүйенген мектеп алды даярлық тобындағы балалар жеміс жидек, көкөністерді мүсіндеді. Мүсіндеудің үйретуге осы кезеңінде балалардың алтын формасы мен пропорциясы барынша дәл беруді, натурамен тыңғылықты жұмыс істеуді сол натураны әр қырынан қарап шыққан затын модельмен мұқият салыстыруды талап ету керек. Мұнан соң тақырыптағы композицияны балалардың бояуына болады. Осындай композицияны бейнелеу үшін түрлі түсті пластилинді беруге болады. Өйткені, бұлардың түсі қосымша әр береді. Саз балшықтан мүсіндеген кезде ұсақ детальдардың өзі де кең қиындық келтіреді.

1.3 Мектепке дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық жағынан дамуында педагогтың тәрбиелік рөлі

Мектепке дейінгі жастағы көркемдік эстетикалық тәрбиенің өрісі кеңейіп, өз деңгейінде жүргізілуі тәрбиешілердің ұлттық психологияны, халықтық тәлім-тәрбие дәстүрлерін тиянақты меңгеруіне және өз жұмысында сапалы пайдалана білуіне байланысты. Балабақша тәрбишісі бағдарламалық және оқу-әдістемелік талаптарды орындаушы ғана емес, ол балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысында кездесетін күрделі мәселелерді өздігінен шешетін, оны жүзеге асыратын ұстаз.
Қазіргі кезеңде баланы тұлға ретінде қалыптастыру, оның бойына ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүр мұраларын сіңіру, имандылыққа тәрбиелеу бүкіл халықтық іске айналып, жұртшылық назарын аударуда.
Тәрбие тағлымы баланың нәрестелік шағынан бесік жырымен біртіндеп іске асырылып, санасына орнығып отыратын ұзақ үрдіс. Сол себептен қоғам өміріндегі білім беру саласындағы әрбір жаңалық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей әсер етіп, тәрбие мазмұнын жаңарту ісіне ықпал жамап келеді.
Эстетикалық бағытта бейнелеу іс-әрекеті (сурет, мүсіндеу, жапсыру) түрлері еңбек тәрбиесі, құрастыру және музыка сабақтары арқылы балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімін, көркемдік талғамын дамыту іскерлік-дағдыларды меңгеруге, ұлттық қол-өнер ерекшеліктерін, оның әсемдігін сезінуге көңіл бөледі.
Бағдарламаға сәйкес бейнелеу өнері сабақтарына басшылық жасауда тәрбиеші баланың күнделікті өмірден алған әсерлері мен психикалық процестеріне: есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы, қиялдауы және арнайы қабілеттілігінің дамуына ықпал етуін ескертуі тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарын ұйымдастыруда айналаны бақылату үшін саяхаттар мақсатты серуендерге апарады, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамытуды, баланың белгілі бір затқа немесе құбылысқа зейінін тұрақтандырып, бейненің сипатына қарай іс-әрекет тәсілдерін таңдап алуға бағыттайды.
Бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие берудегі жұмыстың нәтижелі болуы тәрбиешілердің шеберлігі мен іздемпаздығы, шығармашылығы, білім деңгейңмен де тығыз байланысты болмақ. Осы орайда, тәрбиеші бейнелеу өнері түрлерін жетік біліп, балаға түсінікті түрде қарапайым мазмұнын шығармашылықпен әңгімелеп бере білуі баланың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар көркемөнер туындыларының мазмұнын түсінуге, бояу түстерін ажырата білуге, көркемдік мәнерін сезіне білуге баулиды.
Бейнелеу өнерін үйретуге мынандай мақсат алынады:
- бейнелеу өнері түрлері жайында баланың қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- живопись, кескіндеме, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының әсемдігін, көркемдгін сезініп, эстетикалық талғамын арттыру;
- өнерге деген қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту;
- жақсыға сүйсініп, жаманға күйіне білуге, өнер арқылы адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
- ұлттық өнердің айшықты нақыштарын сезіне білуге баулу;
- басқа халықтар өнерімен салыстыру, ерекшелігін сезіну;
Алға қойған мақсатты жүзеге асыруда баланың айналаны бақылау және қабылдауын дамытуға, көркемөнер туындыларымен таныстыруға, көркемдік талғамын арттыруға, іскелік дағдыларды меңгеруіне баса назар аударылады. Көркемөнер туындыларын, шағын көлемді мүсіндерді сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын қолданады. Сәулет өнеріне байланысты көркем суреттер,диафильмдер, слайдтар пайдаланылады.
Сабақтарды жоспарлауда бейнелеу іс-әрекетнің барлық түрлерінің өзара байланысы қажетігін есте ұстаған жөн. Осы іс-әрекеттің әрбір түрінің өзіндік ерекшелігі болатынын ескеру маңызды: мүсіндеуде заттар мен қоршаған орта құбылыстарын - көлемде, сурет салуда - жазықтықта, түсте, кеңістікте, жапсыруда - түсте және сұлбалық (силуэттік) түрде беруге мүмкіндік береді.
Балабақшада балаларды тәрбиелеу жұмысының негізі, баланың өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыра отырып, әсемдік туралы ой-өрістерін дамыту, білім және қабілеттерін қалыптастыруға қажетті тәрбиелік жұмыстарды қамтиды. Балабақшада балалардың іскерліктері, олардың қоршаған ортадағы заттар дүниесінің ерекшеліктерін танып, білуіне бағытталған іс-әрекеттердің бірі бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге арналған көркемдік сабақтар арқылы қалыптастырылады.
Көркемдік тәрбиенің басты құралдары - бейнелеу өнері, музыка, көркем әдебиет т.б.
Баланы жастан деп қазақ бекер айтпаса керек. Дүниетаным,айналаға деген құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, сұлулыққа деген еліктеушілік бала жастан адам бойына қалыптасады.
Батылдыққа, шындыққа, имандылық пен әсемділікке, сұлулыққа үйір етіп тәрбиелеуді сәби жасынан ескергшен жөн. Табиғатты аялау ата-баба салтымыз, тәрбиегеде мән берген дана халқымыз демекші ата-бабамыз бастан-ақ табиғат пен тәрбиені бөле жарып көрмеген, екеуін қатар ұстаған. Балаға табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат, шапағатын ұялататын, сұлулық пен әсемдік әлемі екендігін тұла бойына сіңіру. Орман, дала, өзен-көл тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдері мен құбылыстары, құстар үні мен жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезіміне әсерлі суреттеліп, оларды сиқырлы сырды білуге ынтықтырады. Балалардың көркемдікті қабылдауы мен оны өз қолымен жасауға бағытталған әрекеттерінің арқасында бейнелеу өнерінің мәнерлілігі, көркемділігі баланың шығармашылық белсенділігіне сол арқылы олардың көркемдік талғамының дамуына зор ықпал етеді.
Балалар қоршаған ортаны суретке салу, сазбалшық пен ермексаздан мүсіндеу, түрлі-түсті қағаздан қиып жапсыру, табиғи материалдардан көркем өңдеу, музыка тыңдау т.б. жұмыстары кезінде танып білуге мүмкіндік алады. Олар қоршаған ортадағы түрлі заттарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемін, пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен пайдаланады. Түрлі материалдардан (қағаз, картон, мата, ермексаз т.б.) әшекейлеуді, бұйымдар үлгісін жасауды, оларды өрнектеуді үйренеді. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамның, жануарлар мен құстардың пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады. Ермексаздан бейненің кескінін, қимыл-қозғалыстарын, өзіндік ерекшелік, күнделікті көргендерін еске түсіріп, заттың дене құрлысын, бөлшектердің өзара байланысы туралы алғашқы түсініктерді алады. Сәндік - қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар қағаздан арнайы желі құруға, үлгі арқылы қию, қағаз бетіне желімдеп жапсыру кезінде элементтердің жарасымдылығын, оюлардың түс жағынан үйлесімділігін меңгеруге үлкен көмегін тигізеді. Қатты, түрлі-түсті қағаз, мата қиындылары т.б табиғи заттарда көркем құрастыру жұмыстары негізінде балалардың ойлау қабілеттерінің, қиялының жетілуіне, еңбек нәтижесінің әсемдігінен сұлулықты сезіну дағдыларының дамуымен бірге еңбек етуге тәрбиелейді. Балаларды бақшада ұлттық сәндік қолданбалы өнермен таныстыру, үйрету олардың бойында еңбек дағдысын қалыптастыру, шеберліктерін ұштауға мүмкіндік берумен бірге олардың пайдалы нәрселерді жасасам деген ынтасын оятады. өз беттерімен жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға, шығармашылықпен белсенділік көрсетуге жол ашады, еңбек теуге жігерлендіріп, халық шығармашылығына деген құлшынысын тудырады, әсемдік талғамын арттырып, түс мен бояудың әдемілігіне құштарлық сезімін жетілдіреді. Олардың адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеумен бірге, рухани жағынан да дамуына әсерін тигізеді.
Айналадағы дүниемен таныстыру сабақтарында балалар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілеттерін дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениеті, білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады. Эстетикалық талғам балалардың өнерде, өмірде, тұрмыста шынайы әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Оқу үстінде балалар әдебиеті, музыкалық, сурет өнерінің классикалық шығармаларымен толық игеруді үйренеді.
Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып, біз оларды қоршаған ортаның әсемдігін көруге және сезінуге, оны аялауға баулимыз.
Балалардың көркемдік қабілеттерін, эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудің негіздерін қалай береді.

ІІ.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Бейнелеу өнерін меңгеруде суреттің атқаратын рөлі

Жалпы суреттің бейнелеу өнеріндегі алатын орны ерекше. Сурет - бейнелеу өнерінің негізі деуге болады. Суретсіз бейнелеу өнерін кескіндеме, сәулет, композиция, мүсін сияқты бейнелеу түрін суреттен тыс қарауға болмайды. Өйткені кескіндемеші де, мүсінші де, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: Нобай жасау өнері - басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген Нобай жасау өнері - басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сонымен суретдеген сөзге анықтама берер болсақ, сурет дегеніміз қарындаш, көмір, сангина, қаламыш, арқылы нобай ретінде жеңіл сызып салған шығармасын атаймыз.
Атақты суретші - педагогтар сурет өнеріне үлкен баға беріп, сурет кезкелген бейнелеу өнерінің фундаменті. Суретке баса назар аудару керек.,-деп ескерткен, болатын. Әрине, бұл тезистің өміршілдігігі бүгінгі таңда да анықталып отыр. Суретшінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Білім берудегі инновациялар
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндерді меңгертудің кәзіргі жағдайы
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Педагогтың өздік жұмысы
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, модулдік технологиясы арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу
Пәндер