Бала психикасының дамуына ойынның әсер етуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

І. БАЛА ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕР ЕТУІ ... .. 5
1.1 Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.6
1.2 Ойынның бала дамуындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.12
1.3 Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі ... ... ... ... 13.14

ІІ. БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ӨЗ ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Ойын түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.18
2.2 Ойынның сюжеті мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.23
2.3 Ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.31
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Тақырыптың өзектілігі. Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі; ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген. Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992
20 – 46 беті
2. Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «ФОЛИАНТ» 2008 55 – 78 беті.
3. «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 – 20 беті.
4. «Мектепалды даярлық» журналы № 4 2009 жылы 11 – 12 беті.
5. Алдамұратов Ж Жан жүйесі және өнер таңдау Мәскеу 1926
6. Алдамұратов Ә Қызықты психология Алматы, «Қазақ университеті»1992
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.
15. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 214-221 беті
16. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
17. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
18. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4

І. БАЛА ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕР ЕТУІ ... .. 5
1.1 Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
1.2 Ойынның бала дамуындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-12
1.3 Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі ... ... ... ... 13-14

ІІ. БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ОЙЫННЫҢ ӨЗ ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Ойын түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-18
2.2 Ойынның сюжеті мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-23
2.3 Ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-28

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-31
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық және шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне төн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі; ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген. Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т.б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік- психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педогогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербицкий А.А, Пахомов Ю.В, Бедерханова В.И және т.б). Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1.Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу мақсаты. Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеті.
1.Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.
2.Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.
3.Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.
4.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер ететін болса, ойында бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді.
Зерттеу әдістері: 1)әңгімелесу әдісі; 2)талдау әдісі (психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау)
берілген проблема бойынша тәжірибені толықтыру.
3) жұмыс барысында балаларды мақсатқа сүйене бақылау.

І. Бала психикасының дамуына ойынның әсер етуі
1.1 Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролі
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайында балалар лабороториялық тәжірибе жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтатады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілген заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оның құрдастары шеттетеді. Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы баланың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Ойыеда бала заттың баламасымен іс-әрекет жасауға үйренеді. Ол балама затқа ойынға сәйкес ат қояды және осы қойылған атқа іс-әрекет етеді. Балама зат ойлау тірегі болады. Балама затпен іс-әрекет ету негізінде бала сол зат жөнінде ойлауды үйренеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар жөнінде және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. Сонымен, ойын едәуір дәрежеде баланың ұғым тұрғысынан ойлауға көшуіне көмектеседі.
Сонымен қатар ойын әсіресе және баланың сюжетті рөлді ойынындағы шынайы өзара қарым-қатынасының тәжірибесі өзге адамдардың көзқарасына түсуге, олардың келешектегі мінез-құлқын болжап білуге және осының негізінде өзінің жеке басының мінез-құлқын құруға мүмкіндік беретін ерекше ойлау қасиеттері жатады.[ Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов Бала бақыты Алматы, 1979 жылы]
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Ролді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Ойын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға өзіне түрліше ролдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады. Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар заттарды түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомып кеткендей. Қыздың қуырщаққа қарап отырған фотографиясын 6 жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс-тілегін ойыншық машинаның жанына отырғызған. Катюшаның айтқаны: Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды. Кішкене Катюша өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзне тән ойын тәсілін тапты.
Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің негізгі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып ьала қандай да бір сюжетті ойнайды. Балар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балалар да ынта іс-әрекетінің нәтижесіне ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісін ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар ролді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балад оқуға деген тілек пен бастапқы іс-әрекеттері қалыптасады. [Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов Бала бақыты Алматы, 1979 жылы]

1.2 Ойынның бала дамуындағы қызметі
Ойын - баланы зерттеудің басты диагностикасы.Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне, мінездерінің ерекшеліктеріне, бір - бірімен қарым - қатынасының сапасына ықпал етеді.Кез - келген ойын барысында ойынды бас таушы, қостаушы, ойынды өздігінен қалаған арнасына бұруға әрекет етуші (лидер) айқын көрініп отырады.Ойын барысында баланың осы әрекеттерін бақылай отырып педагог - психолог бала жайлы өзіне қажетті мағлұматтарды жинақтайды. Сонымен қатар ойын кезінде баланы дамытудың жаңа биік кезеңін дайындайтын нақты психикалық өзгерістер болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді.
Ерте заманнан - ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып - білудің, белсенді іс - әрекеттің алғашқы түрі заттық іс - әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте - бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс - әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап - сезу, байқап - тану арқылы емес, тікелей араласып, іс - әрекетке көшуін нақты қарым - қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным - түсінігі, іс - әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс - әрекетімен жалғастырылады. Ойын - бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық - физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным - көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл - қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін - еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір - бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді, - деген. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырып жібереді. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамидыда, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс - әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым - қатынасы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу - бала талантын жеделдете дамытып, жан - жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым - қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д. Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектерді өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушы болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс - әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек.[Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақшасөздік. Алматы, Мектеп, 1976 ж]
Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты -- баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді жай фрустрациядан арылады.
Олар физиологиялық көптактіні сезеді, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, әлеуметтік формадағы агрессияға жауап қайтарады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын балаларда елесті бекітуге, мәдени байлықты сіңіруге және белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Бала ойнағанда бөтен тұлғаның рөліне тек еніп қана қоймайды, сонымен қатар өз жекелігін кеңейтеді, байытады және түгендетуге тырысады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоциональды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым-қатынас жасайды. Егер ойынды коммуникация құралы екенін мойындасақ, балалар ойының бұдан да толық бағалауға болады.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару -- табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын -- бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым - қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенің білеміз.
Сөз символдардан құралады, ал символдар - абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.
Баланың әлемі -- бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын -- бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын -- бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет. Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).
Сезімдерін жеткізуде немесе бастап кеткендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман-тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын -- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын жұп арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынастар жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық-рөлдік ойында баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандырып, шаттанып, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұндық- рөлдік, әсіресе, интелекттік (ақыл-ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.
Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады. Бала ойынына басшылық ету, мазмұндық-рөлдік ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру -- мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі.
Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі -- балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі - ойын.
Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады.
Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдастыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып ойнайды.
Осылайша, бала өзінің "Мен" образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап ашады.
Аналогия түріндегі ойында бала ойын материалдарымен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады.
Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.
Бала әлемі -- бұл іс-әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. Бала ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше нақты және осы сәттік болып өтеді; Бұл баланың іс-әрекеті, сезімі және эмоциясына көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары мұғалім мен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді. Ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. [Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақшасөздік. Алматы, Мектеп, 1976 ж]
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ балалар ақыл - ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?
Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата - анаңыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.
Екіншіден, ойынға делдал - қатысушыны - қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру керек.
Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял - елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған режиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.
Заттық іс-қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пайда болуы үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды.
Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шарты болып ашық және қарқынды жан толғанысы табылады: баланы көрген оқиға таң қалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.
Режиссерлік және рөлдік-бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік-рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады.

1.3 Баланың логикалық ойлауының дамуындағы ойынның ролі
Ойын - бала әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.бала ойын үстінде өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын, қиялың, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Балалардың ой-өрісін дамытатын Санамақ ойынын алар болсақ, оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Ребустар шешудің ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.Ұлттық ойындарды қолдану сабақ мазмұнын байыта түседі және баланың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. Математика сабағында аз, көп ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, онша қиындық келтірмейді. Бірінші класта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін санамақ секілді ойын түрлерін ойнату тиімді. Он саусақ өлеңін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып, ауызша тез есептеуге, логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады. Халықтың байырғы ауызша есептері, халық ойындары мұның дәлелі. Атап айтсақ, Қай қолымда?, Үш әділ, Торғай мен бұтақ, Сөз мәнісін байқайық т.б. [Жарықбаев Жантану негіздері Алматы, 2002 жыл.]
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Сабақта ойын элементерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгелі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұсқан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым-қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. [Жарықбаев Жантану негіздері Алматы, 2002 жыл.]

ІІ. Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы
2.1 Ойын түрлеріне сипаттама

Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын - баланың бірінші әрекеті .Баланың психологиялық ерекшеліктері, еңбек қатынасы ,өмірді тануы ойын барысында қалыптасады.Сондықтан да,оның мән-мәнісі ерекше. Ойын- балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе. Себебі, ойын балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытады. Ойын баланың қабылдау,ойлау,қиял,есте сақтау сияқты техникалық үрдістерінің дамуына көмектеседі.
Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де- ойын. Ойындар мен жаттығулар негізінде балалар жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын игереді,өмірлік дағдыларды меңгереді. Практикалық психологиядағы қолданылатын әдістердің ішінде,ойын мектеп жасына дейінгі баланың дамуына ең пайдалысы.Бұған теориялық негіз ретінде сюжетті-рөлді ойын мектеп жасына дейінгі баланың ең негізгі қызметі.
Ролді ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Ролді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді. Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекеті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік символикалық сипатта өтеді деп ойында ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көрінуінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оынң да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы - қонжық, тұтас талы - кірекей (ана аю), шарпы қорабы - қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың - қонжық, шырпы талы - оның төсек орны болу керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала оған: Бұлай болмайды!, - деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір ролді алады да, сол ролге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, шоферді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың праволары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер - баланың өз басына алған ролді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және т.б. міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойныға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберіді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берегн нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні ролді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты проволарды іске асыру болып табылады.
Сюжетті рөлді ойындардан басқа ойындар пайда болып, дамиды. Мысалы, дидактикалық, қозғалыстық, драматизациялық ойындар. Қозғалыстық ойындар - сюжетті-рөлді ойынның қарапайым рөлдері бар варианты, мұнда негізгі рөл ережелерді ұстану мен орындауда. Ал дидактикалық ойын негізіне оқу-үйрену жұмысына жақын.Бұл ойынның негізгі ерекшелігі баланы ойын ережелерін сақтай отырып,қойылған тапсырманы орындатуда. Дидактикалық ойын баланың білімін,қабілетін,мүмкіндіктерін дамытуға бағытталуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі баланың коррекциондық және терапевтік дамуына ойындардың пайдасы шет ел әдебиетінде де,отандық әдебиетте де жақсы жазылған.
Қазіргі уақытта бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың үлкендермен қарым - қатынасының генезисі
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту
Мұғалімнің жұмысы - балалар
Қимыл-қозғалыс ойындарының балаларға жан-жақты тәрбие беру құралы ретінде маңызы
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Мектепке дейінгі балалардың оқу танымдық іс -әрекетін ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі
Іс-әрекет психологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы ойынның қарым- қатынастың қалыптасуына ықпалы
Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту
Пәндер