Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Кіріспе
І. БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің рөлі.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің зерттелуі
1.3 Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларының еңбек түрлері.
ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Еңбек тәрбиесі арқылы балаларды шығармашылыққа баулу жолдары.
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің әдістемесі
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне байланысты ертеңгіліктер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Бұл курстық жұмыста мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру және оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» (1996ж.) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді.
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Еңбек негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Оқу-тәрбие үдерісін еңбек тәрбиесі туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балалардың еңбек тәрбиесі мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева балабақша білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова балабақша өмірінде балабақша кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х.Т.Наубаева балабақша балалары тәрбиесін ізгілендіру мәселесі, Қ.Т.Әтемова балалардың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыруда балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы, В.П.Карибжанова мекте пжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу, М.Таубалдиева дүниетану арқылы балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, Л.К.Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М.Ералиева балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.

1.Н. Назарбаев. Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан. Жолдау 2007 ж 28 ақпан.
2. Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негіздері. Монография. Түркістан-2011 ж
3. Омарова Р, т.б. Мектеп оқушыларының шығармашылық еңбегін қалыптастыру. Актөбе. 2005ж
4. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбеков Б. Қ 26 Этнопедагогика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. 302-б.
5. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1923.
6. Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004. 286-б.
7. Қоянбаев. Педагогика. Алматы.2001. 205-б.
8 . Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991.
9 . Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А.. 1999
10. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-123б .
11. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, -Алматы,2005. - 152-162б
12. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002.
13. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005.430 б.
14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004-420б.
15. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006
16. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006
17. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006
18. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008
19. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003
20. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001
21. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.
22. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы Адам құқығы конвенциясында, қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында (1996ж.) және Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді.
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Еңбек негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Оқу-тәрбие үдерісін еңбек тәрбиесі туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Балалардың еңбек тәрбиесі мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева балабақша білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова балабақша өмірінде балабақша кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Х.Т.Наубаева балабақша балалары тәрбиесін ізгілендіру мәселесі, Қ.Т.Әтемова балалардың тәрбиелік қасиеттерін қалыптастыруда балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы, В.П.Карибжанова мекте пжасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу, М.Таубалдиева дүниетану арқылы балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру, Л.К.Керімов қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, М.Ералиева балабақшада оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде балалардың өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлыктарын қалыптастыру.
Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. Ол әр түрлі жас шамасы топтарындағы балалар еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. 4 -- 5 жастағы балаларға күнделікті асханадағы кезекшілік тапсырылса, ересек, мектепке даярлық топтарында ол күрделене түсіп, кезекшіліктің барлық түріне өтеді. Ол баланың қоғамдық сипаттағы дағдысын, тапқырлығын, ерік-жігерін жетілдіріп, өз тобы үшін еңбек етуді, қамқорлық жасауды үйретеді.
Осы жастағы бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі -- оның ойынмен тығыз байланыстылығы. Олардың ойыны мен еңбегінің арасын ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі, оларды танып-біледі, соның нәтижесінде алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. Бұл кезеңде балалар еңбек құралдарымен дербес жұмыс істей алатын болады, олар қайта-қайта істеуден жалықпайды. Осы жастағы балалардың еңбегінде қызығудан гөрі бір процесті қайталау, нәтижеге жетуден гөрі іс-әрекетке талпыну басым келеді. Сондықтан бұл кезеңдегі бала іс-әрекетінің ерекшелігі -- мақсатының тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауып кететіндігі.
Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады. Мысалы, балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды: қуыршақты киіндіру мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау, оның киімдерін жуу, тігу, ыдыстарын жинау, жуу, т. б. жұмыстар үйретеді. Әсіресе ересек топтағы балаларға ойын барысында керекті заттарды жасау қажеттігі туады. Мысалы, Трамвай ойынын ойнау үшін балалар тәрбиешінің көмегімен билет орайтын, катушка, бағдаршам жасайды. Пароход ойынын ойнау үшін жалауша, дүрбі, құтқарғыш шеңбер дайындайды. Драмалық ойындар ойнау үшін қалған материалдардан ойыншық, үй жиһаздарын, сахнаға қажетті бутофор жабдықтарын жасайды.
Мектепке дейінгі жас -- негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен көп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған енбек тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Оқушыларды еңбек іс-әрекетінің мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру.
oo Белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
oo Тұлғаның қайсарлығын, ұқптылығын, тапқырлығын, ептілгін және де басқа жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
oo Балаларға кәсіптік бағдар беру, еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
oo Балаларды ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесі, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі жастағы балалар.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса, оны іске асырудың ғылыми- әдістемелік кешені белгіленсе, оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысы шығарылып, ғылыми негізделген ұсыныстар берілсе, онда, балалардың еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижелі болар еді.
Зерттеу әдістері - танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі.
- түрлі әңгіме әдістерін қолдану;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
- нәтижелерін статистикалық өңдеу, талдап қорыту.
І. БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің рөлі.
Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педгогика теориясы принциптерімен ұштасп жатыр. Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылық жасайды. Шығармашылық еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Қоғамның басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады. Балабақшада еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты - балаларға еңбек туралы тәрбие беру және еңбек етуге даярлыктарын қалыптастыру.
Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек. Ұлы педагог, А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кейінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына да мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізесесің, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендердің немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.
Мысалы жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
Балалардың еңбек түрлерімен және кәсіптермен таныстыру. Ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын ояту, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласпен көрсетуді қолдау. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін тудыру. Еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру. Еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесу.
Еңбек етуге жат қылықтар: Еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздыққа жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру.
Гүл өсірсең терлеп,
Бұны аты - еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Бұнын аты - еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек, деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз жас жеткіншіктерге Еңбек түбі - береке, Еңбек ер атандырады, Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті екенін айтқым келеді.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді. Ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерің қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуына міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқрлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлануына септігін тигізеді.
Педагог ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлылықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып, сұлылыққа ұмтылуға үйретеді.
Тәрбиенің негізі - еңбек болу керек. Басқа тәрбиені сол еңбек айналасына құрып, жемісті шешуге болады. Еңбек ету үстінде бала басқалармен санаса біледі, коллективтік сезімі ұлғаяды, еңбек арқылы басқаға пайдасын тигізеді. Еңбек ету оның денесінің шынығуына да жақсы әсер етеді. Бастаған істі аяқтап, тиянақтап бітіріп кездескен қиыншылықтарды жеңу арқылы өздерінің ерік қайратын, тәртіптілігін шыңдайды. Еңбек үстінде бала көптеген дағдыларды үйренеді. Мұның кейін мектепке түскенде де сабақты жақсы, үздік оқиды. Міне, бұдан біз баланы жастайынан тәрбиелеудің, әсіресе, еңбекке тәрбиелеудің керектігін көріп отырмыз. Көптеген ата-аналар осы міндетті абыроймен атқаруда. Бірақ әлі де болса бұл мәселеге немұрайлы қарайтын, тәрбиеге жөнді көңіл бөлмейтін ата-аналарда жоқ емес.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Қазақ халқында арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындар (балабақша) болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезеңнен бастап, бесік жыры мен ұлттық ойындар, ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, санамақ, қаламақ, т.б. арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеп отырған.
Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі р-ға келген ойын баласын тәрбиелеудің ел ішіндегі дәстүрі де тәрбиеші ұстаздар назарын аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты объектісі болған. Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың ұрпақ тәрбиесінде де сол негізді тұғыр еткендігі заңдылық, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болды.
Мысалы, аяғы шыққан жас бала қозы-лақты ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны маңайлайды. Ал тай үйретіп міну - қазақ баласының әжетке жарағандығының белгісі. Бір қарағанда тұрпайылау көрінгенімен, осы әрекеттердің барлығында да тәрбиенің үлкен мектебі жатыр. Бала еңбектің әліппесін көзін ашқаннан оқып, оның не екендігін жан-дүниесімен сезініп өспек, сондай-ақ бүкіл жан-жануарлар, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілік те бала көкейіне осы кезден-ақ мысқалдап дариды.
Дәстүрлі тәрбие дағдысы бойынша баланың қабырғасы қатысымен шамасына қарай еңбекке араластырады. Ер бала әке қолғанатына айналып, қыз бала үй ішілік тірлікке қол ұшын береді. Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған халықтық педагогикаға сәйкес қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы - балабақша. Мұндағы негізгі міндет - сана-сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені сау, ақылды, парасатты, елжанды азамат тәрбиелеу.
Балабақшадағы балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек және қол еңбегі. Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.с.с.) бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттігінде. Бұл іс-әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан, балалар өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты (саусақ бұлшық еттерінің жеткілікті дамымағандығы, әрекеттердің бірізділігін игерудің қиындығы, оларды жопсарлай білмеушілік, көңілінің оңай бөлінуі), ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындауға құлықсыздығын туғызады. Алайда тәрбиеші балалардың осы жас кезеңінде-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әрекеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалық пен мұнтаздыққа әдеттендіреді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуіне орай тәрбиеші әрбір баламен жеке-дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімнің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті құралдардың аттарын атай отырып, балалардың ана тіліндегі сөздік қорын кеңейтеді. Балалар өздеріне қамқорлық жасалғанын сезінеді, ересектерге сүйіспеншілік сезім мен сенімі қалыптасады.
Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербестікке ие болады, еңбектің бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі қызмет көрсетудің жаңа түрлері: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту, үзілген түймелерін өздері қадау және т.б. еңбекке тәрбиеленеді. Бала басқалармен араласуы барысында өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттіліктерін түсінуі, білуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескере отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндеттеріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолайсыздық жасамау үшін өтуге рұқсат сұрау және т.с.с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым еңбектегі сақтыққа, маңайындағыларды құрметтеуге дағдыландырады.
Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет. Бұл еңбек үйдің ішінде және аулада тазалық пен тәртіп сақтауға, режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге үйретеді. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек ұжымға қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
Мектепке дейінгі сәбилік шақта тәрбиеші балаларда қарапайым шаруашылық-тұрмыстық дағдыларды: үй сыпыру, жинау, үстел жасауға көмектесу, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды тәртіпке келтіру және жуу, ауладағы жапырақтарды жинау, бақтағы орындықтардағы қарды сыпыру және т.т. дағдыларды қалыптастырады.
Естияр топта шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мазмұны едәуір ұлғаяды: балалар үстел үстіне ыдыс-аяқты түгел өздері жайғастырады, оқуға қажетті барлық нәрсені дайындайды, қуыршақтардың киім-кешегін жуады, текшелердің шаңын сүртеді, ауладағы жолдарды сыпырады және т.б. Балалардың ұлғайған мүмкіндіктерін пайдаланып және қалыптасқан дағдыларды ескере отырып, педагог балаларды еңбекте күш-жігер жұмсау қажет екенін үйретеді, тапсырылған істі орындауда олардың дербестігін, белсенділігі мен ынтасын дамытады.
Балалар бақшасының ересектер тобында шаруашылық-тұрмыстық еңбек мазмұны бұрынғыдан да молығып, жүйеленеді де, көбіне кезекшілердің тұрақты міндетіне айналады. Балалар бөлме мен аулада тазалық сақтайды, ойыншықтарды, кітаптарды жамап-жасақтайды, сәбилерге көмектеседі. Мектепке дейінгі ересек балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде: қажетті құрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар іждағаттылық, жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды.
Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарларды күтуге қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер өсіруін көздейді. Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға, тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар. Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамыту, қозғалыстарын жетілдіру, төзімділігін арттыру, дене күшін жұмсау қабілетін дамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі.
Сәбилік топтарда балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, бөлмеде өсетін өсімдіктерді суарады және жуады, пияз отырғызады, өз бақшасынан өнім жинауға қатысады, қыстап қалған құстарды қоректендіреді. Бөбектердің еңбегін басқара жүріп, тәрбиеші өсімдіктердің, олардың бөлшектерінің, еңбекте атқарылып жатқан әрекеттердің аттарын атайды; бұл баланың сөздік қорын молайтады, белсенділігін арттырады.
Ересек топ үшін табиғат мүйісінде неғұрлым күрделі күтім тәсілдерін керек ететін өсімдіктер мен жануарлар орналастырылады, бақшада өсу мерзімі әр түрлі көкөністердің алуан түрі отырғызылады, мұның өзі еңбекті неғұрлым жүйелендіреді. Балалар еңбегінің көлемі де ұлғаяды. Мектеп жасына дейінгі балалар щеткамен түкті жапырақтардың шаңын сүртеді, жерді қоректендіреді, аквариумның суын ауыстырады, бақша мен гүлзардың жерін әзірлейді, көшет отырғызады, жабайы өсімдіктердің жемісін, ұрығын жинайды (қыстайтын құстарға беру үшін). Еңбек процесінде тәрбиеші балаларға өсімдіктердің өсуі мен дамуын қадағалауды, болып жатқан өзгерістерді байқауды, сипатты белгілеріне, жапырақтарына, ұрықтарына қарап өсімдіктерді айыра білуді үйретеді. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, оларды ауыл шаруашылығы еңбегі процесіне баулиды.
Мектепке дайындайтын топта табиғаттағы еңбек түрінде балалар жеке құбылыстар арасындағы байланысты анықтауды, табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын аңғара білуді үйренеді. Табиғи құбылыстарды материалистік тұрғыдан түсінудің негізі қалыптасады. Өсімдіктер мен жануарлар туралы, жанды мүйістің тұрғындарын күту тәсілдері туралы мағлұмат көбейеді. Балалардың еңбек іс-әрекеттеріндегі дербестігі артады: олар ескертіп жатпай-ақ топырақты суару және қопсыту, өсімдіктерді көшеттеп отырғызу, бақшада, гүлзарда, ал қыста - үнемі пияз бен басқа да көк өсірілетін табиғат мүйісінде тұқым себу қажеттігін өздері белгілеп отырады. Балалар қалемшелеу арқылы өсімдіктерді көбейтудің, кейінірек топыраққа көшіріп отырғызу үшін көшет өсірудің тәсілдерін біледі. Табиғат мүйісінде жануарларды (құстарды, тиінді, үй қояндарын, көгершіндерді және т.т.) күту жалғастырылады.
Қол еңбегі - алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан, табиғи материалдан (ағаш бүрінен, емен жапырағынан, сабаннан, ағаш қабығынан, жүгері сабағынан, шабдалы сүйегінен) тері, қауырсын, мүйіз, жүн, мата қиқымдарын, темір-терсек және т.с.с. пайдалана отырып тұрмыстық шаруашылық процесінің қажетті бұйымдарын жасау - балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асырылады. Балалар өздеріне қажетті ойыншықтар, қазақ үйдің сүйектерін жасап, бояйды, үй жиһаздарын, ұлттық киім үлгілерін пішіп, тігеді, төрт түлік малдардың бейнесін жасайды. Оларды дайындау барысында балалар ұлттық оюлар, нақыштар, өрнектермен танысып, әр түрлі бұйымдар жасайды. Мұндай нәрселер туған-туыстарға, достарға жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор маңызы бар, ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды риза ету үшін еңбектендіреді.
Қол еңбегі балалардың құрастыра білу, ойлап шығару қабілетін, шығармашылығын, қиялын дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалар ойлаған затына сай келетін форма таңдап алу үшін табиғи материалды мұқият қарайды: үйеңкі ұрығынан инеліктің қанатын, ағаш бүрінен - орманшыны жасайды және тағы басқа. Жұмыс процесінде олар әр түрлі материалдардың қасиеттерімен, оларды өңдеу және байланыстыру тәсілдерімен танысады, алуан түрлі аспаптарды пайдалануды үйренеді. Ойлаған заттарын жасау әрқашан да белгілі мөлшерде күш жұмсауды керек етеді. Жасалған зат берік, әдемі, сәнді болу үшін бала табандылық, шыдамдылық, ұқыптылық көрсетуі талап етіледі. Осының бәрі балаларға тәрбиелік жағынан үлкен әсер етеді де, олардың эстетикалық сезімі мен адамгершілік-еріктік қасиеттерін қалыптастырады.
Балабақшада жаңа бағыттағы тәрбие жүйесін іске асыру үшін халықтық педагогикаға негізделген дәстүрлі еңбек тәрбиесінің төмендегідей бағыттарын белгілеу керек:
* ата-баба дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнер саласына арналған материалдар жинап, оны сәбилер тобынан бастап, мектепке дейінгі бала жасына лайықты етіп топтастыру, мазмұндық сабақтастығын ескеру;
* дәстүрлі еңбек тәрбиесін кешенді жүргізу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеру;
* отбасы мен балабақша арасындағы бірлікті нығайту, еңбек тәрбиесін отбасындағы дәстүрлі еңбек түрлерімен байланыстыра отырып жүргізу;
* тәрбиешінің баланың жеке басының даму ерекшелігін, отбасы тәрбиесінің өзіндік сипатын жете білуі, осының негізінде еңбек тәрбиесін ұлттық еңбек дәстүріне сәйкес жүргізуі;
* қазақ балабақшаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, балаларды қазақ халқының дәстүрлі еңбегіне баулитын ғылыми-әдістемелік құралдармен, түрлі дидактикалық көрнекіліктермен, т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету.
Қазақстанда балабақшалардың мүмкіндігінше жеке-дара болуын талап еткен абзал, өйткені аралас балабақшада тәрбиені ұлттық негізде құру сәбиелерге ана тілін меңгертуде, дәстүрлі еңбек түрлеріне баулуда қиындық тудырады.
1.3 Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұраларының еңбек түрлері.
Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең жырларында, қара сөздерінде жастарды адал еңбекке егіншілікті кәсіп етуге, өнер білімге шақырады. Ол еңбекпен келген табыстың адал да, дұрыс жалған бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді.
Өзіне сен
Өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың,- деп жырлайды ақын.
Адамның бойында жағымсыз қасиеттерді болдырмас үшін ұстаз оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсу қажеттігін өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының басты ерекшелігі деп түсіндіреді. Сондықтан:
Бақ пен асқан патшадан,
Ми мен асқан қара артық
Сақалын сатқан періден,
Еңбегін сатқан бала артық-деп, ой түйіндейді. Ұлы ақн жастарды бір өнерді үйреніп, пайдалы іспен шұғылданып, адал еңбекпен мал табуды талап еткен. Жастарға:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан, - деп қоғамның пайдалы бір азаматы болуды хаттайды.
Абай ел қыдырып, ас ішіп, аяқ босатар жатып ішер жалқау жастарды сынай келіп:
Тәуекелсіз талапсыз мол табылмас
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Қулық, сұмдық ұрлқпен мал жиылмас
Сұм нәпсің үйір болса тез тыйылмас
Зиян шекпей қоймайсың ондай істен
Мал кетер, мазаң кетер от бұйырмас-деп, ұрлық түбі қорлық екендігін ескертеді. Адал тапқан мал мұратына жеткізетінін, еңбек түбі зейнет екенін өнеге етеді.
Ұлы ақын Абайдың Қансонарда бүркітші шығады аңға атты өлеңі аңшылық өнердің өзіндік ерекшелігін қолмен қойғандай поэзиялық көркемдікпен бейнелеп бере білген поэзияның аса көрнекті үлгісі екенінде дау жоқ. Ақын өлеңді:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға, -
деп, Аңшының серігі кімдер болу керек және олар қандай болу керек? дегенге жауап беруден бастайды.
Қазақ даласында тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашып, оларға оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин еді. Ол өзінің Қазақ хрестоматиясы және Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. Өмірдің негізгі мәні - еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі, - деп, неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады.
Сондай-ақ Байлық деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен адамдарды өмір тәжірибесі мол, қандай жұмысқа болса да икемі бар, кішіпейіл, мейірімді, ешқандай арамдық, зұлымдық әрекеттерді білмейтін, жайдары адам етіп көрсетеді. Ақыл да, терең ой да, жол таба білу де еңбектену арқылы жинақталған өмір тәжірибесінің жемісі екендігін білдіреді. Мәселен, Бай мен жарлы баласы әңгімесінде жастайынан шаруаға араласқан, жас болса да өмір тәжірибесін көп көрген кедей баласы Үсен көбіне тәжірибеге сүйеніп, ақыл-парасатқа салып, көшкен елдің жаңа қонысын тауып алады. Ата-аналарымен аман-сау табысады. Мұндағы бай баласы Асан әке дәулетінің арқасында еш нәрседен хабары жоқ, бейқам өскен, ерке бала. Тіпті естіген, білгенін де көңіліне тоқымаған, ондайларды қажет деп ескермеген жалқау бала болса, ал Үсен кедей баласы, өмір мектебінің сара жолдарынан өткен, еңбек үстінде шыныққан еңбек адамы ретінде суреттеледі.
Ы.Алтынсарин еңбекке тәрбиелеу мәселесі тақырыбына орыс тілінен тәржімелерді, халық аңыздарын көп пайдаланды. Солардың бірі - Атымтай жомарт аңызы. Мұндағы Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбектен табылған тамақтың тәттілігі болады екен деген жолдар Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады деген халықтың мағыналы сөзімен ұштасып жатыр. Байлық неде? деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым жауап береді: Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң - байлық сол. Малы көп болмаса да, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап жемесе, біреудің еңбегін пайдаланбаса, мұндай адамның көңілі жай болады. Сол үшін байлық - қанағат пен адал еңбекте. Автордың еңбекті адам құлқынын түзейтін құрал деп қарауы өте мәнді нәрсе. Ы.Алтынсаринның Сәтемір хан әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің төбесіне шыққанын көріп отырған Сәтемірге мынандай ой келеді: Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz