Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінің теориялық және әдістемелік практикасының негізі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құрылымы мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
1.2 Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.11
1.3 Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.15
ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ПРАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ...16
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің негізгі түрлері, әдістері және құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.21
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері ... ... ... ... 22.23
2.3 Ойын . балаларды тәрбиелеу құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Тақырыптың өзектілігі. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні де, бол ашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Зерттеу мақсаты. Педагогика ғылымында өзіндік жолы, бет бағдары бар тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-шараларды іске асыру жолын іздестіреді. 5 - 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.

1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992
2. Ф. Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «ФОЛИАНТ» 2008
3. «Мектепалды даярлық» журналы № 6 2009жылы
4. «Мектепалды даярлық» журналы № 4 2009 жылы
5. «Республикалық ғылыми - әдістемелік журналы» № 3 2009 жылы
6. «Отбасы және балабақша» журналы № 1 2008 жылы
7. «Отбасы және балабақша» журналы № 5 2008 жылы
8. Әбиев «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы 2005
9. В. С. Мухина «Балалар жас психологиясы» Алматы «РАУАНА» 1998 жылы
10. Т.Сабыров «Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері» Алматы 1977
11. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов «Бала бақыты» Алматы, 1979 жылы
12. Р. Қоянбаев «Тәрбиетеориясы» - Алматы, 1991 жылы
13. Е.Сағындықұлы «Педагогика» Алматы 1999 жылы
14. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
15. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-Москва 1968
16. Бейсенбаева 3. Сөзжасамды окытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. -А., 1998.
17. Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару және тарату.- А., 2003.
18. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. -Өскемен, 2002.
19. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. "Егемен Қазақстан", 2001 ж. 14 ақпан.
20. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. - А., 2003.
21. Сауат ашу бағдарламасы (1-сынып). -А., 2003.
22. Әдебиеттік оқу бағдарламасы (2,3,4-сыныптар). _А., 2003.
23. Қазақ тілі бағдарламасы (2,3,4-сыпыптар). -А., 2003.
24. Әуелбаев Ш., т.б. "Әліппе" оқулығына әдістемелік нұсқау. -А., 2000.
25. "Әліппе", "Әліппе серігі", "Жазу үлгілері". -А., 2000-2002.
26. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. "Ана тілі" окулықтары (2,3.4-сыныптарға арналған). -А., 2001-2003.
27. Рахметова С, Қабатаева Б. "Ана тілі" оқулықтарына әдістемелік нүсқаулар. - А., 2001-2003.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құрылымы мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
1.2 Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-11
1.3 Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12-15
ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
ПРАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІ...16
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің негізгі түрлері, әдістері
және
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-21
2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
ерекшеліктері ... ... ... ... 22-23
2.3 Ойын – балаларды тәрбиелеу
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24-26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
тақырыбы. ұлттың бүгіні де, бол ашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін,
зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай:
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе
дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады, - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда
ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне
солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді, - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі
болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің,
сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың,
салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің
жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму
процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның
психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер
болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке
адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы
дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық
көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен
ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның
жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды
даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және
балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып,
тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді.
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық,
имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі
мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге
қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше
көңіл бөлініп отыр.
Зерттеу мақсаты. Педагогика ғылымында өзіндік жолы, бет бағдары бар
тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз
алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі -
тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары,
формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-
шараларды іске асыру жолын іздестіреді. 5 - 6 жастағы балалардың дене
дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру,
олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың
алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы
мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы
отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында
немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке
дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге
асады.
Зерттеу міндеті.
Балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің
төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы
және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері
көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары
қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді:
айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен
қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму эстетикалық барысында өмірге деген
құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын
қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін
қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп
қатерден сақтану қарастырылады.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі балалардың оқу- тәрбие барысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, тәрбие үрдісінде белгілі дәрежеде
табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне
байланысты болса, демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды
жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара
байланысты қызметі болып табылады.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ

функциялары
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде жүйелі және
толыққанды түсінік алу үшін бірқатар негізгі аспектілерді (ұғымның
мазмұнын, оның өзіне жақын ұғымдармен байланысын) ашайық, құрылымын,
тәрбиелеу функцияларын, мектепке дейінгі кезеңде оны жүзеге асыру
ерекшеліктерін көрсетейік. Тәрбиелеу – мектепке дейінгі мекемедегі тұтас
педагогикалық процестің компоненті, оны ұйымдастыру негіздерін біз жоғарыда
айттық.
Тәрбиелеу категориясы ғылымда кең, тар және локалды мағынада
қарастырылады.
Тәрбиелеу (кең мағынада) – бұл жас ұрпақты өмірге және еңбекке
дайындауды қамтамасыз ететіндей оған аға буынның өзінің әлеуметтік
тәжірибесін беруі.
Тәрбиелеу (тар мағынада) – бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық қасиеттерін,
өзіне және айналасындағыларға қарым-қатынас жүйесін қалыптастырудағы
мақсатты, бағытты процесс.
Локалды мағынада тәрбиелеу – баланың қандай да бір қасиетін, тәртіп
әдетін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі мекемеде білім беру процесінің
теориясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбиелеудің тар мағынадағы
анықтамасына сүйенеміз. Бұл анықтамада тәрбиенің негізгі функцияларының
мәні – баланың дүниеге, өзіне, басқа адамдарға көзқарас жүйесін
қалыптастыру, оның тұлғалық қасиеттерін, адамгершілік мәдениетінің
негіздерін тәрбиелеу жатыр.
Тәрбиелеу ұғымы оған жақын бірқатар ұғымдармен тығыз бай- ланысты:
өзін-өзі тәрбиелеу, өзара тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу. Өзін- өзі және өзара
тәрбиелеу процестері тұлғаның дамуына қызмет етеді. Олардың айырмашылығы
тәрбиелеу ықпалының көзінде жатыр. Бірінші жағдайда бұл көз - баланың өзі,
ал екінші жағдайда - ықпал етуші жақ ретінде басқа адамдар (балалар, үлкен
адамдар) болады.
Өзара тәрбиелеу - өзара ықпалдастыққа қатысушы адамдардың адамгершілік,
әлеуметтік, эмоционалдық дамуға, өзара бірін- бірі байытуға, жеке
тәжірибелерімен алмасуға бағытталған өзара ықпалдастық процесінде пайда
болатын адамдар арасындағы қатынастардың бір түрі.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адам өзін-өзі жөнге келтіру тетіктерін
белсенділендіру арқылы өзін тұлға ретінде толыққанды түрде көрсетуге
бағытталған саналы іс-әрекет. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі
тәрбиелеуінің қозғаушы күші оның ісін үлкен адамдардың мақұлдауын, жұмысы
мен тәртібін оң бағалауын қажет ететіндігі болып табылады. Бұл процесс
жағдаятты сипатта болады және үлкен адамдар тарапынан қолдауды талап етеді.
Қайта тәрбиелеу процесінің өзін-өзі және өзара тәрбиелеуден
айырмашылығы бұл баланың жағымсыз істері мен тұлғалық қасиеттерін өзгертуге
бағытталады. Қайта тәрбиелеу көзі - баланың жағымсыз жақтарына мақсатты
түрде әсер етіп өзгерте алатын үлкен адам- дар. Қайта тәрбиелеу – неғұрлым
күрделі процесс, өйткені тұлғаның қалыптасып қалған мінезі мен
қатынастарында берік шартты рефлек- стер жатыр, оларды бұзу қиынға соғады.
Бұл процесс әрқашан нәтижелі бола бермейтіндігі түсінікті. Қайта тәрбиелеу,
деп көрсетеді Г. М. Коджаспирова, - адамды тәрбиелеудің алдыңғы нәтижесін
зерттеуге, тәртібін түзетуге, қате пікірлерін жоюға, девианттық қылықтарын
болдырмауға бағытталған мақсатты тәрбиелік іс-әрекет. Тұтас педагогикалық
процесте тәрбиелеу процесінің өзінің құрылымы болады. Еске түсірейік,
құрылым – объектінің тұтастығын қамтамасыз ететіндей оның бөліктерінің
(компоненттерінің) арасындағы берік байланыс.
Ю. К. Бабанский тәрбиелеу процесінің құрылымында алты өзара байланысты
компонентті анықтайды.
1. Дем беруші-мотивациялық – мектеп жасына дейінгі баланың даму
мотивациясы мен өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыруды, дүниеге көзқарас,
өзінің айналасындағылармен, басқа да адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу
негіздерін қалыптастыруды көздейді.
2. Мақсатты – мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңінде
балаларды тәрбиелеу мақсаттарын көрсетеді.
3. Мазмұндық – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мазмұнын –
мектепке дейінгі жастағы баланың үйлесімді даму- ына қажетті қарым-
қатынастың әлеуметтік тәжірибесінің, өзара ықпалдастықтың, өзін тұлға
ретінде көрсете білу көлемін анықтайды.
4. Амалдық-әрекеттік – түрлі әдістер, ұйымдастырушылық- педагогикалық
жағдайлар мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын мектепке дейінгі мекемедегі
тәрбиенің процессуалды жағын сипаттай- ды
5. Бақылаушы-реттеуші – тәрбие процесін бақылауды және реттеуді, оның
барысы мен нәтижелерін түзетуді қамтиды, тәрбиелеуде кері бай- ланыс
орнатуды қамтамасыз етеді.
6. Бағалаушы-нәтижелілік – балалардың тәрбиеленгендік деңгейін
диагностикалауды қамтамасыз етеді, сәйкестік орнатады, мектепке дейінгі
мекемеде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің жаңа мақсаты мен
міндеттерін қояды.
Тәрбиелеу процесіндегі қозғаушы күштер; бұл процестің ішінде және одан
тыс туындайтын қайшылықтары:
• қоғамның балалардың тәрбиеленгендік деңгейіне қойылатын талаптары мен
мектеп жасына дейінгі балалардың нақтылы деңгейінің арасындағы;
• баланың жақсы болу, мораль нормаларына, үлкен адамдардың талаптарына
сай әрекет жасау сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың нақты
мүмкіндіктері арасындағы;
• баланың білімі мен білігі және сыртқы мақсаттардың арасындағы;
• баланың айналасы туралы, тәртіп, қарым-қатынас нормалары мен
ережелері жөніндегі бұрынғы білімі мен жаңадан алған білімдерінің
арасындағы. Мұндай қайшылықтардың болуы тәрбие процесіне қозғау салады,
оның жетілуіне түрткі болады. Тәрбиелеу тұлғаға, оның дамуына, білім алуына
кешенді түрде әсер етеді. Тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестері өзара
тығыз байланысты.
Мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінде тәрбиелеу негізінен үш
функция атқарады.
1. Дидактикалық (оқытудың жетекші функциясы) – оқушылардың білім
жүйесін меңгеруін, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруді көздейді.
2. Тәрбиелік (тәрбиелеу процесіндегі жетекші функция) – балалардың
айналасындағыларға, өзіне қарым-қатынас жүйесін, дүниетаным негіздерін,
құндылықтарды қалыптастыру, сол сияқты мектеп жасына дейінгі баланың
тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу. Бұл функция үлкен адамдар мен балалардың
әртүрлі іс-әрекетте араласу процесінде, адамгершілік нормалары мен тәртіп
ережелерін меңгеру процесінде жүзеге асырылады.
3. Дамытушы функция оқыту және тәрбиелеу процесінде баланың психикалық
процестерін, оның қабілеттерін, педагогикалық процестің субъектісі ретінде
оның шығармашылығын дамыту.

міндеттері
Тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелеу процесінің көзделген
нәтижелері мен сапасын бағалау критерийлерін анықтайды. Олар процеске
динамика мен бағдар береді. Педагогикада тәрбиелеудің мақсаттары тұлғаны
тәрбиелеудің соңғы нәтижелерінің моделі түрінде ашылады. Сонымен бірге
тұлғаны тәрбиелеудің аяқталғандығы шартты жағдай, өйткені, адам өмір бойы
өзгереді, дамиды. Тәрбиеленгендіктің, білімділіктің, дамығандықтың нәтижесі
әрбір жас кезеңімен және бұл процестің нәтижелілігінің жас ерекшелік
критерийлерімен байланысты болуы мүмкін. Тәрбиелеу мақсаты оның мазмұнына,
түрлеріне, әдістеріне, құралдарына бағдарлық әсер береді, тәрбиелеу
бағдарламаларының бағытын анықтайды, процестің қажетті нәтижесін көрсетеді.
Тәрбиелеу мақсаттары, О. П. Морозова көрсеткендей, әртүрлі негіз
бойынша жіктелуі мүмкін:
• мақсаттың масштабына қарай - стратегиялық (глобалдық), тактикалық,
стратегиялық, локалдық түрде;
• нақтылық дәрежесіне қарай – нақтылы, жақын, тікелей;
• уақытша негізіне қарай – қашық, жақын, тікелей;
• мазмұнына қарай – физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік- адамгершілік,
эстетикалық тәрбие мақсаттары;
• тұлғаға ықпал ету сипатына қарай – дидактикалық (оқытушылық),
тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік.
Тәрбиелеу мақсаттары мемлекеттік заңнамамен заңдастырылған мемлекеттік
жалпыға білім беру міндетті стандарттарымен тығыз бай- ланысты.
Педагогикалық мақсаттар ҚР Білім туралы Заңы арқылы өтеді, бала құқығы
туралы Конвенциямен, бала құқығы туралы Заңмен анықталады. Мектепке дейін
білім беру мақсаттары мектепке дейінгі Тұжырымдамада көрсетілген. Бұл
нормативтік құжаттарда мектепке дейін тәрбие берудің жалпыланған (глобалды,
идеалды) мақсаттары белгіленген және диагностикалау көрінісін береді.
Білім туралы Заңда мектепке дейінгі білім берудің мақсаты мек- теп жасына
дейінгі баланы тәрбиелеу, денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жеке
қабілеттерін дамыту, дамуындағы кемшіліктерін түзету.
Мектепке дейін тәрбие беру тұжырымдамасы заңнамалармен үндес. Онда
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мына төмендегілерді
көздейтін баланы жан-жақты үйлесімді дамыту деп қарастырады:
• денсаулығын сақтау және нығайту;
• толыққанды дене дамуын қамтамасыз ету;
• жан-жақты психикалық дамыту және бала тұлғасын қалыптастыру. Сонымен,
мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мақсаты тұлғаның, оның әрекетінің
жан-жақты үйлесімді дамуына негізделеді. Өз кезегінде жан-жақты тәрбиелеу
және дамыту термині көптеген диагностикалауға жататын ішкі мақсаттарды
көздейді.
Тәрбиелеу процесі басқару процесі ретінде физикалық, интеллектуалдық,
психикалық, адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік дамытуды, еңбекке
дайындықты, білім беру субъектісінің экологиялық, жыныстық, құқықтық,
экономикалық мәдениетін дамытуды біріктіреді. Үйлесімді ұғымы тұлғаның
жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келісілген, сабақтас, бірқалыпты
дамуын білдіреді. Шын мәнінде осылай қойылған мақсат адамның табиғи
мүмкіндіктерін құрайтын тұқымқуалау белгілерінің барынша толық ашылуын
көздейді.
Тәрбиедегі үйлесімділік және жан-жақтылық идеясы тарихи тұрғыда жаңа
емес. Шығыста ол VIII-IX ғғ қайта өрлеу дәуірінде пайда болды, кейін ХVIII
ғ. фран- цуз ағартушылары өз еңбектерінде қарастырған. Ресейде мұндай
мақсат қою революционер-демократтардың аттарымен байланы- сты, кейіннен оны
заңдастырылған негізде КСРО енгізді. Бұл мақсат ЮНЕСКО-ның көптеген
халықаралық декларацияларына енді. Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік сұраныспен
анықталады және мемлекеттік құжаттарда көрсетіледі. Ол жалпылама сипатта
бола- ды және нақтылауға жатады. Бұл мақсаттар диагностикалық сипат- та
болады, олар бойынша нағыз жетістікке жетудің анық және нақты критерийлері
мен көрсеткіштері жасалуы мүмкін. Көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеудің жалпыланған мақсаты оның жүзеге аспайтындығынан, жүзеге
асырудың қандай да бір құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға
байланысты педагогикалық практикада жетіспегендігінен сынға ұшырап жа-
тады, соның салдарынан бұл мақсатқа жету қиынға соғады. Дегенмен, мақсат-
идеал бола тұрып, педагогикалық ақиқатқа қол жеткізуге ұмтылу аса маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты мақсатқа жету
траекториясын көрсететін міндеттерде нақтыланады. Мектепке дейінгі тәрбие
беру міндеттері мазмұнына қарай – физикалық тәрбие, ақыл-ой, әлеуметтік-
адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық тәрбие болып
жіктеледі. Осы міндеттерді ашып көрсетейік. Мектеп жасына дейінгі балаларды
тәрбиелеу міндеттері:
Дене тәрбиесі міндеттері – денсаулықты сақтау және нығайту, дамып келе
жатқан организмді жетілдіру, қозғаушы біліктері мен дағдыларын, денелік
сапаларын, мәдени-гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесі мен саналы өмір
салтына тұрақты оң эмоционалдық көзқарас қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері – тілін,
ойлау түрлерін дамыту, көрнекті-бейнеліден логикалық ойлауға көшу,
дүниетанымын қалыптастыру, сенсорлық эталонды, заттармен жұмыс жасаудың
перцептивті (тексеруші) амалдарын меңгеру, күнделікті өмірде эталондарды
пайдалану білігін қалыптастыру, ой әректі мен ойлау амалдарын дамыту.
Әлеуметтік-адамгершілік тәрбиенің міндеттері – адамгершілік
қасиеттерін, үлкен адамдармен және балалармен өзара қарым-қатынас орната
білу қабілетін дамыту; сезімі мен істеген амалдарын үйлесімде көрсете білу
және басқару; тәртіп мәдениетін тәрбиелеу, адамгершілік сана (талдау және
бағалау) қалыптастыру; әлеуметтік тұрғыда негізделген адамгершілік
нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге оң эмоционалдық қатынас орнату.
Эстетикалық тәрбие – әдемілікті сезіну, әлемге эстетикалық тұрғыда
қарау, көркемдік жағынан дамыту, өмірде, өнерде әдемілікті бағалай білу
және өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері – қызмет көрсету білігі мен дағдыларын
қалыптастыру, айналасындағы жақын адамдарына қамқорлық жасай білу,
қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп еңбек ету білігі,
басқалардың еңбегіне оң эмоционалдық көзқараспен қарау, кәсіби еңбек
мамандықтары туралы білімді меңгеру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетінің міндеттері –
адамның ақылына байланысты болатын табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастыру;
табиғат субъектілеріне көмек беруге дайындық (қоректендіру, отырғызу және
т.б.), табиғатқа оң көзқарас қалыптастыру, экологиялық дүниетаным
негіздерін білу.
Мектеп жасына дейінгі баланы жыныстық тәрбиелеудің міндеттері –
жыныстық тәртіп негіздерін қалау, дұрыс жыныстық идентификацияға ықпал
ететіндей орта ұйымдастыру; баланың өзінің жынысымен байланысты тәрбие
түрін қалыптастыру; басқа жынысқа оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері – метептегі оқуға
балалардың жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру. Ол үшін жоғарыда
аталған міндеттерді шешу және балаларды мектеп пәндерін оқып меңгеруге және
мектепке мотивациялық, әлеуметтік, тұлғалық, интеллектуалдық, физикалық
тұрғыда дайындау арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізу.
Жоғарыда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі
міндеттері қарастырылды. Оларды іске асыру педагогикалық практикада
мақсатты орындауға - мектеп жасына дейінгі баланы үйлесімді дамытуға
бағытталады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие берудің мазмұнына сол сияқты
құқықтық сана негіздерімен, экономикалық тәрбие бастамаларымен таныстыру да
кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы (отбасында және білім беру
мекемелерінде, әлеуметтік орталықтарда, бір-бірімен өзара қарым-қатынаста)
оның жан-жақты дамуына стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді.
Мазмұн дегеніміз - объектіні құраушы барлық элементтердің, оның
қасиеттерінің, байланыстарының, ішкі процестерінің бірлігі. Мектепке
дейінгі тәрбиенің мазмұны тұтас тәрбие процесінің компоненттері ретінде
дене, адамгершілік, ақыл-ой, әлеуметтік, эстетикалық, еңбек, экологиялық,
жыныстық тәрбиені құрайды. Оларды меңгеру құралы балалардың күнделікті
өмірі, олардың белсенді әрекеті, мақсатты бағдарлы оқыту және тәрбиелеу.
Тәрбие мазмұнын қалыптастыру көзі әлеуметтік тәжірибе болып табылады, ол
білімді, іс-әрекет тәсілдерін, айналасындағыларға эмоционалды-құндылық
қарым-қатынасты, шығармашылық істер тәжірибесін қамтиды. Мектеп жасына
дейінгі тәрбиенің мазмұны оның мақсатымен және міндеттерімен анықталады. Ол
мемлекеттік жалпы білім берудің міндетті стандартына негізделген. Мектепке
дейін білім беру стандарты білім берудің басқа сатыларының стандарттарынан
өзгеше. Ол білім беру мекемесінде педагогтің балалармен өзара әрекетінің
мазмұнына, әдістеріне, сипатына қойылатын талаптар жүйесін анықтауы тиіс.
Сол сияқты мектепке дейінгі мекемеде стандарт пәндік-дамытушылық ортаның
сипатын, оның толықтырылуын, мектепке дейін тәрбие беру мамандарының
кәсібилігіне талаптар қоюды анықтайды. Стандарт талаптарына байланысты
мектепке дейінгі мекеме үшін білім беру бағдарламасы құрылады, ол мектепке
дейінгі білім беру мазмұнын бағытына қарай және жас кезеңдеріне көрсетіп
береді.
Тәрбиелеу нәтижесі - үйлесімді дамыған және соған сай ортамен қарым-
қатынас жасауға дайын бала тұлғасы. Бала тұлғасы, оның да- муы мектепке
дейінгі тәрбие сапасының негізгі критерийі болады. Тұлға жаңа қасиеттерге
(адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, физикалық және т.б.), жағымды
әдеттерге ие болады, адамзат мәдениетінің негіздерін меңгереді. Мектепке
дейінгі тәрбие мазмұнын құру тұлғаны тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына
бағынышты жасалады. Бұл зандылықтар объективті сипатта болады және тәрбие
процесін реттеп отыратын тәрбие принциптерін анықтауға негіз болады.
3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай
бөлу.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-
жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Сана-сезімнің,
дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты.
Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу,
оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Жас ұрпақты
қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік
орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам
алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің
эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның
табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Тәрбие ісінде балалардың жас
ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ
көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру
кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар
кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің
табысты болуы олардың жас және даму ерекшелігін тәрбиешінің дұрыс біліп,
өмірін, іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты.
Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары бала дамуының
бір қалыпты өтпейтіндігін ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше
кезеңге бөледі. Психолог В.С. Мухина: туғаннан бастап мектепке барғанға
дейінгі кезеңде бала үш дағдырыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста
басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге
бөлінеді: 1. Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. 2. Сәбилік кезең
– бір жастан үш жасқа дейін. 3. Мектепке дейінгі кезең – үштенжеті жасқа
дейін. Бұл бағдармалар, әдестемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие
мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз
болып табылады. Бала тәрбиесімен айналасатын болашақ мамандарға, ата-
аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу
тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.
Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңде тез
өсіп дамиды. Осыны ескеріп, мақсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса,
нәрестененің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.
Ай сайын ол 600 – 700 г салмақ қосып, бойы 2 – 3 см өсіп отырады. Жарты
жылдан кейін бойының өсуі де, салмақ қосуы да сәл саябырсиды. Дегенмен әрі
қарай дамуы үдемелі қарқымен жалғаса береді. Бір жасқа толғанда салмағы 10
– 10,5 кг, бойы 74 – 75 см болады. Жаңа туғанда баланың миының салмағы 300
г болса, ай сайын 40 г қосып отырады. Ми қабығының жетілуі күнделікті
ұйымдастыратын қимыл-әрекетке байланысты дамиды. Жүйкесі орталық және шеткі
деп бөлінеді. Орталық жүйке бас миы мен жұлыннан, шеткісі жұлын мен ми
сүйегі және жүйке түйіндерінен тұрады.
Адам ағзасының айналадағы ортамен байланысы жүйке арқылы өтеді. Жаңа
туған нәрестенің жүйкесі толық жетілмеген, ол өсу барысында бірте-бірте
толысады.
Бірқалыпты дамып, дұрыс өсіп келе жатқан баланың 6 – 8 айлығында сүт
тісі шығады да, бір жасқа толғанда сегізге жетеді. Нәрестелік кезеңде
барлық сезім мүшелерінің қызметі дамып, жағымды эмоция көрініс табады.
Заттарға ұмытылу, ұстауға талпыну сияқты қимылдың оңай түрлерін игереді,
сөйлеуге икемделіп уілдейді, былдырлайды. Бұл шақта бала сезімтал келеді,
ауа райының құбылмалы сәттерін, тұрмыс жағдайының, күн тәртібінің өзгеру
әсерін тез сезінеді.
Бала өмірінің бір жасқа дейінгі нәрестелік шағының көзі бір-бірінен
сапалық айырмашылығы бар төрт кезеңге бөлінеді. Оның бірінші кезеңі:
туғаннан 2,5 – 3 айға дейінгі дамуы. Нәресте дүниеге шартсыз рефлекстердің
(тамақ, қорғаныс, бағдарлау) дайын жүйесімен келеді.
Тәуліктің 18 – 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Әр 3 сағаттан кейін
тәулігіне 7 рет тамақтанады. Нәресте ұйықтау, тамақтану т.б.
қажеттіліктермен қатар алғашқы күннен бастап есту, көру, сезу және т.б.
әсерленулері болады. Егер нәрестенің мұндай тітіркенуді жеткілікті дәрежеде
қабылдамаса, ол психикалық дамуы жағынан артта қалған болып табылады. Бала
белгілі физиологиялық, генетикалық және жүйке қызметінің ерекшеліктерімен,
*+дың құрылысы қалыптасқан түрде дүниеге келгенмен, ми жартысы қызметінің
дамуына сыртқы ортадан баратын импульстер әсер етеді. Мысалы, есту
анализаторының қызметі бала ана құрсағында жатқанда сыртқы дыбыстардың
әсерінен қалыптасады. Балаланың психикалық дамуы сыртқы ортамен
байланысымен, тәрбиенің әсерімен, оқытумен анықталатын ғалымдар дәлелдеген.
Олай болса нәрестелік шақта баланың қалыптасуының алғышарттары жасалып,
денсаулығының негізі қаланады. Жаңа туған нәресте көз тоқтатып қарай
алмайды, оны қимылдататын бұлшық еттердің әлсіздігінен қилы болып көрінуі
де мүмкін, тек 3 – 4 аптада ғана қарай алады.
Есту қабілеті әлсіз болғанмен, өте қатты дыбысты естиді. Күшті шу
шықса, емуін тоқтата қояды. Есту мен көздің арасындағы үйлесімділік ерте
пайда болады. Дыбыс шыққан жаққа басы мен көзін бұрады.
Дәм сезу едәуір ерте жетілген: тәттіні ынталана сорады, ащыға бет-
ауызын тыржитады.
Иіс сезімі онша жетіле қоймағанмен, өмірінің алғашқы аптасында-ақ иіске
әсерленеді, қимылы, демалысы өзгереді.
Нәрестенің алақаны, беті, табаны сезімтал келеді. Оның қуанышы езу
тартуы, уілі арқылы байқалады.
Екі айлығында басын біршама тік ұстап, айналаға көз қиығын салады. Үш
айлығында етпетінен жатқызса, басын көтеріп, қолын тірей алады. Бұл әрекет
баланың тыныс алуына, қан айналымын жақсартып, еңбектеуге даярлайды.
Осы кезде нәрестенің ересектермен қатынасы дамиды. Үлкен адам жылы
шыраймен сөйлессе, көңілді эмоция пайда болады. Адамды, ойыншықты көргенде
қуанады.
Енді 2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі екінші кезеңде нәресте тәулігіне
2,5 – 3 сағаттан 6 рет ұйықтайды, 1,5 – 2 сағаттан 4 мезгіл сергек жүреді.
Әрбір, 3,5 – 4 сағаттан кейін тәулігіне 6 рет тамақтанады. Тамақтану
кезінде екі қолмен ыдысты ұстайды, ауызына апаруға тырысады. Қою тамақты
қасықпен жеуге үйренеді. Қол созым жердегі ойыншықты ересек адамның қолынан
алады.
3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата алады. Бөтен адамдарды
жатырқайды.
Заттардың формасын, түсін ажырата бастайды. Өзіне арналған сөзді
түсінеді. Жылы сөйлессе, қуанады, зекісе, жылайды.
4 – айда ыңылдайды, уілдейді. 6 – 7 айда былдырлайды. Уілдің әуенді
дыбысты ұзақ уақыт іштен дем шығару арқылы айтылады. Бұл – баланың тілі
шығуы үшін дем алысының қалыптасуы. 3 – 4 айлық нәрестемен тілдескенде
ыңылдау әуенімен айтылатын дыбыстарды, 5 – 6 айлық нәрестемен тілдескенде
буындарды қолдану керек.
Нәрестенің көңілін музыкаға және музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына,
әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет. Баланың көру және сезу
қабілетін ойыншықтар арқылы жетілдіреді.
5 – 6 айдан 9 – 10 айға дейінгі үшінші кезеңде нәресте жаңа күн
тәртібіне көшеді, тәулігіне 2 сағаттан 3 рет ұйықтайды. Әрбір 2 – 2,5
сағатта сергек күйде болады, әрбір 4 сағаттан кейін тәулігіне 5 рет
тамақтанады. 7 айлығынан бастап тамақтанарда қолына нанның қабығын беруге
болады. 6 айлығынан бастап айналасындағы адамдарға, заттарға, жануарларға
зейін қоюы артады. Кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы оянады. Осы кезде
ересек адамның бет жүзінен, дауыс ырғағынан көңіл күйін сезеді. 6,5 айда
сөзді затпен байланыстыруды үйренеді. Егер заттын тұрған орнын ауыстырса,
таба алмай қалады, себебі ол үшін зат тұрған орнымен байланысты
қабылданған.
6,5 – 7 айлығында бала орнынан жер бауырлап, қозғалып, екі қолмен, екі
аяғымен еңбектей бастайды. Еңбектеу арқылы сүйек, бұлшық ет жүйесі дамиды.
Айналаны бағдарлау өрісі кеңейді. Еңбектеп үйренген нәресте өзі отыра
бастайды. Бала отырған күйінен жатуға, одан қайта отыруға үйренеді.
9 айлығында қолымен заттардан ұстап, тәй-тәй басады. 9 – 10 айлығында
затқа бұрылып қарайды, оларды көзімен іздеп табады. Қош бол, Алақан
соқ, Қолынды бер т.б. үйренген қимылдардың аттарын, отыр, жат деген
сөздерді түсінеді. 9 – 10 айдан 1 жасқа дейінгі төртінші кезеңдегі дамуында
нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, 1,5 – 2,5 сағаттан тәулігіне 2 рет
ұйықтайды, 2,5 – 3 сағат сергек жүреді. 10 айлығынан бастап түнде 1 рет
тамақтанады.
Бір жаста өзі жүре алады. Өзі жүретін нәрестенің қолы босап, заттарды
ұстап, тану өрісі кеңейеді. Соның арқасында саусақтардың бұлшық еті өсіп-
жетіледі, көз бен қол қимылының үйлесімділігі дамиды, көрнекі, әсерлі
ойлауы пайда болады, еркіндігі дамиды, ойын әрекетінің негізі қалыптасады.
Жыл аяғында айналасындағылармен қарым-қатынасы күшейеді, адамдарға
деген ынтасы артады.
Нәрестенің дұрыс дамуы үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық та
қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш
белгілеп, сонда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz