Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері



Кіріспе ... ... ... ... 2.3.бет
1.Кәсіпорын туралы тусінік ... ... ...4.5.бет
2.Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері ... ... ... 6.бет
2.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары ... ... ...6.7.бет
2.2. Кәсіпорын және бәсекелестік орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.бет
2.3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ..8.9.бет
3.Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы ... .10.бет
3.1. Капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы...10.бет
3.2. Негізгі және өзгермелі капитал ... .10.11.бет
3.3. Инвестиция мәні мен түрлері ...
4.Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайы..
5.Кәсіпорынның құрамы ... ... ..23.24.бет
6.Кәсіпорын жұмыс сапасын жақсарту ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..28.бет
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.бет
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болыды. 2015 жыл 22 маусым күні Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымға кіруі бойынша жұмыс тобының мүше елдері финалдық отырыста кіру жөніндегі түпкілікті құжаттар бумасын мақұлдады. Барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін Қазақстан әлемдік сауданың 98 пайызын реттеп отырған халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі болмақ. Бұл туралы ҚР экономикалық интеграция істері министрінің хатшылығы хабарлады.
1.Wikipedia сайты.
2.NUR.KZ сайты.
3.akorda.kz сайты.
4.Қазақстан республикасы еңбек кодексі.
5.business.gov.kz сайты.
6.gov.kz сайты.
7.bankreferatov.kz сайты.
8.inform.kz сайты.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-3.бет
1.Кәсіпорын туралы
тусінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4-5.бет
2.Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен
міндеттері ... ... ... 6.бет
2.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары ... ... ...6-
7.бет
2.2. Кәсіпорын және бәсекелестік
орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.бет
2.3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ..8-
9.бет
3.Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы ... .10.бет
3.1. Капиталдың айналымы мен ауыспалы
айналымы ... ... ... ... ... ...10.б ет
3.2. Негізгі және өзгермелі
капитал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-11.бет
3.3. Инвестиция мәні мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-13.б ет
4.Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайы ... ... ... ...14-
22.бет
5.Кәсіпорынның
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23-24.бет
6.Кәсіпорын жұмыс сапасын
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25-27.бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28.бет
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29.бет

Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен
дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-((((” атты
даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды
реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда
бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі
мақсаты болыды. 2015 жыл 22 маусым күні Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымға кіруі бойынша жұмыс тобының мүше елдері финалдық
отырыста кіру жөніндегі түпкілікті құжаттар бумасын мақұлдады. Барлық
қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін Қазақстан әлемдік сауданың 98 пайызын
реттеп отырған халықаралық ұйымның толыққанды мүшесі болмақ. Бұл туралы ҚР
экономикалық интеграция істері министрінің хатшылығы хабарлады.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға
сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру
бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни
бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам
қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті
дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі.
Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін
дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде
көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың
құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге
жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі
кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында
бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан
дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін
кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін
кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.

1.Кәсіпорын түсінігі.
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі
нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу
мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды
орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да
мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық
есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған
және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген
шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес
жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын
иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе
құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды
ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге
де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде
кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері,
бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап
құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін
қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар
белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей
көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің
немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға
құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ
филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған
бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке
және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның
құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке,
мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым
меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын,
серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам,
мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық
экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін
кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер,
қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар,
биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.

2.Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері.
2.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары. Казіргі нарық
кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана
өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей
байланысты. өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден
тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше
жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.
· Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім
өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
· Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін
анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-
экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
· Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік
бағдарламаны орындау барысында ҚР-ғы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше
жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.
ҚР-да кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ
тұлғалар, олардан құралған заңды тұлғалар.
өндірістік кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа
көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан
кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес
шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және
табыс табу жатады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі:
- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу
- жоғары сапалы өнім өндіру
- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену
- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану
- жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.
Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:
- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек
- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын
қалай нығайту керек
- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек
- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек
- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады
- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық
сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша
жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма
үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен
материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін
тарту қажет болады.

2.2. Кәсіпорын және бәсекелестік орта. Бәсекелестік-нарықтық жүйедегі
бақылаудың басты әдісі.Сұраныс пен ұсыныстың нарықтық механизм ретінде
тұтынушылар қалауын өндіруші-кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен
жабдықтаушыларға жеткізеді.
Бәсекелестік өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс шығындарына сәйкес
деңгейге дейін төмендеуіне себеп болады. Бәсекелестік кәсіпорындарды ғылыми-
техникалық жетістіктерімен толығуына,инновациялық техника және технология,
өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін қолдануға итермелейді.
Адам Смит теориясында көрінбейтін қол термині бар.Оның мазмұны өз табысын
көбейтуді көздейтін және шиеленіскен бәсекелестік ортада қызмет ететін
өндіруші кәсіпорындар және ресурстармен жабдықтаушыларды көрінбейтін
қолмен бағыттап, сонымен қатар мемлекет және қоғамның мүдделерін де қатар
қорғап отырады.Бәсекелестік ортада кәсіпорындар берілген өнім көлемін
өндіру үшін ресурстардың ең тиімдісін пайдалануға тырысады.Кәсіпорындардың
табысын арттыруға, өнім көлемін көбейтуге ықпалын тигізеді.

2.3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру. Маркетинг (market
ағылшын сөзі – нарық) – деп нарық пен экономикалық коньюктураны,
өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере
отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын
басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтамыз.
Ф.Котлердің анықтамасы бойынша: Маркетинг дегеніміз қажеттілік пен
тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам
қызметінің түрін айтады.
өндірістік кәсіпорынның маркетиегтік қызметінің негізгі мақсаты болып
өнімге сұранысты қалыптастыру және оны ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс
жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің
нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты
молайту болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына
өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына нарықты кешенді
зерттеу ( талдау, болжау, коньюктура), кәсіпорынның өндірістік-өнім өткізу
мүмкіндіктерін талдау, маркетинг стратегиясы мен бағдарламасын жасау, тауар
саясатын жүргізу, баға саясатын қалыптастыру және жүргізу, коммуникациялық
саясатты жүргізу, сұранысты қалыптастыру, өнімді өткізуді ынталандыру
жатады.
Кәсіпорынның әлеуеттік мүмкіндіктеріне баға беру кешенді маркетингтік
зерттеу жүргізудің екі құрамдас бөлігінің бірі болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына
кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін, оның күшті және әлсіз жақтарын
анықтау және кәсіпорын жұмысын жетілдіру жатады.
Кешенді маркетингтік зерттеу кәсіпорынның даму бағдарламасын және
стратегиясы туралы шешім қабылдау үшін негізделген база болып саналады.
Нарықты болжау, нарықтағы кәсіпорынның өз жұмысын жоспарлау, стратегиясын
жасау, нарықтық сұранысты қалыптастыру - кәсіпорынның ішкі жұмыстарын
басқарудың маркетингтік тұжырымдамасының негізгі қағидалары болып саналады.
Маркетингтік бағдарлама және стратегиялық жоспар жасау кәсіпорынды дамыту
жолдарын анықтайды және ол келесі тәртіп бойынша орындалады:
- кәсіпорынның сан және сапа көрсеткіштері анықталады
- нарықтық шарттарды болжау және талдау жолымен қол жеткізуге болатын
көрсеткіштер бағаланады.
Маркетингтік зерттеу, талдау, бағдарлама дайындау жұмыстарымен кәсіпорында
маркетинг бөлімі айналысады. Оның жұмысының нәтижесі кәсіпорынның болашағын
ғана анықтап қоймай,нарықтағы тұрақты жұмыс істеуін де айқындайды.

3.Кәсіпорын капиталының айналымы және қайтармалы айналымы.
3.1. Кәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді
өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша
қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және
айнымалы.
Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы
қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге
тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады.
Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын
дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары.
Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды
формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз.
Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші
формаға ауысуын көрсетеді.
1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.
2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.
3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.
Қоғамда өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы мына түрге ие болады: ҚЖ...Ө...Т
– А – ҚЖ.
Қор айналымы дегеніміз- ауыспалы айналымның бір акт ретінде емес, мезгіл
мезгіл қайталанатын процес ретінде орын алуы.
3.2. Өндірістік капитал екі бөліктен тұрады, олардың құндары ауыспалы
айналымның барлық циклінен өтеді және кәсіпкерге әртүрлі уақыт аралығында
ақшалай формада қайтып оралады. Капиталдың бұл екі бөлігі: а) негізгі
капитал; б) айнымалы капитал.
Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың
бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың
ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал
өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.
Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде
қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол
ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары
және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде
жалақыны жатқызуға болады.
Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа
кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен
ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын
жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар
өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай
қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай
қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с.
айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай
қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.

3.3. Инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатында ұлттық және шетел
экономикасының әртүрлі салаларына жеке немесе мемлекеттік капиталды
ұзақмерзімдік формада салуды өткізу, шығындардың жиынтығы. Сондықтанда
инвестициялар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ұзақмерзімді инвестициялар
жаңа құрылысқа, сонымен қатар өндірістік емес объектілер мен кәсіпорындар
құру, ұлғайту және техникалық қайта жабдықтау формасындағы капиталдық
құрылыспен іске асады.
Инвестициялар 2-ге бөлінеді:
- қаржылық;
- нақты.
Қаржылық инвестициялар дегеніміз – қаржылық инструменттерге, яғни
акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға және банктік
депозиттерге салу.
Нақты инвестициялар дегеніміз – қандай да бір өнімді өндіруге капитал салу.
Қаржылық емес инвестициялар дегеніміз – кәсіпорынға, бизнеске, жобаға
мүлік, ноу-хау, лицензия, құқық формасындағы салынатын ақшалай емес
инвестициялар.
Инвестицияға 2 түрлі анықтама беруге болады:
1-ден, қаржылық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – табыс табу
мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің (құралдардың) барлық
түрлері.
2-ден, экономикалық анықтамасы бойынша инвестиция дегеніміз – негізгі
капиталды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру, ұлғайту және өндіруге
жұмсалатын шығындар, соныменен қатар бұған байланыссыз айнымалы капиталды
өзгерту.
Қаржылық мағынадағы инвестицияны талдаудың келесідей бағыттарын қарастыруға
болады:
Инфляциядан тазартылған инвестиция динамикасын талдау. Ол фирмалардың
инвестициялық белсенділігін көрсетеді.
Инвестициялық құрылымын талдау. Оның объектілеріне жататындар:
инвестицияның өндірістік құрылымы;
инвестиция жағрафиясы;
инвестицияның ұлғаймалы құрылымы, яғни салымдардың арасындағы қатынасы: а)
жаңадан салу; б) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды ұлғайту; в) техникалық
қайта құру;
капитал салымының технологиялық құрылымы, яғни жабдықтарды, машиналарды,
инструменттерді сатып алу мен құрылыстық-монтаждық жұмыстарға кеткен
шығындардың арасындағы қатынас;
инвестициялардың концентрациялау аяқталмаған құрылыстың құны инвестицияның
жылдық көлеміне қарағанда аз болса, соғұрлым жақсы болады.
Инвестицияны талдаудың басқа бағыттары, соның ішінде оның табыстылығын
талдау.
Халықаралық инвестицияларда 2-ге бөлінеді:
А) тікелей инвестициялар;
Ә) қоржынды инвестициялар.
Тікелей инвестициялар дегеніміз – инвестордың салған объектіге басқарушылық
бақылау жасауға мүмкіндігі бар кәсіпкерлік инвестиция.
Қоржынды инвестициялар дегеніміз – инвестордың капитал салған объектіні
басқаруға мүмкіндігі жоқ қарыздық инвестиция.
Қазіргі таңда әртүрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының
тез өсуі тенденциясы айқындала түсті.
Капиталды шетке шығаруда капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып,
отарланған, тәуелді елдерге шығарылды.
Ал қазіргі кезде капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында
жүреді, яғни тікелей шетелдік инвестициялардың 70-75 пайызы өнеркәсібі
дамыған елдердің үлесінде болып тұр.
Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің негізгі себебі –
дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғарғы білімді мамандармен
қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын.
Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы 1 негізгі ерекшілігі- дамушы
елдерден, атап айтқанда, мұнай өндіретін ОПЕК-ке кіретін елдерде капитал
экспортының пайда болуы.
Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының
өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы зор. Себебі, бұл
техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол береді. Шетел капиталы
республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде,
сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді.
Қазақстан экономикасына тура инвестиция салатын донор елдер: Жапония,
Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Түркия және Италия.

4.Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайы.
Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған
материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және
халықаралық кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың
интернационализациялану процесін күшейтудің объективті қажеттілігін
қамтамасыз етеді.

Батыс экономистері “экономиканың интернационализациялануы” түсінігін
бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің
жағрафиялық орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық деңгейдің әсер етуі,
капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың
алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала
отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты
таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін
интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт
факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер,
климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория
көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.
Интернационализациялану феноменін, біріншіден, ТҰҚ сияқты ірі шаруашылық
бірлестіктердің қызмет ету қажеттіліктерімен байланыстырады. Бірақ,
экономиканың интернационализациялануы ТҰҚ қызметімен ғана емес, сонымен
қатар оның басқа да формалары бар.

-Біріншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өндірістік қатынастардың дамуына
жағдай жасайтын халықаралық экономикалық бірлестіктер мен одақтар;

-Екіншіден, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюцияларымен расталып, құрылуына құқық
берілген ТҰҚ қарама-қарсы мақсатта ұйымдасқан өндіруші-ел ассоциациялары;

-Үшіншіден, еркін экономикалық аймақтар;

-Төртіншіден, мемлекетаралық немесе трансұлттық қаржылық өндірістік топтар;

-Бесіншіден, біріккен банктер түріндегі біріккен қаржылық институттар;

-Алтыншыдан, бір уақытта капиталдар қозғалысының формасы болып табылатын
шетел инвестициялары;

-Жетіншіден, қазіргі кезде экономика интернационализациялауының формасы
ретінде негізгі мәнге ие болатын біріккен кәсіпкерлік.

Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық айырбастың жаңа
жолдардың бірі ретінде біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік
экономикадағы болып жатқан өзгерістерді көрсетеді: мемлекет саясатындағы,
өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс
факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі
кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік
феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-
қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен кәсіпорындар құрудан бастап,
аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды
интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.

Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті зерттеу экономика интернационализацияланудың
басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар
артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Оқу практиканың бағдарламасы
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Нарықтық, экономикадағы кәсіпорын және оның жұмысын жоспарлау
Кәсіпорын экономикасы жайында
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Пәндер