Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.

Ал балабақша бағдарламасының анықтайтыны - балалардың математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін терең және саналы меңгеруін қамтамасыз етуі; қарапайым математикалық түсініктерді меңгеруге үйретуі; балалардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; балалардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда балаларды ойлауға үйрету маңызды мәселе[1] .

Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай математиканы оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:

  1. Ақиқатты танудың математикалық әдістері туралы балаларғамағлұмат беру.
  2. Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу.
  3. Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуінеқабілеттілігін қалыптастыру.
  4. Балабақшадағы қарапайым математикалық түсініктердің негізгі мазмұны бойынша математикалық білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін балаларға жеткізе білу.

5. Өмірде күнделікті кездесетін мәселелерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті математикалық біліктілік пен дағдыларды балаларда қалыптастыру

Балалардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктерін салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруга болатындай мүмкіндіктер өте көп.

Логика (гр. logiko - «талдауға құрылған» «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды[2] .

Психолог - ғалымдар: Н. Н. Поспелов, Ю. А. Петров, А. Н. Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А. В. Запорожец, Л. Н. Венгер, И. С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

«Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.

Жұмыстың мақсаты - математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы балалардың ақыл-ойын қалыптастыру жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға әдістемелік тұрғыдан шолу жасау.
  2. Математика сабағында балаларды логикалық есептерді шығаруарқылы балалардың ойлауын дамыту мүмкіндіктерін анықтау;
  3. Математика сабағында логикалық есептерді шығаруарқылы балалардың ойлауын дамытудың әдістемесін және оныңтиімділігін тексеру;

Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні - Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық есептерді пайдалану жолдары

Зерттеу жұмысының болжамы - математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы балалардың ойлауы дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген ынтасы оянып, қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда логикалық есептерді қолдану ерекшеліктері

Балабақша өскелең ұрпақты жан-жақты дамытудың бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бет бұрыстарына байланысты болады. Осыған байланысты олардың психологиясы да өзгеріске ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері койылды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру балабақша пен тәрбиешілерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мен шоғырлану заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады.

Психолог В. В. Давыдов қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары балалар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан бұлардың оқуға мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді[3] .

Мектеп жасына дейінгі балалар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы: бұлар берліген тапсырманы жаттап алғысы келеді.

Бұл жас ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең; алғырлығы, шапшаңдығы, сезімталдығы басым кезең. Ештеңені жасырып, іркіп калмайды, ішіне сақтап тұра алмайды, нені болса да ашық, еркін айтады, мақтауды сүйгіш.

Дегенмен қайшылығы мол: бала бойындағы қасиеттердің шығармашылық үшін тиімді-тиімсіз жақтары үнемі қатар келіп, бірін-бірі жоққа шығарып отырады. Мысалы:

  • Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан логикалық жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек және олардың қиялы нақты заттарды көріп, қолға ұстап, ойынға қосу арқылы дамитынын ескерту;
  • Мектеп жасына дейінгі балалар бастаған ісін аяғына дейін жеткізугешыдамсыз. Сондықтан тәрбиеші міндеті, үзік-созық фантазияэлементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтаслогикалық тапсырмалар әкелуге жетектеу.

Егер бұл жастағылардың негізгі әрекеті ойын болып келсе, болашақта оқуға келгеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды . Өзгерістерге ұшырауының себебі, ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, тапсырмалар жеңіл келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы бала үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау киын келсе, тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі - қиынырақ келуі әлде қайда ұтымды[4] .

Себебі азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына. акыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады. Осы қиыншылықтардың кездесетінін балабақшаға келген кезінен бастап еске алу қажет.

Математикада сандар ұғымының маңызы зор. Ол балаларға естияр шақ топтарынан бастап беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай. Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Балалар бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер жасап көрген соң, балалар тәрбиешінің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Сонан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар ұғымының мазмұнын түсінеді. Сондай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі кандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі.

Логикалық тапсырмалар орындау барысында жіберілетің қателіктер:

  1. Логикалық тапсырмалардың тым жеңіл немесе күрделі болуы. Логикалық тапсырмаларды оқушының біліміне, жас ерекшелігіне сай, бірте-бірте күрделендіріп беріп тұрса олардың қызығушылығы да арта береді. Тым жеңіл болса даму міндеті орындалмайды. Тым күрделі болса оқушының қызығушылығы жоғалады. Қызығушылығы бар бала белсенді болады.
  2. Логикалық есепті мұғалім білетін бір ғана жолмен шығару. Есептің бірнеше шығару жолы болу мүмкін. Балаға берердің алдында осы жағдайларды қарастыру керек. Ол сол шығаратын баланың даму ерекшелігіне байланысты екенін ұмытпауымыз керек.
  3. Логикалық есеп шығаруға берілген уақыттың шектелуі. Әрбір есепті шығарған кезде уақытпен санаспай оған барлық мүмкіндік пен күшін салу[4] .

Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру балаларды әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау іс-әрекетінің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және тәрбиеші тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді. Сондықтан оқытудың алғашқы айларында балалардан қайсыбір мәліметтерді олардың қажеттілігі мен қолданылу жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбей тұрып жай жай есте ұстауды талап ету ерекше қауіпті. Әрине, мектеп жасына дейінгі балалар көп нәрсені берік есте сақтай да алады.

Сонымен, бала балабақша өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, тәрбиешімен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуының негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті кұру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау балабақша жасындағы балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына карай туып, дамиды[5] .

Егер балалар бәрі бірдей тәрбиешіні тыңдаса және оның айтқандарын істесе ғана топта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір бала осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді.

Қандай да бір логикалық тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын жоспарлайды. Бала өз іс-әрекеттерінің «қадамдарын» неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол логикалық ойындардың нақты шешімін соғұрлым ойдағыдай бақылайтын болды.

Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі - балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін тәрбиеші көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-әрекет жасау мектеп жасына дейінгі балалардың өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан қарап, багалау іскерлігін қалыптастыруды кездейді. Бұл іскерлік рефлекция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз пайымдаулары мен қылықтарын олардың түпкі ойлауы және іс-әрекет шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.

Еркіндік іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия - мектеп жасына дейінгі баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында мектеп жасына дейінгі баланың психикасы мектептете одан әрі оқыту үшін ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда мектеп кезеңіне қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық процестер мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы қасиеттері мен қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту мүмкіндіктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту олардың ақыл-ойының бірқалыпты дамуына тікелей байланысты. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.

Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал[6] .

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Бала сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі. Бала өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.

Ойлау баланың сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Сондықтан балабақшада қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне көрнекіліктер ретінде қоршаған ортадағы барлық заттар қарастырылады.

Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Балалардың ой процесінің небір көріністерін ойлауын затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтар, логикалық, дидактикалық ойындар арқылы байқауға болады[7] .

Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау заңдылықтарып қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.

Ойлау формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мысалы, тәрбиеші, бала, балабақша т. б. әр текті ұғымдар) . Ұғымдар арқылы адам танымының ұзак процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, кайта мәңгі козғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады.

Бала балабақшаға келгесін математикалық ұғымдарды меңгере бастайды, оның қоршаған ортадағы құбылыстарды түсунуі математикалық ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу кажет. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде балабақшадағы барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда балалардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мысалы, математика сабағында «үлкен», «кіші» сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне карай ажыраткызса, бала ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым - жалпылай алудың нәтижесі. Мектеп жасына дейінгі балалар құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне байланысты. Мысалы, балаларға «күн», «өсімдік», «жануар» ұғымдарын сіңдіргенде, «күн дөңгелек» немесе «сары», «өсімдік жасыл», «сиырдың 4 аяғы бар», «сиыр сүт береді», «кұс ұшады, ұшпайды» т. б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады[9] .

Ұғымда заттардың өзіндік касиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық, кеңістік пен уақыт, функционалдық) бейнеленіп отырады. Мысалы, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын балалар қиналмай ұғады. Бірінші, екінші сәбилер топ балаларына заттың кеңістікке қалайша орналасатындығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл балалар кеңістіктің негізгі өлшемі-ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мысалы, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі бір қыры бар екенін аңгарады. Естияр, ересек топ балаларының кеңістік жөніндегі ұғымдары ұзындау, қысқалау, тым қысқа сияқты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір - бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Туристік кәсіпорындардың сыныптандырылуы
Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
Туристік қызметті ұйымдастыру
Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Рекреациялық және іскерлік туризм
Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуы
Халықаралық туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz