Қадар Мырзалиев шығармаларындағы экология мәселесі



Кіріспе
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ...»
Негізгі бөлім
І. 1 Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы қоршаған орта, табиғат әсемдігі...
І. 2. «Табиғатқа жасалған қиянаттар» . өлеңіндегі экология мәселесі
І. 3. Табиғатты қорғау, аялау. («Қызыл кітап» өлеңі негізінде).
Қорытынды
Табиғатты қорғау, табиғи тепе.теңдікті сақтауда ақын шығармаларының алар орны
Білгір де білімді дана бабаларымыз табиғатты сақтап, оның тазалығы мен экологиясына екреше ден қойған. Қыранның қанаты талған, тұлпардың тұяғы тозатындай ұлан байтақ жерімізді бізге аталарымыз тоздырмай, ауасын ластамай, суын лайламай тұнық қалпында жеткізіп берді. Ақындарымық табиғат-ананы өз өлеңінің басты тақырыбы етсе, жазушы кейіпкер мінезін, іс-әрекетін сезімін оқырманына жеткізу үшін табиғатты әр қырынан алып суреттейді. Суретті пейзаж арқылы, адамның мәдени –рухани толысуына өзіндік әсер етеді.
Жасыл даланың әсемдігін сақтау, сүю, ұлан-байтақ даламыздың сұлулығын бағалай білу болашак ұрпағымызға аманат. Ата-баба мұраларына жүгінсек табиғат әсемдігін санайтын оның сұлулығын бағалай білетін халқымыз, табиғаттың қалпын сақтау үшін тыйым сөздерді көп пайдаланған. Солардың бірі: «Көкті жұлма», «Киелі құс аққуды атпа», «Жерге түкірме», «Жерді шұқыма, керегі болмаса жерді қазба», «қоршаған ортадағы жан-жануарлар, жәндіктерді қорға» деп тиым сала отырып, болашак ұрпағын адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеген. Бұл тыйым сөздердің мән-мағынасына үңілсек олар салиқалы ой пікірді қамтиды. Ерте кезден берi халқымыз табиғат пен адамды біртұтас екендiгiн ұққан. Яғни Адам табиғаттың бiр блiгi екенiн ерте бiлген. Міне сол себепті табиғаттан керегін ғана алып, қалғанына зиянын тигізбеген.
Казiргi кездегi адамзаттың, қоғамның –өзектi мәселелерiнiн бiрi -экология, онын iшiнде экологиялык тәрбие. Экологиялық тәрбие баба өсиетінен бастау алады. Ата салтын қастерлеу, ұрпақ бойына сіңіру мақсатында ақындарымыз өз шығармаларында табиғатты қорғау мәселелерін көптеп қозғайды.
Ей адамдар, Жер – сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,
Жер жаһанды аялап алақанда.
Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,
Дүниеге Жер-ана қара шаңырақ, [1]
- деп ақын Ә.Нілібаев жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі құтты қонысы мен мекені – табиғат екендiгiне көзiмiз анык жетедi.Табиғатты өз шығармасына арқау етпеген ақын да суретші де жоқ шығар.
“Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ”- [2] деп М.Мақатаев та табиғатты адам баласынан жоғары қойып суреттеген, жырлаған. Яғни адам -табиғаттың бөлшегі. Біз табиғатты өзгерте, өзгеріске түсіре алмаймыз.Табимғаттағы тепе- тендікті сақтау да адамның міндеті.
Күллі тіршіліктің қоныс мекені, құт – берекесі- табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол- адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы. Киер киімімізбен, ішер тамағымызбен бізді қамтамасыз етіп отырған ол- жер-ана.
1. Ә. Нілбаев. «Шығармалар» Алматы. 1993. (45) 2.
2. Ә. Тәжібаев «Шығармалары» Алматы «Жазушы» 1981 ж
3. «Биология» журналы №4 2003 жыл (9)
4. М. Мақатаев. «Аманат» Алматы. 2000. (96)
5. Қ. Мырзалиев «Алақан» Жазушы Алматы -1977 жыл.(71, 75, 152, 68, 77, 89, 90)
6. Қ. Мәшһүр-Жүсіпов. «Өлең сөздің патшасы» Алматы. 1992. (50-140)
7. Қ. Мырзалиев «Шырғалаң» Жазушы Алматы -2004 жыл.(13, 19, 35, 91, 217, 218)
8. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Бас редакциясы. – Алматы: 2007 жыл. 258б.
9. Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» Жазушы Алматы -1981 жыл.(5,6)
10. З. Қабдолов. «Сөз өнері» Алматы . Жазушы. 1981. (70-140)
11. З. Ахметов. Т. Шаңбай «Әдебиеттану» Семей-Новосибирск 2006. (53)
12. www.wikipedia.org.
13. Ш. Құдайбердіұлы. «Шығармалар» Алматы. «Жазушы» 1988 (87)

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қадар Мырзалиев шығармаларындағы экология мәселесі

Аннотация

Тақырып. Қадар Мырзалиев шығармаларындағы экология мәселесі
Зерттеу мақсаты. Қадыр Мырза-Әлінің экология жайлы еңбегімен жақын танысу.
Оның еңбектерінің ерекшелігі және құнды экология және табиғат жайлы
пікірлерін көпшілік арасына уағыздау. Қасиетті де киелі табиғат –анамызды
аялау. Табиғат ерекшелігін тану, табиғаттың үйлесімді дамуына мүмкіндік
жасау.
Зерттеу әдістері. Теориялық білімді игере отырып Қадыр Мырза-Әлі
шығармаларындағы экологиялық мәселеге басты назар аударту. Экологияны,
биологияны, жалпы жаратылысты зерттеуші ғалымдардың еңбегімен, қызыл
кітапқа енген өсімдік-жануарлармен жақыннан танысу.
Жобаның өзектілігі. Азаматтың мекені, өмір сүрген ортасы, тіршіліктің
негізі табиғатты аялау- бүкіл адамзаттың борышы. Қазіргі заманда барша
қауымды алаңдатып отырған эколгоия мәселесі. Ақындар мен жазушылардың
шығармасындағы экология мәселесі көпке сирек ұсынылып келе жатқан тақырып.
Оның жастарға. қоғамның әр мұшесіне берері мол. Жеріміздің қазба байлығы,
ұлан байтақ територияның сұлулығы мен көркемдігін сақтау ұрпақтың ұлттық
мақтанышын туғызады.
Нәтиже мен тұжырымдар. Қадыр Мырза-Әлі шығармасындағы экология мәселесі
және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы шығармасы тіршіліктің тепе-
теңдігін сақтау үшін өз оқырмандарына ой салады. Себебі туған жері мен
өскен ортасын сүйіп бағаламайтын, қадірлемейтін адам кемде-кем. Адамзат
зердесіне экологиялық тазалық туралы әсер етудің бірден-бір жолы осы.
Жобаның тәжірибелік маңызы. Адамның рухани өсуі үшін қажетті жағдайларды
қазақтың дара туған бірегей ұлы Қадыр Мырза-Әлі сөзінен алуға болады.
Ендеше елдің ертеңін ойлаған адам өзі тіршілік етер ортасын сақтап,
бағалауы тиіс. Бұл өсер елдің белгісі деп білемін.

жоспар

Кіріспе
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ...
Негізгі бөлім
І. 1 Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы қоршаған орта, табиғат әсемдігі...
І. 2. Табиғатқа жасалған қиянаттар - өлеңіндегі экология мәселесі
І. 3. Табиғатты қорғау, аялау. (Қызыл кітап өлеңі негізінде).
Қорытынды
Табиғатты қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтауда ақын шығармаларының алар
орны

Кіріспе
Білгір де білімді дана бабаларымыз табиғатты сақтап, оның тазалығы
мен экологиясына екреше ден қойған. Қыранның қанаты талған, тұлпардың тұяғы
тозатындай ұлан байтақ жерімізді бізге аталарымыз тоздырмай, ауасын
ластамай, суын лайламай тұнық қалпында жеткізіп берді. Ақындарымық табиғат-
ананы өз өлеңінің басты тақырыбы етсе, жазушы кейіпкер мінезін, іс-әрекетін
сезімін оқырманына жеткізу үшін табиғатты әр қырынан алып суреттейді.
Суретті пейзаж арқылы, адамның мәдени –рухани толысуына өзіндік әсер етеді.
Жасыл даланың әсемдігін сақтау, сүю, ұлан-байтақ даламыздың
сұлулығын бағалай білу болашак ұрпағымызға аманат. Ата-баба мұраларына
жүгінсек табиғат әсемдігін санайтын оның сұлулығын бағалай білетін
халқымыз, табиғаттың қалпын сақтау үшін тыйым сөздерді көп пайдаланған.
Солардың бірі: Көкті жұлма, Киелі құс аққуды атпа, Жерге түкірме,
Жерді шұқыма, керегі болмаса жерді қазба, қоршаған ортадағы жан-
жануарлар, жәндіктерді қорға деп тиым сала отырып, болашак ұрпағын адалдық
пен адамгершілікке тәрбиелеген. Бұл тыйым сөздердің мән-мағынасына үңілсек
олар салиқалы ой пікірді қамтиды. Ерте кезден берi халқымыз табиғат пен
адамды біртұтас екендiгiн ұққан. Яғни Адам табиғаттың бiр блiгi екенiн ерте
бiлген. Міне сол себепті табиғаттан керегін ғана алып, қалғанына зиянын
тигізбеген.
Казiргi кездегi адамзаттың, қоғамның –өзектi мәселелерiнiн бiрi
-экология, онын iшiнде экологиялык тәрбие. Экологиялық тәрбие баба
өсиетінен бастау алады. Ата салтын қастерлеу, ұрпақ бойына сіңіру
мақсатында ақындарымыз өз шығармаларында табиғатты қорғау мәселелерін
көптеп қозғайды.
Ей адамдар, Жер – сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,
Жер жаһанды аялап алақанда.
Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,
Дүниеге Жер-ана қара шаңырақ, [1]
- деп ақын Ә.Нілібаев жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы
бесігі құтты қонысы мен мекені – табиғат екендiгiне көзiмiз анык
жетедi.Табиғатты өз шығармасына арқау етпеген ақын да суретші де жоқ
шығар.
“Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ”- [2]
деп М.Мақатаев та табиғатты адам баласынан жоғары қойып суреттеген,
жырлаған. Яғни адам -табиғаттың бөлшегі. Біз табиғатты өзгерте, өзгеріске
түсіре алмаймыз.Табимғаттағы тепе- тендікті сақтау да адамның міндеті.
Күллі тіршіліктің қоныс мекені, құт – берекесі- табиғат адамзат
баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол- адамның өзін дүниеге келтірген
аяулы анасы. Киер киімімізбен, ішер тамағымызбен бізді қамтамасыз етіп
отырған ол- жер-ана.
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі, баска да адамзат сияқты табиғатпен
тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы адамзат баласы табиғат аясында
тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді, өздерін
табиғаттың бөлінбес бөлшегі іспеттес көрді. Табиғатты тани отырып, адамның
ойы, білімі, рухы толысты.
Қазақ халқы ежелгі ерте замандардан берi өз шаруашылығын табиғатпен
үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа жылы жүрек сезімі мен қамқорлықтың
қажет екенін ерте сезді. Сондықтан да күзде –күзем, қыста-қыстаққа
көшіуінің өзі жер ананың тозбауына жағдай жасау еді.
Халық ұғымында туған жерге, өскен елге, ата-мекенге деген
сүйіспеншілікпен бірге, табиғатқа деген сүйіспеншілік арта түсті.
Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғат сұлулығын, маңызын
сезіне білуден қалыптасқан.
Ұрпақтың туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру үшін
табиғат жайында жазылған ақындардың шығармаларын қарастырған жөн. Ежелгі
дәуір әдебиетінен бастау алған табиғат жайлы жырлар, ауыз әдебиетінде
өзекті тақырып болып гүлдене түссе, ХХ-ХХІ ғасырда ол тақырып күллі
адамзат баласының өзекті тақырыбына айналды.
Біздің өмір сүріп отырған дүниеміздегі бар тіршілік бір-бірімен тығыз
байланысты, бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі дамытып отырады. Тіршілік
атаулының барлығы тұрақты түрде тербелісте болады. Шындығында да табиғат
тербелісін, дамуын, өзгерісін, түрленуін барлық жағдайларда байқап сезуге
болады. Жарық, дыбыс, күн мен түннің ауысуы, жыл мезгіліндегі маусымдық
өзгерістер, теңіз толқындары, мұхиттардың тасуы мен қайтуы белгілі
зандылыкта жүретін табиғи үрдістер, оның ішінде белгілі уакытка сай
құрлықтың теңізге немесе кері қарай ауысуы, күн сәулесінің белсенділігі
осылардың барлығы тербелісті қозғалыстың әрқилы формалары. Табиғаттағы
күн бізге нұрын шашып, жылуын берсе, су бізге тіршілік негізін сыйлайды.
Күн мен айдың алмасып келуі бізге уақыт өлшемі болып, қуаныш пен
шаттық сыйламақ. Міне осының барлығын ақын Қадыр Мырза әлі де
шығармаларына арқау еткен.
Яғни, бұдан аңғаратын бiр жайт, бүкіл табиғаттың, табиғат және
адамның бiртұтастығы. Олардың арасындағы тығыз, терең байланысы.
Демек, олардың жаратылысы, болмысы бiр-бiрiмен сабақтаса байланысқан.
Бұл ырғақтық байланыс табиғатта тек адам баласына ғана тән емес, кез
келген тірі ағзаларға тән қасиет.
Халқымыздың рухани бірлігі – елдіктің де, тәуелсіздіктің де бірден-
бір берік тірегі. Рухани толысқан Адам табиғатты бүлдірмеуге, оны аялауға
тырысады.
Бұл рухани касиеттi бiз, бiгiнгi ұлылардың шығармаларын сабақтастыра
карастырамыз. Әулиелер сұлтаны атанған Әзіреті Иасауи – күллі тіршілік
мәдениетінің темір қазығы және осы қара шаңырақтың мұрагері – қазақ
дүниетанымының диірмен діңгегі. Осы ілім күні кешеге дейін рухани
сабақтастықтың дәстүрмен үзілмей келіп, Шәкәрімнің “Ар ілімі” шығармасына
ұласқан. Екі ақын да табиғат пен адамның тұтастығын шығармаларына арқау
еткен.
Ұлы Алланың өз құдіретін көрсететін белгілерін жаратылыстың бір
түрден екінші түрге өзгеріп тұрған құбылыстарынан әр жерде, қарапайым
түрде, оңай көре аламыз
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай Ие?
Білімсіз, мақсатсыздан шыққан болса,
Білім, мақсат, ой шықты мұнан неге?
Керексіз жаралған бір тозан жоқ,
Тәртіпті таң қаларлық зор мәшине.
Алыстан іздемей-ақ, ойлансаңыз,
Көру үшін жаралған көзіңіз де-[9]
деген өлең жолдарында Шәкәрім табиғат жаратылысында адам санасымен түсіне
алмайтын да күрделі құбылыстардың болатынын оны түсінуге білімнің
керектігін айырықша айтады. Дүниедегi ешбiр зат босқа жаратылмағандығын, әр
зат, кұбылыстың өз парқы барлығын түсiндiредi. Яғни табиғаттағы әр нәрсенiң
өз орны барлығын, табиғат тепе-теңдiгiн, бiртұтастығын тамаша жазған.
Табиғаттың ғаламның мінсіз әдемілігіне таң қалып қарамайтын, оның
құпия сырларына үңілмейтін пенде кемде- кем.

І. 1 Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы қоршаған орта, табиғат әсемдігі.
Ал осы экологиялық тақырыптарда әр түрлі табиғат жайлы шығармаларды жаза
отырып көптеген елеулі де маңызды мәселелерді қамти алатын жазушылардың
бірі, тәуелсіз Тарлан сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әли өз шығармаларының
басым көпшілігін табиғат сұлулығына, қоршаған ортаның тазалығына арнады.
ОныңКөктем 1959 жылғы, Дала дидары 1966 жылғы, Бұлбұл бағы 1967
жылғы, Кеш 1973 жылығы, Қызыл кітап 1981 жылғы, Жерұйық 1976 жылғы,
Шырғалаң 2004 жылғы, сондай-ақ 2001 жылы Қазығұрт баспасынан 15 томдық
шығармалар жинағы шығып, мұнда экологиялық тазалық, адам құндылығы ұшін
басты қажет нәрсе табиғат сұлулығын, әсемдігін сақтау мәселелері ерекше
орын алып, көптеген оқырмандардың назарын аудартты. Соның бір айғағы
Жерұйық атты жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды. Қадыр Мырзалиевтің Экология және табиғатты қорғау
тақырыптарындағы еңбегін Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім
министрлігі де қолдап, оның Шалкөде жайлауы, Қызыл кітап, Нұр, Түн
кірпігін ілмеді еңбектерін мектеп оқушыларына арналған оқулыққа да
енгізіп отыр.
Тау романтикасы өлеңі.
Тойлап жүрміз аспанда,
Төмен қалып тұр құздар.
Ақ сәлделі асқарға,
Алып шықты қырғыздар.
Ертелі- кеш қоймайды,
Мұз бенен Күн арбасып.
Төлдер мұнда ойнайды,
Тамызда да қар басып.
Жеткен болсаң қартайып,
Жасаратын күй ізде.
Жата кеттік жантайып,
Бұлттан басқан киізге.
Зәмзәмәңнің өзіне
Жуады қыз тұлымын.
Шопан
Күннің өзіне
Тұтатады шылымын.
Олар таудың басына
Отырады үй тігіп,
Көктен түскен жасынға,
Келеді бас үйтіліп-[9]
деп таудың яғни биік шыңның ерекшелігін айта отырып, оның адам ағзазына
тигізер пайдасын Жеткен болсаң қартайып, Жасаратын күй ізде деп,
табиғатпен мақтанатынын, марқаятынын баяндайды. Табиғаттың сұлулығын ұлттық
концепция Ақ сәлделі асқарға, Бұлттан басқан киізге, Жуады қыз
тұлымын, Келеді бас үйтіліп деген жолдар арқылы оқырманға әсерлі етіп
жеткізген. Қазақ қонақ келсе мал сойып, алдына бас тартып, сыбағасын
берген. Бұл өлеңдегі бас үйтіліп деген тіркесте бабаларымыздың
қонақжайлылығын да көрсеткен. Қонақжайлылық пен жомарттық біздің қанымызда
бар, сондықтан бұл тақырып бар ақын-жазушылардың басты тақырыптарының бірі
болып қала бермек. Ақын табиғаттың әсемдігін ұлттық ерекшелігімізден
алшақтатпай, жанымызға жақын, жүрегімізге жылы күйде суреттеген.
Тау өзені өлеңі
Асқар тауды аспан тау деп ұққанбыз,
Ақша бұлтты аяғына жыққан құз.
Ақ жалданып, ақ жемденіп ағады,
Алтын күннің дирменінен шыққан мұз.
Дүниені дүбірлетіп жанды ағын,
Оятады құдіретті қандағы.
Толағай күш шатқалдарға соққылап,
Тау суының қаққандай ақ шаңдағын.
Табиғатта болған талай айқастар,
Тұлпар өзен айқас іздеп ойқастар.
Теке толқын қарғысын деп тынымсыз.
Тоңқаяды дөңбек-дөңбек қойтастар.
Ақ көбігі ұқсап күміс теңгеге,
Арындаған арда суға төнген ек,
Құлап келе жатқандай боп көрінді,
Өзен емес,
Жүз мың болат дөңгелек.
Жүз мың болат сол дөңгелек тасты үгіп,
Жатады үні жер түбіне естіліп.
Бірақ жұртқа сес көрсеткен өзеннің
Өзін адам жіберіпті СЭС қылып.[5]
Бұл өлеңде табиғаттың бөлшегінің бірі судың адам өміріндегі маңызын
айта келіп, сол арқылы жарық көзінің құдіретін баяндайды. Табиғаттағы тау
да, бұлт та, өзен де бір –бірімен жарысып бәсекеде өмір сүретін секілді,
олар бір-біріне бағынбай, бағынышты болмай өз алдына жеке, өзін мойындатар
дара болғылары келетін секілді. Су дүбірлетіп ақса, тау ақша бұлтты
аяғына жыққан, қойтастардың өзі менен толқын мықты болса қарғып өтсін
деп жатқан сияқты, сонда әрқайсысы өз күшін басқаға көрсетіп, өзін басқаға
мойындатқысы келеді.
Ақ сөзінен тіркескен ақ жемденіп, ақ шаңдығын, ақ көбігі, ақ
жалданып тіркестері өлеңнің көркемдігіне өзіндік әсер беріп тұрса, Тұлпар
өзен, теке толқын, арда су сияқты метафоралар ұлттық ерекшелігімізді
танытып тұр. Арда суы арқылы оның күші мен екпінін, молдығын танысақ, теке
толқын арқылы оның асау, ағыны екпінді екенін, тұлпар арқылы оның барар
жерінің ұзақтығын аңғарғандаймыз.

Метафора Кейіптеу
жанды ағын, аяғына жыққан құз
Тұлпар өзен шатқалдарға соққылап,
Теке толқын Тоңқаяды
арда суға қарғысын

Қарақұм өлеңі
Түйіршіктер тыпыршып жас қаныңда
Шоқ басасың, жер баспай, басқаныңда.
Біз білетін көк емес,
Көкшіл емес-
Қызыл қоңыр бұл жердің аспаны да.
Күлгін тартып,
Мауыттай көк те оңады.
Шөлге жетіп тіршілік тоқталады.
Ауа жұтпай-
Ақ алау жалын жұтып,
Оттегі емес-
Өкпеңе от толады.
Лап-лап етіп Күнменен тектес алау,
Болады бір тигендей бетке сабау.
Жаңбыр қайда?!
Жаңбырың жерге жетпей
Кеуіп кетіп жатады көкте сонау!
Күніңді қой!
Күн түгіл түн жанады,
Дүниені басқандай мұң-жабағы...
Жаңбыр қайда?!
Жерік боп жынды желге,
Бұлттың өзі бұл жерде құм жауады!
Тас төбеңде тұрғандай күн байланып,
Тандыр пешке түсерің мұндайда анық.
Су болып келіп келерде тірлік мына,
Кетеріңде кете ме құмға айналып?![5]
Бұл өлеңде ақын құмдауыт жердің табиғи ерекшелігін суреттей отырып, күн
ыстықтығындағы адам мінезіндегі өзгерістерді нақты суреттейді. Күн ыстық
болған кездегі айналамыздың күлгін тартып, табиғи суреттердің өзінің анық
көрінбейтіндігін өлеңге қосқан. Оттегі емес, Өкпеңе от толады, Күн түгіл
түн жанады, Тас төбеңде тұрғандай күн байланып, Тандыр пешке түсерің
мұндайда анық деген өлең жолынан күннің аса ыстықтығын от, жану, күн
байлану, пеш сөздері арқылы берілген.

І. 2. Табиғатқа жасалған қиянаттар - өлеңіне назар аударып, талдасақ.
Көз көрді бәрін,
Көз көрді:
Алдымен Дала өзгерді.
Санасын сілкіп ақынның,
Сезімін шертті сазгердің...-

Аямас жанды жалдаптар,
Жүрекке түсті салмақтар.
Қазақтар түгіл,
Бүгінде
Көшуді қойды қаңбақтар.

Сананына заман билерде
Жаңа ырғақ бітер күйлерге.
Тоқал тамдардың бойы өсіп,
Айналды зәулім үйлерге!

Тарихым әсте шерменде,
Таныс көрініс көргенде.
Түйелерімнің үні өшті
Завотар боздап бергенде.
Қысқа еді тыңның ғұмыры,
Қайнады жердің зығыры.
Тракторлармен
Даламның
Құйқасын алды сыдырып.

Саумал көлдерім кетті іріп,
Сүңгі шыңдарды шөктіріп.
Жердегі сынақ
Көктегі
Жіберді бұлтты кептіріп!

Зымырап көкте құйғыды,
Шүйілер жерге шүйгіді.
Сынақтан соңғы жаңбырдан
Самай шашымыз жидіді.

Суы жоқ өңшең сай қалды,
Күн менен жалғыз Ай қалды.
Бастағы ми да ми емес, [5]
Миымыз қиға айналды! деген өлең жолдарынан табиғаттың әсемдігі ақынға
қанат бітіреді, сезіміне жалын беріп, шығармашылық жолда жарқырай көрінуіне
мүмкіндік береді. Даланың өзгеруі, табиғаттың жаңаруы өнер адамдарына жаңа
жыр, жаңа бағыт сілтейді. Табиғат қалай жаңарса, адам да түлеп,
саналымен жаны жаңарып, толысады.
Суы жоқ өңшең сай қалды,
Күн менен жалғыз Ай қалды.
Бастағы ми да ми емес,
Миымыз қиға айналды! –[5]
-деу арқылы табиғатқа адамзат баласының жасаған зұлым әрекеттерін
суреттеп, сынға алады.
Сыршыл ақын мұндай зұлым істерге, алысқа кетпей-ақ, осы біздің
еліміздегі соңғы елу-алпыс жыл бұрынғы түрлі ядролық қару сынақтарын мысал
ете алады. Осы өлең жолдары менің туған өлкемдегі Семей полигонына
арналғандай. Әрине оның зардабын аталарымыз, әкелеріміз және біз де
көріп отырмыз. Табиғатқа келтірген зиянды әрекеттерімізден тек адам
өміріне ғана емес, мал да өсімдік, жәндіктер де зардап шегуде.
Полигон зардабы жүрегімізді қанжылатып, көкірегімізді қарс
айырады.
Осындай зұлымдық пен қияметті көрген табиғат-Ана адамдарға қайтарым
ретінде адам баласының денсаулығы мен тұрмыс тіршілігіне зиянын келтіріп,
қиянат жасайды. Оны
Сынақтан соңғы жаңбырдан
Самай шашымыз жидіді.
Суы жоқ өңшең сай қалды,
Күн менен жалғыз Ай қалды- деген жолдардан аңғаруға болады. Адам
табиғатқа қаншалықты зиян келтірсе, табиғат та адамға соншалықты кәрін
төгеді. Бүгінгі таңдағы кемтар балалардың жанды ауыртар жайлары осының
айғағы. Біз полигонның зиянын кеш болса да түсініп, табиғи тепе-
теңдікті енді бұзбауға тырысудамыз.
Біздерге тән ырза болмау,
Қомсыну.
Өз-өзінен қысылу һәм қорсыну.
Суретші де,
Мүсінші де – табиғат,
Мумкін емес ісіне оның қол сұғу!
Қиындыққа шыда дер ем,
Төз дер ем.
Ой мен сезім
Бір-бірінен өзгерек.
Данышпанды ұғу үшін ақыл да,
Әдеміні көру үшін көз керек!
Адамдардың бірдей емес баршысы,
Бар оның да ақ қайыңы,
Аршасы.
Өңі сұлу ажарымен арбайды,
Жаны сұлу отырады нұр шашып![5]- деп кез-келген адам баласын
нұрландыратын, оны сұлулық әлеміне жетелейтін өнер иелері екенін ерекше
айтады. Біз табиғат әсемдігін суретші портретінен, жазушының шығармасынан,
ақынның өлеңінен, күйшінің күйінен, бишінің биінен, архитектордың сәулет
өнерінен танимыз. Оны ақын былай жырлайды.
Суретші де,
Мүсінші де – табиғат,
Мүмкін емес ісіне оның қол сұғу!-деп айта отырып ақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Имам Матуридидің иманды түсіндіруі
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Философия тарихындағы адам мәселесі
Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар
Көш атты өлеңінде
Пәндер