Мемлекеттің қаржы жоспары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
І тарау. Мемлекеттің қаржы саясатының жалпы сипаттамасы. 3
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы3
1. 2 Қаржы саясатының мамұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары және қағидалары7
1. 3 Қаржы саясатының негізгі формалары12
ІІ тарау Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы. 16
2. 1Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері. 16
2. 2 Экономикалық өсу процесіндегі фискалды салықтық өатынастардың аспектілері. 20
2. 3 Мемлекттің оңтайлы фискалдық жүйесі ұлттық экономиканы дамытудың негізгі ретінде. 22
2. 4Қазақстан Республикасында толық фискалды механизмді жетілдірудің жолдары және шет елдік тәжірибе. (АҚШ-пен салыстыру) 26
ІІІ. тарау. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттарындағы мемлекеттің рөлі28
3. 1 Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы28
3. 2 Салық жүйесінің мәні29
3. 3Ақша - несие жүйесі31
3. 4 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты34
Қортынды39
Пайдаланылған әдебиттер40
КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудын элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір маңсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған маңсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделеге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы жоспары - бұл қоғамның элеуметтік - экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты кондырмаға жатады, ал қаржы жоспарында білінетін және өндірістік өатынастардың, белгілі бір экономикалық форманияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы жоспарын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы жоспары экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы жоспары қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы жоспары өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы жоспары тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жізеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік жоспардың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери жоспарларды да ұмытуға болмайды.
І тарау. Мемлекеттің қаржы жоспарының жалпы сипаттамасы.
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық процестердегі қаржы саясатының мәні мен маңызы
Қоғамдық - экономикалық фармацияның базистік және қондырмалық жүйесіндегі қаржы
Өндірістік
қатынастар
Өндіргіш
күштер
Қ
О
Ғ
А
М
Д
Ы
Қ
-
Э
К
О
Н
О
М
И
К
А
Л
Ы
Қ
Ф
О
Р
М
А
Ц
И
Я
Осы бес бағыттың жинтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негігі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады.
Қазақстан Республикасында оның конситуциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перепективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде әс-қимыл жасауы тиіс.
Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Призидентке тапсырады.
Мезгілінің ұзақтылығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегия мен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдеоі ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастардың ұйымдастыруды қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттардың таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылар жағы және елдің, аумақтың саланың экономикасындағы ауыстқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен икемділігімен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалаодың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы беліленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар турады, өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, обьективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастары дамуының өзінің айырқшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дауына қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделу оның салыстырмалы дербестігінің обьективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының келіп. Экономикалық дамудың қиыншылықтарға ұрындыратынын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңе қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек қаржы саясаты баланстандырылан болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатыннын негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
- Дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
- Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізднлген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материяалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перепективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркенниетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқының төмендету және т. б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарағы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясатын нақтытарихи жағдайларға байланыстыра отырып жасау қажет. Олар қоғам дамуының әрбір кезеңінің өзгешелігін, ішкі, сол сияқты халықаралық жағдайдаң да ерекшеліктерін, мемлекеттің нақты экономикалы және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Қаржы ресурстарының көлеміне белгіленген және жұмсалған шығындардың тікелей тәуелділігі жай ғана қаржы саналығының айғағы болып табылады және шаруашылық жүргізіуді барлық денгейлеінде қолдап отырылуы тиіс. Бұл маңызды талапты сақтамау инфляциялық процестерге ұрындырады.
Кезең ерекшелігі есепке алу оның алдыңғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжірибесін, жаңа тенденциялар мен прогресивті құбылыстарды, дүниежүзілік тәжірибені мұқият зерделеуді де қажет етеді. Ағымдағы кезеңнін ерекшеліктерін, экономикалық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктерін есепке алу негізінде қаржы саясатын дер кезінде өзгертіп отыру алдыда тұрған мәселерді неғұрлым қымқа уақытта және ең аз шығындармен шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы Үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба матеметикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясаттарға жасаған кезде қаржы ресурстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
- Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс;
- Инвестициялаудың ауқымы;
- Негізгі қорларды капиталдарды жаңартудың қарқындары;
- Еңбек өнімділігінің өсуі;
- Халықтың тұрмыс деңгейі;
- Мемлекет бюджетінің тапшылығы.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура еледі.
Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:
- Инфляцияны тоқтату;
- Бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2-ге дейін төмендету;
- Мемлекет борышының ЖІӨ-нің 48-ге дейін жеткәзу.
Қаржы саясатына ақша-креит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі- Ұлттық банк кредиттерін беру эмиссия жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
- Тұрақты бағалар инфляция нөлге жуық. Алайда инфляция жылына шамамен 1. 8 тең болатын дамыған елдерде де болады;
- Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің аспайды;
- Мемлекет борышы аз соманы құрауы тиіс және тек ЖҰӨ-нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызда талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен өаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін
шараларды келесікенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға, белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат, эономикалық процестерді реттеумен байланысты, фискалдық саясат салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарды өніру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтыйды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақты көлемін, жұмыс пен қамтылуды жұмыстылықты өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсаты мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла - шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экаонмикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз дискредициялық емес фаскалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы- өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе кіріктірме тұраұтандырғыштың кіріктірме тұрақтылықтың іс-әрекетін қажет етеді. Сондай-ақ бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты ажыратаы.
1. 2 Қаржы саясатының мамұны мен міндеттері қаржы саясатының мақсаттары және қағидалары
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаржаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тін белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өнірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
- Экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономкалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаражының ғылыми негізделген тұжырымдамасын ізірлеу;
- Экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
- Белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арұылы экономикалық ұайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезкнде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- Елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
- Қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шарауашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
- Экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды болып табылады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мем қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы саясатының мақсаты-қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың типімділігін арттыруға, сндай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маныз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде - мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардыің толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүзгізгеде оның мына қағыйдаларын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
- Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірісітің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
- Қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- Қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
- Қаржы резервтерін жасау бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және алалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі;
Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағыйдалар мыналар жатады:
- Объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;
- Нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- Өткен жылдардың өзіндік тәжәрибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
- Қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрвлыуын қамтамасыз ету;
- Қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кәрәстер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
- Бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
- Салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың мыңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
- Негізгі қаржы ресурстарына мемлекет қармағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
- Қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы теориясында Кейнетің қағыйдалары үлкен рөл атқарады. Оның қаржы қағыйдалары келесі жағдайлардан тұрады.
- Реттеу - мемлекет экономиканы бар күшімен реттеу керек. Негізгі құралы бюджеттік саясатты ұстады.
- Мұндай - өндіріс ресурстарының ұсыныс тарапынан емес, сұраныс жағынан қарастыру керек.
- Қаржы саясатын экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек
- Мемлекеттік шығындардың өсуі жұмыссыздықтың жоюлуына әкеледі. Соның нәтижесінде мемелекеттік бюджеттін түсімдері де жоғарлайды.
1940-1970 жылдар аралығында барлық дамыған мемлекеттер кейнстік тұжырымын енгізді. Бірақ сол жылдарының. Сондықтан Кейнстің заңдары жоққа шығарылды. А. Смиттің, М. Фридманның тұжырымдары енгізілді.
Кейнстің мектебі 2 бағытта дамыды.
- Бағытты ұстаушылар. Жаңа классикалық теорияны қалыптастырды.
- Кейнст теориясындағы кемшіліктер және қайшылықтар консерваторлық теорияны қалады.
Консерваторлық теорияда салықтарға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп өкілдерінің пікірінше салық саясаты ұзақ мерзімді жоспарда экономикалық өсуді ынталандыруға бағыттауы тиіс. Сөйтіп Лаффердің салық қағыйдасы пайда болды.
Салықтар саласындағы фискалыдқ саясат олардын ықпал етунің екі бағытын қарастра: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы) . Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұранымы артады. Бұл ұлттық өнімнің қөлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.
Екінші, жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтары табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірітің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өнімнің өсуін, бағалардың төендеуін білдіреді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары-«ұсыным экономикасының» өкілдері А. Лаффэр және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігімен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
Лаффэрдің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30%-ынан артық болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жеке секторындағы инвестицияны да қысқартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz