Өндіріс қорларының тусыныгы мен құрылымы
Кіріспе
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік
2.2 Амортизацияның әдістері
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.
2. «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.
3.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.
4. Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж.
5. Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.
6. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
7. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
9. Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006
10. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
11. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.
12. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім Басқармасы
КМҚМ Радиотехника және байланыс колледжі
Курстық жұмыс
Пән: Кәсіпорынның экономикасы және кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Тақырыбы:Өндіріс қорларының тусыныгы мен құрылымы
Жоспар
Кіріспе
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік
2.2 Амортизацияның әдістері
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі
Қорытынды
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан – 2030. Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы.Жолдауында былай делінген: біздің еліміздің мұраты ұлттық
біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-
ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау
деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі
сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым
біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми-
техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды
тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған
әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық
салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық
стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді
кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы
ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі
құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң
бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы
жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі
құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар
негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен
бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және
кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар стандартына сәйкес негізгі
құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-
ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін
ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу
жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып
жүргізілген.
I Бөлім Негізгі құралдарды мойындау

Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін
негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек
құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың
прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен
анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы
қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы
экономикалық ұғымды негізгі құралды құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар
кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде
тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру
немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып
тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер
бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа
компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін
қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары
шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы
ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар
сәйкес жіктеледі:
• салалар бойынша;
• бағыты бойынша:
1) Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
2) Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
• пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:
1) Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2) Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-
құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып
саналады.
3) Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге
асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4) Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-
тұғырымен мүліктік объект болып табылады.
5) Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр
беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
6) Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе
автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7) Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-
жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет
егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
8) Бітпеген құрылыс.
• иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.
• пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.
• мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.
• салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма
белгіленеді.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2400
Негізгі құралдар шотында жүргізіледі.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып
бөлінеді:
Меншікті негізгі құралдар –сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте
ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып,
басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі
құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі.
Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады,
қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын
жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер
- одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса;
- егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса.
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан
кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық
формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға
арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы
–ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды
көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға
табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең
шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу)
анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды
немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).

Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет процесінде
бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және моральдық
мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер
ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі
даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа,
неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы
машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі
машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға
субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,
өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін,
пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі
мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы
өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің
өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін.
Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі
құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды
тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және
жаңғыртады. Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан,
фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің
ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі
құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын
жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген
амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған
негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет
мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын қосалқы
бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде
анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді.
Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің
тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде
танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының
негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың
құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны шығыстарға,
шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың сомасын
көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық
жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық
салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы
мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары
арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
2.2 Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.
Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі,
ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі
тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 Негізгі құралдардың
құнсыздануы мен амортизациясы шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып
саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі
құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің
шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық
аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына
байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда
негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі
құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни
бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі
есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс
бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі
құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты
мөлшерде жүргізіледі.
Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта
жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық
амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.
Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға,
күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана
пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды
пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал
келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің
нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысал: Каzжиһаз ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге
тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760
теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал
2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай
жолмен жасалынады:
Кезеңі Кумулятивтік әдісі бойынша
амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есптеу
2004 жыл (1608333-3760)x15120=200572 теңге (1608333-3760)15=106971теңге
2005 жыл (1608333-3760)x14120=187200 теңге (1608333-3760)15=106971теңге
2006 жылғы жинақталған
амортизациясының
сальдосы
200572+187200=387772 теңге
106971+106971=213942теңге
Амортизацияны есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша
есептелінеді:
15x(15+1)2=120.
Екі әдісті пайдалану салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы
пайда болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа жатқызылады.
Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшеінгі нормасы (бірінші
әдістегі) 20% (100:5), сонда кемімелі қалдық әдісі 2 коэффициентті
ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн
10 000тг., жою құны 1000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:
бастапқы құн амортизация сомасы қалдық құны
(баланстық)
1 жыл 10000 4000= (40% х10000) 6000= (10000 - 4000)
2 жыл 10000 2400= (40% х 6000) 3600= (6000 - 2400)
3 жыл 10000 1440= (40% х 3600) 2160= (3600 - 1440)
4 жыл 10000 864= (40% х 2160) 1296= ( 2160 - 864)
5 жыл 10000 296= (1296 - 1000) 1000= (1296 – 296 )
Тозуды есептегенде:
7420 2420
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар
керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай
құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы
тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы
құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік
қорлардың бір бөлігі.
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының
бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын
ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық
белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және
өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының
өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып
табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің
натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын
біртіндеп ауыстырады.
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.
Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге
біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу
көлеміне байланысты.
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы
болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты
мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына
қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес
объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
− Тұрғын-үй,
− Коммуналдық шаруашылық,
− Денсаулық сақтау,
− Білім беру,
− Мәдениет,
− Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы
күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама
әсер етеді.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік
болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің
(қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске
қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды.
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына
топтардан тұрады:
− Үйлер;
− Ғимараттар;
− Өткізбелік тетіктер;
− Күш машиналары;
− Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
− Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
− Тасымалдау құралдары;
− Құрал-саймандар мен жабдықтар;
− Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
− Өнім және жұмыс малдары;
− Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
− Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да
негізгі қорлар деп бөлінеді.
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін
шаруашылық құралдары және т.б. кіреді.
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және
тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді
бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей
байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік
құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің
сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады
(өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда
қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің
тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі
негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай
анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып
бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады,
ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып
есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын
жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
− Негізгі қордың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
− Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы
мынадай факторлармен анықталады:
− Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
− Өндірістің техникалық деңгейі,
− Мамандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі
қорлар өндірістік процесте:
− Натуралды;
− Ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
− Негізгі қорлардың техникалық құрамын;
− Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
− Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
− Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
− Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
− Амортизациялық аударымдардың есебін;
− Дайын өнімді тасымалдау құнын;
− Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін
анықтайтын қажеттілік.
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай
келесі негіздемелерге бөлінеді:
− Пайдалану түріне;
− Запасты (резервті) құру түріне;
− Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация және
бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша
жіктеледі:
− Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері
(соның ішінде жалға өткізілгендер);
− Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде
ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
− Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері.
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі
категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі –
бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-
қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді
де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық
және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік
ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп
алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса
жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен
бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
− Негізгі қорлардың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
− Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
− Табиғи;
− Сапалық тозуға ұшырайды.
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне
қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ
түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және
табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған
негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары
арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы
ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша
физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф =
–––––
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі,
үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы.
Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда
сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың
арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың
өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен
танысамыз.
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст – Ф қалпына келтіру
U u 1 =
–––––––––––––––––––––
Ф баст.
Мұнда:
Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны.
Екінші ретті моральді тозу:
N 2 – N 1
U u 2 = ––––––––––––– х
100%
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
Бірінші нысаны бойынша, негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек
құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының
жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған
қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.
Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-
экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек
құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.
Сапалық тозу – экономикалық категория болып табылады. Табиғи және физикалық
тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының экономикалық
ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары өз ретінде негізгі қорлардың
бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа
неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен
сұрыптарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі
қорларды бұдан әрі пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз болып
қалады.
Негізгі қорлардың сапалық тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды:
өндірісте және жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық
процестерді жетілдіру – жаңа технологияны қолданған кезде
пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімдердің
номенклатураларын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшылардың күштерінің
еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігінде, өндірісте орналастыру
географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен
жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін.
Сапалық тозу ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық,
өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып
қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың
активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.
Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық
қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].
Негізгі қорларды пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан
тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі бөлшектер мен детальдардың
құрылымының элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен
салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік
бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және
кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Сонымен
бірге, негізгі қорлар уақытынан бұрын тозып кетпеу үшін оларды
мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап
жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.
Күрделі жөндеуде негізгі қорлардың объектісін тұтастай алғандағыны
салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді
айтады.
Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі де бір
жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектен барлық тозған
детальдары мен бөлшектерін ауыстыратын немесе қалпына келтіріп
агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде
жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану
жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық
коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың
құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту,
өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын
дамыту есебінен мүмкін болады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер мен
қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру
және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар
тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал
бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге
жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап
болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес
кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген
негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және
өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім
мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік
қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы
(баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен
есептеледі:
Қ бқ - Қ ж
М А = −−−−−−−−− х 100
%
Қ бқ х М қ
Мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,
М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz