Мемлекеттің қаржылық жоспарлары



1. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері
2. Әлеуметтік.экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
3. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
4. Аймақтар дамуының (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері
Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын бағалау және қазіргі жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық, әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жандандырады. Нарық механизіміндегі шаруашылық, Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға тиtсілі байланысты болады. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база.
1. Тажикова Ж. Ж., Сражден К. С. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық жағдайы // Молодой ученый. — 2015. — №1.1. — С. 59-62.
2. Алынған ресурс: http://www.izden.kz/referattar/kazakstan-tarihy/169 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері
2. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
3. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
4. Аймақтар дамуының (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.

Кіріспе
Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын бағалау және қазіргі
жағдайы Нарықты экономикада Республиканың әр бір аймағының экономикалық,
әлеуметтік, геополитикалық және т.б. маңыздылығы артады. Аймақтың
өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін
тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік –
экономикалық жағдайларын жандандырады. Нарық механизіміндегі шаруашылық,
Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет
етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық
және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын
үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру,
мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар
потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға тиtсілі
байланысты болады. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің
орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар
материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара
әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту
бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және
аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық
тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы
– халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге
арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды
орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге
мүмкідік береді

. 1.Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері
Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына
(Стратегия 2030) жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау
міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш
күштерді орналастыру мәселелерін шешу. Қол жеткізген және алдымыздағы
қолжеткізетін өндіргіш күштің дамуы және материалды – техникалық базаның
жағдайының көрсеткіштері мен жетістіктерін бастаушы мүмкіндіктерін және
көбінесе аймақтың экономикалық дамудағы жақын арадағы болашағының
мүмкіндіктерін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды - оның халық
шаруашылық құрылымы мен бірінші орында өндіріс құрылымы анықтайды.
Құрылымдық фактор айналым сферасы мен бөлу қатынасы жүйесіндегі және
сонымен қатар, макро және микродеңгейдегі шаруашылықтың салааралық
пропоцияларды қалыптастыру негізі болып табылады. Құрылымдық фактор
қоғамдық қажеттіліктер мен материалдық өндірістің құрылымы арасындағы
байланысты тиімді жетілдіру, салалар арасындағы шектелген ресурстарды бөлу
құралы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде
қажеттіліктерді де, сондай-ақ экономиканың ресурстық базасын да
түрлендіретін ҒТП маңызды рөл атқарады. Құрылымдық фактор арқылы аймақтың
экономикасына көптеген басқа экономикалық негіздегі инвестициялық, базалық,
салықтық, бәсекелік және т.б. факторлар әсер етеді. Мемлекеттің және оның
ішіндегі аймақтардың экономикалық қалыптасуы, дамуы және жаңғырудағы
негізгі рольі құрылымдық факторға бөлінеді. Халық шаруашылық құрылымын
талдауда ( салалық және функционалдық аспектілері ) нарықты экономикадағы
аймақтың экономикасының тиімді қызмет етуіне өндіргіш күшті дамытудың
параметрлерінің сапалылығын талқылауға мүмкіндік береді. Бұдан, кең көлемде
аймақтың экономикасының дамуы мүмкіндіктерін, тиімді бөлу және экономикалық
қарым – қатынастарын , аймақтың болашақтағы дамуы мен жандану жолдарын
анықтау. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасының даму жағдайының айқын
көптеген сұрақатарына жауап бере алады. Талдау жасау нәтижесінде айта
кететін жағдай, Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымының экономикасы қатты
деформацияланған, себебі шикізат өнімдерін өндіру саласы мен және шикізатты
бірінші этапта өңдеудің үлес салмағы соңғы өнімді өндіруден жоғары, сонымен
қатар, шикізат саласы әлеуметтік және экологиялық мәселелердің қоры болып
табылады. Бұрынғы одақтың халық шаруашылығы критериясының концепциясы
бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының, Қазақстанның басқа да аймақтарында
өндірістік күштерінің құрлымын қалыптастыруда, негізінен шикізат саласын
дамыту мен аралық өнімді өндіру көзделген. Экономиканы қайта құру (
реформалау ), тек облыстың ғана емес сонымен қатар, мемлекеттің халық
шаруашылығының салаларын шикізаттармен, материалдармен қамтамассыз етуді,
тұрақты экономикалық қатынастың болуын және сұранысқа сай дайын өнім
өндіруді талап етеді. Қазіргі таңда, нарықты экономикада экономикалық
құрылымды тиімді орналастыру негізінде көптеген жұмыстар атқарылуда, соның
бірі және негізі индустириялды – инновациялық жұмыстар, оның нәтижесіне
жетуге облысымыздың экономикалық даму деңгейінің мүмкіндігі толық жетеді.
Қазіргі таңда нарықтық қатынаст жағдайында Қазақстанның және оның
аймақтарының, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының да экономикасының,
әлеуметтік жағдайының жан – жақты өсуіне байланысты қай саласы болмасын
алға басып келеді. Соның нәтижесінде, шаруашылықтың материалды – техникалық
базасы да жылдан жылға алға жылжуда. Атап көрсететін жағдай, егер халық
санының Республикалық құрамындағы облыстың үлесі - 14,4% -ды құрап, басқа
аймақтардан алдыңғы қатарда тұр, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың
саны бойынша - 12,9%, жұмыспен қамтылғандар көлемі -13,0%, облыста жұмыспен
қамтылғандар көлемі Республикалық көлемнен артта қалмайды. Облыстың
экономикасының тартымдылығын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш – ол
негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі. Өтен жылмен салыстырғанда
ол 25,7 пайызға ұлғайды. Экономикалық қызмет салалары арасында тау – кен
өнеркәсібі мен тұрғын үй құрлысы капитал салудың негізгі көздері ретінде
айқындалды. Жалпы негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемінің
Республикалық көлемдегі үлесі-2,5%, өнеркәсіп өндірісіндегі негізгі
капиталға бағытталған инвестиция көлемінің үлесі салмағы-2,2% ды құрайды
бұл аз ақша емес, бірақта облыстың халық шаруашылығын дамытуға жетуіліксіз.
Сонымен бірге, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемінің едәуір
артуы - кәсіпорындар экономикасының тұрақты өсуіне әкеледі, сонымен бірге,
аймақтардың экономикасының тартымдылығын танытатын негізгі көрсеткіш.
Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы ішкі өнімі өткен жылмен салыстырғанда
-11,9 пайызға жоғары, соның ішіндегі өнеркәсіптерден құралған жалпы ішкі
өнім өткен жылмен салыстырғанда -4,7 пайызға жоғары, бұл аймақтың
экономикасының нақтылай алғанда жылдан жылға өсіміне жетудегі көрсеткіш.
Сонымен қатар, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығының
салалық құрылымы, соңғы жылдары жетістіктерге қол жетіп, оның Республикалық
көлемдегі үлес салмағы, экономикалық құрлымда жыл сайын жоғары
көрсеткіштердің негізінде жоғарлауда. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Республиканың ең үлкен аймағының бірі, мұнда негізінен машина жасау және
метал өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, кен өндіру
өнеркәсібі, отын өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі, химия және мұнай химия
өнеркәсібі, медицина өнеркәсібі, полиграфия өнеркәсібі, электр
энергетикасы, ұн – жармалы және аралас жем өнеркәсібі, микробиология
өнеркәсібі, орман және целлюлоза – қағаз өндіру өнеркәсібтері дамыған.
Аймақтың шаруашылығының бұл бастаушы салалары қазіргі таңда дамып келеді:
Республикалық деңгейде облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы өнімін орта
есеппен жан басына шаққандағы үлесі 90% шамасында. Бұл көрсеткіште аймақтың
экономикасының алға басқандығын көрсетеді. Облыстың өндірістік құрлымындағы
өңдеу саласының қызметі басқа салаларға қарағанда баяу дамуда, тәжіребіиеде
қаншама жылдардан бері қалыптасып келе жатқан шикізаттарды толық өңдеу
технологияларының жеткіліксіздігі, осы саланың дамуының төмендеуі, халық
тұтынатын тауарлардың деңгейінің төмендеуіне, ол халықтың өмір сүру
деңгейің көлеміне, қызмет көрсететін салалардың дамуына да әсерін тигізді.
Нарықты экономикада елімізде өңдеуші өнеркәсіпті, өндірістік инфрақұрлымды,
агроөнеркәсіп секторларын дамытуға, бәсекелестік қаблетін арттыруға,
экономиканың жоғарғы өсіміне қол жеткізуге аса ден қойылуда. Сонымен қатар,
аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту мен жандандыру негізінде
өнеркәсіптің өңдеуші саласына аса көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда
өндірістің функционалдық құрылымындағы барлық өндіру және қызмет көрсету
салаларында, нарық экономикасының талабына сай жұмысшы – кадырларды кәсіби
мамандандыру мәселелерін шешу өте маңызды. Ол халық шаруашылығының
салаларын кәсіби мамандандыру, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты
қанағаттандыру, өнеркәсіптің, облыстың экономикасын, демографиясын,
әлеуметтік жағдайын дамытады, өркендетеді. Соңғы жылдары, экономиканы кайта
- құрудың ( реформалаудың ) тереңдету негізінде, облыстың экономикасының
құрлымдық өзгеруі әр түрлі даму деңгейлерімен ұласады, олар тұтыну мен
инвестицияға сұраныстың көбеюінен, отандық өнімдерді және аралық
экономикалық қатынастарды жандандыру және т.б, факторлар негізінде халық
шаруашылығының барлық салалары және өндірістер, сонымен қатар тұтыну көлемі
дамып жандануда. Бірақта, Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы
тығыз орналасқан аймақтың бірі. Сондықтан да, әлдеде бұл аймақта тұрғын үй
мәселелері бірден – бір өткір мәселе болып отыр. 2004 жылы облыс бойынша
орындалған құрылыс жұмыс көлемі 14862,6 млн теңгені құрады, ол өткен жылмен
салыстырғанда 0,7% - ға артық, соның ішінде тұрғын үй құрлысына шамамен 35%
жұмсалған және өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе артқан. Сонымен бірге,
өндірістік және өндірістік емес (халық білімі, денсаулық сақтау, мәдениет
және т.б. ) салалардың құрлысынада өткен жылдармен салыстырғанда артық
қаржылар жұмсалған. Көліктің барлық түрілерімен тасмалдау көлемі, соңғы
жылдары жоғарлауда, мысалы, 2004 жылы автомобил көлігімен ( көлік
ұйымдарына жатпайтын мекемелер) жүк тасмалдау көлемі - 8,5% -ға,
жолаушыларды тасмалдау саны - 1,9% -ға артты. Автомобиль көлігі
кәсіпорындарымен тасылған жүк көлемі – 0,4% және жолаушылардың саны - 3,1%
-ға, әуе көлігімен жүкті көлемі 6,9 есе, жолаушының саны 2,8 есе өткен
жылдан артық тасмалдады. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін тұрмысқа
қажетті барлық қызметтер көлемі көбеюде. Әсіресе, аймақта өнеркәсіптік
өнімдерін өндіру мен өңдеуде соңғы жылдары жоғарғы деңгей байқалады.
Сонымен, 2004 жылға (2003 жылға қатынасы) кен өндіру өнеркәсібінің Созақ
филиалында 1,3 есеге артық өнім өндірілген, бұданда басқада кен өндіру
өнеркәсіптерінде 320 % - ға немесе 3,2 есе артық өнім өндірілген. Өңдеу
өнеркәсіптерінде Петроказахстан Продекс Ойл, Шымкент май, Кентау экскаватор
өнеркісіптерінің өнімдері өткен жылмен салыстырғанда төмен, сонымен қатар,
бұл өнеркәсіптерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер саны да 2-5%
- ға төмендеп отыр, Кентау трансфарматор зауытында өндірілген өнім көлемі
2002 жылмен салыстырғанда орта есеппен 1,6 есе артық өндіріліп, жұмыс
істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер саны да 8,9% - артып, қаланың
жұмыссыздық мәселексін шешу жолының бірі болып отыр. Өңдеу өнеркәсібінің
басқада өнеркәсіптерінің өнімдері 0,2 есе артық өндірілді. Бұдан біз
аймақтың өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымындағы теңсіздікті, әлдеде
шикізаттарды өңдеуден, өндіру артық екенін байқаймыз. Соныменен, аймақтың
өнеркәсібінде, кейбір өнеркәсіптерді есепке алмағанда халықтың тұтынатын
тауарларды өндіру және тұтыну өнеркәсіптері, сонымен бірге, Кентау
трансфарматор мен кен өндіру өнеркәсібі.
2.Әлеуметтік экономикалық саясаттың негізгі бағыттары.
Аймақтың өнеркәсіптерінің экономикалық дамуы Республиканың
экономикасына да оң әсерін тигізуде. Бір сөзбен айтқанда, Оңтүстік
Қазақстан облысының өнеркәсібіндегі өнімдер негізінен, халықтың тамақ және
тұтыну тауарлары өнімдерін өндіреді. Оңтүстік Қазақстан облысы тұтыну
тауарларын өндіруде өткен жылмен салыстырғанда 12,1% артық өндіріп, 37581,7
млн теңгені құрады. Жалпы тұтыну тауарларының басым бөлігі азық – түлік
тауарларына 69,1% (алкогол өнімдерінің бағасын қоспағанда) және азық –
түлік емес тауарларға 21,7 % (жеңіл өнеркәсіп тауарларын қоса алғанда)
тиеселі. Азық – түлік өнімдерін өндіру тиісінше – 19213,5 млн. теңгені
құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық өндірді. Бұл салада
балмұздақ және соған ұқсас мұздатылған өнімдері (2,2 есе), сухари және
печенье, ұзақ мерзімге сақталатын кондитер тағамдары (58,1%), жеміс және
көкөніс шырыны (52,2 %), этилді спирт (49,6%) өндірілді. Сонымен қатар,
облыстағы үй шаруашылығында ет және ірі қара мал, шошқа, ешкі, жылқы еті
мен тағамдық ішек – қарындары өндірілді, бұл олардың облыс бойынша
көлемінің 63,6 % құрайды, өңделген сұйық сүт және кілегей, облыс бойынша
69,0%, жаңа пісірілген нан, тиісінше 56,7% құрап, тағамдық азықтарының
басқа өнімдерінің ішінен едәір жоғарғы көрсеткіштерді көрсетті. Тоқыма және
тігін өнеркәсібі де өңдеу өнеркәсібінде негізгі рол атқарады. Осы саладағы
кәсіпорындар 21869,7 млн теңгенің өнімін өндірді, өткен жылмен
салыстырғанда 4,5 % артық өндірді, ол мақта иірімжібі, бөлшек саудаға арнап
өлшеп оралмаған (2,1 есе), ерлерге арналған жұмыс киімдері (133,8 %) және
мақта талшығын (104,7%) шығару деңгейінің артуынан орын алады. Сонымен,
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндіріс салаларының кешені негізінен
жеңіл және тамақ өнімдерін өндіруге мамандандырылған, бұл аймақтың
әлеуметтік - экономикалық мәселелерін шешудің алғы шарты болып табылады.
Облыста автомобиль жолдарының ұзындығы 5108 км, отын қолданатын көліктердің
саны жылдан жылға артып келеді, отындардың түрлерін өндіруден керісінше
аймақта төмендеуде. Мұнай өнімдерін өндіру өнеркәсібі өнім көлемін өткен
жылмен салыстырғанда 16,8 пайызға төмендеген. Бұл, мазут отынын (36,1%),
мотор отынын (14,9%) және газойл ( 11,7% ) өндіру көлемінің төмендеуінен
болып отыр. Сонымен қатар, химия өнекәсібіндегі сабын, сабын ретінде
пайдаланатын органикалық заттар мен препараттарының (23,3 %) кем шығаруынан
да, осы салада өндірілген өнім көлемін өткен жылмен салыстырғанда 6,6 %
кеміді. Шымкент қорғасын заводы қорғасынның жоғарғы маркасын шұығаруда,
сонымен қатар жартылай өңделген немесе өңделмеген алтынның жылына 43 кг
өндіруде. Сонымен бірге, шойын құю қызметі 10,5 есеге, рафинатты қорғасын
(49,2%), мырыш, қалайының жартылай фабрикаттары немесе қортпалары (44,2%)
және өңделмеген немесе жартылай өңделген және үнтақ түріндегі күміс (
29,5%) шығару көлемі артып, нақты көлем индексі 146,1%, немесе өнім көлемі
6161,0 млн. теңгені құрады. Металл емес минералдық өнімдер өндірісінде
өткен жылмен салыстырғанда өнім өндіру көлемі 34,3 % артып, 4283,8 млн
теңгені құрады, өнім көлемінің өсуі әктің ( 2,6 есе), тауарлық бетонның
(72,2 %), құрлыс кірпіштерінің (48,0 %), асбоцементтен, немесе осыған ұқсас
түрлерінен табақтарын, панельдерін, тақтайшаларын (41,9%), асбоцементтен,
немесе осыған ұқсас түрлерінен құбырларын, түтіктерін және фитингтерін
(40,8 %), бетоннан жасалған құрама құрылыс құрылымдарын (29,8%) және
цементтің (22,9 %) артық өндірілді. Машиналар мен жабдықтар өндірісінде
өткен жылмен салыстырғанда 45,0% артып 4283,8 млн теңгені құрады, бұл
негізінен ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өнімдерін өндіретін
машиналар мен осы машиналарға арналған бөлшектерін артық өндіруден.
Оңтүстік Қазақста облысының аймағында қазіргі таңда
гидроэлектроэнергетикалық қорлары қолдануда, кіші және орта ГЭС құрлысын
соғу арқылы, облыстың кейбір аймақтарын электроэнергиямен қамтамассыз
етуде, оның ішінде жылуэлетростанциясының 4 данасы және Шардара аумағындағы
1данасы гидроэлектрсанциясы энергимен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын,
газ бен суды өндіру мен бөлу секторында 10557,2 млн теңгенің өнімі, өткен
жылға қарағанда 10,7 % артық өндірілді. Өнім көлемінің өсуі – газ тәріздес
отындарды өндіру мен бөлу өндірісінде 54,0 %, ыстық су мен жабдықтау
өндірісінде 18,6% және электр энергиясын өндіру мен бөлу өндірісінде 3,2%
өнім өндіру көлемі артты. Элетрэнергияның дефициті жақын аймақтар арқылы
қамтамасыз етіледі. Энергетиканы дамытуға кедергі келтіріп тұрған
факторлар: генераторлық күшті территория арасында біркелкі орналаспауы және
энергияны алшаққа тасмалдау кезінде сеттегі пайда болатын үлкен шығындар
мен ұласуы, үлкен деңгейдегі құрал - жабдықтардың физикалық тозуы, жылу
электростанциялардың құрал - сайман, жабдықтарының физикалық тозуына
байланысты экологияға кері әсерін де тигізеді. Оңтүстік Қазақстан облысының
өнеркәсібі энегетика үшін материалдарды өндіру, ауылшаруашылық өнімдері,
тоқыма және тігін өнімдерін, азық – түлік өнімдерін, және т.б. өнімдерді
өңдеуге және жалпы алғанда, өндірістің және халықтың тұтыну тауарларын
өндірудегі өдірістің барлық саласында даму үрдісі байқалады, тоқыма
өнеркәсіптері жедел дамуда және сонымен қатар, соңғы жылдары өнеркәсіптің
барлық секторының тұрақты жұмыс істеуі, аймақтың экономикасын дамытуға көп
үлесін қосуда, сондай – ақ, облыстың өнім көлемі -16,5 пайызға жоғарлап
аймақтың экономикалық тиімділігін айқындатты. Сонымен қатар, аймақта
өндірісті өркениетке лайықты реконструкция жүргізілуде. Кәсіпорындарды
техникалық жарақаттандыру негізінде шикізаттық бағыттан аймақта дайын өнім
өндіруге бағытталған. Нарықты экономикада Оңтүстік Қазақстан облысының
экономикалық дамуы инфраструктураны құрумен, инвестициялық іс-әрекетті
дамытумен, өркендетумен, машина мен ауыл шаруашылық машиналарын өндірумен,
құрылыс индустриясымен, өнеркәсіптің өндіру салаларының дамуымен,
қызметтерге сұраныстың артуына байланысты айқындалады. Соныменен, осы
аталған факторлар жиынтығы облыстың өндірістік салалық және функционалдық
құрылымының, нақты сектордың айтарлықтай дамып, жанданып келе жатқанын,
сонымен өнеркәсіпте жаңару, толығу, кеңею сияқты оң өзгерістердің біртіндеп
қалыптасып жатқандығын, жұмыссыздықтың деңгейін төмендегенін, облыс
халқының тұрмыстық жағдайының жақсара түсу нәтижесінде, аймақтың
экономикалық дамығандығы мен оның тұрақтылығы да айқындалады және осының
негізінде әлеуметтік жағдайдың дамуының қалыптасқандығы және шикізат
қорларымен қамтамасыз етілуі байқалады. Аймақтың әлеуметтік - экономикалық
деңгейінің соңғы жылдары біртіндеп жақсы дамығандығын дәлелдейді.
Республиканың экономикалық даму көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысының
экономикалық дамуымен салыстырсақ әлдеқайда жоғары. Аймақтың экономикалық
дамуының Республикалық көрсеткіштегі жылдан жылға төмендеуі адам факторының
жоғары деңгейде көбеюі негізінде, инвестицияның көлемінің жылдан жылға
көбеюі өндірістің жағдайын тұрақтандыруда. Экономикалық және әлеуметтік
факторлардың арасындағы тығыз себепті байланыстың барын есепке ала отырып,
сірә, халық шаруашылығының нәтижесі аймақтың әлеуметтік даму деңгейін
жоғары деңгейде қамтамасыз ете алады. Адамның өмір сүру деңгейін барлық
негізгі қызметтермен қамтамассыз ету негізінде әлеуметтік сфераны
инвестициялау мүмкіндігі жатыр, ал бұл Оңтүстік Қазақстан облысының
экономикалық жағдайында қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда
әлеуметтік сфераның деңгейін одан әрі жоғарлату мемлекеттің барлық
экономикалық - әлеуметтік дамыту бағдарламаларында қолға алынуында, және
бұл қазіргі таңда халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасынан көрінеді.
Әлеуметтік сфераның дамуы және аймақтың халқы әр түрлі әлеуметтік
қызметтермен қамтамассыз етілу жағдайын бүгінгі таңда өткен кезеңдерге
қарағанда жоғары деп бағалауымызға болады және бұл аймақтың экономикасының
дамуы мен жандану мүмкіншіліктері әлеуметтік саланы да дамытуда және ол
халықтың өмір сүру деңгейі мен жұмыспен қамтылғандар санының жылдан жылға
жоғарлауы, тиеселі жұмыссыздар санының төмендеуі, экономикалық тұрғыдан
енжар халыққа және табыстары күнкөрістің ең төмен деңгейдегі халыққа
әлеметтік көмек көрсетуден көрінеді. Сонымен қатар, әлеуметтік саланың
қызмет ететін обьектілері де біртіндеп дамып, жандануда, халыққа қызмет
көрсетудің сапасы жоғарлауда, құрлысты инвестициялау және денсаулықсақтау
обьектілері, халыққа білім беруді әлеуметтік қамтамассыз ету, мәдениет және
өнердің де дамуын байқаймыз. Сонымен бірге тікелей инвестициялардың бір
бөлігін жол салуға бағыттау қажет. Жақсы жолдар аймақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлау туралы
Қаржылық жоспарлау
Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау мен оның әдістері.
Экономикалық және қаржылық жоспарлау бірлігі
Қаржы жоспарларының жүйесі
Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамда - рының көрсеткіштері жатыр
Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері
Қаржыны жоспарлаумен болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Пәндер