Капитал тусінігі, құрылымы мен құрамы



Кіріспе

Капитал ... ... ..5
• Анықтамасы ... ... ... ...5
• Өзгешеліктері ... ... ... .6
• Капитал органикалық құрылысы .8
Капиталды сақтау ... ... ... ... 9
• Ақша ... ... ... ..10
• Алтын ... ... ... .12
• Депозиттер ... ... ... .13
• Жылжымайтын мүлік ... .14
• Құнды қағаздар ... ... .15
• Бизнес ... ... ... 16
• Білім алу ... ... .17
Шығындар ... ...18
Шығынды азайту жолдары ... ..23
Қорытынды ... ...24
Пайдаланылған әдебиет ... ...25
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.
1. “Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
2. Банк терминдері мен ұғымдарыныңқазақша-орысшасөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
3. Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Әлеуметтанужәнесаясаттанубойынша / Жалпыредакциясынбасқарғанэ.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
4. Бохаев Д. «Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері» Қаржы-қаражат, №5 1998. – 29-32 бб
5. Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
6. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб
7. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305 бб
8. Байсартов Э. «Роль государства в инвестиционной сфере» Қаржы-қаражат,№6 2004. – 90-94 бб
9. Супугалиева Г.И. «Банк аясындағы инвестициялау» Хабаршы-Вестник,№3 2004. – 26-29 бб
10. Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. Хабаршы-Вестник, №5 2004 – 69-71 бб

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім Басқармасы
КМҚМ Радиотехника және байланыс колледжі

Курстық жұмыс
Пән:Байланыс экономикасы және кәсіпкерліктің негіздері
Тақырыбы: Капитал тусінігі, құрылымы мен құрамы

Мазмұны

Кіріспе

Капитал____________________________ ________________5
* Анықтамасы_________________________ ______5
* Өзгешеліктері______________________ ________6
* Капитал органикалық құрылысы ______________8
Капиталды сақтау_____________________________ ______9
* Ақша_______________________________ ______10
* Алтын______________________________ ______12
* Депозиттер_________________________ _______13
* Жылжымайтын мүлік_______________________14
* Құнды қағаздар___________________________ _15
* Бизнес_____________________________ _______16
* Білім алу________________________________ __17
Шығындар___________________________ ______________18
Шығынды азайту жолдары__________________________23
Қорытынды__________________________ ______________24
Пайдаланылған әдебиет _____________________________25

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорында -- бюджеттік қорында затталынады.

Капитал

Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs - басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) - кең мағынада - табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада - табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Анықтaмасы

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А'; мұндағы А'=А+DА, ал DА - ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Өндірістік капитал екіге бөлінеді: 1 НЕГІЗГІ 2 Өзгермелі Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнісге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.
Өзгешеліктері

Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеуметтік-экономикалық өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты. Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы - каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі - қосымша құн өндіру. Сауда капиталның міндеті - өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты капитал - тұрақты бағамен көрсетілгенкапитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы ( банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік капитал акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат.

Капитал органикалық құрылысы

Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді.

Капиталды сақтау

Сонымен, бүгінгі күні Қазақстан нарығында капиталды сақтау мен көбейтудің қандай құралдары барын қарастырайық:

1. Ақша (шетелдік валюта)

2. Алтын

3. Депозит

4. Жылжымайтын мүлік

5. Құнды қағаз

6. Бизнес (Іскерлік)

7. Білім алу

Ақша

Ақшаны қай валютада сақтау қажет? Оған барлық мемлекеттердің ұлттық банктері үлгі бола алады, себебі олардың басты міндеті - мелекеттің Капиталын сақтау. Ұлттық банктер капиталдарын негізінде бірнеше негізгі валюталарда және алтын арқылы сақтайды, яғни, ол алтын-валюта сақтық қорлары деп аталады. Негізгі валюталар:

* АҚШ доллары

* Евро

* Ағылшын фунт стрелингі

* Швейцариялық франк

* Жапондық иена

Соңғы уақытта Қытай юані негізгі валюталар қатарына қосылуы мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ақшаны қай валютада және қандай мөлшерде сақтау керек екенін түсіну үшін соңғы бір және бес жылда валюталардың бағамының қалай өзгергенін қарайық. Мысалы, АҚШ доллары, Евро және Қытай юанін зерттейік.

Графиктерден бір жыл ішінде ең көп өсім бергені қытайдың юані (4,2%) екенін көріп отырмыз, одан кейін АҚШ доллары (0,3%), ал Евро 1,2% -ға арзандаған. Яғни, бір жыл бұрын бұл валюталарға айырбасталған ақша айтарлықтай өзгермес еді. Ал енді 5 жыл ішіндегі өзгерісті қарайтын болсақ, мұнда да ең үлкен өсім бергені қытайдың юані (43,6%), одан кейін Евро (22%), ал соңында АҚШ доллары (15,8%). Ұзақ мерзімдегі валюта бағамдарының болжамдары тек қана 10% сәйкес келетінін айта кеткім келеді, яғни, биржада отырған он сарапшының тек қана біреуінің болжамы іске асады. Олай болса сіздің қолыңызда тек қана өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенуіңіз ғана қалады. Сондықтан сіздерге ұсынарым - ақшаңызды мына пропорцияда сақтаңыз: 30-30-40 (АҚШ доллары -Евро-Қытай юані). Қолма-қол ақшаны банк сейфтерінде сақтаған жөн.

Өкінішке орай капиталды қолма-қол ақша ретінде сақтаған инфляциядан құтқармайды, сондықтан жыл сайын шамамен 5-7%-ға құнсызданып отырады.

Алтын

Ал енді алтын бағасының өзгерісін қарастырып өтейік. (5-нші суретке қараңыз)

Бұл графиктен кезінде (бес жыл бұрын) алтынға сенген адамдардың бүгінгі күні үлкен пайдаға кенелгенін көріп отырмыз. Қазіргі кезде алтын кесектерін ірі банктерден сатып алуға болады, сонымен қатар банктер металл есеп шоттарын ашу қызметтерін көрсетеді. Металл есеп шоттары арқылы алтынды алып-сату операциялары салықтан босатылады.

Сонымен егер де сіз меншік алтын-валюта сақтық қорын құрғыңыз келсе, капиталды мына мөлшерде сақтауыңызға болады: 15-15-20-50 (АҚШ доллары-Евро-Қытай юані-Алтын).

Депозиттер

Бұл құрал сіздің капиталыңызды инфляциядан сақтайды. Депозиттің валютасын жоғарыда айтып кеткендей таңдауыңызға болады. Ең бастысы банкті дұрыс таңдап алу қажет. Бұл мәселені шешуге сіздерге танымалы халықаралық рейтинг агенттіктері (Fitch, Moody's Standard & Poor's) көмектесе алады. Олар үнемі банктердің төлем қабілетін анықтап, олардың рейтингтерін түзетіп отырады. Неғұрлым банктің рейтингі жоғары болса, соғұрлым оған сенім артуға болады. Егер де банктің рейтингісі болмаса (орта және кішігірім банктер) онда депозитке төленетін сый-ақысына назар аударыңыз. Неғұрлым пайыз жоғары болса, соғұрлым тәуекеліңіз жоғары болады, яғни, ақшаңыздан айырылып қалу қаупіңіз өседі. Бірақта сыйақының төмен болуы банктің сенімді екенін білдіре бермейді. Әдетте сыйақы мөлшері инфляция коэффициентіне жуық болады. Сонымен қатар, банктер әр тоқсан сайын газеттер арқылы өздерінің қаржылық жағдайы жөнінде есебін беріп отырады.

Қортындылап келгенде, ақшаңызды рейтингісі жоғары банктерде ұстаңыз да үнемі рейтингтерінің өзгеруін бақылап отырыңыз.

Жылжымайтын мүлік

Бүгінгі күні жылжымайтын мулік пайда табудың сенімді көзі екенін әр оқушы білетін сияқты. Көптеген адамдар өз байлығын соның арқасында жасаған, алайда тақырға отырып қалғандар да аз емес. Қалай біріншілер қатарында болсақ?

Басында табыс туралы айтып кетейін. Егер де мүліктен көретін табысыңыз (жалға беру ақысы) банктің төлейтін сыйақысынан кем болса, ол мулік сізге тым қымбат түскенін біле аласыз. Мүлікті сатып алу алдында есептеп көріңіз:

Сол ақшаны банкке салсам ай сайын қандай табыс көремін?

Немесе мулікті сатып алып оны жалға берсем табысым қанша болады?

Мүліктен түсетін табыс банктің сый-ақысынан жоғары болуы керек, себебі мүлікке салған ақшаны жоғалтып алу қаупі (мүліктің бағасы төмендеүі мүмкін, өрт, жер сілкінісі және т.б.) жоғары болып есептеледі. Жылжымайтын мүлікке салынған капитал 10-12 жылда (Қазақстанда) ақталуы тиіс. Арзан мүлікті сатып алуға асықпаңыз. Кейін ондай мүлікті жалға беру қиын болуы мүмкін. Интернетте жылжымайтын мүлікті қалай таңдау жөнінде көтеген ақпарат кездестіруге болады, сонымен қатар бұл кәсіппен айналысатын агенттіктер де көп. Солардың кеңесін тыңдағаныңыз дұрыс болар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымын оңтайландыру
Айналым капиталы түсінігі
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Корпорациялардың қаржы механизмі
Меншікті капиталды есепке алу
Ағымдағы активтерді талдау
Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
Кәсіпорын қаржысы
Қәсіпорынның экономикалық қорлары
Капитал құрылымы
Пәндер