Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік


Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 4

  1. Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік . . . 4

1. 1. Қызметші сөздер . . . 6

  1. . Тілдің қарапайым объектілері . . . 7
  2. . Мәліметтік типтер . . . 14
  1. Программа құрылымы . . . 18Программа бөлімдері . . . 19

2. 2 Стандартты функциялар . . . 24

2. 3 Арифметикалық өрнектер . . . 27

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер . . . 30

Қосымша . . . 31

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік». Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасы 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Афтор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасы жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.

Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы CP/M операциялық жүйесіне негізделген. 1984 жылдың басында MS DOS жүйесіне ауыстырылғалы бері пайдалану қарқыны бұрынғыдан да арта түсті. Turbo Pascal - дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрлымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде прогрммманың екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі - объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесі машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.

1. Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік.

Кез келген тілдің үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілде сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан тұрады:

1) Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері:

A, B, C, D, …, W, X, Y, Z, a, b, c, d, …, w, x, y, z;

2) Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндері жазуда пайдаланылады;

3) Арап цифрлары: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9:

4) Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:

а) Айыру (тыныс) белгілері:_(бос орын), . (нүкте), , (үтір), ; (нүктелі үтір), : (қос нүкте), ( ) (ашылған және жабылған жай жақша), [ ] (ашылатын және жабылатын квадрат жақша), ‘(апостроф), #(тор), т. б.

ә) Арифметикалық амалдар таңбалары: + (қосу), - (азайту), * (көбейту), / (бөлу), div (бүтін бөлу), mod (бүтін қалдықты анықтау) ;

б) Қатынас таңбалары: < (кіші), > (үлкен), = (тең), := (меншіктеу), <> (тең емес), <= (кіші немесе тең), >= (үлкен немесе тең) .

Паскаль тіліндегі тыныс белгілер.

Белгі
Қолданылуы
Белгі: 1
Қолданылуы: 2
Белгі: { }
Қолданылуы: Программаға түсініктеме беруде
Белгі: (* *)
Қолданылуы: Программаға түсініктеме беруде
Белгі: [ ]
Қолданылуы: Массив өлшемін белгілеуде
Белгі: (. . )
Қолданылуы: Массив индексін, жолдың өлшемін белгілеуде
Белгі:
Қолданылуы: Символдар мен жолдың тұрақтыларды белгілеуде
Белгі: :=
Қолданылуы: Айнымалы мәнін меншіктеуде
Белгі: ;
Қолданылуы: Программаның жолдарын, операторларды, хабарламаларды айқындауда
Белгі: :
Қолданылуы:

Айнымалылар типтерін айқындауда, (белгі мен

оператордың арасына)

Белгі: =
Қолданылуы: Тұрақтымен оның мәнінің арасын бөлуде
Белгі: ,
Қолданылуы: Тізім элементтерінің арасын айыруда
Белгі: . .
Қолданылуы: Диапазон типін беруде
Белгі: .
Қолданылуы: Программа соңында
Белгі: ^
Қолданылуы: Көрсеткіш типін анықтауда
Белгі: @
Қолданылуы: Айнымалылар адресін, қосалқы программаны белгілеуде
Белгі: #
Қолданылуы: Символды оның коды бойынша белгілеуде
Белгі: $
Қолданылуы: Компилятор мәліметін белгілеуде

1. 1 Қызметші сөздер.

Turbo Pascal тілінде алдын ала қызметі тағайындалған сөздер тобы қолданылады. Олардың Turbo Pascal - дің қызметші сөздері деп аталады. Бұл сөздер ағылшын тілінде берілгенімен, мағынасы атқарылатын іс - әрекетті баяндайды.

Мысалы: Program - сөзі программаның тақырыбын, begin - программаның басын, end - программаның соңын сипаттауға пайдаланылады. Кестеде қызметші сөздердің тізімі және олардың мағынасы көрсетілген.

Қызметші сөздер.

Қызметші сөз
Мағынасы
Қызметші сөз
Мағынасы
Қызметші сөз: 1
Мағынасы: 2
Қызметші сөз: 3
Мағынасы: 4
Қызметші сөз:

Absolute

And

Array

Asm

Begin

Case

Const

Constructor

Destructor

Div

Do

Downto

Else

End

Export

External

File

For

Function

Forward

Goto

If

In

Inline

Interface

Мағынасы:

Абсолюттік

және

массив

ассемблер

басы

таңдау

тұрақты

конструктор

деструктор

бүтін бөлу

орында

кеміту

әйтпесе

соңы

экспорт

сыртқы

файл

үшін

функция

оздыру

көшу

егер

құрамында

негізгі

интерфейс

Қызметші сөз:

Label

Library

Mod

Nil

Not

Object

Of

Or

Packed

Procedure

Program

Record

Repeat

Set

String

Then

To

Type

Unit

Until

Uses

Var

While

With

Xor

Мағынасы:

белгі

библиотека

бүтін қалдық

бос ссылка

терістеу

объект

тип анықтау

немесе

жинақталған

процедура

программа

жазба

қайталау

көпшелеу

жол

онда

дейін

тип

модуль

соған дейін

пайдалану

айнымалы

әзір

жазба басы

немесе кері

1. 2 Тілдің қарапайым объектілері.

Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін алгебра курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты

атаулы пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мән, символдық мән т. б. ) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т. б. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша INTEGER) -32768-ден +32767 дейінгі аралықта ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Паскаль тілінде ондық және оны алтылық бүтін сандар пайдаланылады. Он алтылық сандардың алдына $ белгісі қойылады. Мысалы, $ABC немесе $8B2.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегі нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2. 65, 0. 5, -0. 862, -6. 0.

Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE±p түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлдеқайда кең болады, мұндағы m - санның мантиссасы деп аталады; E - оның дәрежесі дегенді білдіреді; p - дәреженің сандық мәні. Мысалы:

Кәдімгі жазылуы
Паскаль тілінде жазылуы
Кәдімгі жазылуы:

145

1 F

147, 125

-6, 045

10·10 14

0, 52·10 4

5, 2·10 -12

-45·10 6

Паскаль тілінде жазылуы:

145

$1F

147. 125

-6. 045

12E+14

0. 52E4

5. 2E-12

-45E6

Таңбасыз бүтін және нақты сандарды синтаксистік диаграмма түрінде көрсетуге болады. Бүтін санның диаграммасы 1-суретте көрсетілген.

Таңбасыз бүтін сан

цифрлар

1-сурет. Бүтін санның диаграммасы

Ал нақты санның диаграммасы 2 - суретте көрсетілген.

2 - сурет. Нақты санның диаграммасы.

Дербес компьютерде нақты сандар (REAL) 2. 9E - 39-дан 1. 7E+38-ге дейін өзгере алады. Мәндері бұл аралықта болмайтын сандар үшін арнайы тәсілдер қолданылады.

Атау - идентификатор ( identificatijn - объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтылардың, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файылдарды т. б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрін, функцияларды, программаларды, процедураларды, файылдарды т. б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор - міндетті түрде әріпте басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығы өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемі қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X, X1, CYMMA, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2, SALMAK, т. б.

Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы (компьютерді пайдаланушы адам) өзі тағайындайды.

Тілді алғаш жазыушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (тұрақты), SIN, COS (тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE, TRUE (логикалық мәндер) т. б. ағылшын тілінің қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да түйінді сөздер жай атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Олар: AND, ARRAY, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т. б.

Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс, мысалы: L12, BAGA, CYT, F105, MATA. Біз мысал келтіріп, қарастырып отырған тіл - Турбо Паскаль деп аталатын дербес компьютерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы, мұнда идентификаторлар тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері және цифрларды ғана пайдалануға рұқсат етілген.

Тұтынушылар қойған бейстндарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған шама аттары, яғни стандартқа кірмейтін идентификатор жатады. Олар төмендегі талаптарға сай құрылуы қажет.

  1. Атау тек латын әріптерінен (астын сызу «_» белгісі де әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді.
  2. Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан

немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.

  1. Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.
  2. Атаудағы символдар саны 127 - ден аспауы қажет.
  3. Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген, олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomiri, BujmBagasj т. б.

Сонымен атаудың құрастырылуы диаграмасы 3 - суреттегідей көрсетуге болады.

3 - сурет. Атаудың, яғни идентификатор құрлымы.

Мысал:

belgi_3

block56

Ati_Goni

2_tom - қате, атау саннан басталмауы тиіс.

Айлық - қате, атауда қазақ алфавитінің әріптері болмауы тиіс.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор

түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық,

логикалық және тіркестік ( integer6 real, Boolean, char, string ) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Синволдық және тіркестік (строковый - string) мәндер үшін орыс, қазақ алфавитінің әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар апостороф ішіндегі таңбалармен (литерлермен) жазылады, мысалы: `S=`, `қосындысы`, `функцияның мәні`, `y=` және т. б.

Тұрақтыларға мысалдар:

бүтін - x= -25; y=1936; z=123;

нақты - x =2. 14; y=4E15; z=-0. 5E-12; beta=-250. 0;

символдық - s=`c`; s1=`h`; s2=`9`; s3=` `;

логикалық - B1=true; B2=false;

тіркестік - C=`Turbo Pascal`;

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Егер программада оны құрастырған иесінің аты бірнеше рет кездесетін болса, онда оны тұрақты түрінде берген жөн, өйткені бұл ат кейіннен өзгеріске ұшырамайды. Тұрақтының синтаксистік диаграммасын 4 - суреттегідей кескіндеуге болады.

4 - сурет. Тұрақтыны сипаттау диаграммасы

Ал 5 - сурет ішіндегі тұрақтыны анықтау диаграммасы:

5 - сурет. Тұрақтының анықтау диаграммасы

Барлық тұрақтылар программаның сиппаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі (форматы) төмендегідей:

const

Mening_atim=`Бақыт Бөрібайұлы`;

Max=1000;

Min=0;

Mektep_nomiri=121;

Паскаль тілінің қордағы түйінді сөздерімен алдын ала анықалған бірнеше тұрақтылар бар, олардың кейбірі төмендегі кестеде көрсетілген.

Идентификатор
Типі
Мәні
Сипатталуы
Идентификатор:

True

False

Maxint

Типі:

boolean

boolean

integer

Мәні:

True

False

32767

Сипатталуы:

Ақиқат

Жалған

Ең үлкен бүтін сан мәні

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: ALFA, Y, X3, KOSINDI, BAGA, A1B8 т. б. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазылу пішіні:

var <идентификатор> : <тип>

Мысалы:

var A, B: integer;

Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, result, number_of_student.

Индексті айнымалыларға массив элементтері жазады. Массив дегеніміз - бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Массив элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс. Индекс массив элементінің нөмірін көрсетеді де, тік жақшаның ішінде жазылады. Мысалы, A[1], BETA[K, 7] . Массивтер бір, екі, үш өлшемді бола береді. Индекстер үтірмен бөлініп жазылады. Сипаттау бөлімінің жиым array түйінді сөзімен белгіленеді. Индекстің ең үлкен және ең кіші мәні сипаттау бөлігінде міндетті түрде көрсетіледі.

Мысалы:

s: array [1. . 50] of real;

mas: array [1. . 10, 1. . 10] of char;

alfa: array [n1. . n2] of integer;

1. 3 Мәліметтік типтер.

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғыни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиының орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, «IBM» және «PC» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп

жазуға ған болады. Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамлардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулы және оның типтері көрсетілуі қажет.

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым ) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындаған) жатады. Стандартты типтерге:

  • Бүтін - INTEGER;
  • Нақты - REAL;
  • Логикалық - BOOLEAN;
  • Тіркестік (STRING) ;
  • Мәтіндік (TEXT) тәрізді типтер жатады.

Құрлымдық типтерге массивтер - ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.

Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты стандартты типі олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Ол үшін tupe тұйінді сөз қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге болады:

Type <тип атауы> = <тип мәндері>;

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғыни ақиқат екенін, ал «0» сол шарттың орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true және false болып жазылады.

Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, `R`, `Л`, `%` т. б. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі немесе кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Стандартты типтер.

  • Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE, WORD;
  • Нақты типтер - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
  • Логикалық - BOOLEAN;
  • Символдық - CHAR;
  • Саналатын тип;
  • Ауқымды (диапазондық) тип

Бүтін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады, олардың сипаттамасы мына кестеде көрсетілген.

Типі
Мәндерінің өзгеруі
Ұзындығы, байт
Типі:

BYTE

SHORTINT

INTEGER

INTEGER

LONGINT

Мәндерінің өзгеруі:

0 - 255

- 127 - + 127

- 32768 - +32767

0 - 65535

- 2147483648 - +2147483647

Ұзындығы, байт:

1

1

2

2

4

Нақты сан түріндегі типтер. Ондық сандар бүтін мен бөлшегін бөлетін үтірі жылжымалы және тұрақты түрде жазылады. Үтірі тұрақты ондық

сандар кәдімгі математикадағыдай жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы; 25. 48, - 127. 25, 0. 67, - 8. 0. Үтірі жылжымалы ондық сандар дәрежелі көрсеткіші берілген экспоненциалды түрде жазылады.

Мысалы:

- 1. 25Е + 12 ( 1, 25*10 12 ), 1. 3Е - 05 (1, 3*10 -5 )

Нақты сандардың ауқымы мына кестеде берілген.

Типі
Ауқымы
Мәнді цифрлары
Өлшемі, байт
Типі:

REAL

SINGLE

DOUBLE

EXTENDED

COMP

Ауқымы:

-1. 7· 10 38 -1. 7. 10 38

-3. 4·10 38 -3. 4. 10 38

-1. 7·10 308 -1. 7. 10 308

-1. 1·10 4932 -1. 1. 10 4932

-2·10 63 -1-2. 10 63 +1

Мәнді цифрлары:

11 - 12

7 - 8

15 - 16

19 - 20

19 - 20

Өлшемі, байт:

6

4

8

10

8

Логикалық типтегі (BOOLEAN) шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.

Символдық типтегі ( CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы; `a`, `h`, `5`, `*` т. б.

Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Мысалы; `компьютер`, `университет`, `main`, `#&*` т. б.

Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәнін сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жай жақша ішіне жазылады.

Мысалы;

атау=(1- идентификатор, 2- идентификатор, . . . n- идентификатор) ;

kinder=(`дүйсенбі`, `сейсенбі`, . . . , `жексенбі`) ;

Идентификаторлар орналасқан орын бойынша 0-ден бастап нөмірленеді. Бір идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.

Диапазондық немесе ауқымдық тип. Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі.

Мысалы;

атау=<алғашқы мән>. . <соңғы мән>;

Программада мынадай шамалар кездесуі мүмкін:

Apta_kunderi = 1. . 7; Aj_kunderi = 1. . 31;

Бұл типтегі шамалар көрсетілген алғашқы және соңғы мәнге дейінгі немесе олардың арасында жататын кез келген бөлігін пайдалана алады.

2. Программа құрылымы.

Программа - белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Turbo Pascal тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білуі

қажет. Turbo Pascal тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:

Программа тақырыбы;

Сипаттау бөлімі;

begin

Орындалатын бөлім;

end.

  • Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады.

Мысалы: Program esep1 (input, output) ;

Мұндағы esep1 - программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы екінші бір

программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш. input, output - стандартты

енгізу, шығару файлы.

  • Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы типі, мүмкін болатын мәндері, т. б. хабарланады.
  • Орындалатын бөлімде begin және end қызметші сөздеріарасына операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, begin (ашылатын) және end (жабылатын) қызметші сөздерін операторлар жақшасы деп атаса да болады. Оператор - нұсқаулардың машиналық тілде жазылуы. Сонда әрбір оператор орындалуға қажетті әрекетті машинаға түсінікті түрде сипаттайды. Программаның бір жолына бірнеше операторларды жазуға болады. Олардың арасына (; ) нүктелі үтір таңбасы, ал программаның соңын көрсететін end сөзінен кейін (. ) нүкте қойылады. Программаның орындалатын бөлімінде жзылған операторлар тізбегі - программа денесі деп атаймыз.

2. 1 Программа бөлімдері.

Turbo Pascal тілінде программа төмендегі бөлімдерден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінде программа дайындау жолдары
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal программасының негізгі түсініктері
Объектілі бағдарланған программалау
Құрыдымдық типтер.жиындар
Turbo pascal программалау жүйесі туралы ақпарат
Турбо Паскаль бағдарламасының жазу ережелері, құрылымы және тілдің әліпбиі
Турбо Паскаль тілінде программалау
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz