Кәсіпорыннын жұмыс жоспары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Радиотехника және байланыс колледжі
Пән: Сала экономикасы және кәсіпкерліктің негізі пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпорыннын жұмыс жоспары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе4
Бизнес - жоспардың жалпы сипаттамасы6
1. 1 Бизнес - жоспардың теориялық мазмұны, мәні6
1. 2 Бизнес - жоспардың маңызы мен қажеттілігі8
2. 1 Бизнес - жоспардың құрылымына талдау12
2. 2 Бизнес - жоспардың жасалу жолдары, құрылымы12
2. 1 Бизнес - жоспардың негізгі көрсеткіштері және жоспарлауға әсер17
ететін негізгі факторлар17
2. Бизнес жобаның тиімділігін арттыру жолдары мен25
қаржылық тәуекел25
Қорытынды30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі31
Кіріспе
Қазақстандағы бизнес секторы қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына - жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы бизнес үлесіне тиетін, өнеркәсібі дамыған, елдеріндегідей сияқты болмағанымен, біздің елімізде шағын бизнес іскер әлемнің жаппай, қарқынды дамушы бөлігі болып отыр.
Жеке бизнестің басты ерекшелігі - кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жал пы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс.
Бизнес - пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғаның жауапкершілігімен жүзеге асады. Қандай шаруашылық ұйымы болсын, өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Қаншалықты шаруашылық жүргізуші ұйымдар тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қаржысы, бүгінгі күннің маңызды, әрі ағымдағы тақырыптың бірі. Себебі, шаруашылық жүргізуші субъектілер қазіргі кезде экономиканы дамытудың қозғаушы күші, яғни отандық тауар өндіру мен қызмет көрсетуде шаруашылық жүргізуші субъектілер халықтың сұранысын қанағаттандыруда, жұмыс орындары ашылып, бюджетке кіріс қаражаттары түсуде. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Яғни, кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы жалпы өндірістің қарқынды дамып, сапалы өнім өндіріп, тиімді қаржылық-экономикалық жоспарларды жүргізуді қаржылық басқарудың маңызы зор. Өндірісте қаржылық басқаруды тиімді, әрі сапалы жүргізе отырып мол қаржы капиталын, қаржы ресурстарын қалыптастыруға қол жеткізуге болады.
Бизнес-жоспар - кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат.
Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т. б. нақты көрсетіледі
Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар - бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жана сферасын қамтуға қажетті кәсіпрынның даму жоспары.
Бизнес-жоспарды жаңадан құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы мүмкін. Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да.
Оның себебі қарапайым - бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Жақсы бизнес- жоспар жақсы бастамаға ғана емес, келешектегі істің тұрақты жағдайына да кепілдік береді. Бизнес - жоспар жазу өз бизнесіңізді ұйымдастыру бойынша басқа да белсенді әрекеттер жасамай тұрып, бірінші істеу керек нәрсе. Көбі осы қадамды елемейді. Әрине, бизнес-жоспарсыз да бастауға болады. Кез келген саналы инвестор өзі қаражат салайын деп жоспарлаған кәсіпорынның бар өзгешеліктерін білгісі келеді.
Сондықтанда, курстық жұмыстың тақырыбы бизнес-жоспар қажеттілігі бүгінгі күннің ең маңызды, ағымдағы және сараптамаға көп түсетін тақырыптарының бірі.
Себебі, еліміздегі бизнес экономиканың, жалпы қоғамының негізгі қозғаушы күші, яғни бизнестің барлық саланы қамтып, қызмет түрлерін көрсету мен отандық тауарларды өндіруде маңызы артып отыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын ашуда келесідей міндеттер мен мақсаттар алға қойылып отыр:
- бизнес - жоспардың теориялық мазмұны, мәні ашу;
- бизнес - жоспардың маңызы мен қажеттілігін зерттеу;
- бизнес - жоспардың түрлері қарастыру;
- бизнес - жоспардың жасалу жолдарына талдау;
- бизнес - жоспардың негізгі көрсеткіштерін анықтау;
- бизнес-жоспарды құрылымына әсер ететін негізгі факторлар талдау жасау;
- бизнес жобаның тиімділігін арттыру жолдары мен қаржылық тәуекелділік деңгейін азайту тәсілдерін қарастыру.
Бизнес - жоспардың жалпы сипаттамасы
1. 1 Бизнес - жоспардың теориялық мазмұны, мәні
Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Біздің ойымызша, кәсіпкерге ең алдымен бизнес-жоспарды өзіне арнап жасап алу керек. Алайда егер несие алып немесе инвесторды тарту мүмкіндігі болып отырса, онда бизнес-жоспардың мазмұны осы топтардың мүддесіне де сай болуы тиіс.
Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы және оның толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін әзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен және сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар әзірленуі тиіс. Егер де әңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.
Бизнес-жоспардың құрамы сонымен қатар көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бәсекелестердің бар-жоғына және құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді. Загрузка . . . Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады. Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі - сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек. Жоспарлау - болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгеріп отырады, өйткені экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен әлсіз және күшті жақтарын сенуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.
Сонымен, бизнес-жоспар - бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал. Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.
Барлық меншік түрлерінің (формаларының) тендігі қағидасы бұл меншіктің әрбір жеке түрлерінід дамуына байланысты болады. Мүлік иесі өзінің қарамағындағы барлық мүлкін өзінің шешіміне қарай пайдаланады.
Қаржылық резервтердің болуы кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың қажетті қағидасы болып табылады. Басқарудың кез келген сатысында корпорацияда міндетті түрде резервтер құрылуы керек. Қаржылык резервтер әр түрлі әдістермен құрылуы мүмкін, мысалы қорлардың көлеміне байланысты пайыз, табыстардан - бекітілген нормативтер бойынша аударымдар арқылы жүргізіледі.
Қаржыны басқарудың тиянақты шешім стратегиясы 10-15 жыддарға арналған ауқымды мақсатты көздейді. Менеджерлер стратегаялық тұрғыда ойлай білуі тиіс. Тиімді менеджментте стратегияны жасау үшін 10 қозғаушы күшті пайдаланады: жаңа нарықтарды іздестіру; жаңа өнімдер мен көрсетілетін кызметтерді ойластыру; тұтынушылар үшін сервисті жақсарту; технологияны ойластыру; өнім мүмкіндігін жақсарту; өнім сапасын жақсарту; тарату тәсілдерін жақсарту; табиғи ресурстарды молайту; өндірісті және өсімді ұлғайту; күрделі каржы мен пайданың қайтарымын молайту.
Қаржылық жоспарлар өндірістік (бизнес-жоспарларды) жоспарларда көзделген шараларды ақшалай ресурстармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттің бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беру бағытталған. Қосымша - қаржы ресурстарды тарту үшін корпорациялар бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар) шығарады және қор биржалардың қызметіне қатысады. Айналым капиталының қорлану көздерінің меншікті және тартылған болып бөлінуі экономиканың арнайы салаларында өндірісті ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
1. 2 Бизнес - жоспардың маңызы мен қажеттілігі
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стаңдарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес - жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспардың маңыздылығы бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне саймасай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорыңдар қатынастарының барлык жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және зандық жоспарларды, тәуекелдікті бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды -өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын кіріктіреді. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша жасайды. Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіңдік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді:
- кәсіпорынның болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды, кәсіпкерлік қызметгің тәуелділігін төмендетеді;
- дамудың сандық және сапалық көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды;
- фирманың потенциалды инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және қызығушылығын тартады;
- жоспарлаудың бағалы тәжірибесін алуға көмектеседі, мекемеге және оның жұмыс ортасына деген болашақта көзқарасын дамытады.
Бизнес-жоспар инвесторлар және кәсіпкерлер арасындағы келіссөздерді бастаудың бастапқы тармағы болып табылады. Көбінесе бизнес-жоспар шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізу үшін қажет.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаны дәлелдеудің формасы ретінде бизнестің жоспарлық, қызметінің саласына техникалық - экономикалық дәлелдеуді бірте-бірте ығыстырады. Онда фирма қызметінің өндірістік және нарықтық, қаржылық және техникалық, ішкі және сыртқы аспектілеріне сәйкес келетін артықшылықтар қарастырылады.
Жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтініне баға беріп, оның нәтижелерін болжамдау үшін кәсіпкерге нақты қызметін бастаудан бұрын бизнес-жоспарды құру керек.
Бизнес-жоспар - бұл келешек бизнесіңізді жан-жақты толық сипаттау. Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды. Бизнес-жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
Бизнес-жоспар кәсіпкерге бизнес бойынша потенциалды серіктестеріне де, өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше әртүрлі себептер бар:
- Кәсібін бастайтындарға арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
- Істі ашу үшін не қажет?
- Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?
- Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.
- Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе әртүрлі бизнестер шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дәлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.
- Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кәсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар. Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспарәріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.
- Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кәсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уәде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.
- Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мәміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді. [2, 127б. ]
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:
- экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарыпкөрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында олардыкүтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріпбіле алмайды;
- шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және алдында болашақтағы шараларын жаңашакөзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;
- Инвестиция алу және әкономиканы көтеру үшін өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;
- Бизнес жоспардың мақсаты - кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:
- Болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және дамуперспективасын айқындау;
- Осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындардыбағалау және оларды тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетінтүсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығнанықтау;
- өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын-алаайқындау;
- өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндікберетін бақылау көрсеткіштерін анықтау;
- Бизнес-жоспар қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.
Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
- Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
- Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауғакөмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзегеасырылуына негіз болады.
- Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеументең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.
- Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыстұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тартунемесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.
- Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағандатабысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зерсалуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назардышоғырландыруға мүмкіндік береді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының, бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған) шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т. б. Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
Ұйымдарда стратегиялық жоспралаудың басты мақсаты оған жоғары рентабельдікті (нәтижелікті) қамтамасыз ететін бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу. Ұйымды басқару стратегиясы рынокта мүмкін болатын өзгерістерді есепке ала отырып, оның дамуының ұзақ мерзімді мақсаттары мен табыстылықтың өсу факторларын анықтауды білдіреді. Басқару стратегиясында корпорация дамуының ұзақ мерзімді міндеттері, сондай-ақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражаттар мен ресурстар көрініс табады. Сондай-ақ кәсіпорынның сыртқы жағдайлары мен потенциалды мүмкіндіктерін табу, оны жүзеге асырудың жағдайларын, жаңа өнімге, технологияға өту, басқару жүйесін, шаруашылық саясатын жүргізу шараларын ойластыру қажет. Стратегиялық басқарудың міндеті корпорацияны рыноктық жағдайлардың мүмкін болатын өзгерістеріне дайындау, кездейсоқ факторлардың қолайсыз әсерінен қорғау.
2. 1 Бизнес - жоспардың құрылымына талдау
2. 2 Бизнес - жоспардың жасалу жолдары, құрылымы
Ең алдымен бизнес-жоспарды құрастыруға кірісу үшін қажетті ақпараттың барлық жиынтығын алуымыз керек. Бизнес-жоспардың құрамы мен мазмұны шектелмеген.
Ол 6, 8, 10, 18 және тағы басқа бөлімдерден тұруы мүмкін. Бизнес-жоспар қаржы-экономикалық іс-әрекетте көрсеткіштерге жетуге бағытталған жоспардың бір түрі.
Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. Бұл тақырыпта тек шетелдерде ғана емес, сонымен қатар біздің елде де көптеген басылымдар мен кітаптардың жарыққа шығарылуы жай емес.
Бизнес-жоспардың бөлімдеріне бірден кіріспестен, олардың негізгі міндетін түсіну қажет.
Жоспарлау - менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді:
- фирма кандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен;
- қойылған мақсатқа қалай жетуге болады;
- тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz