Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары


1 Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары
1. 1 Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары
Жол қозғалысын ұйымдастырудың оперативті шараларын іске асырғанда аралықтар мен қиылыстарда көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қауіпсіз өтуінің шартына техникалық реттеудің техникалық құралдарын қолдану арқылы, атап айтқанда жол белгілерін, таңбалаулар, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер қоршаулары, ажыратқыш және бағыттайтын қондырғылар, қауіпсіздік аралдары арқылы қол жеткізуге болады.
Жол белгілеріне қойылатын бірінші техникалық талап шарттар 1926 жылы жасалған, ал 1935 жылдан бастап жүріс бөлігін белгілеу қолданыла бастады, бірінші бағдаршамдар 1930 жылы Мәскеу мен Ленинградта пайда болды.
Реттеудің техникалық құралдарын жіктеу. Реттеудің техникалық құралдары қолданылуы бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа көлік және жүргіншелер ағынына тікелей әсер ететін және олардың керекті параметрлерін анықтайтын техникалық құралдар жатады. Олар - жол белгілері, жол таңбалаулары, бағдаршамдар, бағыттайтын қондырғылар.
Екінші топқа бірінші топтың техникалық құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар жатады. Олар жол бақылаушылары, көлік детекторлары, хабар беретін және өңдейтін құралдар.
Жол белгілері және жол таңбалаулары барлық жол көше тораптарында қолданыс тапты. Бағыттайтын қондырғылар көше мен жол қиылыстары аймағында қолданылады. Бағдаршамдар көбінесе бір деңгейде қиылысатын көшелер аймағында және жаяу жүргіншілер ағыны күшті болғанда кейбір жағдайларда аралықта қолданылады (шақыру әрекеті бағдаршамдар) . Бақылаушылар қандай да бір объектіні басқаратын қондырғыны айтады. Олар шақыру әрекеті қатаң бағдарламалық реттеуде де, сондай ақ көлік ағынымен кері қайта байланыс болған кезде бейімделетін реттеу де қолданылады.
Көлік детекторлары деп берілген жол қиылысы көлік құралдарының өтуін байқап отыратын қондырғыларды айтады. Олар жол қозғалысын автоматты реттеу кезінде кері қайта байланыс жасау үшін қолданылады[1] .
1. 2 Жол қозғалысын жол белгілері арқылы реттеу
Жол белгілері - көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер[1] .
Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
- ескерту белгілері
- басымдылық белгілері
- тыйым салу белгілері
- міндеттеу белгілері
- ақпараттық-көрсеткіш белгілері
- қызмет көрсету белгілері
- қосымша тақтайшалар.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны - 12.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады[2] .
Жарықтандыру тәсілі бойынша жол белгілері келесі топқа бөлінеді: сырттан жарықтанатын, іштен жарықтанатын, жарықтандырылмаған.
Жол белгілері бір позициялы және көп позициялы (белгінің мағыналық мәліметі өзгеруі мүмкін) болуы мүмкін.
Жол белгілері былайша орналасуы мүмкін: жүріс бөлігінен оң жақта (тротуар, жиекте, жиектің арғы жағында) ; жол белгілерінен сол жақта - (айыратын жолақта, сол жақ жиекте) - қайталау белгілері; жүріс бөлігінен жоғары консольдар мен созғыштар көмегімен; жүріс бөлігі бетінде.
Жолдар қиылысы аймағында немесе түйісінде орналасқан жол белгілері жүргізушіге қозғалыс бағыттары мен артықшылықтары, жекелей маневрлерге тыйым салу және қозғалысты ұйымдастырудың басқа ерекшеліктері туралы анық мәлімет беруі керек. Жол жағдайына байланысты жүргінші алдында бұрылысы барын ескерту және шектеулер енгізу үшін жоспардағы қисықтар мен оларға таяу жерлерде әртүрлі жол белгілері қойылады. Егер көрініс қашықтығы жүріс бөлігінің ені, қисықтың радиусы, жүріс бөлігінің жағдайды қозғалыстың есептелген жылдамдығына сәйкес келмесе, онда жол бөлігі қауіпті деп есептеледі және жылдамдықты қауіпсіз шектерге дейін азайту қажет. Егер өрдің немесе ылдидың ұзындығы МЕСТ - 23457-86 айқындаған шамадан жоғары болса, онда қауіпсіздік шарты бойынша ылдидағы қозғалыс жылдамдығы рұқсат етілген шамадан артық болу қаупі туады, әсіресе өрде көріністің шектеулі жағдайында.
Жол белгісін орналастыратын жерді дұрыс таңдау жүргізушілердің көру қабілетінің ерекшеліктерімен, нақты бөліктегі көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы қарқындылығымeн анықталады. Жол белгісін орналастырғанда оның тұрақты, жақсы көрінуін және дегенде 100м қашықтықтан көру мәселесін беру қажет. Жол белгілерінің көрініс қашықтығы көптеген факторларға тәуелді. Дұрыс қабылдауға символ мен белгі шетінің қарсыластығы әсер етеді. Қарсыластық жоғары болған сайын, көрініс қашықтығы да жоғары болады.
Жол белгілерін қабылдау қабілеті кезінде мына жүйелілік байқалады: белгіні байқау, пішінін анықтау, түсін ажырату, мазмұнын қабылдау. Белгіні қабылдау тиімділігін бағалау критерийі белгінің ақпарат коэффициенті болып табылады:
мұнда белгіні байқаған мезеттен басталған уақыттан (T 1 - өңдеу уақыты, T 2 - интерпретация уақыты, T 3 - талдау уақыты, T 4 - шешім қабылдау уақыты, T 5 - кимылды орындау уақыты) белгімен міндеттелген қозғалыс режиміне көшуі мезетіне дейінгі уақыт; Т - белгіні байқаған мезеттен бастап белгінің әсер ететін аймағының мезетіне дейінгі белгіленген режимде көлік құралының қозғалыс уақыты. К≤1 кезінде белгі жүргізушілерді керекті мәліметпен уақытында қамтамасыз етеді[1] .
1. 3 Жол қозғалысын жол таңбаларымен реттеу
Жол таңбалаулары деп жүріс бөлігіндегі және жол құрылыстары элементтеріндегі сызықтар, жазулар мен басқа көрсеткіштерді айтамыз.
Жол таңбалары қозғалыс тәртібін анықтайды, жол құрылыстары габариттерін және жол бағытын көрсетеді, ол жеке жол белгілері және бағдаршамдармeн біргe қолданады. Таңбалар көлденең және тік болып бөлінеді.
Көлденең таңба тікелей жүретін бөлікке салынатын және ол қарама - қарсы бағыттағы көлік ағындарын айыру, қозғалыс жолағы мен жүретін бөліктің шетін белгілеу, тұрақ орны мен аялдауға болмайтын жерлер, жаяу жүргіншілер жолын белгілеу, көпшілік қолданатын көлік құралдарының аялдамасы, жолақтар бойымен қозғалыстың рұқсат етілген бағыттарын көрсету үшін қолданылады.
Тік таңба жол құрылыс элементтеріне, жол қондырғыларына, бордюрлерге, оларды тік бетін көрсету үшін бояумен немесе жарық шығыстыратын материалдардан жазылған сызықтар түрінде орындалады. Тік таңбаның негізгі міндеті - жүргізушіні қозғалысқа қауіп келтіретін қолдан жасалған құрылыстар туралы, жолдың қауіпті бөлігі, жергілікті қолдан жасаған кедергілер мен жүріс бөлігінің зақымдалған жерлері туралы мәлімет беру.
Жол таңбасының сипаты жүріс бөлігінің ені, қозғалыс жолағының саны, көлік құралдарының қозғалыс режимі және қозғалысты ұйымдастырудың қабылданған сұлбасымен анықталады.
Жол таңбасы қозғалысты реттеудің қарапайым және әсерлі құралы болып табылады. Оны қолдану жолдың өткізгіштік қабілетін ұлғайтады, жүретін бөліктің көрінісін жақсартады, әсіресе тәуліктің қараңғы кездерінде.
Таңбалары бояумен, пластикалық материалдармен, арнаулы кнопкалармен, түрлі - түсті бетондармен орындайды[3] .
Таңбаның жол белгілерінен мынандай артықшылықтары бар: көптеген километрлер бойымен мәлімет береді, жүргізушілерді сызықтар бағыттарымен, жолға түсірілген қосымша сызықтар немесе жазулар арқылы хабардар етеді.
Таңбалардың негізгі кемшілігі - олардың кірлеуі мен қар басуы, сондай ақ автомобиль шиналарымен тез өшуі жатады.
Ұзақ уақыт бойы жүріс бөлігін таңбалау сызықтарды қолмен салу процесінің үлкен еңбек шығыны және нитроэмальді бояулардың төзімсіздігінен жөнді дамымаған еді. Таңбалаудың жаңа мүмкіндіктері оны түсірудің механикалық материалдар қолдану нәтижесінде ашылды. Ось сызығының қызмет ету уақыты нитроэмальді бояумен орындалған жағдайда қозғалыс қарқындылығы 1 бірлік/тәулік болғанда 2 айдан аспайды. Пластикалық массалар нитроэмальді бояудан шамамен он есе төзімді, әрі күндіз, сондай - ақ тәуліктің қараңғы уақытында жақсырақ көрінеді[2] .
1. 4 Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралы - бағдаршам
Бағдаршам сигналы қозғалысқа қатысушыларға қиылыстарда немесе аралықта қозғалысқа рұқсат ету немесе тыйым салу туралы мәлімет береді. Бағдаршамдар үш түрге бөлінеді:
- Көліктік - көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу үшін;
- Жаяу жүргіншілер - тек қана жаяу жүргіншілер қозғалысын реттеу үшін;
- Арнаулы - реверсивті жолақтар бойымен қозғалысты, трамвай, троллейбустар және т. б. қозғалыстарды реттеу үшін.
Қазіргі кезде барлық елдер үшін бірдей орналасқан қызыл, сары, жасыл сигналдары бар көлік бағдаршамдарын қолданады. Ең көп тараған үш мәнді, үш секциялы бағдаршамдар болып табылады.
Бағдаршамдар орналастыру тәсілі бойынша аспалы, қалалық жарықтандыру мачталарында (діңгектерінде) , тіркеулерде, бағаналарда орналастырылған болып бөлінеді.
Реттелетін қиылыстың күрделілігіне байланысты бағдаршамдар бір бағыттағы, екі бағыттағы және көп бағыттағы болып бөлінеді.
Жаяу жүргіншілер бағдаршамдар әдетте, көлік бағдаршамдармен үйлестіріліп жұмыс істейді. Біздің елімізде қазіргі уақытта тұрған жаяу жүргінші қызыл символмен (тыйым салатын сигнал) және жүріп бара жатқан жаяу жүргінші (рүұсат ететін сигнал) жасыл символмен бейнеленген дөңгелек линзалы, екі секциялы жаяу жүргіншілер бағдаршамдары қолданылады.
Көлік құралдарының реверсивті жолақтар бойынша қозғалысын реттеу үшін екі сигналды бағдаршамдар қолданылады: жасыл, төмен бағытталған жебе түрінде, ол өзі тұрған жолақ бойымен қозғалуға рұқсат етеді; қызыл, екі қиылысатын көлбеу сызық түрінде бейнеленген, ол өзі орналасқан жолақ бойымен қозғалысқа тыйым салады. Сөніп тұрған бағдаршамдарда реверсивті жолаққа шығуға тыйым салынады.
Трамвайлар, троллейбустар, маршрутты атвобустар қозғалысын кәдімгі бағдаршамдармен қатар, ерекше пішінді, «Т» әрпі түрінде орналасқан ақшыл ай түсті төрт дөңгелек сигналды бағдаршамдармен реттелуі мүмкін, сигналдардың әр түрлі комбинацияда жануы бағыттар бойынша қозғалысқа рұқсат етеді немесе тыйым салады.
Бағдаршам сигналдарының көріну қашықтығы көптеген параметрлермен анықталады: өлшемімен, түсімен, сәулелену қарқындылығы, сыртқы жарық деңгейі, орналасу биіктігі. Біздің елімізде көлік бағдаршамдар кем дегенде 100м- лік көріністі қамтамасыз ету қажет.
Қолайсыз жағдайларда бағдаршамдар көрінісі нашарлайды. Мысалы, қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағ, ілінісу коэффициенті φ<0, 4 болғанда, бағдаршамның көрініс қашықтығы 120 м кем болмау керек.
Бағдаршам сигнализациясын енгізу аса қауіпті даулы нүктелерді алып тастайды, сонымен жол қауіпсіздігі артады. Сонымен қатар бағдаршамның қиылыстағы басты бағыт бойынша орналасуы көлік кідірісінің болуына әкеліп соғады, ол кейде едәуір деңгейде болады.
Сонымен бағдаршамды реттеуді енгізу үнемі пайдалы емес, ол ең алдымен, даулы ағындар қозғалысының қарқындылығына, ЖКО саны мен ауырлығына байланысты болады. Біздің елімізде бірқатар нормативті құжаттар қабылданған, қатаң режимде жұмыс істейтін бағдаршам сигналы егер мына шарттардың біреуі орындалса ғана қолданылады: минималды қозғалыс қарқындылығы, ол жұмыс күнінде басты, сонымен бірге екінші дәрежелі көшелерде (150 - 200 бірлік/сағ) қиын - қыстау қозғалыс қарқындылығының үйлесімі түрінде келтірілген (700 - 800 бірлік/сағ) ; жаяу жүргіншілер ағынының минималды қарқындылығы, ол даудағы көлік (600 - 1000 бірлік/сағ) және жаяу жүргіншілер (150 жаяу жүргіншілер/сағатына) ағындардың қиын - қыстау (критикалық) қарқындылығының үйлесімі түрінде берілген; ЖКО саны (жылына 3 - тен кем емес) ; шарттардың үйлесімі, егер бірінші және екінші шарттар толық орындалмаған болса, бірақ екеуінің де орындалысы 80% кем емес болғанда; егер тіпті барлық төрт шарт орындалмаған болса да қиылыс орналасқан магистральға үйлестірілген реттеу енгізілген кезде, келтірілген нормативті шарттар шетел тәжірибесі мен біздің жергілікті жағдайларды ескере отырып жасалған. Осы шарттарды орындау бағдаршамдық реттеуді енгізудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар бұл нормативтер тәжірибе жүзінде кездесетін алуан түрлі жағдайларды ескере отырып жасалған. Осы шарттарды орындау бағдаршамдық реттеуді енгізудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар бұл нормативтер тәжірибе жүзінде кездесетін алуан түрлі жағдайлардың бәрін қамти алмайды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген шарттарды бағдаршамды енгізудің белгісі ретінде қарастырғанда, әрбір нақты жағдайда техника - экономикалық талдау өткізу қажет.
Бағдаршам сигнализациясы жұмыс режимі такт, фаза және циклмен сипатталады.
Бағдаршам сигналдарының белгілі комбинациясы жұмыс істейтін уақыт кезеңін реттеу тактісі деп аталады. Фаза деп негізгі және қосалқы тактілерінің жиынтығын айтамыз. Цикл - кезең, оның ішінде фазалар кезектесуінің толық айналымы болады. Тактілер негізгі және қосалқы (аралық) болуы мүмкін. Негізгі такт уақытында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кейбір топтарының қозғалысы рұқсат етіледі ( тыйым салынады) .
Қосалқы такт қозғалысқа қатысушылардың келесі тобына жүріс құқығын беруге дайындық жасау үшін қызмет етеді.
Әдетте қосалқы такт бұрын (негізгі такт уақытындa) қозғалыс іске асырылған бағытта сары сигналмен белгіленеді.
Қарапайым, түзу бағыттағы қозғалыс басым болған жағдайда көлік құралдарын жүргізу екі фазалы цикл бойынша ұйымдастырылады.
Даулы нүктелердің сипаты мен бағыттары бойынша қозғалыс көлемінің қатынасына байланысты үш фазалы және көп фазалы (төрт фазалы және одан көп) реттеулер ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ фаза сандарының ұлғаюы кідірістердің ұлғаюына әкеліп соғатынын ескеру қажет, демек қиылыстың өткізгіштік қабілеті азаяды[1] .
Сурет 1. 2 - Бағдаршамның түрлері
1. 5 Қозғалысты басқарудың автоматты жүйелері (ҚБАЖ)
Қозғалысты ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру мәселесін шешуде қозғалысты басқарудың автоматты жүйелері (ҚБАЖ) маңызды орынға ие, ол қозғалыс процесін оңтайландыру және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін арттырудың тиімді, ал кейде жалғыз құралы болып табылады. ҚБАЖ көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге оңтайлыға таяу қозғалыс режимін тағайындау мақсатымен көп позициялық жол белгілері мен светофорды ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін арналған.
Қозғалыстың жағдайы мен сипаттары туралы ақпарат тікелей қиылыстарда көлік детекторларымен өлшенеді, теледидарлық байланыс линиялары арқылы жүйенің орталық басқару пунктіне беріледі, онда диспетчермен немесе ЭЕМ арқылы басқаратын әсерлер өндіріледі, олар атқарушы қондырғылар көлік бақылаушыларына түседі. Көлік бақылаушылары тікелей жол қозғалысына қатысушыларға қозғалыс режимін көрсететін бағдаршам сигнализациясын, көп позициялық жол белгілері мен таблоларын ауыстырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz