Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары



I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1) Үнді дініндегі екі негізгі діни.философиялық ағым.
2) Астика түсінігі және оны ұстанушылар.
3) Настика түсінігі және оны ұстанушылар.
III) Қорытынды
IV) Қосымшалар
1) Глоссарий.
2) Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Жалпы адмазат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсінндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен оларрдың арасындағы өзгерістерді сиқылы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау-абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүние-танымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалыптасуына қажеттіі алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде, кезінде жоғғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған Шығыс елдерінің философиялық ілімдері қалыптасты.
Б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде үнді жеріне арийлер (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан еніп, оларды басып алды. Арейлер билікке келгеннен кейін ежелгі Үндістанда қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына таптық жіктелу – варна немесе каста пайда болды. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскер бассылар), вайшьилер (ауқтты шшаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған. Әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге әскери қызмет, вайшьилерге – ауыл-шаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үннді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда жинақталған. Ведалар – қазіргі таңда индуизм атымен белгілі болып отырған діни сенімнің ең ерте жазбалары, б.з.д 1200-1000 жылдарда пайда болған деп саналады. Олар төрт бөлімнен тұрады: 1. Самхит – құдайларға арналған гиммндер жинағы. 2. Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б.. 3. Араньякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас.
1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.
3. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
4. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.
5. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары

Мазмұны
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1) Үнді дініндегі екі негізгі діни-философиялық ағым.
2) Астика түсінігі және оны ұстанушылар.
3) Настика түсінігі және оны ұстанушылар.
III) Қорытынды
IV) Қосымшалар
1) Глоссарий.
2) Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Жалпы адмазат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсінндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен оларрдың арасындағы өзгерістерді сиқылы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау-абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүние-танымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалыптасуына қажеттіі алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде, кезінде жоғғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған Шығыс елдерінің философиялық ілімдері қалыптасты.
Б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде үнді жеріне арийлер (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан еніп, оларды басып алды. Арейлер билікке келгеннен кейін ежелгі Үндістанда қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оның орнына таптық жіктелу - варна немесе каста пайда болды. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскер бассылар), вайшьилер (ауқтты шшаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған. Әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әртүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшатрийлерге әскери қызмет, вайшьилерге - ауыл-шаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үннді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда жинақталған. Ведалар - қазіргі таңда индуизм атымен белгілі болып отырған діни сенімнің ең ерте жазбалары, б.з.д 1200-1000 жылдарда пайда болған деп саналады. Олар төрт бөлімнен тұрады: 1. Самхит - құдайларға арналған гиммндер жинағы. 2. Брахман - самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б.. 3. Араньякта (Орман кітабы) - брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы Упанишадта дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады. Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі-мәнділік - Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, Брахман - бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін. Ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар, синоним ретінде, атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухы атман - тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол - саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі - пуруша және мен. Пуруша (еркек) - ол әлем, адам түріндегі әлем. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады. Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі қолы мен аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы-Брахманға, қолы - кшатриге, бөксесі - вайшьиге, аяғы - шудраға айналды. Ай - ойынан, күн - көзінен, кіндігінен - кеңістік, тынысынан - жыл, басынан - аспан, аяғынан - жер. Осылай дүние келді,- дейді Ригведа. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, мен әлемді жаратамын деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта менді брахманмен, атманмен тең деп деп түсіндіргенде ғана, адам өзін Құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп түсінеді. Ал мен бір бөлек, брахман, атман бір бөлек деп түсінетін болсақ, ол білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тіккелей құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты - тірі кезінде атман - брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншылықтан тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп-білген адам нағыз брахман болып, Құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы - ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Сол заманда осы Ведаларды мойындайтын және мойындамайтын екі түрлі діни-философиялық ағымдар (дашандар) қалыптасты.
Ол ағымдар астика (ортодоксальды) және настика (ортодоксальды емес) деп аталады.

Астика түсінігі және оны ұстанушылар

Астика (ежелгі санскрит тілінде асти - бар) бағыты - ведалардың беделін қабылдаған, мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға веданта, миманса, санкхья, ньяя, йога және вайшешика мектептері жатады.
Веданта - (санскрит тілінде - Ведалардың соңы, қорытындысы) - үнді діни-философиялық ойларының шамамен VII-VIII ғғ. қалыптасқан ең бір ықпалды бағыты.
Ведантаның қағидалар мен ережелерінің басты бөлігі - Упанишадаларға айрықша көзқарасы бұл мәтіндердің оның өзі дайындаған тәсілдерінде көрінеді. Бірінші тәсіл - шравана (тыңдау), Упанишаданың барлық өсиет- нақылдырың Брахманға бағытталғандай етіп түсіндіру. Екінші тәсіл - манана (ой толғанысы), яғни айтылған пікірлер арасында байқалғандай болған қарама-қайшылықтарды жою үшін нақты тұжырымдарды пайдалану. Үшінші тәсіл - нидидхьясана (терең медитация), яғни ілімді қызғыштай қорғайтын сананы Брахманға әкеп топтастыруға мүмкіндік беретін тәсіл. Шрути мәтіндерінің мұндай үйлесімділігіне (саманвай) жету барысында негізгі бағдар болып ұлы өсиет-нақылдар (Маха-вакья) алынады.
Сонымен, веданта - өзіндік дара және өзіндік ештеңесі жоқ, дара емес бастаулардың, яғни Брахман мен Атманның бірлігі, тұтастығы жайлы ілім.
Миманса (санскрит тілінде - ой толғауы, зерттеу) - III ғасырда пайда болған. Дәлірек айтқанда, уттардан немесе веданта деп жорамалданатын екінші мимансадан ажырату үшін, мимансаны пурва-миманса немесе бірінші миманса деп атау қалыптасқан. Онық жолын қуушылардың пікірінше, ведалар толық мағынасында аян болып табылмайды және олардың ішіндегі діни және философиялық қағидалар қисынды негізге келтірілуі қажет.
Ілім негізінде кемел күйден - мокшадан - түбегейді азат болуды білімдер және қандай да бір саналы күш салу арқылы ұтымды түсіндіру немесе қол жеткізу мүмкін емес деген сенім жатыр. Негізігі назар қоғамдық және діни міндет - дхарманы мүлтіксіз орындауға аударылуы тиіс. Яғни, дхарма жолымен жүрудің өзі түпкілікті азат болуға жеткізеді.
Санкхиья (санскрит тілінде - есептеу деген мағына береді) - бұл б.з.д. VIII-VII ғғ. шамасында пайда болған онтологиялық және ғарыштық дуализімнің өзіндік моделін әзірлеген бағыт.
Бұл ілім бойынша, әлемнің екі бастауы бар: үш қасиеттен - саттва (анықтық, жарық), тамас (ауыртпалық, енжарлық), раджас (белсенділік) тұратын алғашқы материя (пракрити) және рухани бастау (пуруша - сана). Пракрити мен пурушаның өзара іс-әрекеттері ғарыштық және жеке тұлғаның бастауы болып табылады.
Санкхья - негізделген басты принціп - күйзелісті толық тыю. Бұл йога арқылы жүзеге асады. Адамдардың негізгі мақсаты, - деп жариялады санкхьянын негізін салушы болып саналатын дана Капила, - күйініш, жан азабын тоқтату . Философиялық және рухани мағынада жан азабын қанағаттанбаушылықты түйсіну керек. Ол тіпті де тән азабымен байланысты емес. яғни, руханилықтан азат болу, нирванаға немесе мокшаға қол жеткізу.
Иог жүйесі. Б.з.д VI-III ғасырларда ертедегі үнді ойшылы Патанджали Йога-сутрада үнді діни философиясы мен рәсімінің жаңа түрі мен бағыты-йог жүйесі ұсынылады. Йог жүйесінің санкхьядан айырмашылығы сол, ол веданың абстрактілі спекулятивті деңгейінен гөрі, ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршіліктеүйретуге ерекше мән берді. Йог жүйесі рухты дене арқылыдененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және пракикалық негізімен тартымды.
Йог жүйесіндегі басты мәселе-жаттығу тәсілдері мен практикасы, сол арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йог жүйесінің кешенді нақты тәсілдері мен әдістерін меңгеру үшін үйренушіден ұстамдылық, табандылық, қатаң тәртіппті орындау, үнемі жаттығу, организм мен оның физиологиялық мүмкіндік ерік жігеріне бағындыру сияқты күрделі психотехникалық белсенділікті ұйымдастыру және жүзеге асыру керек болды.
Йоганың мақсаты-тән мен жанның үйлесіміне жету, денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Йоганың мәнісі рухты шектеуліктен азат ету арқылы карма жайсансара заңдылығынан биіктеу барысында айқындалады. Йога жүйесінің ортақ мәселелерін жүзеге асырудың өзіндік түрлері бар. Олардың қатарында: джнана йогасы, Оның мақсаты-әлгі байланысын тану арқылы атманды дене бұғауынан босату, ақыл ой арқылы жан-тән бостандығын иемдену;
Раджа йогасы-жаңарудың сегіздік амалы арқылы рухты тазарту, босату, бостандыққа жеткізу.
Бханти йогасы- Ұлы санатты пайымға ұмтылу;
Карма йогасы-халыққа ерікті түрде өз пайдасын көздемей, қызмет ету және әркімнің өз өмірін жеңіл-желпі азаппен өткізуге тырысу.
Хатха йогасы- практикалық йога. Онда денені және психикалық шынығу, (тренинг жолдарына ерекше мән береді. Хатха йогасы жүйесінде өзін-өзі дайындау және жаттықтырудың сегіз түрі мен тәсілі кезігеді:
1. Сабырлылық (яма). Барлық нәрседе, әр жағдайда өзін ұстай білу, киім қумай, тұрмыс мүлкіне беріле қызықпай, құмарлыққа салынбай, өзін бірқалыпты төзімділікте ұстау. Ахимса талабын орындау, яғни біреуге жамандық жасамау, күш-қуаты текке, талан-таражға салмау.
2. Ұйғарым-жарлықты орындау(нияма). Алдымен ахимеа принципіне қатысты-ешкімді өлтірмеу, ешкімге зиян келтірмеу. Адамның сөзін, ойын, мінез-құлқын үйлеімге келтіретн күллі ұйғарым-жарлықты орындау.
3. Дене-тәннді жаттықтыру (асана). Денені шынықтыратын , дене қимиылын басқаруға үйрететін организмнің әр мүшесін икемділікке тәрбиелейтін қимыл-әрекетті жинақтау және орындау.
4. Тныс алуды реттеу (пранаяма) Бірқалыпты баяу, терең тыныстана білу, дұрыс тыныс алуды ұйрену.
5. Сезіну тәртібі (пратьяхара) Қажет дегенде сезім органдарының қызметін тоқтату қабілеті, сыртқы тітіркеніштерге көңіл бөлмеу. Йог дәстүріне нағыз берілгендердің бойында тың қасиеттер қалыптасады, күш алады. Мысалға, олар жалаңаш денесімен қарда аунаса да, суықтытқты бірден сезінбей, оған тез арада үсімейді, ащы тамақты жеп шайнаса да, ащылық дәмін сезбейдің керек дегенде, айқай-шудағы жарамсыз дыбыстарды естімейді.
6. Ақыл-парасат тәртібі (дхарана). Өз санасын реттеу және оған ықпал ету өнерін дұрыс игеру. Содан өз ойын таңдаған объектіге шоғырландыра алады. Мұны абсолютпен үйлесуге бетбұрыс, алғашқы қадам дерлік.
7. Пайымдау (дхиана) - Абсолютпен араласудың келесі қадамы. Бір ойға шоғырланған сезімдік күй біртіндеп назарын басқаға айдарады, дерексізденеді., иррациональді сипат алады. Дерексіздік пен иррационалдықтың түпнегізін байқай, әсірелей отырып, иллюзорлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте Үнді философиясы
Шығыс философиясы тарихындағы сенім
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Үнді діні
Ведалардың жазылу тарихы
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі жайлы
Үнді философиясы мәдениеті
Көне үнді философиясының ерекшелгі
Нирвана теориясы
Буддизм философиясы
Пәндер