«Суицид індеті»



1 Суицид індеті
2 Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың факторлары
3 Психикалық бұзылыстар көріністері
4 Қазақстанда кісі өлтіруден өзін.өзі өлтірушілер
Суицид (лат.: suicaedere — өзін өлтіру) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.Қазіргі кезде адамзаттың өз өміріне балта шабуы-қоғам дертіне айналып барады.Мәселені осы жерден бір қайыра тұрып, суицид сөзінің қашан, қайдан енгеніне тоқтала кетсек. Бұл терминді 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен енгізген. Ол бұған «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» деп түсінік береді. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады. Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл-қыздардың арасында кездеседі. Жеткіншеккезеңде суициалдық мінез-құлықтыңкейбірөзгешеліктері болады.
Жеткіншектерарасындаересектергеқарағандаөзін-өзіөлтіругеәрекет жасау жиікездеседі. Бірақ олардың азғанабөлігіөздерініңқойғанмақсатынажетеді.Суициалдықмінез-құлықбұлжаста көп жағдайдадемонстративтіксипат,сонымен бірге байбаламдықсипаталады.Психолог-ғалымА.Е.Личконыңкөрсеткеніндей, тек қанажеткіншектердің 10 пайызышынайыөлгісікелетінниетбілдірсе, ал 90 пайызыкөмеккешақырғанжан-айқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардыңбарлығында психолог пен отбасыныңкөмегі қажет. Өкінішкеорай, көпшілік психолог қызметінің не екеніне және оның не үшін қажеттігінемәнберебермейді. Психологты көп жағдайдапсихиатрменшатастырады, сондықтан да оның алдынабаруғаұялады. Ал бұлекеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр аурулардыемдейді, ал психолог – психикалықтұрғыдансауадамдарғакеңесберіпкезіккенмұқтаждықтаншығуғакөмектеседі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Семей медициналық колледж мекемесі.

РЕФЕРАТ
Тақырып: Суицид індеті

2016-2017 оқу жылы
Суицид індеті
Суицид (лат.: sui caedere -- өзін өлтіру) -- адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.Қазіргі кезде адамзаттың өз өміріне балта шабуы-қоғам дертіне айналып барады.Мәселені осы жерден бір қайыра тұрып, суицид сөзінің қашан, қайдан енгеніне тоқтала кетсек. Бұл терминді 1947 жылы итальян психологы Г.Дэзен енгізген. Ол бұған өзін-өзі өлтіруге әрекет ету деп түсінік береді. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады. Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы. Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл-қыздардың арасында кездеседі. Жеткіншек кезеңде суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады.
Жеткіншектер арасында ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді.Суициалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат,сонымен бірге байбаламдық сипат алады.Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жеткіншектердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екеніне және оның не үшін қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог - психикалық тұрғыдан сау адамдарға кеңес беріп кезіккен мұқтаждықтан шығуға көмектеседі. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, жеткіншек шақтағы жастарға, оқушыларға кез-келген жағдайда жайменен түсіндіру қажет. Және ата-ана өз балаларының жағдайларына жеткіншек шағында көбірек көңіл бөлуі қажет.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тұқым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем-дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық,келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог,психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жасап,арнайы жұмыстар жүргізеді. Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады Бүгінде адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өз өмірін қиған оқиғасы туралы жиі естуге болады. Аталарымыздың ғасырдан бері келе жатқан құдай өзі берген жанын өзі ғана ала алады деген ежелгі қағидасына қарсы шығып, адамдардың өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қоштасуының сыры неде?
Медициналық - психологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда, оның сыры да, себептері де көп көрінеді. Ал, жалпы адамның өзіне өзі қол жұмсауы ғылымда Суицид деп аталады. Суицид - ішкі эмоционалды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз. Психологиялық сөздікте суицид-ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал ретінде түсіндірілді. Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. Өз-өзіне қол жұмсау яғни суицид табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесетіні дәлелденді. Сәуір - ең қатыгез ай - деген американ ақыны Томас Эллиот. Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен 120% жоғары болатын көрінеді.
Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:
1. Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі;
2. Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;
:: Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;
:: Келешекке деген жоспардың болмауы;
:: Өз күйзеліс жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.
2. Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера
:: Жұмыссыздық, кедейшілік (материалдық жағдайдың жетіспеуі);
:: Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;
:: Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы (өзара жиі конфликт, ұрыс-керіс);
:: Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б. Өзіндік менінің төмендегі немесе жоғарлы, сыртқы ортаның қысымы және т.б.

Адам уақытта өмір қағидаларына мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі. Өмір сүру жауапкершілігінен қашып, суицидтік іс-әрекеттің шырмауына жүрген жандарды қалай анықтауға болады?
:: Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш, монотонды дауыс;
:: Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;
:: Іс-шарасыздық, қарым-қатынастан қашқақтау.
Психикалық бұзылыстар көріністері:
:: Жылауықтық;
:: Ауыздың кебуі;
:: Тахикардия;
:: Демнің жетпеуі;
:: Бас аурудың жиілігі;
:: Дене салмағының азаюы;
:: Тәбеттің қашуы;
:: Кеуденің ауырлығы.
Социология, психология мен медицина және демография мен психиатрияның тоғысында пайда болған суицидалогия өзін-өзі өлтіруге баратын адамның ерекшелігін, оның әрекеті мен себептерін зерттейді.
Жиырмасыншы ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд суицидтің себебін ызақорлықпен, агрессиямен түсіндірсе, америкалық психолог Карл Менниндер оны өш алу, жеккөрушілікпен, тұйыққа тірелумен және кінәлі сезімнің күштілігімен байланыстырған. Әлбетте, суицид термині бертінде пайда болғанымен, өзіне өзі қол салу адамзатпен бірге жасап келеді. Өзін-өзі өлтіргендердің мәйітін өртеп жіберу ежелгі Грекия, Спарта, Афинада болса, орта ғасырлық Австрия мен Францияда оларды діни көзқарас бойынша қылмыскер санаған. Адамға өмір берген Алла ғана оның жанын ала алатынын ескерсек, Ислам дінінде де өзін-өзі өлтірудің күнә екендігін бағамдаймыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: Кімде-кім өзін өзі қандай да бір темірмен өлтірсе, жаһаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін-өзі түйреумен болады. Ал, кімде-кім у ішіп өлсе, жаһаннам отында мәңгілік у ішумен болады. Ал, кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады деп өз өмірін өзі қиғандарды ақыретте не күтіп тұрғандығынан хабар береді.

Тұлғаның дағдарысқа ұшырауы, басқа адамдармен тіл табыса алмауы, жеке адам ретінде даму мүмкіндігінің болмауы суицидке соқпақ салатындығы отандық психологтардың пікірі. Өзіне өзі қол салуға итермелейтін психологиялық өзгерістерге сыртқы қоршаған ортаның, әлеуметтік факторлардың және басқа түйткілдердің себеп болып жататындығы тағы аян. Жастардың арасындағы ақша бопсалау, әскердегі әлімжеттік, жігітінің тастап кетуі, қоғам мен отбасында өзін жалғыз сезіну және басқа жағдайлардың да бұған ықпал ететінін естен шығармауымыз керек.
Ғалымдардың айтуынша суицидтің үш түрі бар.
Біріншісі - шынайы суицид
Екінші түрі - жасырын суицид
Үшінші түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Жастардың сөйлеу мәдениеті
Суицид
Фаталистік суицид
Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде, оның мәні мен мазмұны
Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері
Суицид дерті, оның алу жолдары
Шынайы суицид
Пәндер