Философияның негізгі бағыттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Философияның негізгі бағыттары
2. Онтологиялық көзқарасқа байланысты қалыптасқан бағыттар
3. Гносеологиялық көзқарасқа байланысты қалыптасқан бағыттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң, олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған, адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы – қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып, оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени деңгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып, өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiну, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз – айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас –сезiмнен, нанымнан, танымнан тұрады. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
1. Альжанова У.К., Бегалинова К.К. История философии. Алматы 2001.
2. Ғабитов Т. Х. Философия Алматы 2005.
3. Әбішев Қ. Философия. Алматы 2001.
4. Бегалинова К.К. История восточной философии. Семипалатинск 2000.
5. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұқамбетәли. Филолсофия тарихы. Алматы 1999.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Философияның негізгі бағыттары
2. Онтологиялық көзқарасқа байланысты қалыптасқан бағыттар
3. Гносеологиялық көзқарасқа байланысты қалыптасқан бағыттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау - эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады, бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң, олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған, адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы - қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып, оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени деңгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай, әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып, өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын, өз дүниетанымын құрастырыды. Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiну, оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз - айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас - сезiмнен, нанымнан, танымнан тұрады. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін - бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.

1. Философияның негізгі бағыттары

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары - философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; антропология - адам туралы ілім; логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы - ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды. Екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ - Дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя немесе сана, рух па?! деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм, деизм саналады.
Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) - дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама - идея, сана. Материалистер үшін - материя алғашқы бастама болып табылады.
Дуализм (лат. Duo - екеу) - монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.
Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. ағылшын философы, лорд Чербери.
Деизм жақтаушылары (негізінен VIII ғасырдағы француз ағартушылары) Құдайдың бар екенін мойындағанмен дүниені жаратқаны болмаса жаратушы Құдай одан кейінгі дүние дамуына, адамдар әрекеті мен тағдырына қатыспайды деп түсінетін философиялық бағыт. Яғни, адамгершілік символы ретінде ғана болмаса, ешбір билігі, құзыры жоқ Құдайды мойындау. Сонымен қатар деистер материяны жанды деп есептейді және материя мен рухты (сананы) қарсы қоймайды.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.
Гностицизм (гр. gnostos - білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм (гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.
Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.
Диалектика (гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) - обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).
Метафизика. Ерте заманда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
Философиялық білімнің ерекшелігі
Философия мен мәдениет
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Қазақ философиясы қалыптасуы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Философияның даму тарихы
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Пәндер