Дәнді дақылдардың химиялық құрамы, ассортименті және сапасына қойылатын талаптар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қарастылатын сұрақтар:

1. Дәнді дақылдардың жіктелуі
2. Астық дақылдарының химиялық құрамы
3. Дәнді дақылдардың сапасын бағалау
4. Қазақстандағы астық дақылдарының сорттары

Сабақтың мақсаты: Дәнді дақылдардың химиялық құрамы, ассортименті және сапасына қойылатын талаптарды оқып үйрену.

Дәнді дақылдар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем. Дәнді дақылдарда ақуыз бен көмірсулар көп, сондай-ақ ферменттер, В тобындағы дәрумендері, А провитамині бар. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық концентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.

Дәнді дақылдардың жіктелуі;

Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар. Астық тұқымдастардың копшілігі азықтық өсімдіктер. Консистенциясы бойыншы құрғақ шикізаттарға жатады.

1. Әдеттегідей астыққа; бидай, қарабидай, сұлы, арпа жатады, олардың дәндерінің формасы ұршық немесе сопақтау болып келеді.

2. Тары тәрізді астыққа; жүгері, тары, күріш жатады, олардың дәндері ұзыншақ, шар тәрізді, ретсіз формада болады.

Астық дақылдарының химиялық құрамы;

Химиялық құрамы

Су. Астық дақылдарындағы су байланысқан болады, сондықтан биохимиялық процестер жай өтеді де, сақтау кезінде тұрақты болады және ұзақ мерзім өз тағамдық құндылығын сақтайды. Құрғақ дәнде су 12-14% ке дейін болады.

Көмірсулар. Өндірілетін өнімнің тұтынушылық қасиетіне әсер етеді. Сіңірілетін көмірсуларға; крахмал және жай қанттар жатады Адам организмі үшін энергияның негізгі көзі.

Крахмал. Көмірсудың негігі өкілі крахмал болып табылады Крахмалдыңмаңызды қасиеттері суда ерімейді, ал ыстық суда ісініп клейстерге айналуы, клейстердің жоғары тұтқырлығы, синерезиске ұзақ мерзім тұрақтылығы болып табылады.

Қант. Дәндерде 2-5% қант болады, оларға глюкоза, фруктоза, мальтоза, сахароза жатады.

Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.

Бірінші топтағы дәнді дақылдар. Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.

Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.

Жаздық дәнді дақылдар

Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.

Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:

Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.

Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.

Күздік дәнді дақылдар

Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.

Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.

Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т. б. ) . Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек

Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Астық дақылдары дәндерінің құрамы

Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13, 8-20, 0% болса, ал күріш дәнінде 6, 7-7, 6% ғана болады.

Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1, 5-3, 0%, ал көмірсутегі 67, 8-80, 9% шамасында болады.

Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.

Дәнді дақылдардың өсіп-дамуы

Тұқымнан өніп, көктеп шыққанна дәннің пісіп детілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды.

Дәнді масақты дақылдар өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және даму сатыларынан өтеді. Олар:

тұқымның бөртуі және өнуі

көктеу

түптену

түтік шығару

масақтану (шашақ бас шығару)

гүлдену

пісу (сүттеніп, қамырланып және толық пісуі)

Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы морфологиялық өзгерістер байқалады.

Дәнді дақылдардың сапасын бағалау

Дәнді дақылдардың сапасын бағалау оның қолдануға жарамдылық дәрежесін, сақтауға тұрақтылығын, технологиялық қасиеттерін анықтауға, тасымалдауға, сақтауды, өңдеуді дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Органалептикалық бағалау, ластануы, зақымдануы, кез-келген дәнді дақыл стандартына енгізілген және кез-келген дақыл түрін дайындағанда анықталады.

Ылғалдылық; Мемлекеттік стандарт бойынша дәнді дақылдарды ылғалдылық бойынша 4 топқа бөледі; құрғақ (14%-ке дейін) , орташа құрғақ (14-15, 5%), ылғалды (15, 5-17%) және шикі (17% және одан жоғары) .

Тұқымның бөртуі және өнуі

Топыраққа сіңірілген тұқым өну үшін алдымен бөртеді. Бөртуге негізінен ылғал, жылу және ауа қажет. Дәннің құрамындағы ақуыз, май, көмірсутегінің мөлшеріне байланысты олардың бөртуіне әр түрлі мөлшерде ылғал қажет. Мысалы, бидай тұқымының бөртуі үшін оның құрғақ ауа салмағының 56%-ына тең ылғал қажет, ал асбұршақ тұқымының бөртуіне 50% ылғал қажет, ал дәнінде ақуызы көп асбұршаққа бұдан екі-үш есе артық ылғал керек. Дәннің өнуіне қажетті температура да екі топтағы астық дақылдары үшін әр түрлі.

Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің өнуіне ең кемінде температура 1-3°С болуы тиіс, жүгері үшін бұл көрсеткіш 7-8°С, күріште 11-12°С-қа тең. Бірінші топтағы астық дақылдары дәндерінің көктеуі үшін ең қолайлы температура 6-12°С, ал екінші топтағы дақылдар үшін 18-22°С болып табылады.

Көктеу және Түптену

Жеткілікті мөлшерде ылғал, қолайлы температура болса, бөрткен дәннен алдымен тұқым тамыршалары, одан кейін ұрықтың сабағы өседі.

Ұрық сабағының ұшында оны бүлінуден сақтайтын жұқа мөлдір қынап (колеоптиль) болады. Жер бетіне шыққаннан кейін, күн сәулесінен колеоптиль жарылып, оның ішінен бірінші жасыл жапырақ пайда болады. Мұны өсімдіктің көктеу сатысы дейді.

Түтік шығару, Масақтану, Гүлдену

Түптенуден 10-15 күн өткен соң, түтік шығару сатысы басталады. Оны топырақтың беткі қабатынан 5 см биіктікте бірінші сабақ буынының пайда болуы арқылы анықтауға болады. Өсімдіктің қарқынды өсуінің арқасында оның буын аралықтары ұзара бастайды. Дәнді дақылдарда 5-6 буын аралық, ал жүгеріде ол 15-ке дейін жетуі мүмкін.

Масақтану сатысының басталуы сабақтың жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғырының жартысының шығуына сәйкес келеді. Тары тәріздес дәнді дақылдарда бұл саты шашақ бас шығару деп аталады. Бұс сатыда өсімдіктер топырақта ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың және жарықтың мол болуын қажет етеді.

Көптеген дәнді дақылдар масақтанған соң бірнеше күннен кейін гүлдейді, содан кейін тозаңданады. Олар екіге бөлінеді: өздігінен тозаңданатындар - бидай, арпа, тары, күріш айқас тозаңданатындар - қарабидай, жүгері, қонақ жүгері. Бидай, арпа, сұлы, қарабидай дақылдарының жақсы гүлденуіне 15-20°С қолайлы болса, ал жүгері, тары, қонақ жүгері, күріш дақылдары үшін бұл көрсеткіш 20-25°С тең.

Дәннің толысуы және пісуі

Дәннің пісіп-жетілуі көптеген жағдайда, оның ішінде ауа райына, топырақтың гранулометриялық құрамына және басқаларға байланысты. Дәннің пісіп-жетілуін үш кезеңге бөледі: Сүттеніп пісу кезеңінде дән жұмсақ, түсі жасыл, іші сүт тәрізді қоймалжың затқа толы, дәннің ылғалдылығы 50% болады; Қамырланып пісу - дәннің эндоспермасы балауызданады, оған тырнақпен із қалдыруға болады, дәннің ылғалдылығы 30%-ға дейін; Толық пісу кезінде дән эндоспермасы қатты, оны бөлгенде іші ұн тәріздес немесе шыны түсті. Дәннің ылғалдылығы ауа райына байланысты 14-22% аралығында болады.

Бидай

Бидай (лат. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.

Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай сұрыптары құрамындағы эндосперманың (80-84%) мөлшеріне байланысты бағаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Тамақ өнімдерінің сапасын бағалауға қолданылатын зертханалық құрал- жабдықтар
Нан өнімдерін өндіру технологиясы
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Уыт өсірудің морфологиялық физико-биохимиялық процесстері
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Сағыздың мөлшері мен сапасы
Бидай жармасының технологиялық сұлбасы
Күріш жармасы технологиясы
Жаншылған сұлы жармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz