Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда ойын есептердің маңыздылығы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОЙЫН ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ..
1.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті ... ...
II. ЖАЛПЫЛАЙ МАТЕМАТИКА
2.1 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері ... ... ... ...
2.3 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері ... ... ... ...
2.5 Алтын қақпа математикалық ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді.
Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте математикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар да үлкен рөл атқарады.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді. Елімізде экономикалық парасатты, денсаулығы мықты азаматтарды тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер ары таза, адал, әдепті, ұстамды, төзімді; екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, өз мамандығына сай, өз ойын оқушы шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі; үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болуы қажет; төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, өзі беретін сабағына кеңінен пайдалануы қажет; бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен ізденіп, педагогикалық әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп отыруы қажет.
Математика мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты – бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, математикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.

1.Бидосов Э. Математиканы оқыту методикасы. Алматы. Мектеп, 1989ж.
2.Әбілқасымова А.Е. және басқалар. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы-1998ж.
3.Темірбекова А.А. Методика преподования математики. Учеб.пособие для студен.высш.учеб.заведений –М:Гумманист.Изд.центр ВЛАДОС, 2003-176 б.
4.Қожабаев Қ. Математиканы оқыту әдістері. Алматы «Санат»-1998ж.
5.«Математика в школе» журналы. 2004ж.
6.«Математика және физика» журналы. 2002-2006ж.
7.«Математика» Қазақстан мектебінде журналы. 2006ж.
8.«Қазақстан мектебі» журналы, 2003-2006ж.
9.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. – Алматы, РОНД, 2002.
10.ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарттары. – Алматы, 1998.
11.Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.
12.Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.
13.Бастауыш мектепте бірнеше сыныпты бір уақытта оқыту туралы: мақалалар жинағы (ред. басқарған Ғ.Бегалиев). – А., 1950.
14.М.В.Маркина К.Ә.Ерешева « Математика изучение на русском»1991г.
15.В.В.Выговская «Сборник практических задач по математике »
16.Т.А.Алдамұра, Е.С.Байшоланов – Математика жалпы білім беру.
Атамұра, 2010ж.
17.О.В.Узорова, Е.А.Нефедова – Весь курс начальной школы в схемах и таблицах.2000–2003
18.Е.В.Калмыкова «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту», 2007 ж.
19.П.С.Сағымбекова, Э.Ы. Тлеубаева, А.С. Тортаева, Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі – Тараз.2013 ж.
20. А.С.Тортаева, Б.М.Қосанов. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен практикалық зертханалық сабақтар.2010 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2-3
І.БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОЙЫН ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
4-5
1.1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар ... ... ... ... ... ..
5-7
1.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті ... ...
8
II. ЖАЛПЫЛАЙ МАТЕМАТИКА
2.1 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері ... ... ... ...
9-14
2.3 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
15-19
2.4Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері ... ... ... ...
20-21
2.5 Алтын қақпа математикалық ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
31
22
КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары білімді мамандарды даярлауды көздейді.
Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте математикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде сыныптан тыс жұмыстар да үлкен рөл атқарады.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді. Елімізде экономикалық парасатты, денсаулығы мықты азаматтарды тәрбиелеу ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті. Жас ұрпаққа білім тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер ары таза, адал, әдепті, ұстамды, төзімді; екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, өз мамандығына сай, өз ойын оқушы шәкіртіне анық, дәл айтып түсіндіре білуі; үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болуы қажет; төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, өзі беретін сабағына кеңінен пайдалануы қажет; бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен ізденіп, педагогикалық әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп отыруы қажет.
Математика мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты - бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, математикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.
Курстық жұмысымның мақсаты - оқушылардың білім іскерлік дағды, сапасын арттыру. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойын дамыту. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, яғни эстетикалық тәрбие беру. Қарапайым есептерді шешуде өмірлік-практикада пәнді оқып үйренуге пайдалана білу және шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету.
І. Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептердің маңыздылығы
Қазір кезде технология дамыған заман болғандықтан оқушылардың көбі электронды құралдар пайдаланады. Электронды құралдар; гаджет, смартфон, компьютер, яғни ұялы телефондар солар арқылы бастауыш сынып оқушылары да, әртүрлі ойындар ойнайды. Бұл туралы ой қозғап тұрған себебім оқушылар үйде отырып ұялы телефоны арқылы да, мұғалімнен тапсырмалар алып орындай алады яғни, ол үшін мына біз жас мамандар арнайы бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сынып оқушыларына да арнап парақша ашып логикалық есептер, ойын арқылы есепті оқушыға жеңіл жеткізе аламыз.
Математикалық ойын есептердің маңыздылығы бастауыш сынып оқушыларының математика сабағына деген қызығушылығын артады, тапсырманы жеңіл және оңай қылып көрсетеді, оқушылар топ болып бөлініп бір-бірімен және мұғаліммен ашық сөйлесе арқылы математика сабағында жаңа информация бере алады. Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын есептердің маңыздылығы өте зор.
Мысалы ;Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.
а) Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
(Ж а у а б ы: Нөл.)
б) Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны?
(Ж а у а б ы: Отыз бір.)
1.1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі - математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себебі тиюі тиіс.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.
Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.
Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді. Сиқырлы шаршыларды толтыру, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу (балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріле) ұсынылады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылады, ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе, сабақ әсерлі
өтеді.Онда топтық және жеке-дара жұмыс ұйымдастыруға мүмкіншілік мол, сонымен бірге оқушылардан тапсырмаларды тек дұрыс орындау ғана емес, оны дәлелдей, негіздей білу де ескеріледі, талап етіледі.
1. Біріктірілген 1 және 2-сыныптардағы сыныптан тыс сабақ:
Алдымен оқушыларға сабақтың түрі, балалар деңгейіндегі сабақ мақсаты хабарланады. Содан кейін тақтаны екіге бөліп, бір бөлігіне 1-сынып, келесі бөлігіне 2-сынып деп жазылады.
1. Тез есепте! 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10
2. Топқа бөлініп әр топ капитанын сайлайды, оларға өз деңгейінде (бірінші сыныпқа арналған тапсырма жеке, ал екіншіге- бөлек) тапсырмалар беріледі, неше тапсырма дұрыс орындалғаны есептеледі. Мысалы:
2+8 9+1 10-10 20+3 30+10 60-4
10-8 5+5 10-0 4+20 50-20 86-6
Әр топқа түстері әр түрлі жетондар дайындалады да, тапсырмаларын Тапқышбектің қалтасына салады.
Эстафета. Әр бала санайды, санаған сандары есте сақталады. Сол сан баланың нөмірі болып есептеледі. Қалтадан бір сан алып, оны өз нөміріне қосады. Келесі бала оған өз нөмірін қосады, осылай соңғы балаға дейін жалғасады, кім бұрын және дұрыс есептесе, сол топ жеңіске жетеді.
2. Математикалық бұрыш. Оны оқушылар мұғалімнің басшылығымен құрады. Онда математикалық дәптерлер көрмесі, есеп құрастыру үшін цифрлы мәліметтері бар газет қиындыларынан жасалған альбомдар, өз бетімен құрастырылған есептер жинағы, математикалық есептер, мысалдар және түрлі жаттығулар орындауға арналған тапсырмалары бар түрлі-түсті кестелер болады. Математикалық газеттің атауы қызықты болуы тиіс, мысалы, Жас математик, Тапқыр болсаң, тауып көр, Тапқышбектер клубы, Ойлан, тап!, Ойлайық та, ойнайық!, Математик-ғалымдар, Менің білгім келеді т.б. Газет бетінде берілетін тапсырмалар әр сынып балаларына арналуы тиіс, мүмкін болса, әр сынып балаларына арнап, жеке-жеке газет шығарылса ролі орасан зор болар еді. Әрбір газетте балалардың тізімі, апталық не бір күннің тапсырмалары, оқушының жауабына арналған конверт болуы тиіс. Газет тапсырмалары мерзімі келгенде, міндетті түрде тексеріліп, бағаланып, ұпаймен қорытындыланады.
3. Математикалық кеш (математикалық ертеңгілік). Математикалық кеш өткізілмес бұрын газет шығарылып, онда әрбір сынып арасында жарыс ұйымдастырылатыны айтылады. Әділ қазылар мүшелері сайланып, карточкалар, тапсырмалар дайындалып, оқушыларға қарсы топқа сұрақтар дайындауға тапсырмалар беріледі. Кеште 3 және 4 сынып оқушылары жарысуы мүмкін.
Жоспары:
1. Кешті ұйымдастыру.
2. Әңгіме. (жалпы кеш белгілі бір тақырыпқа құрылуы мүмкін). Адамдар санауды қалай үйренген?, Бізді қоршаған ортадағы шамалар
3. Жарыс - тапсырмалар (екі топқа ортақ сұрақтар).
4. Ойын Арифметикалық жүгіру.
5. Тақырыпқа берілген тапсырмалар.
6. Ең мықты есептеушіге сұрақ.
7. Топтардың қарсы топқа қоятын сұрағы.
8. Викторина.
9. Қорытынды.
1. Математика үйірмесі. Онда математикаға ерекше бейімі бар оқушылардан 3-4-сыныптан бастап ұйымдастырылады. Үйірме сабақтары белгілі жоспар бойынша, оқушылардың тұрақты құрамымен жүйелі түрде айына 2-3 рет жүргізіледі. Онда балаларды есептеудің жаңа әдістерімен, қиынырақ есептерді шығару тәсілдерімен, кейбір математика тарихы мәселелерімен таныстырылады. Үйірме мүшелері газет шығаруға, бұрыш жасауға, кеш ұйымдастыруға ерекше тартылады.
1.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмысын айтамыз.
Кез келген пәнге ынталық тәрбиесін қалыптастыру оңай шаруа емес, сондықтан оны кездейсоқ жағдайларға телу әсте дұрыс емес. Сабақ теориялық және методикалық тұрғыдан қаншалықты жоғары деңгейде өткізілгенімен, бұл бағыттағы сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі де ойлы ұйымдастыра білмеген жағдайда күткендегідей нәтижеге жету қиын.
Сонымен, сыныптан тыс жұмыстардың міндеті - оқушылардың пәнге қызығушылығын күшейтіп, қызмет белсенділігін арттыру, білімімен математикалық таным көкжиегін кеңейту.

бағыттары
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп - мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптас тыс жұмыстарға шолу жасай отырып оларды мынадай бағыттарға топтастыруға болады:
а) бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар;
ә) математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт: әртүрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі.
Қалыс қалған оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, яғни аптасына бір немесе екі рет, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіп, әр тақырып бойынша баға қойылуы қажет. Пән мұғалімі әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасау керек.
Екінші бағыт:
а) оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;
ә) бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;
б) оқушылардың математикалық қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
в) математикалық ойлауын тереңдету;
г) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалан білуге үйрету;
д) математиканы ғылым мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсаттарға жетуін көздейді.
2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
Математикалық үйірме - математика пәні бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың мейлінше кеңінен тараған және негізгі түрі. Математикалық үйірме оқушылардың білімін тереңдетуде, олардың математикалық таным мәдениетін және пәнге қызығушылығын арттыратын маңызды құрал болып саналады. Оған қосымша, әртүрлі үйірмелерге қатысу математика бойынша қосымша әдебиеттер мен өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады.
Математикалық үйірме жұмысының белгілі бір жоспары және оқушылардың ынта-зейінін басшылыққа алған нақты мақсаты болады. Үйірме сабақтарындағы жұмыс математиканың даму тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл тақырыптағы шолу баяндамалар оқушыларға беймәлім және түсініксіз есімдер мен терминдерге толы болғандықтан, қабылдауға ауыртпалық түсіреді. Соған қарамастан, математикалық үйірмеге әдетте оқу үлгерімі жақсы оқушыларды қамтиды. Нашар оқитын оқушылар қатысқысы келсе, оларға да үйірме есігі ашық болуы керек. Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 болғаны қолайлы. Үйірменің алғашқы отырысында, оның төрағасы сайланып, үйірме мүшелерінің құқықтары мен міндеттері келісілуі керек.
Қазіргі кезеңде мектеп алдындағы басты мақсаттардың бірі - оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, өз бетімен білім алу жолдарын үйрету, болашақта алған білімдерін өз мұқтаждарына пайдалана алатын жолдарға бейімдеу болып табылады. Математикалық білімдерді толықтырудың басты көзі - кірап, ғылыми - көпшілік әдебиеттер. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істегенде оқушылардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырудың негізгі құраушылары төмендегідей:
а) мәтінді терең түсіну біліктігі;
ә) ең бастысын ажырату және есте сақтай білу;
б) әңгіме жасалынып отырған мәселелерді іштей қорыту біліктілігі;
в) жоспар, конспект құра білу, көшіре ала білу;
г) қабылданатын ақпараттарға өз бетінше сын көзбен қарай білу;
д) математикалық мәтіндерде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, өзін-өзі жұмыс істеуге мойындатуға үйрету.
Оқушыларға оқыған әдебиеттері бойынша баяндама, реферат жазу, кестелер, үлгілер жасауға үйрену, керекті әдебиеттерді таңдай білуге үйрету мұғалім қызметінің басты құралы болып саналады. Міне, осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың пәнге ынталылығы арта түседі.
Математикалық викториналар - сыныптан тыс жұмыстың қызықты, еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге болады. Викторинаның табысты өтуі оқушылардың оны ұйымдастыруы мен жабдықтауға белсене қатысуымен бірге сол викторинаның сұрақтарын құрастыруға тікелей қатысуына байланысты. Викторина сұрақтарын іріктеуде тарихи-математикалық, көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, сонымен қатар математика пәнінің сыныптан тыс жұмыстарға арналған кітаптарды пайдаланған жөн.
Сұрақтардың тақырыбы төмендегідей болуы мүмкін:
Атақты математиктер және олардың табыстары;
Атақты математиктердің өмірбаяны;
Біздің еліміз тарихындағы әйгілі математиктері және олардың математиканы дамытуға қосқан үлесі;
Көршілес елдердегі математиканың даму тарихы;
Математикалық белгілердің, терминдер, таңбалар мен түсініктердің пайда болу тарихы;
Рыноктік қарым-қатынастың даму қарқынын бейнелейтін есеп-сұрақтар;
Бұл сөздер кімдікі екенін білесіздер ме?
Викторина мектептегі математика кешінің, үйірме сабақтарының құрамдас бөлігі ретінде де өткізеді. Оның сұрақтарының математикалық газеттерде жарияланады. Викторина өткізу барысында төмендегідей сан алуан сұрақтар қойылуы мүмкін:
- ауызша сұрақ, викторина жүргізуші сұрақтарды оқиды да, оған жауап күтеді;
- есеп-сұрақтар немесе жаттығулар (көп түрлендіру қажет етпейтін);
- сұрақтар плакат немесе сурет түрінде берілуі мүмкін және т.б.;
- викторина сұрақтары, әдетте математикалық газеттерде жарияланып кроссворд, бас қатырғыш түрінде де берілуі мүмкін.
Викториналарды мектепаралық олимпиадалар өткізуге де пайдалануға болады. Математиканың тарихы жөнінде викторина өткізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқушылардың бойында ілімнің жұмбақ қырларын білуге құштарлық, пәнге қызығушылық қасиеті пайда болып, олар зерттеу жұмыстарының алғашқы негіздерімен танысып, математикаға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз бетінше оқуға дағдыланады.
Математикалық жұмбақ Бұл не?
Айқасқан екі таяқ тұрады жоқты сұрап.(Икс)
Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер.
а) Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?
(Жауабы: екеуі, өйткені сөндірмеген біреуі жанып кетеді)
Математикалық викториналар.
а) Сегіздікпен 1000. Тек қосу таңбасын пайдаланып сегіз сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.
(Жауабы: 888+88 + 8+8+8 = 1000.)
б) Неше беттік дәптерлер болады?
(Ж а у а б ы: 12, 18, 24, 32, 36, 48, 96.)
Математикалық ойындар. Әдетте жасөспірімдер өздерінің белсенділігімен көзге түсетіні белгілі. Ол жұмыстың бірыңғайлылығы мен сабақтың эмоционалдық жұтаңдығынан жылдам жалығып, өзге әрекеттерге тез дайындалады. Оқу материалдарының мазмұны жасөспірімдерді қаттырақ қызықтырады. Мұның өзі мұғалімнің сабақ барысында болсын, сыныптан тыс жұмыстарда болсын жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайға сәйкес құбылтып отыруын талап етеді.
Оқушылардың пәнге ынтасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі - математикалық ойындарды шебер ұйымдастыру. Мұндай кештер әсерлі өткізілген жағдайда оқушының алған білімін толықтырып, көз-қарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындардың тәрбиелік және ағартушылық деңгейі оның методикасы мен ұйымдастыру сапасына байланысты болады. Ойынның тапсырмалары оқушының ойлау қабілетін, түйсігі мен қиялын тербейтін, тапқырлығы мен шығармашылығын ұштайтындай талаппен іріктелуі тиіс. Мұндай ойындар өзара жарыстың бір түрі ретінде оқушылардың жан-жақты дамып қалыптасуына, коллективтік сана-сезімді ұялатуға, өзінің жеке пікірін ұжымдық пікірмен қабыстыра білуге дағдыландырады. Математикалық ойындар сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына да машықтандырады. Осы мақсатпен берілген есепті барынша толық шығаруға, ол үшін қосымша айқындама шарттарға назар аудару қажет. Сонымен, ойынды ойлы ұйымдастыру оқушылардың математикаға қызығуын арттырудағы міндетті жеңілдете түседі. Төменде оқушылардың белсенділігін арттыруға септігін тигізетін сыныптан тыс жұмыстардың құрамдас бөлігі - ойын түрін ұсынуға болады.
Жұмыла жауап.
Бұл ойын түріне 2-3 команда қатысады.
Жүргізуші белгі берісімен олар есепті шығаруды немесе ережені айтып беруі керек. Мұнда шапшаңдық танытқан, жауаптары дұрыс шыққан команда жеңімпаз атанады?
Тапсырмалар үлгісі:
1. Ромбының неше бұрышы бар? Ал оның біреуін кесіп тастасақ, қаншасы қалады?
2. 10 бұрышты үш есе ұлғайтатын лупамен қараймыз. Сонда бұрыштың шамасы қандай болады?
3. Айнымалының кейбір анықталған мәндерінде дұрыс болатын теңдік қалай аталады?
4. Геометриялық деректерді бірыңғай жүйеге келтірген кім?
5. Мектептегі математика кестесінің авторы кім?
6. Математика оқулықтарының авторларын атаңдар?
7. Бұрышты қақ бөлетін сәулені не деп атайды?
Математикалық олимпиадалар - сыныптан тыс жұмыстардың және оқушылардың жаппай бәсекесін туғызатын тиімді тәсілдердің бірі. Әдетте олимпиадалар математикалық үйірме жұмысының өзіндік қорытындысы да болып табылады. Мұнда оқушылар әр түрлі математикалық мәселелерді еркін талдай білуге машықтанып, алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық деңгейін байқап көреді.
Олимпиада оқушының пәнге қызығуын арттырып, математикалық ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырады. Олимпиада үшін есептерді іріктеудің маңызы зор. Олар мектеп программасы шеңберінде жүргізілуге тиісті, сондықтан І турда олимпиадаға тілек білдірген кез келген оқушы қатыса алады. Сонымен бірге олимпиадалық есептер алғырлық, тапқырлық қасиеттерді талап етеді және оқушының есепті ой елегінен өткізіп, өзіне сыни тұрғыдан қарай білу қасиетін қалыптастыруы қажет. Ал, қандай бір математикалық баяндаудағы есептерді дәлелдеуге білімпаздық, терең ойлау, қорытынды жасай, талдай білушілік талап етіледі.
Сондықтан, математикалық олимпиаданың ерекшелігінің бірі ретінде математикалық ойлаудың барлық формаларында шығармашылық элементі бірінші кезекке тұрады. Сонымен математикалық олимпиада жеке адамның табандылығымен мақсаткерлігін, еңбексүйгіштігі мен дербес ой-қорытуын, ғылыми-зерттеушілік қабілетін ұштауға септігін тигізеді.математикалық олимпиада талантты оқушыларды іріктеуге, сөйтіп болашақ жас ғалымдардың университет қабырғасында одан әрі оқуына жол ашады.
Математикалық газет. Бұл газеттердің беттерінен математикалық терминдер мен таңбалардың шығу тарихы, әр түрлі халықтар ғалымдарының оны дамытудағы еңбегі көрініс беруі мүмкін. Бұл материалдар оқушылардың математика пәніне құштарлығын арттыра түседі.
Газеттер математика ғылымының жетістіктерін насихаттап, оқушылардың таным көз қарасын кеңейтіп, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді.
Газеттің тақырыбын белгілеуде мұғалім математикалық күнтізбені, үйірменің жұмыс жоспарын, ел өміріндегі айтулы оқиғаларды, шет елдердегі, достық қауымдастықтағы елдердегі жаңалықтарды басшылыққа алады.
Газетті үзбей шығарып отыру үшін құрамында 5-7 адам бар ауысымдық бірнеше редколлегия ұйымдастырған жөн. Мұндай тәжірибе газеттің сапасын арттыруға, оны шығаруға оқушылардың басым бөлігін қатыстыруға жағдай туғызады. Сонымен қатар газеттің мазмұнын мұғалімнің басшылығымен әрбір редколлегия дербес белгілеуі қажет. Әрбір редколлегия өздеріне тапсырылған газет нөмірінің тақырыбымен шығарылу мерзімін алдын-ала білуі тиіс. Бұл оқушылар санасына жауапкершілік және тәртіп тәрбиесін ұялатады. Мұның өзі редколлегия мүшелері мен газет шығарушылардың ғылыми-көпшілік кітаптарды, журналдарды, пән бойынша басқа да әдебиеттерді оқып, бағдарламаның жекелеген сұрақтарын еске түсіріп, пысықтауға дағдыландырады, білімдерін тереңдете түседі.
Редколлегиялар арасында өзара бәсеке рухы орнығып, оқушылар өз газетін жан-жақты, әсем безендірілген әр мазмұнды етіп шығаруға тырысады. Сондықтан мазмұнды дайындалған газет оқушылардың белсенділігін арттырып, өзі қалаған пән ғылымының сырына қанығуға ұмтылады. Ол үшін газет арқылы салмақты материалдар жариялап, бұл күні ешқандай ғылым мен өндіріс саласы математикасыз дами алмайтындығын математика техника мен медицинада, химия мен биологияда, астрономия мен тіл білімінде, музыкада кеңінен қолданылатынын әсерлі баяндау керек.
Балаларға, газет материалдары мазмұнымен, көркемдік безендірілуімен айрықша әсер етуі тиіс, яғни ол аса зор тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс. Мақалалардың айшықты тақырыптары, ұтқыр суреттер мен фотографиялар, карикатуралар, ребустар, жұмбақтар, маңызды пікірлерді бөлектеп жазу оқушыларды бірден баулап алады, әсерлік қуатын күшейтеді.
Математикалық кештер. Тәжірибе математикалық кештердің сабақ барысында алған білімді елеулі түрде тереңдетуге және кеңейтуге, сол пәнге қызығушылық қасиетін қалыптастырып, дамытуға барынша ықпал ететінін көрсетті.
Әрбір кештің ағартушылық және тәрбиелік құндылығы ең алдымен оған дайындық ісіне, оны дайындап өткізуге оқушылардың белсенділікпен қатысуына байланысты. Бұл кештер қызықты әрі оқушыларды қалжыратпауы үшін баяндамалар қысқа және мағынасы жағынан да, дикциясы жағынан да мұқият пысықталуы керек. Сонымен қатар баяндамалар алдын-ала дайындалған текст бойынша оқылмағаны дұрыс. Мысал үшин:
Мектептерде тәрбиені жолға қою өте күрделі іс. Бұл мақсатқа жету үшін математикадан жүргізілетін кеште ұлы ғалымдарының математиканы дамытудағы рөлдері т.б. насихаттаудың маңызы зор. Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған кешті өткізу тәжірибесін ортаға саламыз. Кеш өткізер алдында практиканттар мен математика мұғалімдерінің және оқушылардың бірлескен дайындығы жүргізіледі. Кешке байланысты Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары атты қабырға газетінде Әл-Фараби, Абу Райхан Бируни, Насредин Туси (суреттерден стенд жасалған) т.б. ғалымдардың еңбектерінен үзінділер келтіріледі. Газетте ғалымдардың өмірбаяны мен бірге:
Қиын есептер
Тарихи есептер
Жұмбақ есептеу
Бұл кітаптарды оқыңыз
Осы оқу құралын сатып ал, - деген сияқты бөлімдер болады.
2.3 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.
1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.
2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету Бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі - оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі - кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін - көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы - жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz